Мазмұны Қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама



бет12/30
Дата13.03.2024
өлшемі325.09 Kb.
#495214
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
қазақ тілі практика

Ұсынылған әдебиеттер
1. Ысқақ.Б Қазақ тілі:Оқу құралы. Шымкент:R-DIAR 2014-156б 20экз 
2. Шалқарова Г. Салыстырмалы грамматика.Оқу құралы.Аст,2012-220б 5экз
3. Жапбаров А. Қазақ тілін оқытудың тәжірибелік әдіс-тәсілдері. Жаттығу әдісі. 12-кітап. Оқулық. Шымкент. 2012-250б 1экз
4. Бейсембайқызы З. Морфология пәнін модуль бойынша оқыту. А., Рауан, 2009.
5. Қазіргі қазақ тілінің Морфология жүйесі. А: Ғылым, 2009.
6. Қалиев Ғ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру. А., Ғылым, 2005.
7. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер. Уәждеме және аталым. А., Ғылым, 2001.
8. Ибатов Ә. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі А., Ғылым, 2008.
9. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.А., “Рауан”, 2008.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 5
Тақырып: Кітапханада
1. Қоғамдық орындарда коммуникацияға қатысу: кітапханада (кітапхана қызметкерлерінен қажет нәрсені сұрай білу)

  1. Кітапхана, кітапхананың мекенжайы, қызметі.

  2. Іс-қимылдың бағытын айта білу.

  3. Зат есімнің септелуі. Септіктердің негізгі мағыналары: Атау септік (қимыл

иесін білдіруі), Барыс септік (іс-қимылдың бағытын білдіруі). Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум


Аудиториялық жұмыс:
Тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары
1-жаттығу. Кітапті ұқыпты ұста!
Кітап қоғамдық меншік. Ол көп жылдар бойы қызмет ету керек. Сондықтан кітапты ұқыпты ұста.
Кітап таза, әрі тысталған болуы тиіс.
Кітапты таза қолмен оқы.
Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
Кітаптің беттерін бүктеме.
Кітаптің ортасына қалам, қарандаш, дәптер салма.
Жыртылған кітапті желімде.
Кітапқа жазулар жазба.
Кітапті шкафта немесе полкада сақта.
Алған кітапті уақытында тапсыр.


Жіктік жалғауы – жалғанған сөз үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып, бастауышпен жақтық,шақтық жағынан қиыса байланысып келеді. Жіктік жалғауы баяндауыш қызметінде келетін барлық сөздерге де жалғанады. Мысалы, Мен инженермін. Сен инженерсің. Бүгін сенсің. Біз көппіз. Мен келдім. Сен келдің.
Сөздерге жіктік жалғау жалғауын сөздің жіктелуі дейміз. Қазақ тілінде сөздер төрт топқа бөлініп жіктеледі:
1-топ. Отыр,тұр,жатыр,жүр етістіктері мен есімдер, үстеулер баяндауыш болып жекеше де, көпше де жіктеледі. Мысалы:
Жекеше түрі
Мен отырмын,тұрмын,жүрмін,жатырмын
Сен отырсың,тұрсың,жүрсің,жатырсың
Сіз отырсыз,тұрсыз,жүрсіз,жатырсыз
Ол отыр,тұр,жүр,жатыр.
Көпше түрі
Біз (біздер) отырмыз,тұрмыз,жүрміз,жатырмыз
Сендеротырсыңдар,тұрсыңдар,жүрсыңдер,жатырсыңдар
Сіздеротырсыздар,тұрсыздар,жүрсіздер,жатырсыздар
Оларотыр, тұр, жүр, жатыр.
2–топ. Сөздердің жіктелуіне –а,-е,-й және –ып,-іп,-п формалы көсемшелер жатады. Мысалы, жекеше түрде; мен барамын, сен барасың,сіз барасыз,ол барады, көпше түрде; біз барамыз, сендер барасыңдар, сіздер барасыздар, олар барады. Екінші топтағы жіктелуіндегі бір ғана ерекшелік бар: Ол 3 жақта –ды,-ді,-ты,-ті қосымшаларының болуы.
3-топтағы сөздердің жіктелуінің І,ІІ жақтарының жалғаулары тәуелдік жалғауының І,ІІ жағының жекеше түрімен ұқсас болып тұр. Мысалы, әкем, әкең, әкеңіз, айттым, айттың,
айттыңыз .
4-топтағы сөздерге етістіктің бұйрық рай формасы (бар,кел) жатады.Мысалы, мен барайын,сен бар,сіз барыңыз,ол барсын.
Біз барайық,сендер барыңдар, сіздер барыңыздар,олар барсын. Бұлар да жекеше де, көпше де формада жіктеледі.
Қосымшалардың орын тәртібі. Жұрнақ сөз тудыратын, оны түрлендіретін сөз бөлшегі болғандықтан, үнемі түбірден кейін, жалғаулардан бұрын келеді. Мысалы, үйші-леріміз, үй+шік-тер-іміз-ге. Жалғаулар сөз бен сөзді байланыстыратын, қарым-қатынасқа түсіретін қосымшалар болғандықтан, сөздің соңында келеді.Мысалы, біз әкемізбен ауыл ортасындағы үлкен жиындарға барып тұрамыз. Жалғаулардың бірнешеуі бір сөзге жалғанғанда ең алдымен, көптік жалғауы одан кейін тәуелдік жалғауы ең соңында жіктік жалғауы жалғанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет