Білу және түсіну:
-өзі жайлы, отбасы, оқу орны жайлы әңгімелеп, ойын дұрыс айта білу;
-қарапайым сұрақтар қоя білу және жай сөйлемдердің көмегімен өзінің ойын дәлелдей білуі.
Білік:
- кез келген ортада өзінің пікірін еркін айту, еліміздегі әлеуметтік жағдай, бұқаралық ақпарат құралдары туралы көзқарасын жеткізе білу;
-кәсіби байланыс кезінде телефон, теледидар, радио арқылы қабылдаған ақпараттардың негізгі түйінін ұға алу; сөз болған мәселенің негізгі мазмұнын түсініп, ой түю, қорытынды жасай білу;
-өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа түсінік пен білім алу, шешім қабылдау және қиын мәселелерді шеше білу.
Дағды:
- мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын жеткізе білуі;
-естіген ақпараты жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс;
-өзінің кәсібі туралы әңгіме құра білу, сипаттау.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 1
Тақырып: Танысу. Сәлемдесу. Амандық сұрасу
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум
Аудиториялық жұмыс:
Тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары
Оқылым.
Лексика:
С Ә Л Е М Д Е С У
Қайырлы күн! (...күн, ...кеш, ... таң)- Добрый день!(...)
Халіңіз қалай ? – как дела?
Денсаулығыңыз жақсы ма? – Как Ваше здоровье?
Үй-іші тегіс аман ба ?- Все ли дома живы-здоровы?
Бала-шаға аман ба ?- Здоровы ли дети ?
Рақмет! Жақсы! – Спасибо! Хорошо!
Құдайға шүкір! – Слава богу!
Жаман емес – неплохо.
Ақырындап (ептеп-септеп)- потихоньку.
Көңіл-күйіңіз қалай ? – Как ваше настроение ?
Не (қандай) жаңалықтар бар ?- Какие новости есть?
Бәрі бұрынғыша – все по-прежнему.
Не үшін ? – За что? (для чего).
Ренжімеңіз! (Ашуланбаңыз)- Не обижайтесь!
Оқасы жоқ! – Ничего страшного!
Бәрі дұрыс – все правильно.
Түкке тұрмайды ! – Это ничего не стоит.
Менің сізге өтінішім бар – у меня к Вам просьба.
Тыңдап тұрмын – слушаю .
Қайталаңызшы – повторите.
Көрсетіңізші – покажите.
Қалауыңыз білсін – будь по- Вашему.
Алғыс айтамын- выражаю благодарность.
Алғыс айтқым келеді – хочу выразить благодарность.
Міндетті түрде ! – Обязательно!
Достарыңызбен бөлісу: |