І БӨЛІМ. Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың
теоретикалық аспектілері.
-
Ынтымақтылық зейнетақы қорынан жинақтаушы зейнетақы қорына
өту эволюциясы.
Ақпараттық жүйелер қызмет көрсету қоғамына өту, жеке бас әрекеі бостандығының кеңеюі мен тереңдеуі, адамзаттың қарым-қатынас күрделілігінің өсуі жанында адамзаттың жеке бас әрекетінің субъектісі және объектісі ретінде қалыптасуы қоғамдық жүйелердің өзгерісіндегі басты ерекшелікті, яғни адамзаттың қоғамдық дамуының басты өлшемі болып табылатындығын көрсетеді. Табиғи және техникалық үрдістерге қарағанда, әлеуметтік үрдістерге қозғалыс импульсы адамнан басталады. Яғни, кез-келген концепция (қағида) немесе саясат адамзат эволюциясының дамуына әсер етпесе, құрамды (конструктивті) болудан қалады. Осылай әлеуметтік сфераның және жалпы Қазақстан экономикасының дағдарыстық жағдайы Қазақстан азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру сапасына әсер етті.
Ондаған жылдар бойы қызмет еткен зейнетақы жүйесі бөлісу қағидасы бойынша немесе «ұрпақтар ынтымақтылығы» қағидасы бойынша ұйымдасқан болатын, мұндағы зейнетақы зейнеткерлер ұрпақтары үшін жұмысшылар ұрпақтары салымдарының есебінен төленіп отыратын. Қатаң орталықтандырылған экономика үшін ыңғайлы зейнетақы жүйесі табыстарды және зейнеткерлік кезеңді қоса алғандағы өмір деңгейін қалыптастыруды әрбір адамның жеке бас жауапкершілігі арта түсетін нарықтық шаруашылық жағдайына сәйкес келмейді.
Белгілі бір уақыт кезеңінде халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі және оны бюджеттік қаражат есебінен қаржыландыру сәтті жүргендігін есепке алу қажет. Әлеуметтік қызмет көрсетуге сұраныс өсіп және күрделене бастағанда, бюджеттік ұйымдар, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесі, көптеген экономисттердің айтуынша «қалдық» қағидасы бойынша қаржыландырылды. Экономикадағы жинақтау деңгейінің төмендеуі экономикалық өсудің баяулауына әкеледі. Сонымен, жүйенің ауысуының себебі болып әлеуметтік сфераның дамуының тежелуіне және соның салдарынан нарықтық механизмге өту мен құрылған халық шаруашылығын басқару жүйесінен бас тартуға әкеліп соқтырған әлеуметтік қызмет көрсетудегі мүмкіндіктер мен қажеттіліктердегі қарама-қайшылықтар табылады. Осылайша ҚР-ғы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі дағдарысқа ұшырады. Объективті және субъективті себептерін келесі топтарға біріктіруге болады:
а) әкімшілік - басқарушылық (құқықтық немесе ұйымдастырушылық деп атауға болады);
б) экономикалық;
в) әлеуметтік.
Әкімшілік – басқарушылық себептерге келесілер жатады:
-
Зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ресурстарды қалыптастырудағы әрбір адамдардың салымын жеке есепке алу шартының болмауы және зейнетақылық қор қаражатының теңдестірілуі. Сақтандыру зейнетақылық салымдардың «ортақ қазанда» жиналуы және зейнеткерлрге пропорционалды немесе басқалай әдіспен тарату мемлекеттің басты міндеті болып келеді.
-
Халықты әлеуметтік қорғау үшін қажетті қаражат жетіспейтін облыстарда бюджеттік емес қорларға түсетін салымдарды қайта бөлу механизмінің болуы. Жоғарыда айтылғандай, ҚР-ң халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министірлігі республикалық есепке бағытталған ай сайынғы қаражаттардың 30%-і қайта бөлініп отырды. Жалпы экономикалық жағдай, аталған операцияларды жүргізу ұзақтығы зейнетақы беру үрдісін тежеді, ал ол өз алдына зейнетақымен қамсыздандырудың аталған жүйесін қалыптастыруға әкеледі.
-
Басқарудың әкімшілік құрылымын бөлініске әкелген билік орталықсыздануы. Заң бойынша еңбек және әлеуметтік мемлекеттік зейнетақы тағайындалған және зейнетақыға қосымша жеңілдіктер және үстемелер тағайындауда жергілікті билік органдарына, кәсіпорындардың, ұйымдардың еңбек ұжымдарына кең құқық берілді.
Зейнетақы қорларындағы қаражат дефициті мәселесін түсіну қызмет еткен мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін немесе қорлардың сақтандыру ресурстарымен қамсыздандырылмаған зейнетақыны төлеу шығындарының өсуі өзгерту шараларына әкелді. Аталған себептердің салдары ретінде зейнетақымен қамсыздандыруды қаржыландыру «қалдық» қағидасы бойынша жүреді. Кез келген бюджет дифициті сияқты зейнетақы жүйесі қаражаттарының жетіспеушілігі екі процесстің – зейнетақы қорына қаражаттардың кірісі мен зейнетақының барлық түрлерін төлеу шығынының теңсіздігіне байланысты экономикалық себептерге келесіні жатқызуға болады:
-
Көлемінің үлкендігіне байланысты бюджеттік емес қорларға түсетін міндетті салымдарды өтемеу және табыстың 50-60% ғана зейнетақы қоры есебінде (отчет) көрсетіледі.
Зейнетақы жүйесі табысының шамамен 90%-і - міндетті сақтандыру төлемімен, айыппұл санкцияларынан және өсімнен түсетін түсімдерден, ал 10%-і мемлекеттік зейнетақының жеке түрлерін мақсатты төлеуге арналған мемлекеттік бюджетінен бөлінетін түсімдерден құралады. Ал зейнетақы әлеуметтік қорғаудың аймақтық органдарда қалған ағымдық түсімдерінен төленді (мемлекеттің «дефицитті» аймақтарына арналған түсімдердің 30%-н басқа).
ҚР-ғы өнім (тауар, қызмет көрсету) өндірісіне кеткен шығындар құрылымына көз салса, еңбек ақы төлеу және әлеуметтік сақтандыруға кеткен шығын барлық шығындардың бестен бір бөлігін, оның ішінде әлеуметтік сақтандыру 2000ж. барлық шығындардың 5,1%-ін, ал 2002ж. 5,5%-ін құрады.
Сонымен қатар, әлеуметтік саладағы мемлекеттік шығындар көлемі ұлғаюда. ЖІӨ-гі әлеуметтік сала үлесі 1999ж. қарағанда 2003ж. екі есе азайды (16%-тен 8%-ке), сәйкесінше әлеуметтік қорғау шығындардың үлесі 4,9%-тен 0,6%-ке дейін төмендеді.
ҚР-ң мемлекеттік бюджетінен әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек көрсетуге (1998ж. бастап әлеуметтік сақтандыру) 1999ж. - 7837 млн.тг. (барлық шығындардың 3%-н құрайды), 2000ж. - 9212 млн.тг. (3,3%), 2001ж. – 26556 млн.тг. (7,8%), 2002ж. – 53618 млн.тг. (14,2%) бөлінді.
ЖІӨ қатысты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек көрсетуге (әлеуметтік сақтандыру) шығыны 2000ж. – 0,8%, 2001ж. – 0,7%, 2002ж. – 1,6%, 2003ж. – 3,1% құрады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша қарыздар болуы аталған кезеңдегі қалыптасқан жағдайдың басты себептерінің бірі болды. Еңбекақы төлеуге бөлінген қаражат бойынша қарыздар барлық кәсіпорындар қарыздарының 2000ж. – 4,92%, 2001ж. – 4,70%, 2002ж. – 4,68%, ал бюджеттік төлемдер кәсіпорындардың барлық қарыздарының 2000ж. – 13,76%, 2001ж. – 12,37%, 2002ж. – 14,30%-ін құрады. Міндетті сақтандыру салымдарының зейнетақы қорына уақытылы және толық түсуі зейнетақының мемлекет белгілеген мерзімде уақытылы төленуінің басты шарты болып табылады. Сондықтан, төлемшілердің сақтандыру салымдары бойынша өз міндеттерін орындауы және зейнетақылық қормен белгіленген және қатаң бақыланатын төлемдер тәртібі объективті қажеттілік болып табылады, әйтпесе, қателік тек зейнетақы жүйесінің ғана емес, бүкіл экономиканың дағдарысына әкелуі мүмкін.
-
Міндетті төлемдердің түспеуі өз алдына зейнетақыны төлемеуге әкеледі. Сонымен қатар, зейнетақы ақшалай емес, есеп кітапшасы немесе заттай (көмір, тамақ өнімдері) берілді. Ал бұл өз алдына есеп берудегі қателіктерге әкеледі.
-
Халықтың жинақтаушылық жаңа нысандарын іздестіру. Қазақстанды жинақтау потенциалы жоғары. 1995ж. бастап банк салымшыларының саны 1 млн.тг. асты және республика бойынша банк салымшылар сомасы ұлғаюда.
Қазақстан экономистерінің айтуынша, ақшалай қаражаттардың елеулі көлемі халықтың қолында, сондықтан, осы жинақтарды максималды қолдану қажет. Аталған жинақтардың жаңа түрлерін иеленушілердің қаражатты жинау зейнетақы жүйесінде қолдануында көруге болады. Халықтың жинақтауға қызығушылығы өсуде, сондай-ақ инвестициялық потенциал жеткілікті жоғары деңгейде.
Халық табысының бір бөлігі есепке алынбайды, бұл табыстар қосымша табыс алу мақсатында қолданылатын жинақ базасын құрайды. Осы бос қаражатты орналастыру негізгі қиындық болып табылады. Ол үшін «пирамида құрушылармен» жоғалған қаржылық институттарға деген сенімді қайта құру керек.
Өмір деңгейі экономиканың жалпы экономикалық жағдайымен тығыз байланысты. Егер ҚР-ң экономикасының дамуын зерттесек, соңғы жылдары өндірістің құлдырауын көруге болады. 1997ж. 1995ж. қарағанда 39%-ке жеткен. Қазақстандағы өндірістің құлдырауынан кейін, келесі 2 жылда: 1998ж. – 0,5%, 1999ж. - 17%-ке экономикалық өсу байқалады. Осы жылдардағы, ЖІӨ-ң өсуі экономиканы, әсіресе мұнай, қара және түсті металлургия өндірісін жандандырған дәйекті экономикалық реформалармен және шетел инвестицияларын тартумен байланысты.
2001ж. ЖІӨ өндірістің төмендеуі өнеркәсіптің (3%) және ауыл шаруашылығы өндірісі (18,9%) көлемінің құлдырауымен байланысты.
Орта айлық жалақы орта өмір сүру минимумнан 2000ж. 2,4 есе, 2001ж. 2,3 есе, 2002ж. 2,4 есе, 2003ж. 2,6 есе артық болған. Ал, тағайындалған зейнетақы орта мөлшері өмір сүру минимумынан 2000ж. 1,1 есе төмен, 2001ж. 1,1 есе, 2002ж. 1,01есе және 2003ж. 1,07 есе артық болған.
Кедейлік шегі минималды еңбекақы, минималды зейнетақы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, балаларға жәрдемақы сияқты минималды әлеуметтік кепілдіктермен белгілі бір қатынаста болуы керек және еңбекке деген ынтаны арттыру үшін минималды еңбекақы мөлшері жоғарыда аталған кепілдіктерден жоғары болуы керек.
Қазақстанда бұл кезеңде минималды әлеуметтік көрсеткіштер арасындағы қатынас бұзылған. Минималды еңбекақы өмір сүру минимумы мен жұмыссыздық бойынша жәрдемақыдан төмен болады. Орта және минималды еңбекақы арасындағы, орта еңбекақы мен өмір сүру мнимумы арасындағы қатынас төмендеді.
Еңбек табысы халықтың барлық табысының шамамен (жалданбалы және жеке қызмет табыстары, меншіктен, сатудан түсетін табыс, әлеуметтік трансферттер және басқа да түсімдер) төрттен үш бөлігін құрайды. Ақшалай шығындардың негізгі үлесі –86% тұтыну шығындарына келеді (тамақ, алкогольды ішімдіктер, темекі өнімдері және т.б. сатып алу).
ҚР-ғы үй шаруашылығының тұтыну шығындарының құрамы мен құрылымын зерттей келе, халықтың ұзақ мерзімді жинақтары (сатып алу, құрылыс жүргізу және косметикалық емес жөндеу жүргізуді қоса алғандағы сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету, демалыс пен емделу арқылы денсаулықты сақтау және жақсарту, өз қарттығы мен зейнетақымен қамсыздандыруды есепке алу, білім беру мен мұрағат қалдыру сияқты балалар мен немерелерге көмек көрсету, сондай-ақ болашақта қосымша табыс алу мақсатымен салым салу) үй шаруашылығының барлық шығындарының төрттен бір бөлігін құрайды.
Қазақстанда жинақтар қысқа мерзімге жинақталады, яғни, өмір деңгейі орташа халықта жақын уақытта жеткілікті жинақ болмайды. Жинақтаудың көбінесе қолданылатын түрлері – жақын адамдарға көмек, ұзақ мерзімді пайдалану тауарларын сатып алу, «қара күнге» сақтандыру, қарыздарды қайтару. Жинақтаушы зейнетақы қорларына 10 пайыздық салымдардың міндеттілігі осымен түсіндіріледі. Ұзақ мерзімді жинақтауға қаражаттың жетіспеушілігі мәселенің тек бір ғана бөлігі. Екінші бір бөлігі қаржылық инфроқұрылымның дамымағандығымен және сенімді қаржылық институттардың шектеулі санымен байланысты. Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорлары жеке меншік салымшыларымен жұмыс істеуге маманданған халық пен қаржылық нарық арасындағы қаржылық делдал болып табылады. Ал халық банктер, сақтандыру компаниялары және зейнетақы қорлары сияқты сенімді қаржылық институттарды таңдауда қорқыныш білдіреді. Яғни, зейнетақы жүесі жинақтаушы зейнетақы қорларына қосымша еркін салымдар салу үшін тартымды болатындай қызмет етуі тиіс. Халықтан ақша жинау – істің тек бастамасы, сол қаражатты тиімді орналастыру қажет. Жинақ зейнетақы жүйесінің қызмет етуінің соңғы жылдардағы тәжірибесі зейнетақы активтерін басқару компанияларының осы мәселені жүзеге асыра алатындығын көрсетті.
2000 жылдан 2003 жылға дейін республикада номиналды ақшалай табыстардың өсу темпінің 2000ж. 272%-тен 2003ж. 112,8%-ке дейін төмендеуі байқалды. Республика халқының ақшалай табыстарының өсімі тұтынушылық баға өсімінен қалып отырды, сондықтан халықтың қолдағы қаражатының төмендеуіне әкелді.
Ақшалай табыс деңгейі бойынша халықтың үстемелі дифференциациясы табысы өмір сүру минимумынан төмен халық бөлігінің өсуіне әкеліп соқтырды. Осы кезеңде жинағы жоқ еңбекке қабілетсіз жастағы халықтың бір бөлігі кедейшілік шегінен төмен жағдайда өмір сүруде. Минималды зейнетақы (2000ж.-2002ж.) өмір сүру минимумының жартысынан кемін, ал орта зейнетақы - өмір сүру минимумының 80%-н ғана құрады (өмір сүру минимумы: 2000ж.-1923тг, 2001ж.-2821тг, 2002ж.-3120тг.).
Жоғары жұмысбастылықты қамтамасыз ету дәстүрлі түрде мемлекеттің экономикалық саясатының приоритетті мақсаты болып табылады.
Себептердің әлеуметтік тобына халықтың қартаюына байланысты демографиялық құрылымының өзгеруі, туудың төмендеуі, жұмыссыздар санының өсуі жатады. 90-жылдардың аяғында, әсіресе 1999-2000жж. күрт төмендеді (-182,4 және –230,7 мың адам сәйкесінше), 2002ж.-2004ж. (-315,5 және –327,8 мың адам сәйкесінше). Төмендеу туудың қысқаруына және таза эмиграцияның өсуіне байланысты.
Туу «шыңы» 1987ж. сәйкес (417,1 мың адам) содан кейін қысқару тенденциясы байқалды, сол 1996ж. ол 253,2 мың адамды құрады. Өлім санының минимумы 1986ж. келеді (119,1 мың адам), 1996 жылға дейін өлімнің өсу процессі, ал 1996ж. кейін төмендеу жүрді (166 мың адамға дейін).
Қазақстанда соңғы жылдары орташа өмір ұзақтығы елеулі төмендеді. Аталған тенденцияның себебі болып мемлекетте нарықтық қарым-қатынастарды ендірудің теріс нәтижелері табылады. Жұмыссыздық, ертеңгі күнге деген сенімсіздік сияқты құбылыстар ер азаматтарға қатты соққы болып тиді. 2000ж. еркектер шамамен 63 жасқа дейін, әйелдер 72,4 жасқа дейін өмір сүрген, ал 2003ж. еркектердің жасы 60,4ж. дейін, ал әйелдер жасы – 71,4ж. дейін жетті. Аталған мәліметтерден орташа ерлер заң бойынша 63 жас бекітілген зейнет жасына дейін өмір сүруі екі талай. Әйелдер зейнетке 58 жаста шығатындықтан зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру құқын есепке алса, әйелдер жолдастарының зейнетақы жинақтарын ала алады.
Сондай-ақ, жас топтамасы бойынша әйелдер мен еркектер араларында өлім деңгейінің төмендеуі байқалады. Яғни, болашақта потенциалды зейнеткерлер көбірек болады. Әрбір жас топтамасындағы өлімнің орташа деңгейін сипаттайтын жастық көрсеткіштер бір жыл ішінде аталған жаста қайтыс болғандардың санын ағымдағы бағамда нәтижелерінен алынатын аталған жастардағы тұлғалардың орта жылдық санына қатынасымен анықталады.
Әртүрлі елдегі адамзат дамуының деңгейі адамзат таңдауының үш негізгі мүмкіндігін – ұзақ және сау (здоровый) өмір, білім алу және оны жетілдіру, сондай-ақ өмірдің қажетті деңгейін ұстану үшін қажетті табыстың жеткілікті деңгейін сипаттайтын адамзат дамуының индексін есептеу арқылы анықталады.
Өмірге келгеннен кейінгі өмірдің орташа ұзақтығы өз алдына адамзат дамуын анықтайтын факторлар жиынтығының интегралды мәні болып табылады. 1999-2003жж. Қазақстанда күтілген өмір ұзақтығы 3,1 жылға төмендеді, 2002ж. күткен өмір ұзақтығы баяу төмендеді, ол 2002ж. 13,7ж. құрады. Сонымен қатар, әйелдер мен еркектер аралығында өмір ұзақтығындағы айырмашылықтың өсу мәселесі жылдан жылға артуда. 2003ж. бұл айырмашылық 11,01ж. құрады.
Жұмысбастылықтың халықаралық анықтамасы жұмыс күшіне қатысты құрылған. Анықтамаға сәйкес, келесі категорияларға:
-
жалданбалы жұмысшылар – контракт талаптары бойынша есептелген кезеңде белгілі бір жұмысты жалақыға істейтін тұлғалар тобына;
-
жеке бас жұмысбасты және жалданбалы жұмысшылар – пайда үшін немесе жанұя табысы үшін белгілі бір кезеңде белгілі бір жұмысты істейтін тұлғалар тобына;
-
саналы түрде өз мамандығын өзгертіп, кәсіпкерлікпен айналысатын инициативті жоғары маманданған білімді адамдарға белгілі бір қысқа мерзімде (бір апта немесе бір күн) жататын белсенді халықтың сипаттамасын өлшеу үшін белгіленген жастан (16жас) жоғары барлық тұлғалар жұмысбастылар болып табылады.
Қазақстандағы еңбек ресурстарының қалыптасуын сипаттайтын негізгі құрамдас бөліктер бұл – еңбекке жарамды жастағы еңбекке жарамды халық (1 және 2 топтағы қызмет етпейтін мүгедектермен жеңілдіктер шарты бойынша зейнетақы алатын қызмет етпейтін азаматтардан басқа жас бойынша ұлттық заңда еңбекке жарамды деп танылатын тұлғалар); еңбекке жарамды жастан жоғары қызмет ететін тұлғалар және қызмет ететін жасөспірімдер. Еңбек ресурстарына экономикалық белсенді халық (жұмыс күші, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін қажет белгіленген жастағы тауарлар өндіру мен қызмет көрсету үшін, жұмыс күші ұсынысын қамтамасыз ететін халық бөлігі), еңбекке жарамды жастағы білім алатындар, өндірістен уақытша босап оқитындар және экономикалық белсенді емес (пассивті) тұлғалар (жұмыс істемейтін және жұмыс іздемейтін) жатады.
Еңбекке жарамды жастағы тұлғаларға жатады:
-
2000ж. 1 шілдесінен бастап еркектер 16-61ж., әйелдер 16-55ж. арасында;
-
2001ж. 1 шілдесінен бастап еркектер 16-62ж., әйелдер 16-57ж. 6 ай арасында;
-
2002ж. 1 шілдесінен бастап еркектер 16-62ж., әйелдер 16-57ж. арасында;
-
2003ж. 1 шілдесінен бастап еркектер 16-62ж., әйелдер 16-58ж. 6 ай арасында;
-
2004ж. 1 шілдесінен бастап еркектер 16-63ж., әйелдер 16-58ж. арасында;
Экономикалық белсенді халық санына экономикалық істің барлық түріндегі жұмыс басты және жұмыссыздар кіреді.
Еңбекке жарамды жастағы тұлғалар болып 16 жасқа толған және еркектер 63 жасқа дейінгі, әйелдер – 58 жасқа дейінгі азаматтар танылады («ҚР-ғы еңбек туралы заңына» және «ҚР азаматтарының зейнетақы туралы» заңына сәйкес). Жұмыс басты халық – жұмыс бастылығына байланысты жалданбалы немесе жеке жұмыс бастыға жататын сәйкес жастағы барлық тұлғалар. Жалданбалы жұмыскерлер (төленетін) – жалақы, қосымша жалақы немесе заттай нысанда есептесуді білдіретін жалдану шарты бойынша қызмет ететін тұлғалар. Жеке басты жұмыс – пайда мөлшері тауар өндіру мен қызмет көрсетуден түсетін табысқа байланысты болатын жұмыс бастылық (жеке бас тұтыну табыстың бір бөлігі болып қарастырылады). Экономикалық белсенді емес (пассивті) халық қарастырып отырған кезеңде жұмысбасты емес немесе жұмыссыз болып табылатын халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін қабылданған жастағы тұлғалар.
Аталған кезеңде үш негізгі шартқа:
-
жұмыссыз (табысты жұмысы жоқ);
-
белсенді жұмыс іздейтін (жұмыс бастылығы мемлекеттік немесе коммерциялық ұйымдарына барған, баспасөзде жарнама орналастырған немесе баспасөз бойынша іздеген, кәсіпорын әкімшілігіне немесе жұмыс берушіге тікелей барған);
-
белгілі бір уақыт кезеңінде жұмыс бастауға дайын халықтық экономиканың активтерін өлшеу үшін қабылданған жастағы тұлғалар жұмыссыздарға жатады.
Қызметке орналасу сұрақтары бойынша жұмысбастылық органдарында сұраныс жасаған азаматтар саны белгілі бір себептер бойынша басқа немесе қосымша жұмыс іздеп жүрген жұмыс басты тұлғаларды қоса алғандағы қызметке орналастыру мәселесі бойынша жұмысбастылық органдарына сұраныс жасағандардың жалпы санын сипаттайды.
Экономикалық белсенді халық санындағы есепке алынған жұмыссыздардың үлесі – жұмысбастылық органдарында есепке алынған жұмыссыздық санының экономикалық белсенді халық санамасының санына қатынасымен анықталады. 2000 жылдан 2002 жылға дейін жұмыссыздар саны өсті, ал 2003ж. бастап төмендеді, бірақ олардың еңбек ресурстарындағы үлесі 2002ж. 8,8%-тен 2004ж. 11%-ке дейін өсті.
Жұмыс істейтін және бос отырған зейнеткерлер арасындағы қатынас азаюда. 1999 жылдары 60 жастан асқан тұлғалар Қазақстан халқының 10%-і, 2000ж. - 12%, 2004ж. - 17% құрады, ал 2050ж. - 26% құрауы мүмкін. Салыстырмалы түрде, Дүниежүзілік банк болжамы бойынша 2030ж. 60-тан асқан жастағы адамдар әлемнің 16% құрауы мүмкін.
Еңбек нарығында жұмыссыздық бүгінде ең ауыр мәселе болып табылады. Ерекше индикатор бола келе, ол экономикалық және психологиялық ауыртпашылықтарымен қатар келеді. Республика бойынша 2004ж. жұмысбастылық органдарына 282,0 мың адам сұраныс берді. Олардың тек 167,5 мың адамы немесе сұраныс бергендердің 59,3%-і ғана жұмысқа тұрғызылды. Жастарының құрамы бойынша еңбек нарығында 30 бен 50 жас аралығындағы тұлғалар жұмысбастылық органдарына сұраныс бергендердің жартысының көбі болып табылады. 16 мен 30 жас аралығындағы жастар - 34%, зейнеткерлік жасқа дейінгілер – 0,9%, зейнеткерлер – 0,5% құрайды. Ресми жұмыссыздық бойынша дифференциалды гендерлі мәліметтер әйелдер жұмыссыздығы бойынша теріс тенденцияны көрсетеді. 2000ж. жұмыссыз деп танылған әрбір тоғызыншы әйелдің – жоғары білімі бар, ал әрбір үшінші әйелдің – арнайы орта білімі бар. Жұмыссыз әйелдердің шамамен жартысының кішкентай балалары бар. Республикамыздағы еңбек нарығында жұмыс күші қозғалысының жоғары тығыздығында ресми тіркелген жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі сақталады. Өткен жылдардан бері, жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі 2001ж. – 10,4% тіркелді. 2002ж. соңында жұмыссыздық деңгейі 9,3%, 2003ж. 8,8% құрады. Жалпы (нақты) жұмыссыздық ҚР-ң статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2000-2001жж. 13,0%, 2002ж. – 13,1%-ке жетті. 2003ж. 1 қаңтарында жасырын жұмыссыздық (күштемелі демалыстағы адамдарды есепке алғанда) деңгейі республика бойынша 3,7% (экономикалық белсенді халыққа қатысты) құрады.
Бұл әрекет халық құрылымында зейнеткерлер үлес массасының зейнеткерлік жастағы тұлғалардың үлес массасынан артуына әкелді. Халықтың қартаюы зейнеткерлер санының өсуі еңбек ресурстарының өсуі қарқыны кері пропорционалды болуына әкелді. Халықтың жалпы санындағы және еңбек ресурстары санағындағы зейнеткерлердің үлес массасы өсті, ал еңбекке жарамды жастағы халық пен экономикалық белсенді халыққа қатысты 1995 жылдан 2002 жылға дейін үлес массасы төмендеді. Бірінші зейнеткерлерге қатысты экономикалық белсенді халық саны 2002ж. бастап өсе бастады, яғни зейнеткерлерді қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтіндерге қысым өсе бастады.
Экономикалық белсенді халық саны мен зейнеткерлер саны арасындағы қатынас 2001 жылдан 2003 жылға дейін күрт төмендеді, себебі экономикалық белсенді халықтың жалпы саны азайды (2003ж. өзгеріс 611,4 мың құрады), ал зейнеткерлер саны өсті (2002ж. өзгеріс 39,5 мың адам құрады).
ҚР-ғы зейнетақымен қамсыздандыру қағидасын қалымтастырумен айналысатын ғалымдардың ойынша, егер үкімет қарттарды қамсыздандырудың 3 деңгейлі:
-
1 деңгей – қарттар арасында кедейшілікті қысқартудың шектеулі мақсатын ұстанатын және міндетті қатысуды білдіретін мемлекетпен басқарылатын;
-
2 деңгей – жеке меншік басқаруда – қаражатты міндетті түрде жинақтауды білдіретін;
-
3 деңгей – қаражатты еркін түрде жинақтауды білдіретін жүйесін дамытса ғана, мемлекеттің экономикасының өсуі мен қарттарды қаржылық қамсыздандырудың мүдделері ұтысқа жетеді.
Бірінші деңгей табысты қайта бөлу функциясын қамтиды, ал екінші немесе үшінші деңгей – қаражатты жинақтау болып табылады, сонымен қатар барлық үш деңгей зейнеткерлік жаста тәуекелділіктің көптеген факторларынан ортақ сақтандыруды қамтиды.
Екі жүйені талдау кезінде екі жүйенің де артықшылықтары мен кемшіліктерін табуға болады. Зейнет реформасының басталғанына көп болған жоқ, бірақ қазірдің өзінде болашақта позитивті нәтижелерді анықтап, пайда болған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік беретін алғашқы нәтижелерді (теорияда және практикада, анығырақ жаңа зейнетақымен қамсыздандырудың теоретикалық жаңа қағидаларының практикада қолдануы) анықтауға болады.
Мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінің негізінде жұмыс істейтін азаматтар өз қаражаттарымен жасы бойынша зейнетақы алатын азаматтарды қамсыздандыруды білдіретін ынтымақтылық жүйесінен бас тартып жатыр. 3 деңгейлі зейнетақымен қамсыздандыру келесіні қамтиды:
-
еңбек стажына байланыссыз мүгедек болған жағдайда және зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтардың бәріне бірдей материалдық минимумды қамтамасыз етуге арналған базалық зейнетақы;
-
зейнетақы қорына аударылатын міндетті салымдар есебінен берілетін еңбек сақтандыру зейнетақылары;
-
жұмыс істейтіндердің немесе жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы салымдарының есебінен берілетін қосымша зейнетақылар.
Бұрынғы зейнетақы жүйесінде зейнеткерлердің құқтары тұратын жерлері, ұлттығы, әлеуметтік тобына емес, жасына, денсаулығына, өзін-өзі қамсыздандыру көздерін жоғалту дәрежесіне, еңбек стажына, зейнетке дейін алған табысының деңгейіне байланысты болды. Жүйе қамтымалы жалпы мемлекеттік сипатта болған және бір зейнетақы заңына сүйенген.
Жалпы, осы барлық оң жақтар жаңа жүйені де сипаттайды, яяғни бұл екі зейнетақы жүйесінің ортақ сипаты болып табылады. Ал өмір ұзақтығы мен жоғары зейнетақы салымының жоғары мөлшерін, екі жүйеде де талап ететіні даулы мәселе, себебі жинақ жүйесінде болашақ зейнеткерлердің зейнетақылық жинақтауларын өсіруге негіз жасалады (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүргізетін ұйымдар 2003ж. бастап қорлар өздері арқылы).
Яғни, қағидалары келесідей:
-
ынтымақтылық жүйесінде – зейнеткерлер саны мен жұмыскерлер санының, орта зейнетақы мен орта жалақы мөлшерлемелерінің қатынасы, салымдардың жиналу деңгейі;
-
жинақтау жүйесінде – активтерден түсетін пайда, болашақ зейнетақы мөлшері, зейнеткерлік кезеңі мен еңбек стажының қатынасы болып табылатын қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету – зейнетақы жүйесін ұйымдастырудың басты шарты болып табылады.
Екі жүйе арасындағы айырмашылық зейнеткерлерді қорғау институттары мен әдістерінде, сондай-ақ зейнеткерлік жинақ меншіктерінде көрінеді. Жинақ жүйесінде индивидуалды жинақтау механизмі жинақ жүйесі концепциясының негізгі белгісі ретінде басты экономико-құқықтық институттары болып табылады.
20.06.1997ж. қабылданған «ҚР-ң зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңында «жинақтаушы зейнетақы қор салымшысы» және «зейнетақылық төлемдерді алушы» түсініктері бөлек көрсетілген (1 бап): салымшы – зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына зейнетақы салымдарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға.
2002ж. 29 желтоқсанынан және 2003ж. 8 қаңтарынан жарналанған ҚР-ң заңдарына: еркін зейнетақы салымдар салымшылары, еркін кәсіпкерлік зейнетақылық салымдар міндетті зейнеткерлік салымдар салымшылары сияқты түсініктер жеке көрсетіледі. Еркін зейнеткерлік салымдар салымшысы – еркін зейнеткерлік салымшылар есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартына сәйкес алушының пайдасына өз қаражатының есебінен еркін зейнеткерлік салымдарды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Еркін кәсіпкерлік зейнеткерлік салымдар есебінен зейнеткерлік қамсыздандыру шартына сәйкес жұмыскердің пайдасына өз қаражатының есебінен еркін кәсіпкерлік зейнеткерлік салымдарды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Міндетті зейнеткерлік салымдарды салушы – міндетті зейнеткерлік салымдар есебінен зейнеткерлік қамсыздандыру туралы шартқа отырған және жинақтаушы зейнетақы қорларында жеке зейнетақылық шоты бар жеке тұлға.
Зейнеткерлік төлемдерді алушы – орталықтан төлем зейнетақы қорлары бекітілген және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнеткерлік төлемдерді алуға құқылы жеке тұлға. Ынтымақтылық зейнетақылық жүйеде салымшы жеке тұлға мен алушы бір тұлға болған, жаңа жүйеде – үшінші тұлға пайдасына салымдарды жүргізу мүмкіндігі бар.
Еркін зейнетақылық салымдар жинақтаушы зейнетақы қорларына өз табыстарының есебінен өз пайдасы үшін салатын жеке тұлғалар салымшыларымен жүзеге асырылады.
Салымшылар құқықтарының шегі, яғни болашақ зейнеткерлердің саны өсуде және бұл халық қажеттіліктерін толығырақ қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары өз зейнетақылық жинақтауларының жағдайы туралы ақпарат алуға, қор әрекетін сот арқылы даулауға, өз пайдасына сондай-ақ басқа тұлғалар еркін зейнетақы салымдарын жүргізуге, сондай-ақ, зейнетақы шарты мен зааңдылығына сәйкес басқа да әрекетерге құқылы (27 бап). Ал алушы салымшының барлық құқықтарынан басқа (егер алушы мен салымшы бір тұлға болса), зейнетақылық жасқа жеткенде (заңның 28 бабына сай) өз зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан жылына екі реттен жиі емес жинақтауға (6 бап 2 пунктте бұл жағдай зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету деп те қарастырылады), сондай-ақ ҚР-ң заңына сәйкес өз зейнетақы жинағын мұраға қалдыруға және республикадан тыс тұрақты өмір сүруге кеткен жағдайда зейнетақы жинағын алуға құқылы.
1997ж. 10 желтоқсанында қабылданған міндетті зейнетақылық салымдарды есептеу, аудару және зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталықтандырылған зейнетақы төлеуді жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы ҚР-ң үкіметінің қулысы бойынша келесі тәртіп бекітілген: салымдарды жұмыскерлер үшін жұмыс беруші өтейді; яғни, жұмыс беруші шығындалады. Біздің ойымызша зейнетақы реформасының мұндай уақытша «жеңілдігі» зейнетақымен қамсыздандырудың жаңа жүйесін ендіруде пайда болатын қиыншылықтардан арылудың уақытша құбылысы болуы мүмкін. Себебі, 1999ж. заң бойынша (23бап), міндетті зейнетақы салымдарды алынған табыс бойынша жеке тұлға төлейді, яғни салымшы өз қаражаты есебінен салымдарды жүзеге асыруы тиіс, себебі мәселе әрбір салымшының зейнетақы жинағын қалыптастыруда және әрбір азамат өз қарттығын қамсыздандыру қажет, сәйкесінше зейнетақы қорын таңдауда да, жалпы өз зейнеткерлігіне қатысты шешімді өзі қабылдауы қажет. Зейнетақымен қамсыздандырудың әлеуметтік жүйесіне қарағанда жинақ жүйесінде әрбір потенциалды зейнеткер зейнетақы қорына аударымдарды жасау бақылауына енгізілген, бірақ екі жүйеде де болашақ зейнеткерлер қорларды басқаруда қатыса алмайды. Жеке (атаулы) шотты жүргізу әрбір адам өзінің болашақ зейнетақысын қаржыландырудың жұмыс істеушінің материалдық салымын бақылауға мүмкіндік береді және әрбір адамда жоғары жауапкершілік болуын білдіреді. Әлеуметтік зейнетақымен қамсыздандыруда жүйе теңдестіру сипатында болады және зейнеткерлердің еңбек стажын әлсіз айқындайды (еңбектің сандық және сапалық бағасына қатаң байланған жоқ). Бұрын зейнетақымен қамсыздандыру әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қатысты болса да, өз мазмұны бойынша сақтандырушы болған жоқ. Көбінесе ол әлеуметтік қамсыздандыру функциясын жүзеге асырды. Қазір де салымдар мөлшері әлеуметтік және кәсіпкерлік тәуекел деңгейінен салымшының құқықтары мен кепілдіктер көлемімен байланысты емес. Шоттарда жиналған ақшалай қаражаттар жұмыс істеушінің жеке меншігі болып табылады және қайтыс болған жағдайда мұрагерлерге беріледі, жеке меншік кепілдігі сақталады, яғни жинақтар персоналды болып табылады. Персонификация қағидасы азаматтың қандай да бір категорияларына артықшылық беруді болдырмайды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлер салымдарының қатынасы әсер етпейді. Мұнда төлемдер еңбекке жарамды жаста жасалған жинақтауларға байланысты.
Л.Абалкинның айтуынша, мемлекеттің реттеуші ролінсіз тиімді, қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктерге негізделген әлеуметтік бағытта нарықтық экономиканың болуы мүмкін емес. Мемлекеттің реттеуші ролі жинақтаушы зейнетақы жүйесінде міндетті сақтандыру қағидасында көрінбейді, бірақ негізгі зейнетақы мөлшері төмен елдерде (мысалы Швейцария, Швеция; Австралия) бұл қағида жұмыс істейді. Мемлекет қосымша зейнетақы мөлшерін белгілейді және олардың берілуіне кепілдік бермейді, бірақ салымшының сеніміне ие болатындай қосымша зейнетақы жүйесіне тиімді қызмет етуі үшін құқықтық шектеулер қалыптасытарды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеудің қатаң жүйесін жүзеге асыру жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін басқаратын компанияларының, кастодиан-банктердің салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында үнемі бақылауды білдіреді. «ҚР-ғы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР-ң заңы бойынша зейнетақы жинақтарының сақталуы жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін басқаратын компаниялардың қызметін лицензиялау арқылы және соңғыларына қызмет етудің пруденциалды нормативтерін қабылдау арқылы, олардың басқармаларына, зейнетақы активтері мен зейнетақы қорларының өз қаражаттарын орналастыруға талаптар қою арқылы, сондай-ақ қорлардың қаржылық есептеріне аудиторлық тексеру мен қаржылық және статистикалық есептесулер арқылы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік зейнетақы жүйесіне қарағанда, мемлекеттік емес зейнетақы жүйесі икемдірек. Себебі, мемлекетік емес жүйеде зейнетақылық салымдар мен зейнетақылық төлемдердің схемасы жүзеге асырылатын әртүрлі шарттар бар.
Персоналды салымдар жүйесі халық шаруашылығының дамуының қуатты несиелі резервтерін құрайды, мемлекеттің экономикалық өсуіне әкеледі, ал бұл өз алдына мемлекетте қаржы тұрақтылығы мен сәтті инвестициялық климат болған жағдайда халықты зейнетақымен қамсыздандыруды жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекетік зейнетақы жүйесі бюджеттік жүйе ретінде қаражат шоғырландырылуын жүргізді және зейнетақының ағымдағы төлемдері үшін қайта болды.
Бұл жүйеде ақшалай түсімдердің қосымша көздерін алу үшін еркін қаражаттарды инвестициялау басты болып табылмайды. Сондықтан, бюджеттік жүйелердегі зейнетақымен қамсыздандырудың қаржылық нәтижелері айқынсыз және қажетті қаражатты шоғырландыру мүмкіндігіне байланысты.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін қолдану бойынша құқықтарын шектеу арқылы зейнетақыны жинақтауды мақсатты емес пайдалану мүмкіндігі жоққа шығарылады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде мемлекеттік бюджет үнемделуі мүмкін, себебі жинақтаушы зейнетақы қорлары өз қаражаттарын кез-келген мемлекеттік және мемлекеттік емес жобаларды инвестициялауға құқылы. Сондай-ақ ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыру республика бюджеті есебінен ақшалай қаражаттарды үнемдеуге мүмкіндік береді, салымшылардың есебінен мемлекет экономикасы тұрақталады. Инфляция мен экономикалық дағдарыс жағдайында бұрынғы зейнетақы жүйесі шегінде мемлекеттің бюджеттік мүмкіндіктері шектеледі, ал бұл өз алдына зейнетақының құнсыздануына әкеледі.
Ескі зейнетақы жүйесінде әлеуметтік қорғау (және зейнетақымен қамсыздандыру) көбінесе өмір сүрудің негізгі және жалғыз көзі жалақы болып табылатын «қоғамда ұйымдастырылған өндіріс» қызметкерлеріне таратылады. Қазір заңды тұлғалар зейнеткерлерді қамсыздандыру үшін жұмыскерлердің еңбегін өтеу қорынан 15%-і зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығына аударады, ал заңды тұлғаларды құрамай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар айлық табыстан немесе патент мөлшері белгіленген болжамды табыстың 5%-ін аударады. Сондай-ақ, заңды тұлғалар еңбекті өтеу қорынан тағы 10%-ін міндетті зейнетақы салымдары ретінде жұмыскерлердің индивидуалды зейнетақы шотына мемлекеттік немесе жеке зейнетақы қорына аударады.
Әлеуметтік тәуекелдің көптеген түрлері есепке алынбайды және тек индивидуалды тәуекелге тіреледі, яғни әлеуметтік қорғаныс кепілдігі жоқ. Сондықтан, егер адам көп уақытқа жұмысын жоғалтса немесе мүгедек болып қалса, өзіне қажетті қаражатты жинақтай алмайды. Басқаша айтқанда, атаулы шот жүйесін ендіре отырып, әлеуметтік қорғаныстың коллективті нысандарынан – массалық (әлеуметтік) тәуекелдерге қарсы коллективті ынтымақтылыққа негізделген әлеуметтік сақтандырудан бас тартамыз. Фундаменті жұмыс істеушілердің жеке зейнетақы шоты болып табылатын жинақ жүйесі өз алдына табиғаты бойынша жинақ банктердегі жеке шоттарға өте жақын болып келетін индивидуалды жинақ сақтандырылмаған жүйе болып табылады.
Персонификацияланған есеп ,салымдарды аудару тәртібін қатайтып қана қоймай, азаматтарға зейнетақы белгілеу процедурасын жеңілдетеді, жұмыс стажы мен жалақы (сақтандыру) туралы көптеген құжаттарды зейнетақы органдарына құжаттарды тапсыру қажеттілігінен құтқарады. Зейнетақыны рәсімдеу мерзімі қысқарады, нарықтық қатынасқа өту кезінде көптеген заң бұзушылықтарды жүргізу оңайға түсетін еңбек кітапшаларын жүргізу қажеттілігі болмайды. №1355 п.1 21.09.1997ж. «жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақылық төлемдерді жүргізу тәртібі» туралы ҚР-ң қаулысы бойынша, «жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақылық төлемдер индивидуалды зейнетақы шоттарында зейнетақы жинақтары бар зейнетақылық шарттарының негізінде және тұлғаны дәлелдейтін құжат бойынша зейнетақылақ төлемдерді алушымен жүзеге асырылады». Жоғарыда айылған тәртіптің 2, 3, 4, 5 пункттері бойынша шарттар орындалған жағдайда алушы «зейнетақы қорына зейнетақылық төлемдерді алушының уақыты мен орны туралы жазбаша арыз беруі керек». Орталықтан төлемдерді есептеу үшін еңбек стажы 1998ж. қаңтарына дейін еңбек кітапшасымен дәлелденеді.
Ынтымақтылық зейнетақы жүйесінде барлық азаматтар зейнетақымен өмірлік қамтамасыз етілген, ал жаңа жүйеде өмірлік зейнетақылық төлемдер тек орталықта бекітіледі және жүзеге асырылады.
Қосымша зейнетақылар үлкен әлеуметтік рольге ие, олар активті өмірден зейнетке қиындықсыз және теріс нәтижелерсіз өтуді қамтамасыз етуге арналған. Мәселе артықшылықтарда емес, мәселе кәсіптік қызметтің тоқталуынан табыстылықтың азаюына байланысты (себебі зейнетақы қорларына төлемдер жалақыға пропорционалды мөлшерде аударылады) өмір деңгейі, әдет пен мінез-құлық күрт өзгермеуі үшін қажет төлемдерде болып тұр.
Егер дамыған елдерде орта зейнетақы жасының өсуі өмірдің жоғары деңгейі мен сапасына, яғни денсаулық пен өмір ұзақтығына байланысты болса, Қазақстанда бұл қадамның ерте екендігі туралы сұрақ туындайды. Еңбекке жарамдылықтың ұзағырақ кезеңі (еркектер үшін – 63 жас, әйелдер – 60 жас) зейнетақы активтері айналымы ұзақтығының есебінен табысты өсіруге оң әсер етеді. Бірақ бұл зейнеткерлік жасқа жақын тұлғаларға әсер етпей қоймайды. Экономикалық ғылымдар докторы А.Есентугеловтың айтуынша, дамыған елдерде азаматтарына жинақтау қажет, себебі ол жақта зейнетақылық жас пен орташа өмір ұзақтығы 10-нан 15 жыл құрайды, сондықтан жинақталған қаражатпен қарттық шақты қамтамасыз ету үшін уақыт жеткілікті.
Қазақстанда жинақтаушы қаржылық қорларына зейнетақы салымдарын жасау есебінен зейнетақылық төлемдерді алу келесі шарттарға байланысты: жоғарыда айтылған зейнеткерлік жасқа жеткендер, ерте шыққандар (әскери қызметкерлер, ҚР-ң ішкі істер органдарының қызметкерлері), сондай-ақ, егер міндетті зейнетақы салымдары есебінен болса алымшы 55 жаста еңбек етуді тоқтатса, салым мерзімі 35 жыл және көлемі өкілетті органмен белгіленген болса; ал егер мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына салынатын еркін зейнетақылық салымдар есебінен болса, мүгедек болған жағдайда немесе еркін зейнетақылық салымдар жинағы 10 жылдан кем болмаса және жасы 55 жасқа жеткен жағдайда. Тізімі үкіметпен белгіленген («ҚР азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы 22 бап) белгілі бір азаматтар тобы үшін 50 жасқа дейін төмендетілуі мүмкін.
Зейнетақымен қамсыздандырудың жаңа жүйесінде әлеуметтік қорғаудың ұлттық жүйелерін құру мен дамытуда пайдаланып нарықтық экономиканың негізгі қағидасы – жеке бас жауапкершілігі ендірілген. Ал жеке адамға байланысты емес жағдайлардың пайда болған кезінде мемлекетпен халықтың бұл категориясын қолдайтын әлеуметтік жәрдемақылар қарастырылған.
Қаржылық институттар жүйесінде Қазақстанның зейнетақы қорлары келесі ерекше аспектілерге ие:
-
зейнетақы қорлары әлеуметтік бағдары бар институт болып табылады;
-
зейнетақы қорлары – тәукелдігі жоғары емес проектілер мен мүмкіндігіне қарай сенімді зейнетақы активтерін инвестициялайтын және зейнетақылық салымдарды қабылдайтын қаржылық институт;
-
зейнетақы қорларына капиталдың жеткізушілері болып елдің барлық жұмысқа қабілетті (жұмыс істеуші) халқы табылады;
-
жинақтаушы зейнетақы қорларында төлемдерді бастау аралығында және де зейнетақыны төлеу мен салымдар түсімдерінің аяқталу мерзімдерінің аралығында ұзақтығы бірнеше жылға созылатын уақытша лагтар әрекет етеді; бұл жинақтаушы зейнетақы қорларына өзінің портфелінің бірталай бөлігін құра отырып ұзақ және қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды іске асыруға мүмкіндік береді;
-
зейнетақы қорлары тікелей және зейнетақы активтерін басқаратын компаниялар арқылы қаржылық нарықтарда қатысады.
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі зейнеткерлердің өмір деңгейін жоғарлату мен тұрақтандыру жағдайын және де нарық жағдайындағы елдің бюджеттік-қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделген. Бірақта барлық дүние жүзінде жинақтаушы зейнетақы қорлары екі түрлі функция атқарады (әлеуметтік тұрақтандырушы мен қаржылық делдал), зейнетақылық проблемаларды шешудің байырақ шетелдік ғылыми тәжірибесін зерттеу зейнетақымен қамсыздандырудың бөлуден жинақтаушы жүйесіне өтудің біркелкі бағдарламасының жоқтығы мен сонымен қатар оның әрекет ету механизмінің жоқтығын куәлік етеді (свидетельствует). Көбінесе елдердің барлығы тарихи, ұлттық-демографиялық дәстүрлері мен ерекше, экономикалық жағдайын ескереді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі оның барлық қатысушыларының индивидуалды есеп жүргізуін білдіреді. Мұндай жағдайда зейнетақылық салымдар мен төлемдердің эквиваленттігі ескерілетін болады. Өйткені жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін төлемдер тек қана жинақтаушы зейнетақы қорының сәтті немесе сәтті емес әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар жұмысшының еңбек стажына байланысты, онда зейнетақы жүйесінің принциптерінде қатысушылардың құралдарды жинақтау процессіндегі материалды ынталар болуы керек.
Индивидуалды есеп жүргізу жұмыскерлердің зейнетақылық салымдарын жүргізу мүдделігін жоғарылатады. Дербестендірілген есеп жүргізу зейнетақылық салымдардың уақытылы және толық түсімдерді бақылауды жоғарылату мен зейнетақыны толығырақ тағайындау үшін негіз болып табылады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі халықтың жинақтаулырының жаңа формаларын іздестіруі керек. Бірақта салымдардың орташа көлемдері айтарлықтау болмағанымен, олардың динамикасы халықтың жинақтауға деген қызығушылығының өсуін көрсетеді. Халықтың табысының бір бөлігі тіркелмейді, қосымша табыс алу мақсатында халықтың салып қойғысы келетін бұл табыстар жинақтаулар базасын құрайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары уникалды әлеуметтік-қаржылық институттар болып келеді. Қор құралдарды тарту этапындағы сақтандыру компаниялары сияқты жұмыс істейді. Банкілік мекеме ретінде бағалық бұйымдарды сақтау мен атаулы шоттар есебін жүргізеді, инвестициялық компания ретінде өзінің активтерін жоғары табысты қаржылық құрал-жабдықтарға салады және әлеуметтік қорғау қоры ретінде болашақ және нақты зейнеткерлер алдында жауапкершілігі артады.
Қаржылық институттардан зейнетақы қорларырының айырмашылығы жиналған міндеттемелерді алу тек қана екі жақпен қол қойылған келісім-шартқа сәйкес, яғни жиналған міндеттемелер жиналған табыспен бірге сәйкес ұйымға беріледі (ұйымдық-құқықтық статус бойынша).
Өмір деңгейі халық ауқаттылығын, адаммен материалды, мәдени, әлеуметтік игіліктер мен қызметтерді тұтыну нақты қажеттіліктер мүмкіндігін қамтамасыз ететін шарттарының жиынтығында көрсетеді.
Қазақстанда институционалды инвесторлардың үш түрінің болуына қарамастан, институционалды инвесторлар ретінде толық іс-әрекет етіп отырған тек қана жинақтаушы зейнетақы қорлары.
Экономисттердің бақылауы бойынша, әлем мемлекеттерінің көбінің жинақтаушы жүйесі мемлекеттің экономикалық өсуіне оң әсерін тигізді. Біріншіден, бұл зейнетақы активтерінің тез өсуі есебінен жинақтаулар деңгейінің өсуі есебінен болды. Өсу ең бастысы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақылық салымдар есебінен болады, олар тек қана ай сайынғы салымдар есебінен өсіп қоймай, сонымен қатар оларға өсуге мүмкіндік беретін берілген қаржылық құрал-жабдықтарға зейнетақы активтерін инвестициялау есебінен болады. Мемлекет экономиканың нақты секторына сала алатын қаржылық ресурстарға ие, яғни өзінің активтерімен экономикалық өсуге әсер ететін факторлардың бірі болып табылатын отандық өндірісті көтеруге мүмкіндігі бар.
Жоғарыда айтылғандардан мынаны ескереміз, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің әрекет етуі жалпы экономикалық өсу мен жекеменшік жинақтаулар аймағындағы жақсартуларғы алып келеді. Жаңа жүйе ағымдағы табыстардан төленетін ескі жүйеде болмаған зейнетақылық салымдар мен төлемдер арасындағы тығыз байланысты құрады.
Қаржылық делдал ретінде жинақтаушы зейнетақы қоры «ұзын ақшалар»-мен жұмыс істеуі керек, яғни инвестициялар ұзақ мерзімді мінез-құлыққа ие. Қаржылық делдал ретіндегі жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа институттардан айырмашылығы басқа институттың әрдайым шамасы келе бермейтін мүмкіндіктерді жүзеге асыруда болып табылады (мысалы, сақтандыру компаниялары берілген компания қызметтерімен ғана пайдаланатын тек қана халықтың белгіленген категориясымен жұмыс істейді, ал зейнетақы қорлары, олардың санына қарамастан, мемлекет халқының көбірек санын қамтиды). Осылайша, капитал нарығының дамуы – бұл мемлекеттің экономикалық өсуін жоғарлататын факторлардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |