Мазмұны беті Кіріспе І бөлім. Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың теоретикалық аспектілері


Халықты зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша кеңестері



бет5/6
Дата16.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#138280
1   2   3   4   5   6

3.2. Халықты зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша кеңестері.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру деңгейін барынша нақты бағалау үшін еңбек өнімділігіне есеп жүргізуді енгізу қажет, өйткені азаматтардың іс жүзіндегі хал-ахуалы соған тікелей байланысты. Жинақтаушы зейнеақы жүйесі қызметкерлердің де жұмыс берушілердің де зейнетақы жүйесіне қатысуы қажеттігін дәлелдейді, сонымен бірге еңбек тәртібін күшейтеді, еңбек өнімділігі артады, мамандардың тұрақтамауы қысқарады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіру шеңберінде жинақтаушы зейнетақы қорларының негізінде кәсіптік зейнетақы жоспарларын мүмкіндігінше тиімді енгізуді қамтамасыз ету керек. Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің құрылымында барлық шығындардың 14,4% мүгедектігі бойынша зейнетақыға бөлінеді. Зейнетақы жәрдемақы алушылар құрылымында 2002ж. мүгедектігі бойынша зейнетақы 48,8% құраса, 2003ж. 49,2% құрады.

Өндірістік жарақатты азайту ең алдымен, жарақат жағдайларының, сонымен бірге кәсіптік ауру сырқаулардың алдын алу өндірістік процесстерді техникалық жарақтау негізінде тиісті шаралар арқылы жүзеге асырылады. Зейнетақымен қамтамысз ету жүйесі – қоғамның қызмет істеуден табыс табу мүмкіндігінен қарт мүшелерін қолдау механизмі. Шет елдерде зейнетақы жүйелерін мүгедектігі бойынша зейнетақының ауыр жүгінен қорғау, негізінен, өндірістегі қайғылы жағдайлар мен кәсіптік аурулардан сақтау институттары көмегімен іске асырылады. Өндірістік жарақаттардан сақтандыруды қаржыландыруды жұмыс берушілер атқарады, ал бұл жұмыс орнындағы еңбек қорғауды жақсартуға ықпал етеді. Мүгедектігі бойынша зейнетақы санын азайтуға оларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі септігін тигізуі тиіс. Мүгедектіктің өсу фактісі еңбек нарығындағы еңбек жағдайымен байланыстырылады. 2001ж. өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің 1/3 бөлігі, құрылыста істейтіндердің 1/10 бөлігі транспорт, байланыс және денсаулық салаларында істейтіндердің 5-тен 7%-ға дейінгісі санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес жағдайларда еңбек етсе, ауыр дене еңбегімен айналысатындар барлық жұмыс істейтіндердің 4% құрайды.

ҚР-ң 1993ж. «еңбек қорғау туралы» заңы қауіпсіздік пен еңбек қорғау жөніндегі көпшілік талаптарды ескермейді. ҚР-ң еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің айтуынша, төтенше оқиғалардың негізгі себептері – артта қалған үмітсіз заң тарапынан жол берілген, қауіпсіздік пен еңбек қорғаудың қарапайым талаптарына жұмыс орындарына сай келмеуі.

Жұмыс берушілер іс жүзінде зиянды және қауіпті еңбек шарттарын жақсарту жөніндегі шараларға қаражат бөлмей отырған соң, зейнетақы жүйесі қызметкерлерге кәсіптік қауіп қатерлерден жан жақты және сенімді қорғау жағдайын қамтамасыз етуі керек. Сонымен бірге адамдарды еңбек нарығына қайтаруға ынталандыру қажет. Үкімет белгілеген жұмыс берушілер ғана ерікті кәсіптік жарналар төлей алады. Олар халыққа танымал және зейнетақы нарығында сұранысқа ие болмауы мүмкін. Қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкер үшін қосымша зейнетақы жарнасын төлеу – жұмыс беруші үшін міндетті. Сондықтан зейнетақы жәрдемінің мұндай түрін үкімет белгілеген мамандықтар тізімі үшін міндетті ету керек. Қалған мамандықтар үшін зейнетақы жарналарын өз кезегінде ерікті ету керек.

Мамандар атап өткендей, қосымша зейнетақы жарнасының мөлшері мезгілінен бұрын зейнетақы төлеуге де, жұмысын тоқтатуына және соған байланысты міндетті зейнетақы жарналарын төлей алмағандығы себепі, жасы жеткендігі бойынша әдеттегі зейнетақының азайып қалған мөлшерінің орнын толтыруға да жеткілікті болуы керек. Яғни, еңбек шарттарына байланысты зейнетақы мөлшері зиянды еңбек жағдайында жұмыс істемеген қызметкердің еңбек зейнетақысымен теңелуі тиіс. Аталған шаралар жұмыстан мүгедектігі үшін, денсаулығына байланысты кетіп, зейнетақы алатын мерзім үшін зейнетақы қорларында өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жеткілікті қаражат жинақтай алмаған азаматтарға қолдау жасауға бағытталған. Міндетті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерін анықтау үшін айрықша еңбек жағдайлары жұмыс өтілін ғана ескеріп қоймау керек, сонымен бірге қызметкердің сол кездегі жасы, білім деңгейі, жынысы, асырайтын адамдарының саны да ескерілуі керек. Зейнетақы жүйесі әлеуметтік қамтамасыз ету субъектісі ретінде қызметкерлерді кәсіптік қауіп қатерден сенімді және жан-жақты қорғауға тиіс. Зейнетақы жүйесі мүгедектерге жұмыс берген кәсіпорындарды ынталандырып отыруы керек.

Мүгедектерге жұмыс берген кәсіпорындарға қажетті экономикалық тетік құрып беруі керек. Мысалы, зейнетақы жарналарына арнайы салық жеңілдіктерін пайдалану қажет: салық салу, әлеуметтік сақтандыру төлемдері, аталған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға байланысты шығындарды жабатын дотациялар бойынша жеңілдіктер беру. Мұндай дотациялар, әдетте, мүгедектік жөніндегі сақтандыру қорларынан бөлінеді. Мұндай шаралар жұмыс берушіге қаражатын өндірісті жаңашаландыру және еңбек шарттарының қауіпсіздік шараларына салудың кәсіптік зейнетақы жүйесін міндетті және қосымша зейнетақы жарналарын төлеуден тиімдірек екенін түсінуге мүмкіндік береді. Ерікті кәсіптік зейнетақы жәрдемін корпаративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары арқылы жүзеге асырған жөн.

Жұмыспен қамту қажеттілігі жүйесін табысты енгізу үшін экономиканың астарлы секторларын заңдастыру қажет, бұл еңбек қорғау және әлеуметтік төлемдер бойынша шаралар жүргізіп және бақылауға мүмкіндік береді. Республикаға заңды және заңсыз жолдармен келген, біздің азаматтарымыздың жұмыс орындарын иеленіп жатқан шетелдік жұмысшылар мәселесін бақылауға алу қажет. 2004ж. 1 қаңтарына шетелдік жұмысшылардың республикамызға тарту квотасы 8 мың адамды құрады.

ҚР-ң «ҚР-да зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңынына сәйкес, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын ҚР-ң үкіметі белгілеген мамандықтар тізбесі бойынша салымшылар (жұмыс берушілер) өз қаражаты есебінен (өйткені, ол еңбек шарттары үшін және қолайсыз еңбек шарттары бар жұмыс орындары үшін жауапты) өз қызметкерлерінің пайдасына (зейнетақы шоттарына) төлейді. Бұл жерде экономиканың мемлекттік емес секторында алымшылардың денсаулығы мен өміріне аса зиянды шарттармен жұмыс істейтін мамандық иелері туралы сөз болып отыр. Өйткені олар өз мамандықтарының ерекшеліктеріне сәйкес зейнетақыға заң белгілеген мерзімнен ерте шығады. Мұндай мамандықтарға тау-кен өнеркәсібінің, химия өнеркәсібінің т.б. мамандықтары жатады.

Ерікті кәсіптік жарналар аударымы, жаңа ерікті жарналардан әлде қайда кем болуы мүмкін. Жинақтаушы зейнетақы қорына жеке және заңды тұлғалар ерікті жарналар төлей алатын болса, кәсіптік жарнаны тек үкімет айқындаған жұмыс берушілер ғана төлеуге құқылы. Жаңадан ерікті кәсіптік жарналар деген ұғымның енгізілуіне байланысты зейнетақы нормаларының салымшылары: міндетті зейнетақы салымшылары, ерікті зейнетақы салымшылары, ерікті кәсіптік зейнетақы салымшылары деп бөліне бастады.

Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшері зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім – шарт жасаушы тараптардың келісімімен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен тағайындалады, бірақ ол қызметкердің айлық табысынан 10%-тен аспауы керек. Бұл жағдайда ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын айлық табыс ҚР-ң Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады. Сақтандыру жарнасынан қосымша тарифінің рұқсат етілген шегіне жасы жетуіне байланысты жай зейнетақы алуға қажетті факторлар ғана әсер етпейді. Сол кезеңдегі ерекше еңбек жағдайларындағы жұмыс өтілі, жасы (мысалы, қызмет істеген жылдарының басында немесе соңында) ескеріледі.

Мамандардың пікірінше, кәсіптік зейнетақы жүйесін енгізу қызметкерлерге ең жақсы еңбек жағдайларын туғызуды қамтамасыз ететін жаңа, прогресстік технологияларды таратуға ықпал етеді. Жұмыс берушіге экономикалық тұрғыдан алғанда өндірісті жаңарту кәсіптік зейнетақы жүйесіне біршама көп, қосымша зейнетақы жарналарын төлеуден тиімдірек.

Аталған шаралар кәсіпорындардың берешектерінің сомасын азайтуға тиіс. Өйтпеген жағдайда, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары жүйесін енгізуге ерікті ғана емес, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мәселелері де кедергі келтіруі мүмкін.

Зейнетақы жүйесі біртұтас кешен - әлеуметтік еңбек саласы - өзара байланысты компоненттер мен бөлшектерге, оның ішінде әлеуметтік салалар жүйесі, еңбек нарығы, еңбекпен қамту, жұмыссыздық, әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік қорғау, ебекті төлеу және қорғау, әлеуметтік сақтандыру және т.б. жүйелерге кіреді. Кәсіптік зейнетақы жоспарларын құру әлеуметтік серіктестік қатынастар жазықтығында жүзеге асыруы керек.

Әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамтамысыз ету, әлеуметтік қорғау, халықтың өмір сүру деңгейін қалыптастыру және зейнетақы жүйесі әлеуметтік еңбек саласы құрылымындағы негізгі компоненттер болып саналады. Әлеуметтік еңбек – саласы әлеуметтік саясаттың объектісі мен заңын білдіреді, әлеуметтік дамудың деңгейін сипаттайды, еңбек және әлеуметтік қатынастардың бірлігімен өзара шарттылықтарын нагіздейді. Іс жүзінде еңбек қатнастары еңбек пен капитал жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс беруші арасында құрамдас нәрселерсіз таза күйінде сирек кездесетін қатынастар.

Яғни, кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәселені шешу ұжымдық келісім – шарт шеңберінде атқарылуы керек және жұмыс беруші кәсіптік зейнетақылық сақтандыруды ұйымдастыру жөнінде келісім - шарт жасауға міндетті. Кәсіптік зейнетақымен қамтамасыз ету немесе сақтандыруды жалпы белгіленген зейнетақы жасына жетпей тұрып жүзеге асыру керек, сол себепті осы жылдың басынан төленетін әлеуметтік салық және бұған дейін болған сақтаныдру жарналары кәсіптік зейнетақы жүйесін енгізуге байланысты өзгермейді және жалпы негіздердегі зейнетақыларды белгіленген жастан бастап қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Жеңілдікті кәсіптік зейнетақыларды қаржыландыру, экономисттердің пікірінше, тек кәсіптік зейнетақы жүйелерінің шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс.

ҚР-ң “ҚР-да зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заңы (23-2 бабы) бойынша, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы алу құқығына жасы 50-ге жеткен тұлғалар, сонымен қатар ҚР-н тыс жерге қоныс аударып жатқан немесе қоныс аударған және қоныс аудармақ ниетін немесе қоныс аударған фактіні растайтын ҚР-ң заңдары айқындаған құжаттарды табыс еткен тұлғалар ие бола алады. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында ақша қаражатын жинақтаған тұлға қайтыс болған жағдайда, оның қаражаты ҚР-ң заңымен бекітілген тәртіппен мұраға беріледі.

Ерікті кәсіптік зейнетақы мен қамтамасыз етуді корпаративті жинақтаушы зейнетақы қорлары арқылы жүргізген жөн. Шет елдерде кәсіптік зейнетақы жүйелері бар. Қазақстан аталған жағдайда бұл мәселені шешудің өз жолын таңдады. Соған байланысты, еліміздің экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып төмендегі өзекті мәселелерін шешу қажет:



  • елдің экономикасының экономикалық өсуін сақтау;

  • ұйымдастыру – қаржы институттарының қызметін күшейту және жетілдіру;

  • халықтың қаражатын көбейтуге бағытталған саясатты енгізу;

  • халықтың қаржы институттарына деген сенімін арттыру.

Мүгедектігі бойынша зейнетақыларды бақылауды күшейтудің басқа тәсілі – мұндай зейнетақылар төленетін қорды жасы жетуіне байланысты зейнетақыла төлеетін қордан бөлектеу. Осындай тәсіл Бельгияда, Голландияда, АҚШ-та, Швейцарияда қолданылады.

Әйтседе, іс жүзінде мүгедектігі бойынша зейнетақылардың үлесін ұлғайту кезінде зейнетақы қорынан арнаулы қорға ауысу орын алады, сөйтіп шын мәнінде қорлар бірігіп кетеді.

Мысалы АҚШ-та және Швейцарияда мамандығын негізсіз қайта менгергісі келмейтін адамдарға зейнетақы құқығын бермейді. Екіншіден, мүгедектер үшін арнайы оқыту, қайта дайындау бағдарламаларды немесе көп жағдайда міндетті саналатын зейнетақы алдындағы реобилитация құрылады. Сонымен, еңбек етуге ішінара жарамды мүгедектерге мүгедектігі бойынша зейнетақы еңбек реобилитациясынан өткен жағдайда және соның нәтижелері бойынша тағайындалады. Одан өзге, жұмысқа кіріскен мүгедектерге, алғашқы уақытта арнайы көмек көрсетіледі (Ұлыбритания) немесе оларға зейнетақы төлеу жалғастырылады (АҚШ). Мұндай дотациялар кейде сақтандыру қорларынан бөлінеді. Ал Голландияда – мүгедектігі бойынша айрықша сақтандыру қорынан төленеді. Үшіншіден, мүгедектік бойынша зейнетақылардың санының өсуіне қарсы әрекет тәсілі ретінде мамандар адамдарды еңбек нарығына қайтып келуге ынталандыру жағдайын қарастарады, яғни адамдардың өздері мүгедектік бойынша зейнетақы алудан бас тартуы тиіс. Мысалы, жұмысты тоқтату мен зейнетақы алу арасындағы мерзім ұзарады (АҚШ). Одан өзге, мүгедектік бойынша зейнетақы мөлшері өте аз, әсіресе төменгі кәсіптегі еңбекке қабілетіздік жағдайында, зейнеткерді еңбекке қайта келуге мәжбүр еткен жағдайда. Біздің көзқарасымыз бойынша, зейнетақы жүйесін егде жастағы адамдарға қатысты еңбекпен қамту саясатын қалыптастыратын өзгеше құрал ретінде қарастыру қажет, сонда зейнетақымен қамтамасыз ету еріксіз жұмыссыздықтан қорғау құралына айналады. Негізгі жоспарда “ауытқымалы” зейнетақы жасын белгілеген және соған байланысты ерте, мезгілінен бұрын зейнетақыға шығу мүмкіндігі туралы сөз болады. Бельгия мен Германияда зейнетақы жасының ауытқу шекарасы белгіленген (62 – 65-ке дейін), ал Швецияда 60 жастан 64 жасқа дейін алуға болатын ішінара зейнетақы енгізілген.

Одан өзге, басқа да тәсіл қолданады – зейнетақы алдындағы жәрдемақы. Оның мәні мынада: жұмыстан шығарылған немесе жұмыстан шығарылатыны жөнінде ескерту алған зейнетақы жасындағы қызметкерге белгілі бір дәрежеде өмір сүруді қамтамасыз ететін әлеуметтік төлемдер алу мүмкіндігі (әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі шеңберінде жасы жетуіне байланысты зейнетақы алуға құқығын беретін жасқа жеткенге дейін) беріледі. Мұндай зейнетақы алдындағы төлемдердің қатарына адам зейнетақы алу құқығына ие болғанға дейін ұзартылған мерзіммен жұмыссыздық бойынша жәрдемақы жатқызылады. Мұндай жәрдемақы ұзақ уақыт жұмыс істемеген, жасы жеткендігі бойынша зейнетақыға шығуға 2 – 5 жыл қалған немесе қажетті еңбек өтіліне 2 – 5 жыл жетпейтін егде адамдарға беріледі.

Жалпы зейнетақы заңымен қатар, зейнетақыға мерзімінен бұрын шығу туралы ережелер ұжымдық келісім-шарттарда немесе мемлекет пен кәсіпорындар топтарының арасында арнайы келісімдерде жазылуы керек. Осындай шешімдерді жүзеге асыру үшін жұмсалатын шығындар мемлекеттік бюджет есебінен төленеді және көп жағдайда жұмыссыздық жағдайына сақтандыру есебінен дотация беріледі. Кейде жұмыс берушілер ақша аударуға тиіс. Көпшілігі мерзімінен бұрынғы зейнетақыдан гөрі зейнетақы алдындағы төлемдерді қалайды, өйткені мерзімінен бұрынғы зейнетақы қымбатқа түседі және зейнетақы қорларына елеулі салмақ түсіреді.

Кәсіптік зейнетақы жүйелері салалық, корпаративтік және аумақтық болуы мүмкін. Қазіргі кезде біз үшін корпаративті зейнетақы жүйелері тиімді. Осындай зейнетақы жүйелері елімізде белгілі корпорацияларда бар. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, бірақ бәріне ортақ нәрселер де бар: олардың бәрі де болашақ кәсіптік зейнетақы жүйелерінің үлгісі және тек солар болашақта біздің ұлттық зейнетақы жүйемізді реформалауды жүзеге асырады.

Әлемдік тәжірибиені айна - қатесіз көшірмей-ақ, қазіргі Қазақстан зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалауды мақсатты бағыттарда жүзеге асыруға тырысады, дегенмен, біздің жалпы дағдарыстық жағдайымыз өз түзетулерін енгізуде.

Өндірістік жарақаттардан сақтандыруды қаржыландыру жұмыс берушілер тарапынан жүзеге асырылады. Аталған институтты енгізу қаражат жинақтаушы зйнетақы қорларында зейнетақыға шыққаннан кейін өмір сүруге жеткілікті жинақтай алмаған азаматтар категориясын (мүгедектігіне, денсаулығына байланысты жұмыстан шыққан немесе жалақысы аз жұмысқа ауысқан) қолдауға бағытталған. Бұл оларға зейнетақыға шыққаннан кейін лайықты өмір сүруді қамтамасыз етуге және зейнетақымен қамтамасыз ету жүгін жеңілдетеді.

Қазақстан үшін мұндай кәсіптік зейнетақы қорларының дамуы – үлкен үміт. Олардың дамуы одан да жоғары зейнетақы алуға мүмкіндік береді, яғни барлық еңбек зейнетақысына қосымша мемлекеттік емес зейнетақы қосылады. Кәсіптік зейнетақы жүйелеріне салық жеңілдіктері берілуі керек. Өз кезегінде, солар өздеріне мемлекеттік міндеттемелердің ауыртпалығын алады, ал мемлекеттік міндеттемелер жұрт алдында жеңілдік зейнетақыға шығуға қатысты қабылданған. Жеңілдік зейнетақыға еңбегі сіңген және тағайындауға қол жеткізгендегі жеңілдік зейнетақы алғанғадейін төлеуге тиіс.

Жеңілдік зейнетақы алуға құқық беретін жағдайларда жұмыс істеп жүрген, бірақ реформа өткізу кезінде ондай құқыққа әлі ие болмаған адамдар мұндай зейнетақы құқығын жүзеге асыра алмайды. Осы жерде кәсіптік зейнетақы жүйелері өте маңызды әлеуметтік роль атқаруға тиіс. Дәл солар жеңілдік зейнетақылық осы құқықтарын сақтауды өз міндеттеріне алуы керек. Ал болашақта оларды мемлекеттік міндетті жүйеден шығарып, ерікті жүйеге көшіруге тиіс.

Зейнетақы жүйесі алушылардың да, жарна төлеушілердің де, сонымен бірге қызметкерлер мен жұмыс берушілердің де мүдделерінің тепе-теңдігіне жетуді қарастыруы керек.

Кәсіптік зейнетақы жарналарының мақсаты:



  • мүгедектіктен болған кедейшіліктен қорғау;

  • мүгедектікке ұшырауына байланысты қызметін тоқтатқанда кепілді табыс беру;

  • сол табысты дағдарыс нәтижесінде нақты өмір сүру деңгейінің төмендеуінен қорғау;

  • жинақтаушы зейнетақы қорларында зейнетақыға шыққаннан кейін өмір сүруге жеткілікті қаражат жинақтай алмаған азаматтар категориясын (мүгедектігіне, денсаулығына байланысты жұмыстан шыққан немесе жалақысы аз жұмысқа ауысқан) қолдау;

  • халыққа зейнетақыға шыққаннан кейін лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ету.

Мұндай шараларды әлеуметтік субъектілер, зейнетақы жүйесінің зейнетақымен қамтамысз ету субъектілері жатыққан іс-қимылдарымен қолдауға тиіс.

Ерікті кәсіптік жарналарды енгізу әлемнің дамыған елдерінде кең таралған және өз елдерінің жалпы зейнетақы жүйесінде салмақты үлесі бар кәсіптік зейнетақы сомасының дамуы қажеттілігінен туындап отыр. Бірақ, әлемдік тәжірибиені Қазақстандағы өтпелі кезеңнің, аумақтық кеңістікті және ұлттық-демографиялық ерекшеліктерді есепке алмай тікелей алып пайдалануға көшіру мүмкін емес.



Қорытынды

Зейнетақымен қамтамасыз ету экономикалық категория ретінде қоғамның жұмысқа қабілетсіз мүшелерінің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін қаржылық ресурстарды тұтыну, бөлу мен құру мәселелері бойынша қатынастар жиынтығын білдіреді. Жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету зейнетақы деп аталатын ақшалай төлемдер түрінде іске асады. Зейнетақымен қамтамасыз ету ұлттық зейнетақы жүйелерін құруда көрінеді, мемлекеттің зейнетақы жүйесі – бұл жұмысқа қабілетсіз халықты материалдық қамтамасыз етуі үшін құрылған және өзара құрылымдық байланысы бар ұйымдар жиынтығы.

Зейнетақымен қамтамасыз етудің теоретикалық негізін зерттеу кезінде дамудың әрбір тарихи кезеңіне сәйкес зейнетақымен қамтамасыз етудің негізгі институттарының дамуы мен пайда болуының жүйелілігі анықталған. Даму эволюциясы келесідей болып көрінеді:


  • зейнетақымен қамтамасыз етудің формалды емес институттары: жанұялық-туысқандық көмек пен игі қайырымдылық, соның ішінде шіркеулік көмек;

  • зейнетақымен қамамасыз етудің формалды институттары:

  • мемлекеттің әлеуметтік көмегі;

  • таңдалған халық топтарының мемлекеттік зейнетақысымен қамтамасыз етілуі;

  • әлеуметтік сақтандыру: міндетті және ерікті;

  • жеке зейнетақылық сақтандыру: міндетті және ерікті.

Аталған институттардың ерекшелігі болып олардың осы уақытқа дейін әрекет етулері табылады.

Зерттеулер кезінде анықталған зейнетақымен қамтамасыз етудің алтыншы формалды институты – міндетті жеке зейнетақылық сақтандыру, келесі мінездемелерге ие:



  • Зейнетақылық жасқа жеткен кездегі зейнетақылық құқықтардың пайда болуы үшін негіз болып ҚР-ның заңы табылады.

  • Жеке зейнетақылық сақтандыру институтын ұйымдастырудың принциптері болып мыналар табылады: азаматтардың өзіндік жауапкершіліктері, жеке жинақтаулар, салымдар мен төлемдер эквиваленттігінің принциптері, мемлекеттік кепілдіктер, қатысушылар теңдігі мен қатысу шарттарының универсалдылығы.

  • Зейнетақы төлемдерін іске асыру мен әрекет етуінің механизмі болып зейнетақы жасына дейін зейнеткерлердің өмір сүруі, еңбекке қабілеттілігін жоғалту мен аурулардың жеке тәуекелділігін бағалау табылады.

  • Зейнетақымен қамтамасыз етудің негізгі қаржылық қайнар көзі болып жұмысшылардың міндетті зейнетақы салымдары табылады. Ерікті салымдар зейнетақымен қамтамасыз етудің қосымша қайнар көзі болып табылады.

  • Зейнетақы мөлшерін есептеудің тәртібі қолданылатын зейнетақы схемаларына байланысты, олардың мәні универсалды – зейнетақылық өтемдердің мөлшері жиналған қаражаттар көлемі мен өтеу мерзімінің ұзақтығына байланысты.

  • Зейнетақымен қамтамасыз етудің әрекет етілуінің қажетті шарттары болып: сәйкес салымдар жасауға мүмкіндік беретін жалақының жоғары деңгейі, халықты толық қамту, зейнетақы активтерін инвестициялау үшін жоғары табысты қаржылық құралдардың болуы, дамыған сақтандыру нарағының болуы. Міндетті шарттар болып болашақ саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерден салымшылрдың құқықтары қорғалатын құқықтық мемлекеттің болуы табылады.

  • Басқару субъектілеріне өкілетті органдар арқылы әрекеттері мемлекетпен реттелетін зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар мен сақтандыру компаниялары.

  • Күшті жақтарына келесілер жатады: мемлекет экономикасына инвестицияланатын жеке жинақтаулар мүмкіндігі, жалақы көлемі мен сақтандырушылық өтілінің ұзақтығының есебімен зейнетақы деңгейін анықтау кезіндегі дифференциалды жақындаулар.

  • Әлсіз жақтары болып: болашақта әлеуметтік көмектің үлкен көлемдерінің пайда болу мүмкіндіктері мен халықты толық қамтымау фактілері, жалақы деңгейінің төмендігі мен төмен зейнетақы салымдары, соған сәйкес зейнетақының төмен деңгейі.

Зерттеліп отырған материал негізінде әртүрлі белгілер бойынша зейнетақы қаражаттарын басқару жүйесінің классификациясы жасалған:

  1. жүйелердің ұйымдасу мінезі бойынша формалды және формалды емес болып бөлінеді;

  2. жүйелердің меншік формалары бойынша мемлекеттік және жекеменшік болып бөлінеді;

  3. жүйелердің ұйымдасу принциптері бойынша ынтымақтылық, жинақтаушы және аралас болып бөлінеді;

  4. жүйеде субъектілердің қатысу тәсілдері бойынша міндетті және ерікті болып бөлінеді;

  5. қаржыландыру тәсілдері бойынша бюджетке аударылатын салықтар, әлеуметтік сақтандырудағы міндетті ынтымақтылық жарналар, әлеуметтік сақтандырудағы ерікті ынтымақтылық салымдары мен ерікті жеке сақтандыру жарналары;

  6. зейнетақы мөлшерін анықтау тәсілі бойынша белгіленген төлемдері бар схемалар мен белгіленген салымдары бар схемаларды қолданатын жүйелер бола алады.

Жасалған классификация зейнетақымен қамсыздандыру институттарын зейнетақымен қамсыздандыруды басқару жүйелерімен ара-қатынасын қарастыруға мүмкіндік береді. Осындай жағдайда да, институттар ұлттық зейнетақы жүйелерінің қол астындағы жүйелер немесе локальды жүйелер болып табылады. Берілген классификация берілген аймақтағы бар зерттеулерді жүйелендіру мақсатымен бірінші рет жасалып отыр. Ол әрбір жүйе үшін оның негізгі элементтерін, оптималды құрылымын аңдауға мүмкіндік береді, ең бастысы ұлттық зейнетақы жүйелерінің әрекет етулерінің мақсатын анықтау, ол үшін нақты тиімді әдістер жасалатын болады.

Жинақтаушы зейнеақы жүйелерінің әрекет етуі мен құрылуының әлемдік тәжірибесі зерттелген, мысал ретінде Чили, Перу, Аргентина, Қазақстан, Венгрия және Польша алынған, олардағы зейнетақы жүйесінің дамуының ортақ тенденциялары анықталған. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқарудың анализінің нәтижесі мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымында мемлекеттік құнды қағаздар басым, ал мемлекетік емес қорладың портфелі үшін халықаралық қаржы ұйымдары мен шетел эмитенттерінің құнды қағаздары, Ұлттық банктің ноталары мен еврооблигациялардың үлкен сыбағалы салмағының есебінен активтердің диверсификациясы сипатты болып табылады. Жалпы анализ жинақтаушы зейнетақы қорларының концентрациясының қажеттілігін көрсетті, себебі корреляционды-регрессивті анализдің көмегімен алынған инвестициялық табыс пен зейнетақы жарналары мөлшерінің арасындағы тығыз ара-қатынасы дәлелденген. Қорытынды: қор ірі болған сайын оның инвестициялық мүмкіндіктері де кеңірек және алынатын инвестициялық табыс мөлшері де үлкен болып келеді.

Салыстырмалы анализдің біртұтас жүйесінің және жинақтаушы зейнетақы қорлары іс-әрекетінің бағалануының болмауы жасалған анализдің нәтижелерінің құндылығы мен мағыналығын төмендетеді. Сондықтан да жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекетін бағалаудың рейтингтік әдісі жасалды. Ұсынылып отырған көпжақты салыстырмалы анализ әдісінің оңтайлығы: біріншіден, ұсынылып отырған әдіс жинақтаушы зейнетақы қорларының әрекет етуі сияқты қиын құбылысты бағалаудағы кешенді көпжақты жақындауларға негізделеді, екіншіден, әдіс барлық бәсекелес-қорлардың нақты жетістіктерін және олардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі максималды көрсеткіштерге жақындығы деңгейін ескереді, үшіншіден, ұсынылып отырған әдіс жинақтаушы зейнетақы қорларының рейтингін нақты бағалау мен субъективизмнен қашуға мүмкіндік беретін жинақтаушы зейнетақы қорларының бұрынғы және ағымдағы әрекеттерінің нәтижесіне негізделген тұрақылығын бағалауды сандық өлшемін жасайды.

Басқарудың тиімді жұйесін жасау үшін параметрлі-мақсаттық келісті әдістемесі қолданылған, нақты әдісті іске асыру 4 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде стратегиялық мақсатты анықтауда негізгі мақсат бөлінген: зейнетақы төлемдерінің жоғарғы деңгейіне жету. Анализ бен жоспарлаудың екінші кезеңде басқарудың стратегиялық мақсатына жетуді анықтайтын параметрлер жүйесі жасалған. Негізгі параметрлер басқару жүйесінің тиімділігі параметрінен шыға құрылған және 4 топқа бөлінген: әлеуметтік, инвестициялық, қаржы-бюджеттік, экономикалық.

Әлуметтік саясат: басқарудың тиімді жүйесін құру үшін нақты әдістер болып қоғамдағы жұмыссыздықтың төмендеу қарқынын анықтау мен мақсатты бағытталған гендерлі саясат табылады, өйткені республикада салымшы-әйелдердің үлесі еркектерге қарағанда аз.

Инвестициялық саясат: корпоративті құнды қағаздар үлесін ұлғайту бойынша нақты әдістер болып ірі қазақстандық компаниялардың акциялар пакетін сату табылады. Экономиканың нақты секторын инвестициялау қор нарығы, қазақстандық өндірушілермен қарыздық үлестік құнды қағаздарды шығару механизмі арқылы іске асыру ұсынылып отыр.

Қаржы саясаты ұлттық валютаны тұрақтандыруды басқаруға шоғырлануы керек. Егер қазақстандық теңгенің девольвациясының қарқыны төмендетілмесе еңбеккерлердің зейнетақы жарналары өзінің нарықтық құнын жоғалтып алады.

Еңбек нарығындағы саясат әрекет етудің барлық салалары мен сфераларындағы жалақының өсу қарқынына бағытталуы керек.

Төртінші кезеңде берілген келісті іске асыруда үш ішкі жүйелерден тұратын басқарудың тиімді жүйесін құру жүреді. Ішкі жүйелер: үш блоктан тұратын құрылымдық-функционалды ішкі жүйе: мемлекеттік реттеу блогы, жинақтаушы зейнетақы жүйесі субъектілерінің блогы, тәуелсіз органдар блогы; үш блоктан тұратын ақпараттық ішкі жүйе: жинақтаушы зейнетақы жүйесін автоматизациялау блогы, статистикалық блок, персоналды басқару блогы. Жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз етуді басқарудың тиімді жүйесіндегі орталық орынға стратегиялық болжау мен жоспарлау ішкі жүйесі ие. Бұл ішкі жүйені құру үш деңгейден тұрады:



  1. Ішкі және сыртқы ортаның факторлары анализі.

  2. Альтернативті сценарийлер бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуының стратегиялық жоспарын жасау.

  3. 5 бөліктен тұратын жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуының жыл сайынғы жоспарын жасау.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесін тиімді басқару үшін 25 жылдық жинақтау процессінде салымшылар қатысуының минималды мерзімін тағайындау қажет. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін тиімді басқарудың басты проблемасы болып жүйе салымшыларының 90%-нан астамының жалақысының төмен деңгейі. Мемлекет салымшылар сенімділігі үшін заңды және ұйымдастырушылық шарттарды құра алады, бірақ басты фактор реттелмеген болса жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру мақсаты іске аспайды. Жасалған әдістеме бойынша басқарудың тиімді жүйесін құру салымшылар қарттық шағында қадірлі қамтамасыз етілетін ұлттық зейнетақы жүйесін құруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет