Мазмұны беті Кіріспе І бөлім. Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың теоретикалық аспектілері


Нарықтық экономика жағдайындағы халықты зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін мемлекеттік реттеу



бет3/6
Дата16.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#138280
1   2   3   4   5   6

1.2. Нарықтық экономика жағдайындағы халықты зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін мемлекеттік реттеу.

Мемлекеттік зейнетақы жүйесін жек зейнетақы жүйесіне трансформациялау мемлекеттің қатаң және мөлшерлі бақылауынсыз мүмкін емес, себебі әрбір жеке зейнетақы қоры өзінің ережелеріне сәйкес әрекет етеді және өзінің құрылтайшыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейтін дербес заңды ұйымы болып табылады, бірақта, зейнетақы қорларының қазіргі кезең қоғамы мен оның өмірдегі ойнайтын ролін ескерсек, олардың ұлттық экономикада алатын орынымен іс әрекеттерінің бірталай жақтарын мемлекетке қадағалау қажет. Сонымен қатар, қордың міндеттерін анықтау әдістері мен қаржылық есеп берулері стандартталуы мен регламентталуы, инвестициялау үшін объектілер сапасына деген талаптар айтылып өтуі керек және т.б. Зейнетақымен қамсыздандырудан мемлекеттің бас тартуы зейнеткерлерді экономикалық қорғаудың тиімсіздігіне, реформалаудың либералды әдістеріне әкеліп соқтырады. Мемлекет зейнетақылық реформаның ұйымдастырушысы мен инициаторы болып табылады, сондықтан, ең бастысы, жекеменшік зейнетақыны қамтамасыз етуді ұйымдастырудың іс әрекетіндегі оның реттеу аясын нақты анықтап алу қажет. Мемлекеттің атынан әдістемелік, үйлестірушілік, мөлшерлі шығармашылық функциялары тіркелген. Нарықтық экономикадағы зейнетақы саясатының басты ориентирлерінің санына мемлекеттің ролі жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекетін реттеуге бағытталған.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекеті қатаң түрде заңмен реттеледі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларының – кастодиан-банктерінің, зейнетақы активтерін басқару бойынша компанияларының және жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекеті қатаң түрде үш мемлекеттік реттеу органдарымен реттеледі – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісімен, құнды қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясымен және жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекетін реттейтін Комитетпен. Енді ҚР-ң Ұлттық банкісінің ішінен біртұтас бақылаушы орган құрылған. Бұл зейнетақы жарналарының сақтығы мен зейнетақы алушылар мен салымшылар мүддесін қорғау үшін, салымшылар бір қордан екіншісіне өздерінің зейнетақы жарналарын еркін аудару мүмкіндігі мен олардың мақсатты емес пайдаланылу мүмкіндігін болдырмау үшін, қорлар жұмыстарының бұқаралығы мен ақпараттарының мөлдірлігі үшін қажет. Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі зейнетақы қорларының іс-әрекетін реттеу бойынша департаментіне “ҚР-ң зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР-ң заңына сәйкес өзінің әрекеттерін іске асыратын өкілетті органының ролі берілген. Берілген органның міндеттеріне зейнетақылық жарналарды қорғау мақсатындағы зейнетақымен қамтамасыз етудің жинақтаушы жүйесінің тұрақты іс-әрекетін қамтамасыз ету, жинақтаушы зейнетақы жүйесі аймағындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және де жинақтаушы зейнетақы қорларының алымшылары мен салымшыларын қорғау кіреді.

База заңдары немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының заңды қоршаған ортасы уақыт өте ескіреді, ал реттеуші орган әрдайым оны қолдап отыруы қажет. Реттеуші органнан басқа нормативті құқықтық құжаттарды әзірлеуде қорлардың өздері де қатысады. Нормативті құқықтық актілерді дайындау жеткілікті мөлдір жағдайларды өтеді – олар ҚР-ң халықты әлеуметтік қорғау мен еңбек Министірлігінде, ҚР-ң әділет Министірлігінде, ҚР-ң қаржы Министірлігінде және ҚР-ң экономика Министірлігінде келісуден өтеді, содан кейін ғана мемлекеттік тіркеу алады. Реттеуші орган қорлармен салымшылар мүддесі мен құқығын қорғауға негізделген зейнетақылық заңдардың қатаң орындалуын қадағалауға міндетті. Осындай мақсатпен ол лицензиялауды және қорлармен лицензияланған ережелердің үзіліссіз бақылауын жүзеге асыруын іске асырады.

Тиімді бақылау мынаны рұқсат етуі керек:


  • себебін уақытылы орнату мен жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақылық заңдардың бұзылуының алдын алу;

  • жинақтаушы зейнетақы қорларының бар және пайда болып келе жатқан қиыншылықтарын айқындау;

  • кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша адекватты шаралар қолдану.

Техникалық қадағалау екі түрлі әдіспен іске асырылады:

  • дистанционды, жинақтаушы зейнетақы қорларының есеп берулерін әрдайым зерттеу жолымен;

  • инспекционды, орындардағы іс-әрекеттерді тексеру жолымен.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекеті лицензияланған әрекеттерге жатқызылады. Жинақтаушы зейнетақы қорларын лицензиялау зейнетақылық төлемдерді іске асыру мен зейнетақылық салымдарды тарту бойынша әрекеттерін мемлекеттік қадағалау мен реттеу мақсатында болады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекетін лицензиялау 1995ж. 1 ақпанына №2200 “Лицензиялау туралы” ҚР-ң заңымен және сәйкес нормативті-құқықтық актілермен реттеледі.

Дистанционды бақылау жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайынғы, квартал сайынғы және жыл сайынғы есеп беруіне негізделеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есеп берулер жүйесінің негізін қаржылық есеп беру формасында берілген бухгалтерлік ақпарат құрайды:



  • өз қаражаттарына бухгалтерлік баланс;

  • қаржылық-шаруашылық іс-әрекеттерінінің нәтижесі туралы есеп беру;

  • өз қаражаттары бойынша ақша қозғалысы туралы есеп беру;

  • айналыстан тыс активтердің қозғалысы туралы есеп беру;

  • өз капиталының қозғалысы туралы есеп беру;

  • зейнетақылық жинақтаулар қозғалысы туралы есеп беру;

  • жекеменшік зейнетақы активтері туралы есеп беру;

  • жекеменшік активтердің өзгерістері туралы есеп беру.

Дистанционды бақылау инвестициялық табыс пен зейнетақы салымдарынан комиссиондық сыйақыларды аударуды тексерулер, зейнетақылық жинақтаулардың қозғалысын анализдеу жолымен іске асырылады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық инвестициялары тексеріледі (екінші деңгейлі банктер депозиттеріндегі зейнетақы жарналарын орналастыру мен басқа да қаржылық құрал-жабдықтардың заңдылығы). Инспекторлық тексерулердің міндеттері – болашақтағы қорлар жұмысындағы қиыншылықтардың туындау ықтималдылығы мен нақты кездегі олардың іс-әрекеттерін нақты бағалау жолымен жинақтаушы зейнетақы қорлары жағынан мүмкін бұзушылықтардың алдын алу.

Зерттеулер Қазақстанда реформаларды іске асыру біріншіден қаржылық, ал содан кейін ғана әлеуметтік мақсатарға жетуді көздейді деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

2002ж. 27 шілдесінен ҚР-ң Үкіметінің қаулысымен мақұлданған №886 ҚР-ң халқын әлеуметтік қорғау Концепциясы әрекет етіп тұрған әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге негізделген. Концепциямен халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша екі кезеңді шаралар жүргізу қарастырылған. Бірінші кезең 2001-2002ж., ал екінші кезең 2003-2005ж. бөлінген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер бірінші кезеңде шешілулері керек.

Зейнетақы активтері шеттен алып пайдаланудың ішкі қайнар көзі болып табылады. Бұл ұзақ мерзімді қарызды қаражаттар мемлекетпен отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталуы қажет. Бұл үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыздық қаражаттары есебінен бюджет арқылы нақты ғылыми сыйымды инвестициялық проектілерді іске асыруды қарастыру қажет. Яғни, үкімет зейнетақы қорларынан қарызға ақша алады да, оны отандық проектілер мен бағдарламаларды іске асыруға жұмсайды. Және де зейнетақы қорларына қаражаттардың қайтарылуы бюджетпен кепілденеді.

Зейнетақы жүйесінің дамуы үшін негізгі әлеуметтік субъектілердің (жұмыс берушілер, қызметкерлер мен мемлекет) мақсатты функциялары қатынастардың нарықтық типіне келуі керек.

Зейнетақы нарығының ірі проблемаларының бірі болып ең бастысы салымшылардың пассивтілігі болып табылады, олардың көбі әлі де зейнетақы жарналарын “өз” ақшалары ретінде қарастырмайды. Мемлекетпен қатар зейнетақы жүйесіндегі тәртіп пен ұйымдастыруды қызметкерлердің өздері мен жұмыс берушілер де қамтамасыз етуге шақырылған. Зейнетақы салымдарының персонифицирленген есеп жүргізілуі бұл бағыттағы алғашқы және маңызды қадам. Және де сенімді, табысты, тартымты зейнетақы бағдарламаларын (схемаларын) құру қажет, осылайша міндетті зейнетақы салымдарының мөлшерін қайта қарастыру, тез арада қажетті резервтерді құру мен зейнетақы қорларының табысты бөлігін толтырудағы еңбекке қабілетті халықтың қатысу бөлігін ұлғайту болып табылады. Сонымен қатар, зейнетақы қорларының табысын құрудағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен индивидуалды еңбекпен қамтылған тұлғалар бөлігін ұлғайту. Бұл категория үлкен және тез ұлғаюда, бірақта оның өкілдері не салымдарды жасамайды, не өте аз мөлшерлерде жасайды.

Осылайша, берілген материал қазіргі жағдайдағы зейнетақы реформаларын жүргізуге мемлекеттік әсердің мазмұны мен негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

ІІ БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы халықты зейнетақымен қамсыздандыру

жүйесін аналитикалық бағалау.

2.1. Халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайының анализі.

Қазақстан тәуелсіз болғалы бері жүргізілген ұйымдастырушылық түрлендірілулердің негізгі мақсаты болып нарықтық институттар және оларға сәйкес әлеуметтік - экономикалық дамуды реттеудің әдістері мен формаларын құруға бағытталған күш – жігер табылады. Сонымен қатар, халықты әлеуметтік қамсыздандырудың қажетті деңгейін қолдаумен байланысты әлеуметтік аспектілер толығымен қарастырылмаған.

Жұмыс бастылық проблемаларын, әлеуметтік міндеттерін шешу мен халықтың әлеуметтік қорғанбаған қабатының жағдайын жақсарту үшін зейнетақы реформасы жүргізілген болатын. Берілген міндеттерді шешудің оңтайлығы мемлекеттің жалпы экономикасының әлеуметтік - экономикалық жағдайына әсерін тигізді.

Статистикалық берілімдерден көруімізше, экономикалық белсенді халық саны жұмыс бастылармен қатар экономикада өсіп отыр. Бұл фактіні жинақтаушы зейнетақы қорларының алдында тұрған міндеттерді шешу үшін оңтайлы деп айтуға болады, өйткені әрбір жұмысшы өзінің жалақысының есебінен өзінің зейнетақысын қамтамасыз етеді («Зейнетақымен қамсыздандыру» туралы заңның 22-1 бабы).

2002 жылы 2000 жылмен салыстырғанда экономикалық белсенді халықтың саны 76400 адамға өсті, жұмыс бастылар саны – 234300 адамға өсті. Сонымен қатар, егер өзімен-өзі жұмысбасты жұмыскерлердің саны төмендесе (2002 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 9200 адамға), онда бұл кезең аралығында жалдамалы жұмысшылар саны өседі (43500 адамға). Жұмыссыздар мен жұмыссыздықтың деңгейі (157900 адамға немесе 2,3%-ке) төмендеді.

Берілген жағдай жинақтаушы зейнетақы жүйесі үшін оңтайлы болып көрінеді. 2002 жылғы Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің материалдарына сәйкес, 15 жастан жоғары экономикалық белсенді халықтың саны 7,4 млн. адамнан, 2003ж.-7,6 млн. адамнан, 2004ж.-7,8 млн. адамнан асқан, олардың ішінде экономикада жұмыспен қамтылғандар – 6,7 млн. адам, 2003ж.-6,98 млн. адам, 2004ж.-7,18 млн. адам, бұл алдыңғы жылдарға қарағанда 10,7 мың адамға көп (0,2%). Жұмыссыздар саны 690,7 мың адамды, 2003ж.-672,1 мың адамды, 2004ж.-668,2 мың адамды құрады, бұл 2001 жылға қарағанда 88,5 мың адам немесе 11,3%-ке аз. Жұмыссыздық деңгейі 2002 жылдағы 9,3%-ке қарсы 8,8%-ті құрады. ҚР-ң Еңбек пен әлеуметтік қорғау министірлігінің материалдары бойынша 2002ж. уәкілді құрылымдарына жұмысбастылық сұрақтары бойынша жұмыс іздеп жүрген 362,8 мың адам өтініш білдірген, бұл 2001ж. қарағанда 30 мың адамға көп (0,9%). Жұмыссыздар есебіндегі жұмыспен қамту органдарының есебінде тұрған азаматтардың саны 2002 ж. желтоқсанының аяғына 193,7 мың адамды құрайды, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 9,6 мың адамға аз (4,7%) және 2001ж. желтоқсанының аяғына қарағанда 22,4 мың адамға аз (10,4%).

№1 кесте. Еңбекке қабілетті жастағы экономикалық белсенді мен белсенді емес халық саны*

Көрсеткіштер

2000

2001

2002

2003

2004

1

2

3

4

5

6

Экономикалық белсенді халық,

соның ішінде:



  • Экономикадағы жұмыспен қамтылғандар

  • жалдамалы жұмысшылар

  • өз бетінше жұмыспен қамтылғандар

  • жұмыссыздар

  • жұмыссыздық деңгейі,

процентпен алғанда

Экономикалық белсенді емес халық:



  • оқушылар, студенттер (күндізгі оқу формасы)

  • зейнеткерлер

  • басқа себептерге байланысты белсенді емес тұлғалалар.




7107,4

6201,0


3504,4
2696,6

906,4
12,8


3655,2
856,0

2008,2


791,0


7479,1

6698,8


3863,3
2835,5

780,3
10,4


3175,8
857,4

1584,2


734,2

7399,7

6708,9


4030,2
2678,7

690,7
9,3


3155,3
970,7

1565,6


619,0



7657,3

6985,2


4229,6
2755,6

672,1
8,8


3278,6
1156,5

1461,9


262,2

7840,6

7181,8


4469,9
2711,9

668,2
8,4


3384,4
1259,8

1425,1


273,3

Ескертпе - * Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник/ Под редакцией А.А.Смаилова, Алматы,2004, 168с., с.16

  2. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник/ Под редакцией К.С.Абдиева, Алматы,2005, 116с., с.15

Экономикалық белсенді халық санының ішінде тіркелген жұмыссыздардың үлесі 2003ж. 1,8%, бұл 2002 қарағанда аз. 2003 жыл аралығында 154,6 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл 2002ж. қарағанда 6,0 мың адамға немесе 4,2% көп.

Көрсеткіштер

2000

2001

2002

2003

2004

1

2

3

4

5

6

Жыл басынан жұмысқа орналастыру сұрақтарымен өтініш білдірген азаматтар саны,

олардың ішінен жұмысқа орналасқандар


Жыл аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар саны
Экономикалық белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі, %

368,2
127,7

231,4

3,7

332,7
143,1

216,1

2,9

362,8
148,6

193,7

2,6

273,5
154,6

142,8

1,8

282,0
167,5

117,7

1,5


Ескертпе - * Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник/ Под редакцией А.А.Смаилова, Алматы,2004, 168с., с.20

  2. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник/ Под редакцией К.С.Абдиева,

Алматы,2005, 216с., с.9-15.

№2 кесте. Жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар есебінде тіркелген азаматтар саны,

мың адам *

Жұмыссыздардың ең көп саны 25-54 жас аралығындағы азаматтарда байқалады (ерлер арасында 59,3%, әйелдер арасында 68,5%). Бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесін тежейтін және беделін түсіретін себептердің бірі, өйткені жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларының негізгі массасы осы жас аралығына тап келеді.

№3 кесте. Жасы мен жынысына қарай жұмыссыздар санын бөлу*


Көрсеткіштер


Барлығы


Соның ішінде

Ерлер

әйелдер

2003

2004

2003

2004

2003

2004

Жұмыссыздар, барлығы мың адам

Соның ішінде жасына қарай:

15-24

25-54


55-64

65-тен жоғары


672,1


188,5

467,1


26,5

0,4

658,8

191,6


434,4

30,9


3,2

281,4


91,8

169,1


14,0

0,3

281,1

96,3


162,6

15,2


1,5

390,7


96,8

276,4


12,5

0,1

377,7

95,3


253,8

15,7


1,7


Ескертпе - * Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник/ Под редакцией А.А.Смаилова, Алматы,2004, 168с., с.19

2. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник/ Под редакцией К.С.Абдиева,

Алматы,2005, 216с., с.16.


Сонымен қатар жұмыс күшінің сұраныстан жоғары болу тенденциясы, экономика қажеттіліктеріне кадрлардың дайындықтарының сәйкес келмеуі, халықтың жеке топтарын жұмысқа орналастыру кезіндегі туындайтын қиыншылықтары (әйелдер, жастар, зейнеткерлік жасқа келіп қалған тұлғалар, мүгедектер), аймақтық еңбек нарығының үлкен саралануы, депрессиялық, еңбек артықшылық, ауылдық, аудандардағы, кішігірім қалалардағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталып отыр.

Және де жұмыссыздар арасында әйелдердің ерлерге қарағанда көптігін айта кеткен жөн. Зейнеттегі әйелдердің жасы ерлерге қарағанда ұзағырақ болатынын ескеретін болсақ, әйелдердің мұндай жағдайда зейнетақы шоттарында көбірек жинақтаулары болу керек, яғни зейнетақы салымдары да көбірек болу керек, бірақ та әйелдер жұмыссыздығының жоғары болуына байланысты жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде ауыр сұрақ туындайды және де республикамыздағы әйелдердің саны ерлер санына қарағанда көптігін айта кеткен жөн.


№4 кесте. Ерлер мен әйелдер саны*



Көрсеткіштер

2000

2001

2002

2003

2004

Халықтың барлығы, мың адам

соның ішінде:



  • Ерлер

  • әйелдер

14901,6
7177,5

7724,1

14865,6
7159,7

7705,9

14851,1
7153,5

7697,6

14866,8
7160,2

7706,6

14951,2
7199,0

7752,2


Барлық халыққа процентпен алғанда

  • ерлер

  • әйелдер

48,2


51,8

48,2


51,8


48,2


51,8

48,2


51,8

48,1


51,9

1000 ер адамға келеді әйел


1076

1076

1076

1076

1077


Ескертпе - * Пайдаланылған әдебиеттер:

Женщины и мужчины Казахстана. Гендарная статистика/ Под редакцией К.С.Абдиева, Алматы,2004, 116с., с.4


Социологиялық зерттеулердің берілімдері бойынша Қазақстан тұрғындарының қартайуы жалғасып барады. Халықтың табиғи өсімі 2001ж. бастап жылда 100,0 мың адамнан аспайды, ал еңбекке қабілетті халық 2001ж. 6,33 млн. адамнан 2003ж. бірінші жарты жылдығындағы 1,35 млн. адамға қысқарған.

Негізінен мұндай жағдай ынтымақтылық жүйесіне кері әсерін тигізер еді, бірақта осы күнгі жүйеге ол әсерін тигізбейді.

№5 кесте. Халық саны*



Көрсеткіштер

2001

2002

2003

2004

2005

1

2

3

4

5

6

Халық саны:

  • барлығы, мың адам

  • қалалық

  • ауылдық

Халықтың жалпы санынан процентпен алғанда:



  • қалалық

  • ауылдық

Халықтың жалпы санынан жасына қарай алғанда, мың адам:



  • еңбекке қабілетті жастан жасырақ

  • еңбекке қабілетті

  • еңбекке қабілетті жастан үлкенірек

14865,5


8413,4

6452,2

56,0

44,0
4592,0



8641,9
1723,9

1485,1


8429,4

6421,7

56,1

43,9
4473,6



8743,1
1723,9

14866,8


8457,2

6409,6

56,3

43,7
4355,5



8850,4
1679,4

14951,2


8518,2

6433,0

56,4

43,6
4223,8



8920,0
1609,3

15074,8


8614,7

6460,1

56,8

43,2
4064,7



9318,4

1568,1


Ескертпе - * Пайдаланылған әдебиеттер:

Уровень жизни населения в Казахстане. Статист. сборник/ Под редакцией Ю.К.Шокаманова, Алматы,2005, 284с., с.26-27

Женщины и мужчины Казахстана. Гендарная статистика/ Под редакцией К.С.Абдиева, Алматы,2004, 116с., с.7

Халық өмірінің орташа ұзақтығы жылдан жылға ұзарып барады. 2000ж. бастап халықтың өмірінің ұзақтығы 2 жылға ұзарды (ерлер – 1,8, әйелдер – 1,9 жылға). Мұндай факт жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы салымдарын жүргу қажеттілігі мен салымшыларды тарту көз қарасынан жинақтаушы зейнетақы қоры үшін қолайлы болып келеді.

№6 кесте. ҚР-ы халқының орташа өмір сүру ұзақтығы*

Жылдар


Халықтың барлығы



Соның ішінде

Әйелдердің өмір ұзақтығынан асуы

Ерлер

Әйелдер


2000

64,7

60,62

70,88

10,26

2001

65,2

60,15

71,13

10,98

2002

65,5

60,50

71,32

10,82

2003

65,7

60,70

71,52

10,82

2004

65,9

60,45

71,46

11,01

Ескертпе - * Пайдаланылған әдебиеттер:

Статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник, Алматы, 2001, 392с.

Женщины и мужчины Казахстана. Краткий статист. сборник/ Под редакцией К.С.Абдиева, Алматы,2004, 116с., с.7

Еңбекке қабілетті халық ішінде экономикалық белсенді халық берілген жылдар бойынша орташа 81,7% құрайды. Экономикалық белсенді халықтың көбі жеке меншік формасындағы кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған – 75%-ке дейін, мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындарда – 25%-ке дейін. Мұндай жағдайларға жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшыларды тартқан кезде көңіл аудару керек.

№7 кесте. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшыларының анализі*

Жылдар

Халық санының барлығы, мың адам


Жалпы саннан

ЖЗҚ (НПФ) салымшылар саны

МЖЗҚ (ГНПФ)

салымшылар саны



Еңбекке қабілетті халық

Жұмыспен қамтылған халық

мың адам

%


мың

адам

%


мың

адам

%


мың

адам

%


2000ж.

15188,2

8450,0

55,6

6127,6

40,4

1844,3

30,0

1170,0

63,4

2001ж.

14957,8

8330,0

55,7

6105,4

40,8

2994,5

49,0

1697,3

56,7

2002ж.

14868,1

8200,0

55,1

6201,0

40,2

3715,1

62,1

1811,9

48,8

2003ж.

14819,9

8120,0

54,8

6698,8

39,9

4630,2

78,3

2143,1

46,3

2004ж.

14819,9

8120,0

54,8

6708,9

39,9

4915,4

83,2

2217,9

45,1

Ескертпе - * Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Нурмуханбетов Е. Накопительная пенсионная система в 2003 году//РЦБК, 2004г., январь

  2. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник/ Под редакцией А.А.Смаилова, Алматы,2002г.

  3. Статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник, Алматы, 2001, 392с.

Зейнетақы реформасының басында халықтың мемлекеттік емес зейнетақы қорларына деген сенімсіздік тенденциясы байқалды. Қазір жағдай өзгерді: мемлекеттік емес зейнетақы қорлары салымшыларының саны екі поток есебінен өсуде (36,6%–тен 54,9%–ке дейін), біріншісі мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен бірінші рет мәмлеге отырғандар және екіншілері өз жарналарын мемлекеттік зейнетақы қорларынан ауыстырғандар.

ҚР-ң еңбекке қабілетті халық саны 8120 мың адамды құрайды, оның ішінде еңбекпен қамтылғандар саны 5910 мың адам. Жинақтаушы зейнетақы қорымен еңбекке қабілетті халықты қамту 60,5% құрайды. Еңбекке қабілетті халықты қамтудың соншалықты төмен пайызы жинақтаушы зейнетақы қорларына өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың нашар тартылуларымен түсіндіріледі (саудагерлер, маусымдық жұмысшылар мен бір реттік табыс алатын басқа да тұлғалар категориялары).

Елдің еңбекке қабілетті халқының барлығы жинақтаушы зейнетақы қорларымен қамтылмаған. 1998ж. жұмыспен қамтылған халықтың 30% ғана зейнетақы қорларының салымшылары болған, 2002ж. бұл көрсеткіш 83,2% құраған.

Мемлекттік және мемлекеттік емес зейнетақы қорларының салымшылар бөлігінің қатынасы келесі №7 кестеде келтірілген. Жылдар бойынша алымшылар өсімінің тенденциясы байқалады: егер 2002ж. барлық ЖЗҚ-ғы салымшылар өсімі 457,5 мың адамды құраса, 2003ж. небары 285,2 мың адамды құраған.

№8 кесте. ЖЗҚ-на зейнетақы жарналарының түсімдері туралы мәліметтер*


Жылдар


Зейнетақы қорларына салымдар

Барлығы

Мемлекеттік ЖЗҚ-на

Мемлекеттік емес

ЖЗҚ-на


млн.тг.

сыб.салм. %

млн.тг.

сыб.салм.%

млн.тг.

сыб.салм.%

2000

20602,1

100

17946,7

87,1

2655,4

12,9

2001

27261,7

100

14413

52,9

12848,7

47,1

2002

37574,3

100

13192,5

35,1

24381,8

64,9

2003

44123,3

100

15448,7

35

28674,6

65

2004

60535,6

100

14768,4

24,4

45767,2

75,6

Ескертпе - *Пайдаланылған әдебиеттер:

Нурмуханбетов Е. Накопительная пенсионная система в 2003 году//РЦБК, 2004г., январь


Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының ішінде әрекет етулерінің басынан көбірек салымшылар саны “Халық банкінің” (16,9%), “Ұлар Үмітте” (15,3%), “Валют-Транзит қорында” (4,4%), “Құрметте” (4,1%) ЖЗҚ-да. Аталған 4 қорда ағымдағы жалпы салымшылардың 40,3% тіркелген, ал мемлекеттік ЖЗҚ-мен (44,9%), жоғарыда көрсетілген 5 зейнетақы қорларына салымшылардың жалпы санынан 85,4% зейнетақы жарналарын аударады.

Республикада зейнетақы алушылар саны жыл сайын 1000-ға жуық адамға төмендеп отырады, төмендеу зейнеткерлердің барлық категориялары бойынша жүреді: зейнетақыны толық көлемде алушылар, толық емес еңбек өтілі мен еңбек сіңірген жылдарына.

Категориялар бойынша зейнетақы алушылар саны келесі №9 кестеде көрсетілген.


№9 кесте. Зейнетақы алушылар саны*

Көрсеткіштер

2000ж.

2001ж.

2002ж.

2003ж.

2004ж.

Зейнетақы алушылардың барлығы, мың адам,

соның ішінде:



  • зейнетақыны толық көлемде алушылар (азаматтық халық);

  • жұмыс өтілінің толық еместігінде (азаматтық халық);

  • еңбек сіңірген жылдарына (күш құрылымдары).



1921,0


1835,7
41,9
43,3

1830,1


1749,3
37,5
43,3

1749,1


1674,1
31,7
43,2

1690,5


1617,8

30,0
42,7


1660,0


1586,5
29,7
43,8

Ескертпе - *Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник/ Под редакцией А.А.Смаилова, Алматы,2002, с.28

2. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник/ Под редакцией К.С.Абдиева,

Алматы,2004, с.40


Әлеуметтік блок бойынша республикалық бюджеттің шығындары біраз өсті. Мемлекеттік бюджеттің шығындар құрылымында 2003ж. әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету есебімен әлеуметтік сфераға шығындар бөлігі бюджет шығындарының барлық көлемінің 50,1% құрайды.2003ж. екінші жарты жылдығындағы үлкен бюджет профицитінің арқасында жасына байланысты зейнетақы көлемдері ұлғайтылған болатын.

№10 кесте. Зейнетақы мөлшері*

Көрсеткіштер

2000ж.

2001ж.

2002ж.

2003ж.

2004ж.

Әлеуметтік қорғау мен еңбек органдарының есебінде тұрған зейнеткерлердің аталған айлық зейнетақыларының орташа мөлшері, тг.

4270

4462


4947

5818

8198


Ескертпе - *Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник/ Под редакцией А.А.Смаилова, Алматы,2002, с.28

2. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник/ Под редакцией К.С.Абдиева,

Алматы,2004, с.40


ҚР-ң халықты әлеуметтік қорғау мен еңбек Министірлігі зейнетақыны қайта есептеуді жүргізді. Зейнетақыны есептеудегі дифференциалды жақындаудың нәтижесінде үстеменің мөлшері бірнеше параметрлерге байланысты: саладағы орташа жалақы мен жұмыс өтіліне.

Қазіргі жоғарлатуларды “таза” деп есептеуге болады, яғни инфляцияны ескермегенде. Ол үшін компенсация қаңтарда берілген болатын. Мұндай
практика болашақта да қолданылатын болады. Яғни, қаржылық жыл басында зейнетақылар әрдайым жоспарланып отырған инфляция пайызына жоғарылап отырады.

№11 кесте. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың негізгі көрсеткіштері*



Көрсеткіштер

2000ж.

2001ж.

2002ж.

2003ж.

2004ж.

Әлеуметтік қорғау мен еңбек органдарында есепте тұрған алушылардың айлық мемлекеттік жәрдемақыларының орташа мөлшері, тг.

Олардың ішінде:

Азаматтық халық:


  • жасына қарай

  • мүгедектігіне қарай

  • асыраушысын жоғалтуына қарай

күш құрылымдары:

  • мүгедектігіне қарай

  • асыраушысын жоғалтуына қарай

3509

2175


3052

4170


9703

6201

3451

2175


2990

4144


10165

6079

3630

2325


3153

4371


9722

6043


4095

2469


3774

4631


9740

6018


4394

2616


4153

4820
9711

6242


Ескертпе - *Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник/ Под редакцией А.А.Смаилова, Алматы,2002, с.28

2. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник/ Под редакцией К.С.Абдиева,

Алматы,2004, с.41



1998ж. 1 қаңтарынан әлеуметтік, асыраушысын жоғалтуына қарай, мүгедектігіне қарай тағайындалған зейнетақылар жасына қарай, асыраушысын жоғалтуына қарай, мүгедектігіне қарай зейнетақылар формаларында мемлекеттік бюджеттен төленеді.

ҚР-да мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны жалпы және категориялар бойынша (жасына қарай, мүгедектігіне қарай, асыраушысын жоғалтуына қарай) 2000ж. практикалық түрде өзгермеген.

Аталған жәрдемақыларды алушылардың негізгі категориясы – бұл асыраушысын жоғалтуына қарай және мүгедектігіне қарай зейнетақы алушылар.


№12 кесте. Зейнетақы алушылар құрылымы*

Зейнетақы (жәрдемақы) алушылар

Алушылар үлесі,%

2000

2001

2002

2003

2004


Жасына қарай

2,7

2,8

2,4

2,3

2,1

Мүгедектігіне қарай

46,2

47,1

48,1

48,8

49,2

Асыраушысын жоғалтуына қарай

49,8

48,5

48,2

47,5

47,4


Басқалары

1,3

1,5

1,3

1,4

1,2

Зейнеткерлердің барлығы

100

100

100

100

100

Халықтың өмір деңгейінің негізгі индикаторларының арасында барлық көрсеткіштердің жақсару тенденциясын көруге болады. Халық жағдайының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің көбі жоғарылау тенденциясына ие. Халықтың ақшалай табысы мен орта айлық жалақысы айтарлықтай жоғарылады, өмір сүру минимумы мен зейнеткерлерге аталған айлық зейнетақының орташа мөлшері айтарлықтай жоғарыламады. Орнын толтыру коэфициенті жылдан жылға төмендеуде: 1998ж. 43,5 болса, 2003ж. небары 28,6 құрады.

Заңға сәйкес өмір сүру минимумы кедейшілік шегін анықтау мен өмір деңгейін бағалау, халықты әлеуметтік қолдау бойынша шараларды іске асыру мен әлеуметтік саясаттың бағыттарын анықтау, жәрдемақылар, зейнетақылар, жалақылардың және басқа да әлеуметтік төлемдердің белгіленген минималды мөлшерлерін дәлелдеу үшін қажет.

Заңға сәйкес кедейшілік шегі әлеуметтік көмек көрсету үшін критерий болып табылады. Ол заңда республикада белгіленетін экономикалық мүмкіндіктерге байланысты адамның минималды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті табыс шекарасы ретінде анықталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет