Мазмұны досмұхамедов Халел 49 бет Ермеков Әлімхан 67-бет Қолжамқұлов іо.Әлиханов


том, 573 бет. Әлімхан Ермековтің 1931 жылғы 25 сәуір күнгі



бет4/10
Дата01.07.2016
өлшемі0.93 Mb.
#169780
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

11 том, 573 бет. Әлімхан Ермековтің 1931 жылғы 25 сәуір күнгі

жер мәселесі жөніндегі қосымша мәлімдемесі:

«26-жылдан еп. Ташкенттегі Қазақ педагогикалық жоғары оқу орнына ауысуыма байланысты онымен тікелей айналыспағандыұтан да менің жер мәселесі туралы қазіргі пікірім жалпылама және ертеректе мен Орынбор мен Қызылордада қызмет істеген кездерімдегі мәселелер туралы ғана болмақ. Революцияның алғашқы кезеңінде патшалық отарлау бағытындағы жерге қоныстандыру саясаты тудырған бұл мәселе өте шиеленісті дәрежеде еді. 21-22 жылдардағы кеңес өкіметінің еңбекші қазақтардың талабын ескеріп қоныстандыру туралы мәселе күн тәртібіне қойылғанда менің де араласуыма тура кеді. 24- жылы мнистрліктәң коллегиясы өтті, соған қатыстым. 25-жылы Орынборға Мемлекеттік жоспарлау мекемесіне жұмысқа шақырылдым. Онда жерге орналастыру саясаты жөнінде арнайы комиссия құрылды. Комиссия үш рет отырыс жасады. Оған республіка басшылары да қатысты. Онда қазіргі шаруашылық жүйесін, бұрынғы жер иелену құқын сақтап қалуға ұйғарым жасалды. Комиссия мүшелері де, оның ішінде мен де Қазақстанға жаңа қоныстанушыларды әкелуге үзәлдә-кесілді қарсы болдық. Ең алдымен патшалық жер қоныстандыру саясаты тұсында жері тартып алынған жергілікті ұлтты, содан кейін қазіргі орыс тұрғындарын толықтай жермен қамтамасыз ету керек, содан асқанына ғана қоныстанушыларды орналастыруға болады деген шарт қойдық. Осыдан барып жерге қоныстандыру мәселесі жөнінде талас туды. Өлкелік партия комитетінде бұл мәселе арнайы қаралып, алдыңғы көзқарас қолдау тапты. Онда:

  1. Қазіргі қалыптасқан шаруашылық жүйесіне түбірімен өзгеріс

жасау мүмкін емес.

  1. Жер бөлісі таптық тұрғыдан жүргізіліп, оған еңбекші бұқара кеңінен тартылуы тиіс –

деген жалпы ереже қабылданды.

Мен бұған сене қойғамын жоқ және шешім табатын жаңа жол да жоқ болатын. Қызығы сол, дәл сол кездегі қалыптасқан жерге қоныстандыру жүйесі тұсында осынау шетсіз де шексіз кең далада жергілікті ұлт жерден қысымшылық көретін. Енді оны таптық тұрғыдан бөліске салса, онда қазақ елі жерсіз қалатыны анық еді. Өлке бойынша жерді мәдени игерудің бағдарламасы жасалуы тиіс еді. Бұл бағдарламаны жасау қолдарынан келмеді ме, жоқ, жасағысы келмеді ме, білмеймін, әйтеуір жүзеге аспай қалды. 23-26 жылдары мемлекеттік жоспарлау мекемесінде істеген тұстарымда аталған мәжілістерге қатысып жүрдім. Жетекшілері Әлібеков пен Қаратілеуов болатын. Одан кейін Әлихан Бөкейханов айналысты. Көрсетілген мәселелердің жер бөлісі туралы пікірлерді олар толық түсінді. Сәдуақасов пен Сұлтанбеков те сол ұстанымда болды. 22-23 жылдары Жер жөніндегі халық комиссары Кадылов (Қадыров -?) болды. Барлық мәселелерді Бөкейхановпен кеңес отырып шешті. Тек соның мақұлдауымен ғана істі жалғастырып, бағыт-бағдар алып отырды. Бұл пікір алысуларда біз (ұйымдасқан топ емес, халықтың қамы үшін шын жаны ашығандар): қалайда асыра сілтеушіліктер болады – деп есептедік. Ондай асыра сілтеушілік, мысалы, Семей облысында орын алды. Нәтижесінде саяси тұрғыдан да, атқарылған шараны жүзеге асыру барысында да кері әсерін берді. Тыңды игерудің шаруашылыққа әкелетін зияны өсіріп көрсетілді. Соған қарамастан кеңес өкіметінің шараларына қарсыкүресетін ешқандай да ұйым болған емес, ондай айыпты жоққа шығарамын. Шалғынды жерлер мен байларды тәргілеуге қарсы ешқандай іс-әрекет жасағамын жоқ, мен ол кезде Ташкентте қазақ пединститутында қызмет істеп жүргемін. Сондықтан да саналы немесе санасыз түрде, немесе заңдық тұрғыдан алғанда да ондай әрекетке барған емеспін және бара да алмайтынмын. Бұл мәселе жөніндегі қоғамдық пікір қатты шиеленісіп тұрғандықтан да мұндай әлеуметтік мәселеге көңіл бөлмей, саңырау болып қалу мүмкін емес еді. Құлақ түре жүріп жеке әңгімелер мен пікір алысуларда жоғарыдағы пікірімді білдірдім. Менің тікелей қызметім мүлдем басқа мәселелермен айналысатын. 26-27-жылдары өзімнің бұл мәселелер жөніндегі қарсы пікірлерімді белгілі бір топқа ғана айттым. Оны бұрынғы жауаптарымның бірінде көрсеткенмін. Партия мен үкіметтің шешімдеріне қарсы өз көзқарасымды жеке адамдармен бөлісуге қақым бар деп есептедім. Бәз ол шешімге мүлдем қарсы едік. Қоршаған орта, қалыптасқан дәстүр бәрін қабылдауға мүмкіндік бермейтін.

Маған қойылған: Швецов жетекшілік еткен, Бөкейханов құрамында болған Ғылым академиясының экспедициясы туралы сұраққа келетін болсам, ол жоғарыдан шешілген ғылыми мәселе. Экспедиция жоғарыда көрсетілген ескі көзқарас тұрғысынан зерттеу жүргізді. Олар қалыптасқан шаруашылық жүйесін сақтаудың жолдарын зерттеді. Статистикалық есептердің барлығы да ғасырлар бойы дала төсінде қалыптасқан шаруашылық жүйесін (бірнеше мың жылдан бері сақталып келе жатқан өмір сүру тәсілін) сақтаудың амал тәсілдерін ақтап қалудың жолдарын іздестірді. Экспедицияның жұмыстарымен таныс емеспін. Мен жоспарлау мекемесінде істеп жүргенде оның негізгі бағыттары ғана анықталған болатын. Жерді қалай пайдалану жөніндегі ғылыми баяндамамен таныс емеспін, көрген де жоқпын. Мен шаруашылықты жүргізу жүйесі тұрғысынан ғана ол пікірге қосылдым. Жер өңдейтін немесе мал шаруашылығымен айналысатын ауданда тұратын қазақтардың шаруашылығы көшпелі өмірге бейімделген. Негізінен мал шаруашылығына сүйенген кәсіпшілікке барынша бейімделген. Бір аймақта әрі егіншілікпен, әрі мал шаруашылығымен айналысу да табиғи дамыған. Дегенмен де олардың арасындағы қайшылық ушығып келе жатқан. Біздің бес жылдық жоспарымызда көрсетілген жерге жаңадан қоныстанушылар туралы көп талқыланды. Осы мерзім ішінде қоныс аударушылардың саны бес миллионнан асады десті. Бұндай жоспарға қарсылық білдіре отырып орталық және өлкелік мекемелерге арнайы мәлімет дайындадым. Онда: «Мұны қозғап отырған бұрынғы отарлаушы жүйенің жұрнағы қоныс аударушылар мекемесі. Егерде мұндай жоспардың болғаны рас болса, оны орталық және өлкелік мекемелер қолдамауы тиіс. Дәл солай бола қалған жағдайда өз көзқарасымды қорғаудың жалғыз-ақ жолы бар еді. Ол – кеңестік басшылардың пиғылын әшкерелеу немесе кеңес мекемелері туралы пікірлерімді ашық білдіру» - деген мағынадағы пікірлер айтылған.

Колхоздар бен совхоздар туралы көзқарасыма келсем, өкінішке орай өзімнің ескі идеологиялық бағытымды қатаң ұстана отырып, оның тәжірибе жүзінде жүзеге асу мүмкіндігіне мән берместен, осы мәселе жөніндегі сол кездегі жиналыстарда мен үнемі қарсы сөйледім. Шаруашылықтардың өндірістік негізге көшуі бұрынғы патшалық отарлау саясаты түтесін шығарған қуаң, жартылай қуаң шөлейтте, табиғи жұт Қазақстанда социалистік құрылыстың нығаюына жол ашатынын болжай алмадым. Ол жерді патшалық жыртқыштар талан-таражға салып біткен еді. Жартылай рулық құрылымдағы феодалдық қоғамды соншама қысқа мерзім ішінде социалистік құрылымға ауыстыру мүмкін емес деп есептедім.

Бұдан кейін: импералистік отарлау мен жартылай отарлық жүйе артта қалған халықтарға үстемдік жасап тұрған жағдайда олар бірте-бірте құрып кетеді, соның ішінде шаруашылық мәдениеті төмен қазақ ұлтын да сондай тағдыр күтіп тұр деген іштегі күмән сонау 20-жылдардан бастап өзгеріске түсті. Артта қалған халықтар социалистік даму жолына сөзсіз түсу керек екен деген ой келді. Бірақ ол жолдың сорабы белгісіз еді және толық құрылымы мен жүрер жолы әлі нақты табылмаған болатын. Ендеше бізді аса қауіпті әлеуметтік сілкіністердің күтіп тұрғаныт анық еді. Шаруашылықты жүргізу тұрғысынан түсінікті болғанымен де адамдардың тағдыры тұманды болатын. Оның үстіне Қазақстанның аса қатал табиғаты да қалыптасқан жүйеден ауытқыса апатқа алып келетін еді. Ал капиталистің жеке басы ешқашанда тәуекелге бармайтын. Ол көбігін ғана қалқып алатын. Жергілікті тұрғындардың өзі мұндай сынаққа төтеп бере алмайтын. Ал біз қатал табиғаттың талабына бейімделіп өмір сүрдік.

Ал қазір біз өзге көріністің куәсі болып отырмыз...».

Бұдан әрі Ә.Ермеков социалистәк құрылыстың артықшылығын тілге тиек етіп, мақтайды. Мұның жай-жапсары алдыңғы көрсетінділерде баяндалғандықтан да және ол пікірлер Ә.Ермековтің шын ойы емес, тек жадағай сөз болғандықтан оны бұл арада келтіріп жатуды артық санадық.
НАШИР ҚОЖАМҚҰЛОВ
Тергеу тарихында, соның ішінде алашордалықтарға қарсы қозғалған қылмысты істе мынадай бір тосын мәлімдеме бар.

« Лаптев мырзаға. Егерде мәртебелі мырзамыз дәрігерлердің қорытындысын жалған деп есептеп, мені ауруханаға жібермесе, онда менің осында ит өліммен өлгенімнің сізге үлкен рахат силайтын болғаны ғой. Сіздің көңіліңізден шығу үшін, сізге рахат қана емес, қатты сүйсіндіретін бір жаңалық айтайын. Мен 11 мамырдан бастап аштық жариялаймын. Сіздің бейбастақ қылығыңыз бен қырсық мінезіңіздің жолына өз өмірімді құрбандыққа атаймын.

Қожамқұлов Нашир.

11 мамыр, 31 жыл».

Бұл ерегестің қандай күйде аяқталғаны белгісіз. Бірақта Н.Қожамқұловтың ашық мысқылға көшіп, хал үүстінде жатса да қасарыса мінез көрсетуі, дерттің жанына қатты батқанын ғана емес, сонымен қатар осынау азаматтың рухының беріктігін танытады.

„ҚАУЛЫ
1931 жылы 16 тамыз. Алматы.


Мен, ОППП ОГПУ-дің 3 бөлімінің КССР-дегі өкілі Лаптев астыртын ұйым құрған қазақ ұлшылдарының үстінен қозғалған № 2370 іс бойынша ҚІК-нің 58-7, 58-11 және 59 баптарымен қамауға алынған Тынышбаев Мұқаметжанның, Қожамқұлов Наширдың, Қордабаев Рамазанның, Серікқанов Нәрібектің, Сұлтанқұлов Насырдың,Мұсаев Шынәлидің, Ахметов Ілиястың, Қадырбаев Сейиазымның, Досмұхамедов Халелдің, Ақбаев Жақыптың, Мурзин Мұхтардың, Ақбаев Әбдіхамидтің, Сүлеев Біләлдің, Кемеңгеров Қошмағамбеттің, Омаров Әшімнің, Қашқымбаев Исаның, Ермеков Әлімқанның, Бұралқиев Мұстафаның, Әуезов Мұхтардың, Күдерин Жұмақанның, Меңгелин Алдабергеннің, Кенесарин Әзімханның, Досмұхамедов Жаһаншаның, Мұхаметшин Сейдахметтің, Омаров Уәлиханның, Ысқақов Джаниялдың, Қожықов Қоңырқожаның, Мұңайтбасов Әбдірахманның, Тілеулин Жұмағалидың, Үмбетбаев Алдабергеннің тергеу ісі ОПК-тің 616 бабында көрсетілген уақыттан асып кеткенін еп.ац отырып, жоғарыдағы ұйымға қатысы бар жаңа айыпкерлердің іске тартылуына және соған орай қалыптысқан жағдайға байланысты тергеу жұмысын аяқтап үлгеру мүмкін емес болғандықтан да:

№2370 іс бойынша тергеуге тартылған жоғарыдағы айыпкерлерді 1932 жылдың қараша айына дейін қамауда ұстауға Қаулы етемін. Бұ жөнінде тергеу жұмысын бақылайтын ОГПУ-дің аймақтық прокурорына хабарланды. 3 бөлімнің өкілі Лаптев.

Келісемін: ОПП ОГПУ-дің бастығы Хоростяк.

БЕКІТЕМІН: Кастев, Мариновский (Үштіктің мүшелерінің қолдары анық танылмады – Т.Ж.).

ҚАУЛЫ

29 қазан, 31 жыл. Алматы қ.



ПП ОГПУ-дің ерекше бөлімінің ерекше өкілі Попов.

№ 23-70 іс бойынша жауапқа тартылған: Меңгелин Алдабергеннің, Кенесарин Әзімханның, Исаев Абылдың, Қашқынбаев Исаның, Бүркітов Кенжеғұлдың, Сәрсенбаев Дәлелдің, Ақаев Серікбайдың, Қожықов Қоңырқожаның, Қияқов Жүністің, Токин Хамиттің, Түркібаев Иістібектің, Әлімқанов Фазылқазының, Ақбаев Кәмілмұраттың, Нұрымов Ғаббастың, Қадырбаев Құшлмұқамедтің, Ордабаев Рамазанның, Сұлтанқұлов Досмұхамедтің, Итугенов (?) Садықтың сотқа тарту үшін айғақтардың жеткіліксіз болғандықтан да ОПК-ның 202 бабына сәйкес Қаулы етемін:

Қылмыстарын дәлелдейтін нақты айғақтардың жеткіліксіздігіне байланысты аталған айыпкерлердің тергеу ісі тоқтатылсын. Бұл жөнінде Тергеу жұмысын бақылайтын ОГПУ-дің аймақтық прокурорына хабарланды.

ООП-тің өкілі Попов.

Келісемін. Бастық үшін Молохов”.

ТҰРҒАНБАЕВ МӘННАН

1931 жылғы 11 мамыр күнгі тергеу протоколі.

„Алаш партиясына еп. еп. жоқ және Алашордамен ешқандай байланысым жоқ. 20-шы жылы Семей қаласында компартияның қатарына еп. (кімнің кепілдік бергені есімде жоқ), еп. ұзақ уақыт іссапарда жүрген кезімде мүшеліктен шығып қалдым, қайтадан партияға кіруге ұмтылмадым. Партия ұйымының ережелерін орындай алмаймын еп. ойладым. Сол үшін мені Аймауытов және басқалары қатты еп.. Мен ол кезде „Қазақ тілі” газетінде Ғалифолла Ысқақовпен және Аймауытовпен еп. істейтінмін. Партиядаға еп. болмау жараспайды деген желеумен Аймауытовтың және Гуревтың кепілдігімен мүшелікке еп.. Менің жоқ кезімде Аймауытов газетке редакторлық етті. Газет Губкоммен губерниялық атқару комитетінің органы болатын. Қазақ ұлшылдарының ішінен мен „Алашорданың” Семейдегі Шығыс бөлімінде істеген Ермеков Алмұханды, Тынышбаев Мұхаметжанды, Ғаббасов Халелді, Ақбаев Жақыпты, Дулатов Міржақыпты білетінмін. Алайда олармен ешқандай байланысым еп. жоқ. Алашордашылар Ермековты өте қатты сыйлайтын және ол ашық ықпалды тұлға болды. Оның үстіне ол таза қанды қазақ болғандықтан да еп. сенімге ие болды. Оның ықпалы аса зор еді әрі тұрғындар е өзге алашордашыларға қарағанда қатты қадірлейтін.

Сұрақ: Тұрғындардың арасынан Ермековты еп.а өте жақсы көрді: кедейлер ме, орташылар е немесе байлар е?

Жауап: Барлық қазақ тұрғындары жақсы көрді. Менде Ермековты ерекше сыйладым. Мынадай бір оқиға болды. 27-ші жылы еп. Қарқаралы қаласында мұғалімдерді еп. дайындау курсінің меңгерушісі болып жүрген кезімде Ермеков маған сабақтан 10-15 күн кешігіп келген інісін курсқа алу туралы өтініш етті. Мен тілегін орындадым.

Алашордашылардың маған жасаған әсері туралы. 21-ші жылы Семей губерниялық атқару комитетінің бөлімдерінде істейтін Марсеков, Ақбаев Жақып мен арқылы өздерінің адамдарын Қарқаралы уезінің сотына тағайындатты. Жұмысқа тағайындалған соң мен кеңес үкіметіне адал қызмететтім, кеңес үкіметіне қарсы ешқандай дұшпандық еп. жүргізгенім жоқ. Бұған мені жақсы білетін Тоғжігітов Шаймерден, Тоқтыбаев Кәрім, Шынғалиев Абзал, Орынбаев Мұқаш, Сидалиев Асхат кепілдік ете алады. 30-шы жылдың сәуір айында Қарқаралыда тұрған кезімде Абыралы ауданының екінші ауылының тұрғыны Байдаров Сыдық (көшір) және Байсымақов Керімқұл Балқаш ауданындағы көтеріліске Ақбаев Жақып, марсеков Райымжан және Әділов Ике жетекшілік еткенін айтты. Бұдан басқа көтеріліс туралы ештеңе еп.ац жоқ, ешнәрсе білмеймін. Қапалда қызмет еткендіктен ауылмен байланысым еп. жоқ. Менің Семей мен Қарқаралыдан Қапалға ауысуыма ауылдасым Төленов Игіліктің орныма келуіме байланысты болды. Оны Абыралы ЕРКА-сінің төрағасы Чымшарин Хамит қолдайтын. Өзім де ешнәрсеге кінәлімін еп. есептемеймін және жоғарыдағы айтқаныма алып қосар ештеңем жоқ.”

М. Тұрғанбаев.


ҚАШҚЫНБАЕВ ИСА МЕН МУРЗИН МҰХТАРДЫҢ ЖАУАПТАСУЫ.


Бұл жауаптасу тергеуден тыс өткен сияқты. И. Қашқынбаев пен М. Мурзиннің арасындағы екеу ара әңгімені камераның есігінің сыртына арнайы қойылған тыңшы хатқа түсірген іспетті. Өйткені, өзара әңгіме еп. өткен. Тергеу барысының психологиясынан хабар берген болғандықтан да жауаптасудың кейбір тұстарын ғана келтіреміз.

Мурзин М.: Менің ойымша еп. босатып, мені түрмеде қалдыратын шығар.

Қашқынбаев И.: Неге олай еп. ойлайсың.

Мурзин М.: Орынборда Сұмағұл Садвақасовтың ұйымдастыруымен Коммунис қазақтардың жиналысы еп.. Партияда жоқтардан мен ғана қатыстым. Бұл туралы елдің бәрі біледі. Әсіресе Байдилдиннің баяғыда еп.аці қойғанына сенімдімін. Енді менің де сол оқиғаны баяндап беруімді талап етіп отыр. Ол мақсаттарына ешқашанда жете алмайды. еп.а аса күдікшіл. Жұрттың бәрін ГПУ-дің тыңшысы еп. есептейді. Өткен жылы өзінің соңында тыңшының жүргені туралы әркімге айтқан. Бұл мәселеге ерікті немесе еріксіз түрде болса да Смағұловтың, Қозыбековтың, Байғариннің, К. Тоқтабаевтың, Е. Үрдебаевтың қатысы бар. Жер жөніндегі комисориаттың машинасымен соңына ілесіп отырыпты. Кожебников пен Нұрмаховқа Қадырбаев Сидазымды іссапарға жұмсаған сияқты. Бұл туралы ГПУ-дің қызметкерлеріне хабарланыпты. Мұндай орынсыз тіміскілеу менің жүйкемді жұқартып жындандырып жібере жаздады. Бұл тыңшылық маған еп. еп. болды. Кейін соңыма кімді салып қойғанын айна қатесіз білетін болдым. Олардың жұмыс жүйесі мен қисынын талдай келіп қалай жұмыс істейтіндерін білдім. Олар әр адамның ақылы мен мінезіне қарай бағалап, жеке-жеке зерттеп жасырын түрде тапсырма береді.

Қашқынбаев И.: Мен еп. жайдың бәрін мойындадым. Ол менің бауырым болғандықтан да не істерімді білмеймін.

Мурзин М.: Мынадай тәртіпті ұстану керек. Ешқашанда, ешнәрсені мойындамау керек. Егер де жан-жағынан қысымға алса онда үндеме әйтеуір мойындай көрме. Сіздің тәжірибеңіз аз адам екенсіз. Ешқашанда тергеушілірдің сөзіне сенбеңіз. Егер де олар нақты айғақ бар десе онда құжатты көрсетуін талап етіңіз. Алайда тергеушілер көрсеткен айғаққа сенбеңіз. Бұл олардың тақыстанған тәсілі. Бетпе-бет мойындасуға шақырса да бәрі бір мойындамаңыз. Мен өзім бетпе-бет мойындасу кезіндегі барлық айғақтарды жоққа шығардым.

Қашқынбаев И.: Нақты айғақты мойындамауға (Қашқынбаев) қарсы шықты. Бұл ГПУ-дің сенің сөзіңе сенімсіздік тудыруы мүмкін деді (бұл арада тыңшы Қашқынбаевтың сөзін мазмұндап беріп отыр).

Мурзин М.: Ер жігітке сай мінезді сенімен жігітше сөйлескенде ғана көрсету керек. Адамның жеке еп. қорлап қысым көрсетіп отырған қазіргі жағдайда парасатты көріну нағыз Донхихоттық ақымақтық. Жалпы кез келген қысымға еп. білу керек және өзгеге кінә артпауға тырысу қажет. Ең бастысы ешкімді шырғалаңға тартпаған жөн. Менің негізгі ұстанған тәртібім – үшінші бір адамның атын атамаймын, тіпті достарыммен отырғандағы әңгімеге де ешкімді араластырмаймын.

Тағыда Мурзиннің айтқаны (Тыңшының жазғаны – Т.Ж.): Сіздердің ұйымдарыңыз бар екенін баяғыда-ақ білген, бірақ та ол кезде қозғамаған. Әуелі еп.ац топты, содан кейін екінші топты іріктеп тұтқындаған. Енді үшінші топтың да тізімін жасауы мүмкін. Мұның барлығы сыртқы дүниеге (немқұрайлы адамдарға) қыр көрсетіп, ГПУ тергеушілері тергеу барысында жаңа астыртын ұйымды әшкереледі дегенге сендіру үшін жасалып отыр. Ал тұтқындалғандардың барлығын айыпты еп. мәселесі шешіліп қойған. Олар тергеуді тұтқындағаннан кейін емес, тұтқындағанға дейін жүргізеді. Сіздер астыртын ұйым құрды дегені жай сылтау ғана, еп. басқада. Орталық комитеттің былтырғы қаулысында ұлттық интеллигенциямен күресу туралы шешім қабылданған болатын. Бұған не еп. болды, мен е білмеймін. Бірақ та біздің тұтқындалуымыз сол қаулыны жүзеге асырудың нәтижесі екені анық.


ТЫНЫШБАЕВ МҰХАМЕТЖАН


30 жылғы 5 қараша инженер Тынышбаевтың тергеу хаттамасы.

Жауап алған ОГПУ-дің Қазақстандағы өкілі жолд. Алшанский

1) Біздің Ташкенттегі 22 жылдан бастап жұмыс істеді. Голощекин жолдасқа белгілі болған құжаттарға қарағанда Орынбордағы ұйым 20-21 жылдары құрылған сияқты. Мен бұл мәселені 22 жылы сәуір айында Зәки Валидовтің сөзінен білдім. Бірде мені Халел Досмұхамедов үйіне шақырды. Сонда Міржақып Дулатов Зәки Валидов туралы әңгіме болмақ. Онда өзбектердің де өкілі келмек десті. Уағдаласқан күні бардым. Алғашқы мәселе Ташкент ұйымының жұмыс барысына арналды. Бұл Халел Досмұхамедовтің қазақ оқу-ағарту мекемесінің үйіндегі пәтерінде өтті. Отырысқа Халел Досмұхамедов, Мырзағазы Есболов, Дулатов, Жаһанша Досмұхамедов, мен, Бірімжанов және Иса Қашқынбаев қатысты. Дулатов не Бірімжанов екеуінің біреуі: шығыс Бұқарада Әнуар Паша жүр. Оның қасында Зәки Валидов бар. Соңғысының қасында Башкириямен байланыс жасайтын башқұрт көмекшісі бар. Өзбектермен бірігіп күреспек. Зәки Валидов бұған қазақтарды да тартуды ұсыныпты. Өзбек басшылары арасынан Мінауар Қари мен Ходжаев қолдамақ екен – дегенді айтты. Дулатов, Бірімжанов, Есболов бұл мәселеге қызу араласты. Жаһанша Досмұхамедов бұған қатты қарсы болып: мұның бәрі қыртымбай нәрсе, жалғыз атты қонаққа сеніп, бастан айрылуға болмайды – деді. Мен де сөзге араластым. Мен де сенімсіздік бар еді. Ақыры ұйымды құру керек деп ұйғардық. Жаһаншада соңында келісімін берді. Әр қаладан ұйымның бөлімшелерін ұйымдастыру керек. Қажет кезінде олар іске шұғыл араласуы тиіс деп шештік. Алматы мен Шымкент қаласындағы топты ұйымдасыру маған тапсырылды. Мен Алмтыдан – Сүлейменовты, Шымкенттен – Кенесаринді ұйымға тарту керек деп ұсыныс жасадым. Өзге аталғандардың аты-жөні есімде жоқ. Коммунистарді де ұйымға тарту мәселесі қозғалды. Біз оған қарсы болдық. Өйткені Қоджанов біліп қоюуы мүмкін деп қауіптендік. Сөйтіп алғашқы жұмысты Қазақстанның қалаларында ұйым бөлімшесін ашу әрекетінен бастадық. Ұйым ісіне Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер белсене араласты. Әсіресе үлкен теоретик, кеңсе мен ұйымдастыру жұмысына жетік, істен гөрі Халел Досмұхамедов теорияға бейім еді. Ал Жаһанша Досмұхамедовтің іскерлігі басым болатын. Ермековтің ұйымдастыру қабілетінің қандай дәрежеде екенін білмеймін. Бірақ ол өте шешен, айтқанына сөзсіз сендіре алатын тілмар еді.

2) Қалыптасқан тарихи жағдайды бағалауға келгенде Дулатовқа ешқайсымыздың күрескерлігіміз де, өреміз де жетпейтін. Ұйымға ешқандай ат қойылған жоқ. Қазақтардың астыртын ұйымы деген түсінік қана болды. Бұдан басқа мәселе талқыланған жоқ. Ұйым төрағасына Халел Досмұхамедов сайланды. Ұйымның хатшылығына Дулатов пен Бірімжанов ұсынылды. Бірімжанов: бұл мәселеге ақсақалдардың алаңдамауын, оны өзі жүргізетінін айтты. Ұйым алдына мынадй міндеттер қойды: 1. Зәки Валидовпен кездесу керек. Оған Бірімжанов барсын деп шешілді. Сөйтсек Бірімжанов Бұқараға барып келіпті. Бұл отырыста біз: Бұқарға Халел Досмұхамедов барсын, ол Зәки Валидовті бұрыннан таниды және дәрежелес деп пікір білдірдік. Халел Досмұхамедов қайтып келген соң бізге барлық жайды түсіндіріп берсін дестік. Бұған Досмұхамедов үзілді-кесілді қарсы болды.

3) … Ұйымның саяси – экономикалық бағытына келетін болсақ мынадай ұсыныс жасалды. Бірінші: Қазақстан Ұлттық Демокаратиялық республика болуы тиіс. Қазақстан географиялық және тарихи тұрғыдан Ресеймен де, Орта Азиямен де тікелей байланысты. Орта Азия федерациясының құрамына Өзбек, Түркімен, Қарақалпақ және басқа да ұлттар кіреді. Заң шығарушы орган парламент болуға тиісті. Үкіметті министрлер кеңсесі басқаруы тиіс. Тіпті болмаған жағдайда Кеңес үкіметінің қазіргі құрлымын пайдалану керек. Ең жоғарғы орган құрылтай болуы тиіс деген ұйғарымға келдік. Бірақ та нақты ереже қабылданған жоқ. Болашақ үкіметтің өнеркәсіп жөніндегі міндетті талқыланбады. Ал мал шаруашылығы қазіргі қалпында қалсын дестік. Су шаруашылығы ауызға алынған жоқ. Қазақстанның жері кең. Ондағы халықтардың да көңіл-күйі әр қилы. Әсіресе жер мәселесі өте күрделі. Сондықтан да қоныс аударушыларды тоқтата тұру керек. Мал шаруашылығы мен жер өңдеуді қатар алып жүруге, жер өңдеу мәдениетін игеруге белсенді түрде көшу керек. 1922 жылғы жер туралы реформа біздің араласуымызсыз өтті. Біз ол реформаға мүлдем қарсымыз. Оның жобасына біздің ұйым мүшелері де белсене араласуға тиісті еді деген пікір білдірдік. Жалпы екі ұйым қатар жұмыс істеді. Орынбордағы ұйымға Байтұрсынов, Дулатов, Әділов, Бірімжанов, Болғанбаев, ал Ташкенттегі ұйымға Дулатов пен Бірімжанов жетекшілік етті. Екеуін де алдыңғы қатарлы ұйым деп есептедік. Айырмашылығымыз Жизақ пен Самарқан облысы Түркістанның құрамына енгендіктен де біз Зәки Валидовпен жақын байланыста болдық. Қызылордадағы үкімет екеуін де бір ұйым деп қабалдады. Дулатов екі ұйымда да белсене қызмет етті.

4) Ұйым террорлық іс-әрекетті ұйымдастыруға ұйғарым жасаған жоқ. Бірақ та Жаһанша мен Халел Досмұхамедовке үндеу жазып таратуға тиісті болды. Шымкенттегі Даулет Ибрагимов кейін бұлшарадан үмітін үзіп, бойын аулақ салды. Әнуар Паша күйрегеннен кейін және Зәки Валидовтің өкілдік мәселесі шешілмегеннен соң, ұйым қайтып кеңес құрған емес. Өз-өзінен тарап тынды. Біз Кеңес өкіметі жағына шығып өзіміздің іскерлік қасиетімізді көрсетуге тырыстық. Біз жобаның екінші нұсқасында көрсетілгендей ССРО-ның құрамындағы республика ретінде өмір сүру керектігін мойындадық. Коммунистер өкіметінде сайқымазақпен күн көре береміз деп шештік. Жер мәселесі жөніндегі 2-ші баптағы міндетті жоғарыда айтып өттім. Мал шаруашылығының қалыптасқан жүйесін бұзбау керек. Жер өңдеу мәдениетін жарыстыра жүргізу керек деген пікір сол күйінде қалды. Сондай-ақ жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуге және ғылыми кітаптарды аударуға баса көңіл бөлу керек дестік. Әсіресе оқу-ағарту мен жер мәселесі жөнінде белсенді түрде жұмыс істеу керек. Жер ең алдымен жергілікті халыққа берілсін, содан кейін барып казак-орыстардың үлесін қарастыруға болады деген тұжырым ұстандық. Мен ол кезде темір жолда жұмыс істедім. Бұрын тарих пәнінен сабақ бердім. Өз дәрісімде ұлттық идеяны дәріптеп, қазақтар Кеңес өкіметінен гөрі 17 ғасырда жақсы, емін-еркіндікте өмір сүрген. Сендердің сыбағаларыңа сол өмір тиесілі еді – деген сияқты пікір білдіріп жүрдім. Тарихты нашар білгендіктен де олар менің сөзіме сенді. Мұның барлығы әрине өткен тарихи әңгіме. Жоғары оқу орындарна арналған кітаптарды құрастырып, аударуға Халел Досмұхамедов, Орынборда Байтұрсынов пен Дулатов белсене араласты. 25-ші жылдан кейін мен де араластым. Оқу пәндерін қадағалауға тиісті Сүлейеев бізге бақылау жасаған жоқ. 25-ші жылдан бастап мен құрлыспен айналыстым. Онда саясатпен айналысуға мұрша болған жоқ. Болашақ мемлекеттің мүшелерінің кім болатынын талқыланған емес. Шет елдегі қазақтар туралы мен еш нәрсе білмейміН. Ертеректе Шоқайевқа хат жазған болатынмын. Мазмұны есімде қалмапты. Жалпы алғанда Шоқайевті мен жақтырмайтынмын. Мен оны тая задам деп есептейтінмін. Шетелге өтіп кеткеннен кейінггі Шоқайевтің тағдыры не болғаны белгісіз және онымен ешқандай байланысым жоқ.

…Келесі мәселеге көшетін болсақ, бұл жөнінде біздің пікіріміз қазақ өнеркәсіпшілері Смағұл Садуақасов пен Қаратілеуовтың көзқарасымен түйісіп жатты”.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет