Тіл туралы халық даналығы :
Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын.
Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.
Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды.
Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық.
Сөйлей білмес жаманның – cөзі өтпес бір пышақ.
Сөз білетін адамның – әр сөзіне бір тұсақ.
Табыс септіктегі зат есімдер кімді? нені? кімдерді? нелерді? деген сұрақтарға жауап береді.
Табыс септігі атау септіктегі сөзге -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті деген жалғаулар жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды табыс септік жалғаулары деп атайды.
- Мұрат қандай жарыс туралы айтып тұр?
9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчтан қаласында өтетін ХХІІІ Қысқы ойындар Олимпиадасы туралы айту.
Балалар, бүгін біз сабақ барысында осы олимпиадаға барып, ел намысын қорғайтын спортшылармен танысамыз. Ол үшін әр тапсырманы дұрыс орындауымыз қажет.
Қолдану
Дәптермен жұмыс.
Сөйлемдерді оқу, көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою, қай септікте тұрғанын айту, сөз құрамына талдау.
Айжан кітапты көп оқиды.Оқушылар қысқы демалысты қызықты өткізді.Әкесі Әселдімұражайға апарды.Шекараны шекарашылар күзетеді.Ұшқыш ұшақты ұшырады.
2.Қанар қаптарды қаптап артар,
Шанақ арбаны аттар тартар.
(«Кім жылдам?» ойын түрінде) Кеспе қағаздарға жазылған сөздерді тиісті сұрақтың астына жапсыру.
Не? Ненің? Кімді? кімге?
қамыт күннің дәрігерді әжеге
тартпа найзағайдың құрылысшыны атама
оттық ұшқышты
жүген немересін
Ұсынылған әдебиеттер
1. Ысқақ.Б Қазақ тілі:Оқу құралы. Шымкент:R-DIAR 2014-156б 20экз
2. Шалқарова Г. Салыстырмалы грамматика.Оқу құралы.Аст,2012-220б 5экз
3. Жапбаров А. Қазақ тілін оқытудың тәжірибелік әдіс-тәсілдері. Жаттығу әдісі. 12-кітап. Оқулық. Шымкент. 2012-250б 1экз
4. Бейсембайқызы З. Морфология пәнін модуль бойынша оқыту. А., Рауан, 2009.
5. Қазіргі қазақ тілінің Морфология жүйесі. А: Ғылым, 2009.
6. Қалиев Ғ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру. А., Ғылым, 2005.
7. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер. Уәждеме және аталым. А., Ғылым, 2001.
8. Ибатов Ә. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі А., Ғылым, 2008.
9. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.А., “Рауан”, 2008.
Достарыңызбен бөлісу: |