Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау негіздері



бет32/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#135967
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42

485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау негіздері

1. Істі тергеу немесе сотта қарау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілуі не қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының:

1) кінәсізді соттауға;

2) ақтау үкімін негізсіз шығаруға немесе істі негізсіз тоқтатуға;

3) жәбірленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;

4) жазаның дұрыс тағайындалмауына не сот тағайындаған жазаның қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуіне;

5) үкімді орындау тәртібімен заңсыз немесе негізсіз қаулы шығаруға;

6) қылмыстың қайталану түрін және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі режимінің түрін дұрыс айқындамауға;

7) азаматтық қуынымды қараусыз қалдыру жағдайларынан басқа, азаматтық қуынымды дұрыс шешпеуге;

8) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде қаулыны заңсыз немесе негізсіз түрде шығаруға әкеп соққан дұрыс қолданылмауы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға негіз болып табылады.

2. Заңды күшіне енген сот актілері де, егер:

1) сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекет қауіпсіздігін қозғаса не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін болса;

2) үкіммен адам өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталса;

3) осы Кодекстің 467-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыным бар болса, сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралады.

3. Өлім жазасы туралы заңды күшіне енген үкімдер де өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
486-бап. Соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтініш жасауға, соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына наразылық білдіруге құқығы бар адамдар

1. Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы жүгінулер өтінішхаттар деп аталады және оларды апелляциялық және кассациялық шағым беруге құқығы бар процеске қатысушылар бере алады.

2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өз бастамасы бойынша немесе осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтініштері бойынша заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы наразылық білдіруге құқылы.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар қадағалау тәртібімен тексеру үшін қылмыстық істі тиісті соттан талап етіп алғызуы мүмкін.

3. Прокурордың істі талап ету туралы сауалын сот ол сотқа келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей орындайды. Сауалдар байланыс арналары пайдаланыла отырып жіберілуі мүмкін.
487-бап. Заңды күшіне енген сот шешімдеріне сот қадағалауы тәртібімен шағымдану мерзімдері

1. Заңды күшіне енген айыптау үкімін сотталған адамның кінәсіздігі себептері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына қарай онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы заңды қолдану қажеттілігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхат беру, наразылық білдіру мерзімімен шектелмеген.

2. Заңды күшіне енген ақтау үкімін, айыптау үкімін жазаның жеңілдігіне қарай неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы заңды қолдану қажеттілігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша не соттың істі тоқтату туралы қаулысын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхат беруге, наразылық білдіруге олар заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде жол беріледі.

Егер көрсетілген мерзім өтіп кеткен болса, оны қалпына келтіруге жол берілмейді. Өтінішхатт алдын-ала қарау және уақытында келіп түскен қадағалу өтінішхат, наразылық бойынша сотталған адамның, ақталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдай отырып, қадағалау сатысында өтінішхатты қарауды дау туғызып отырған сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап жыл аяқталған соң да сот жүзеге асыра алады.


488-бап. Заңды күшіне енген соттың үкімін, қаулысын қайта қарау туралы өтінішхат беру, наразылық білдіру тәртібі

1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық жазбаша түрде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотқа беріледі. Өтінішхатта, наразылықта осы Кодекстің 423-бабында тізбеленген мән-жайлардан басқа, іс бойынша іс жүргізу кезінде заңды қандай бұзушылықтарға жол берілгені және ол бұзушылықтардың шығарылған сот шешімдерінде қалай көрініс тапқаны және шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау үшін осы Кодекстің 485-бабында тізбеленген қандай негіздердің бар екені көрсетілуге тиіс. Өтінішхатта оның оларды берген адамдардың қатысуымен немесе қатысуынсыз қаралатыны туралы көрсетілуге тиіс.

2. Өтінішхатқа, наразылыққа шағым жасалып отырған сот шешімдерінің көшірмелері және өтінішхат, наразылық дәйектерінің негізділігін растайтын өзге де материалдар қоса тіркелуге тиіс.

3. Соттардың заңды күшіне енген үкімдеріне, қаулыларына берілген, өзге де мемлекеттік органдарға немесе қоғамдық ұйымдарға жолданған өтінішхаттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының іс жүргізуіне қабылданбайды.

4. Осы Кодекстің 493-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттың, наразылықтың берілуі олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

5. Өтінішхат не наразылық берген тұлға сот отырысы басталғанға дейін өз өтінішхатын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте, прокурордың қосымша наразылығында немесе наразылықты өзгерту туралы оның шағымында, сол сияқты жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе өкілдерінің үкімге шағым берудің осы Кодектің 487-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімдердің аяқталуы бойынша берген қосымша өтінішхаттарында, егер осындай талап бастапқы наразылықта, өтінішхатта жазылмаған болса сотталушы адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылмайды.

6. Өтінішхатты, наразылықты берген адам істі қадағалау сатысында қарағанға дейін оларды қайтарып алуы мүмкіны. Сотталған адам өзінің мүддесіне оның қорғаушысы немесе заңды өкілі берген өтінішхатты қайтарып алуға құқылы.
489-бап. Өтінішхаттарды, наразылықты қарамай қайтару

1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық мынадай негiздер бойынша:

1) өтінішхат, наразылық осы Кодекстiң 488-бабының талаптарына сай келмесе;

2) заңды күшiне енген осы сот актiсiне өтінішхатты, наразылықты осы Кодекстiң 486-бабына сәйкес шағым жасауға құқығы жоқ адамдар берсе;

3) өтінішхат, наразылық осы Кодекстiң 487-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн берiлсе;

4) өтінішхат, наразылық оларды мәнi бойынша қарағанға дейiн керi қайтарып алынса;

5) өтінішхат, наразылық осы Кодекстің 484-бабының екінші бөлігіне сәйкес сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауға жатпайтын сот актiлерiне берiлсе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиiс.

2. Өтінішхатты, наразылықты қайтару үшін негіз болған осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген кемшіліктер жойылған кезде, олар жалпы негіздерде жаңадан берілуі мүмкін



490-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты алдын ала қарау

1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының немесе алқа төрағасының тапсырмасы бойынша құрамы үш судьядан тұратын сот алдын ала зерделеп, қарайды. Баяндама жасаушы судья өтінішхат, наразылық келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде қылмыстық істі талап етіп алғызады.

2. Өтінішхатты алдын ала қарау қылмыстық іс келіп түскен күнінен бастап бір айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

3. Алдын ала қарау қағидасы прокурордың қадағалау наразылықтарына қолданылмайды және оларды тікелей қадағалау сот алқасы қарайды, ол алдымен осы Кодекстің 485-бабында көзделген сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіздеменің бар екендігі туралы мәселені қарайды, содан кейін прокурордың наразылығын мәні бойынша қарайды. Алқа аталған негіздемелерді анықтамастан сот актісін қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

4. Өтінішхаттың алдын ала қаралатын күні туралы прокурорға, сондай-ақ өтінішхатты берген адамға хабарланады, алайда олардың келмеуі іс бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс жүргізуді қозғаудың негізі бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.

5. Қадағалау іс жүргізуін қозғау үшін негіздеменің болуы туралы мәселе бойынша өтінішхатты алдын-ала қарау ашық сот отырысында жүзеге асырылады. Келген адамдарға олардың іс жүргізетінлік құқықтары мен міндеттемелерін түсіндірген, оларда қарсылықтарының, өтінішхаттарының бар екендігі және олардың шешілгені туралы мәселені анықтаған соң сот келген адамдардың түсініктерін, прокурордың пікірін тыңдайды. Алдымен қадағалу тәртібімен сот актісін қайта қарау туралы өтінішхат берген адам сөз сөйлейді.

Осы Кодекстің 486-бабында көрсетілген бірнеше адамның дәл сол бір іс бойынша берген өтінішхаттары бір сот отырысында аталған тәртіппен біріктірілуі және қаралуы мүмкін.
491-бап. Өтінішхатты алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша қабылданатын қаулылар

1. Сот өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша:

1) шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау және өтінішхатты қылмыстық iстi сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;

2) шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғаудан бас тарту туралы;

3) осы Кодекстің 489-бабында көзделген негіздер бойынша өтінішхатты қарамай қайтару туралы қаулы шығарады.

2. Соттың өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша шығарған қаулысында:

1) қаулының шығарылған күнi мен орны;

2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот қадағалау сот алқасының өтінішхатты қараған судьяларының және өтінішхатты алдын ала қарауға қатысқан өзге де адамдардың тегi мен аты-жөнi;

3) дау туғызған сот актiсi көрсетіле отырып қаулы шығарылған iс;

4) өтінішхатты берген адам;

5) өтінішхатта келтiрiлген дәлелдер;

6) өтінішхатты алдын ала қарауға қатысушы басқа адамдардың пікірлері;

7) қадағалау іс жүргізуін қозғау үшін не өтінішхатты қараусыз қайтару үшін негіздеменің бар немесе жоқ екендігі туралы нұсқау көрсетiлуге тиiс.

3. Қаулының қарар бөлігінде судьялар қабылдаған, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі жазылады. Егер қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы шешім қабылданған болса, қаулының қарар бөлігінде өтінішхаттың мәні бойынша қарау бойынша сот отырысын өткізудің қадағалау сот алқасының төрағасымен келісілген күні, уақыты, орны көрсетіледі.

4. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелері жөнінде оны берген адамға хабарланады.

5. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулыға шағым жасалмайды, алайда ол дәл сол адамның бірақ басқа негіздемелер бойынша қайта өтінішхат беруі үшін, сондай-ақ осы Кодекстің 486-бабында көрсетілген басқа адамдардың сол сот актісін қадағалау тәртібінде қайта қарау туралы өтінішхат беруі үшін кедергі болмайды.


492-бап. Қадағалау сатысының сот отырысын тағайындау

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот алқасының судьясы шағым берiлген сот актiсiн қайта қарау бойынша қадағалау iс жүргiзуiн қозғау туралы соттың қаулысын алған соң үш тәуліктің ішінде тараптарға заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттың көшiрмесiн, сот отырысын өткiзудің күнiн, уақытын, орнын көрсете отырып, iстiң қадағалау сатысында қаралуы туралы хабарлама жiбередi. Іс тиісінше хабардар етілген тараптар келмеген не олардан тиісті арыз келіп түспеген жағдайда олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкін. Осы Кодекстің 495-бабында көзделген жағдайларда қорғаушының қатысуы міндетті.

2. Қадағалау сатысындағы iс қадағалау iс жүргiзуiн қозғау туралы қаулымен бiрге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасына берiлген не прокурор наразылығы келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қаралуға тиiс. Бұл мерзім істің қиындығына немесе көлемінің үлкендігіне байланысты, сондай-ақ өзге де дәлелді себептер болған кезде қадағалау сатысы сотының қаулысымен, бірақ әрбір ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
493-бап. Сот үкiмiнiң, қаулысының орындалуын тоқтата тұру

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры iстi сұратып алумен бiр мезгiлде сот үкiмiнiң, қаулысының орындалуын қадағалау тәртiбiмен тексеру үшiн үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.


494-бап. Істі қадағалау сатысында қараудың тәртібі, қадағалау сатысы сотының шешімдері

1. Қадағалау сатысының сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің өтінішхаты (наразылығы) бойынша қайта қаралатынын, сот құрамына кімдердің енетінін және сот отырысы залында процеске қатысушылардың қайсысы келіп отырғанын хабарлауымен ашылады. Істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген өтінішхат (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Прокурордың қадағалау сатысының сот отырысына қатысуы міндетті.

2. Мәлімделген бас тартулар мен өтінішхаттар шешілгеннен кейін сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған ретте төрағалық етуші өтініш (наразылық) берген процеске қатысушыға сөз береді. Егер мұндай қатысушылар бірнешеу болса, онда олар өздері ұсынған сөз сөйлеу кезектілігін соттың назарына жеткізеді. Егер олар өзара келісімге келе алмаса, онда сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді.

3. Өтінішхатты (наразылықты) берген адам, өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің неге байланысты заңсыз, негізсіз, әділетсіз болып табылатыны туралы дәлелдері мен дәйектерін айтып береді. Содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.

4. Егер өтінішхатты қорғау тарабы берген болса, онда алғашқы сөзді оның өкілдері болып табылатын процеске қатысушылар алады. Олардың сөз сөйлеу тәртібі өздері қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес не ондай уағдаластық болмаған жағдайда, соттың шешімімен белгіленеді.

5. Егер өтінішхатты (наразылықты) айыптау тарабы берген болса, онда оның өкілдері бірінші болып сөз алады, содан кейін төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.

6. Істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот осы Кодекстің 389-бабының талаптарын сақтай отырып, кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) соттың үкімін, қаулысын – өзгеріссіз, ал оларды қайта қарау туралы өтінішхатты, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;

2) бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардың қаулысын өзгертеді;

3) үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі қысқартады;

4) үкімнің және кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және егер іс бірінші сатыда алқабилердің қатысуымен қаралса, істі апелляциялық сатыдағы сотқа немесе бірінші сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;

5) соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық және кассациялық тәртіппен шығарылған қаулылардың күшін жояды.

Егер тиісті соттың іс жүргізуіне қабылдаған іс бойынша сот талқылауы басталып кеткен болса, соттың істі жаңадан сот қарауына жіберу туралы қаулының күші жойыла алмайды.

7. Осы Кодекстің 433-бабында көрсетілген мән-жайлар үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіз болып табылады.

8. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың қаулысы, егер осы қаулы арқылы бірінші сатыдағы сот заңсыз және негізсіз шешім қабылдаған не жоғары тұрған сот іс бойынша осының алдындағы қаулылардың немесе үкімнің күшін заңсыз және негізсіз жойған немесе оларды өзгерткен деп танылған болса, не егер істі жоғары тұрған сотта қарау кезінде қабылданатын шешімнің дұрыстығына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін заңды елеулі түрде бұзуға жол берілсе, оның күші жойылуға немесе өзгертілуге жатады.

9. Егер істі заңсыз тоқтатуға немесе сотталған адамның жазасын жеңілдетуге істі кассациялық тәртіппен қарау кезінде жол берілген болса, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық қаулының күшін жоюға және бірінші және апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, апелляциялық қаулыны өзгертіп немесе өзгертпей, күшінде қалдыруға құқылы.

10. Сот сотталған адамға тағайындалған жазаны жеңілдетуі немесе неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануы мүмкін.

Қылмыстық іс қысқартылған не бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындалған кезде күзетпен ұстауда отырған сотталған адам күзетпен ұстаудан дереу босатылуға жатады. Сот үкімді орындаушы органға сотталған адамның назарына жеткізу және оны орындау үшін сот қаулысының көшірмесін және шешім қабылдау туралы телеграф хабарламасын дереу жібереді.

11. Іс жаңадан қарауға жіберілген жағдайларда сот: істі жаңадан қараған кезде сот жасауы мүмкін мәселелер мен тұжырымдарды алдын ала шешуге, айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, нақ сол немесе өзге дәлелдеменің дәйектілігі немесе дәйексіздігі туралы және бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкін тұжырымдарды алдын ала шешуге құқылы емес.

12. Істі қарайтын сот сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін толық көлемінде тексереді. Сот актісіне өтінішхатта (наразылықта) көрсетілмеген негіздер бойынша, сондай-ақ өздері жөнінде өтінішхат (наразылық) берілмеген басқа сотталған адамдарға қатысты өзгерістер енгізуге, егер бұл ретте сотталған адамдардың жағдайы нашарламайтын болса, өзі жөнінде өтінішхат берілген сотталған адаммен бірлесіп жасалған қылмыстың саралануын өзгерткен кезде ғана жол беріледі. Сот жағдайды нашарлататын шешімді тек прокурордың наразылығында немесе өтінішхатта көрсетілген сотталған адамдарға қатысты ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталған адамның жағдайын оның өтініші немесе оның қорғаушысының немесе өкілінің өтініші бойынша нашарлатуға құқылы емес.

Сот сот талқылауының нысанасы бола алмайтын фактілерді белгілеуге немесе дәлелді деп есептеуге құқылы емес.
495-бап. Адвокаттың қадағалау сатысындағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері

Егер сотталушы адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылатын жәбірленушінің (азаматтық қуынымның) өтінішхаты, прокурордың наразылығы бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және істі бірінші сатыда қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда, адвокаттың қадағалау сатысындағы сот отырысына қатысуы міндетті. Мұндай жағдайларда қорғаушыны шақыруға, тағайындауға, ауыстыруға, оның еңбегіне ақы төлеуге байланысты мәселелер осы Кодекстің 68-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.


496-бап. Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны

Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық қаулы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына iс бойынша шешiм қабылдаған барлық судьялар қол қояды.


497-бап. Iстi соттың үкiмi мен қаулысының күшi жойылғаннан кейін қарау

1. Заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады. Төмен тұрған сатыдағы сот істі қайтадан қараған кезде қадағалау сатысындағы соттың нұсқаулары міндетті.

2. Iстi бірінші, апелляциялық сатылардағы сот қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға, егер бастапқы үкiмнiң немесе қаулының қадағалау тәртiбiмен жазаның жеңілдігіне қарай немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты күшi жойылған жағдайда ғана жол берiледi. Апелляциялық сатыдағы сот шығарған үкiмге iстi жаңадан талқылау кезiнде жалпы тәртiппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкiн.
498-бап. Соттың істі жаңадан қараған кезде шығарған үкімін және қаулысын қайта қарау туралы өтінішхат (наразылық) білдіру

Бұрынғы үкімнің немесе қаулының күшінің жойылуына байланысты шығарылған жаңа үкімді немесе қаулыны қайта қарау туралы өтінішхат (наразылық) соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшін жою себептеріне қарамастан жалпы негіздерде берілуі мүмкін.


499-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын тағайындау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы келіп түскеннен кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы жалпы отырысты шақырады. Жалпы отырыстың хатшысы жалпы отырыстың мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жалпы отырыстың өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабарлайды.


500-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының ұсынымды немесе наразылықты қарау тәртібі

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ұсынуды немесе наразылықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде қарайды.

2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы немесе Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ұсынуды не наразылықты енгізудің осы Кодекстің 484-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздері туралы баяндайды.

3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы көрсетілген негіздер болмаған кезде істі қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ал негіздер болған кезде істі мәні бойынша қарау үшін сот отырысын тағайындайды.

4. Істі мәні бойынша қарау судьяның ұсынудың мән-жайлары және негіздері туралы баяндамасымен не прокурордың наразылықтың мән-жайлары мен негіздері туралы баяндамасымен басталады. Істі одан әрі қарау осы Кодекстің 494-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша жалпы отырыс қылмыстық істегі және тараптар қосымша ұсынған материалдар бойынша нақты мән-жайларды анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырған кезде қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын, бірінші, апелляциялық, кассациялық соттың үкімінің немесе қаулысының заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексереді.

6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қарау қорытындысы бойынша осы Кодекстің 494-бабының алтыншы бөлігінде көзделген шешімдердің бірін қаулы нысанында қабылдайды. Қаулы осы Кодекстің 496-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс, Төрағалық етуші және жалпы отырыс хатшысы қол қояды. Істі жаңадан қараған кезде үкімнің, сот қаулысының күшін жойған және шығарылған сот актілеріне шағым жасалған, наразылық білдірілгеннен кейін істі қарау осы Кодекстің 497 – 498-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
53-тарау. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта қозғау
501-бап. Қылмыстық іс бойынша iс жүргiзудi қайта қозғаудың негiздерi

1. Соттың заңды күшiне енген үкiмінiң, қаулысының күшi жойылуы және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу қайта қозғалуы мүмкiн.

2. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi қайта қозғаудың негiздерi мыналар болып табылады:

1) жәбiрленушiнiң немесе куәнiң соттың заңды күшiне енген үкiмiнде анықталған айғақтарының, сарапшы қорытындысының көрiнеу жалғандығы, сол сияқты заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан заттай дәлделдемелерінің, тергеу және сот iс-әрекеттерi хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрiнеу бұрыс жасалуы;

2) анықтаушының, тергеушiнiң немесе прокурордың соттың заңды күшiне енген үкiмiнде анықталған, заңсыз және негiзсiз үкiм, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық iс-әрекеттерi;

3) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде анықталған судьялардың осы iстi қарау кезiнде жасаған қылмыстық iс-әрекеттерi;

4) осы Кодекстiң 504-бабында көзделген тәртiппен тексеру немесе тергеу арқылы анықталған және прокурордың қорытындысында баяндалған, үкiм шығару кезiнде сотқа беймәлiм болған өзге де мән-жайлар сотталушы адамның айыпсыздығы туралы немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыс жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзiне қатысты iс қысқартылған адамның айыптылығын өз алдына немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге айғақтайтын ұйғарымдар;

5) сот актісін шығару кезінде сот қолданған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің конституциялық емес деп тануы.

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң 1) – 3) тармақтарында аталған мән-жайлар үкiммен қатар соттың, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының мерзiмнiң ескiруiне орай, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсiнiң нәтижесiнде айыпталушының қайтыс болуына немесе қылмыстық жауапқа тарту жасына жетпегендiгiне байланысты қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулысы арқылы анықталуы мүмкiн



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет