Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қысқарту, өзгерту және мерзiмiн ұзарту



бет34/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#135967
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42

525-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қысқарту, өзгерту және мерзiмiн ұзарту

1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды қысқарту, өзгерту немесе мерзiмiн ұзарту туралы мәселелердi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 96-бабында көзделген тәртiппен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы шығарған сот қарайды, ал егер медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану осы соттың қызмет ету аумағынан тыс жерде жүзеге асырылса осы шараны қолдану орны бойынша тиісті сот қарайды.

2. Iстi тыңдауды тағайындау туралы сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамның заңды өкiлiне, мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асырушы мекеменiң әкiмшiлiгiне, қорғаушы мен прокурорға хабарлайды. Сот отырысына қорғаушы мен прокурордың қатысуы мiндеттi, басқа адамдардың келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды.

3. Сот отырысында мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асырушы мекеменiң ұсынысы (қорытындысы), психиатр дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы зерттеледi, отырысқа қатысушы адамдардың пiкiрi тыңдалады. Егер психиатр дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы күмән туғызатын болса, сот отырысқа қатысушы адамдардың өтiнiшхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша сот психиатриялық сараптамасын тағайындай алады, қосымша құжаттарды талап ете алады, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды қысқарту, өзгерту немесе мерзiмiн ұзарту туралы мәселесi шешiлiп отырған адамнан, егер бұл оның психикасының жай-күйi бойынша мүмкiн болса, жауап алады.

4. Сот бұдан бұрын тағайындалған шараны қолдану қажеттiгi жойылатын не медициналық сипаттағы өзге шараны тағайындау қажеттiлігi туындайтын адамның осындай психикалық жай-күйi жағдайында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қысқартады немесе өзгертедi. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тоқтату немесе өзгерту үшiн негiздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеудi ұзартады.

5. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды қысқарту, өзгерту немесе мерзiмiн ұзарту туралы, сондай-ақ тоқтатудан, өзгертуден немесе ұзартудан бас тарту туралы сот кеңесу бөлмесiнде қаулы шығарады және оны сот отырысында жариялайды.


526-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамға қатысты қылмыстық iстi қайта жалғастыру

1. Егер қылмыс жасағаннан кейiн оның психикасы бұзылып ауруының салдарынан медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамды психиатр дәрiгерлер комиссиясы сауыққан деп таныса, онда сот мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асырушы медициналық ұйым қорытындысының негiзiнде осы Кодекстiң 476-бабының 14) тармағына және 477-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шарасын қолдануды тоқтату туралы қаулы шығарады және адамды жалпы тәртіппен қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін iстi прокурорға жібереді.

2. Медициналық ұйымда өткiзiлген уақыт жазаны өтеу мерзiмiне есептеледi.
55-тарау. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері
527-бап. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізудің тәртібі

Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізудің тәртібі осы тарауда белгіленген алып қоюлар үшін осы Кодекстің жалпы қағидаларында айқындалады.


528-бап. Сотқа дейінгі тергеудің хаттамалық нысаны

1. Егер қылмыстық теріс қылық белгілері анықталса, анықтау органы күдіктіге қатысты дереу қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасайды. Адамның өзі болмаған кезде хаттама оны нақты анықтаған сәттен бастап жауапқа тарту мерзімінің өтіп кетуі шегінде жасалуы мүмкін.

2. Қылмыстық теріс қылықтың мән-жайларын, оны жасаған адам туралы деректерді, оның жүрген жерін анықтау талап етілген жағдайларда қылмыстық теріс қылық туралы хаттама үш тәулік ішінде жасалады.

3. Сараптама жүргізу немесе маманның қорытындысын алу талап етілетін жағдайда қылмыстық теріс қылық туралы хаттама тиісті қорытынды алынған кезден бастап бір тәулік ішінде жасалады.


529-бап. Хаттама жасау тәртібі

1. Күдіктіге қатысты жасалған қылмыстық теріс қылықтың мән -жайлары туралы хаттама жасалады, онда: оның жасалған уақыты мен орны, хаттаманы кімнің жасағаны, күдіктінің жеке басы туралы деректер, қылмыстық теріс қылық жасалған орын мен уақыт, оқиғасы, оның тәсілдері, себептері, салдары және басқа да елеулі мән-жайлар, қылмыстық теріс қылықтың болғанын және құқық бұзушының кінәсін растайтын нақты деректер, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық құрамының белгілері, жәбірленуші туралы деректер, оған келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері көрсетіледі.

2. Қылмыстық теріс қылықтың мән-жайларын анықтау және хаттама жасау үшін сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам күдіктіден, жәбірленушіден, куәлерден жауап алады, күдіктінің жеке басы туралы мәліметтерді сұрату және хаттамаға қоса тіркеу шараларын қолданады, қажет болған кезде – тексеру, алу, осы Кодексте көзделген басқа да іс жүргізу және тергеу іс-әрекеттерін жүргізеді.

3. Күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан анықтау органдары мен соттың шақыруы бойынша келу және өзінің тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы хабарлау міндеттемесі алынады.


530-бап. Хаттаманы сотқа жіберу тәртібі

1. Анықтау органының бастығы хаттаманы және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, хаттаманы бекітеді, содан соң барлық материалдар онымен танысу үшін күдіктіге беріледі, бұл туралы хаттамада күдіктінің және қорғаушысы болған жағдайда оның ол қолтаңбасымен куәландырылған тиісті белгі жасалады.

2. Күдікті хаттамамен және іс материалдарымен танысқаннан кейін анықтау органының бастығы қылмыстық істі дереу прокурорға жібереді.

3. Прокурор қылмыстық істі зерделей отырып – бір тәуліктен кешіктірмей, ал күдікті осы Кодекстің 128-бабы тәртібімен ұсталған істер бойынша сегіз сағаттан кешіктірмей мынадай іс-әрекеттердің бірін жүргізеді:

1) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді;

2) хаттаманы бекітуден бас тартады және осы Кодекстің 35 – 36-баптарында көзделген негіздемелер бойынша қылмыстық істі қысқартады;

3) анықтау не алдын ала тергеу ісін жүргізу үшін қылмыстық істі қайтарады;

4) жекелеген күдіктілерге қатысты қылмыстық істі қысқартады, ол туралы тиісті қаулы шығарып, оның көшірмелерін мүдделі тұлғаларға жібереді және қылмыстық істі сотқа жібереді.

Осы Кодекстің 128-бабының талаптарына сәйкес күдікті ұсталған жағдайда қылмыстық теріс қылық туралы іс нақты ұсталған кезден бастап отыз алты сағаттан кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
531-бап. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істі сотта қараудың тәртібі мен мерзімдері

1. Іс сотқа келіп түскеннен кейін судья істі іс жүргізуге қабылдап, қылмыстық теріс қылық туралы істі қарауға кірісе отырып:

1) істі кімнің қарайтынын, қай істің қарауға жататынын, кімнің және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қай бабының негізінде жауапқа тартылатынын жариялайды;

2) сотталушының, сондай-ақ іске қатысушы өзге де адамдардың келуіне көз жеткізеді;

3) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және заңды өкілдері болған кезде олардың өкілеттігін, қорғаушыны тексереді;

4) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың келмеу себептерін анықтайды және аталған адамдар болмаған жағдайда істі қарау туралы не істі қарауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды;

5) қажет жағдайларда істі қарау кезінде қатысуы міндетті болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы қаулы шығарады, аудармашы тағайындайды;

6) істі қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

7) мәлімделген бас тартуды және өтінішхатты шешеді;

8) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, ал қажет кезде істің өзге де материалдарын жариялайды;

9) мыналарға: судьяның бас тартуы істің мәні бойынша қаралуына кедергі келтіретін жағдайда оның өздігінен бас тартуына немесе бас тартуы туралы мәлімдеуіне; егер көрсетілген бас тарту істің мәні бойынша қаралуына кедергі келтіретін болса, қорғаушының, уәкілетті өкілдің, сарапшының немесе аудармашының бас тартуына; істі қарауға қатысушы адамдардың келу немесе іс бойынша қосымша материалдар сұрату қажеттігіне байланысты істі қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Қажет болған жағдайларда судья сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.

2. Қылмыстық теріс қылық жасау туралы істі қарауға кірісе отырып судья сотталушыны, іс бойынша іс жүргізуге қатысушы басқа да адамдарды, маманның түсіндірмесін және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асырады.

3. Қылмыстық теріс қылықтар туралы іс сотқа келіп түскен кезден бастап он бес тәулік ішінде сотта қаралуға жатады.

Процеске қатысушылардың өтінішхаттары келіп түскен не істің мән-жайын қосымша анықтау қажет болған жағдайда қарау мерзімі бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

4. Жазалау ретінде Қазақстан Республикасынан тысқары шығарып жіберу көзделген, сондай-ақ күдікті осы Кодекстің 128-бабындағы тәртіппен ұсталған қылмыстық теріс қылықтар туралы іс сотқа келіп түскен күні қаралады.

5. Сот қылмыстық теріс қылықтар туралы істі қараған кезде прокурордың қатысуы міндетті.

6. Қылмыстық теріс қылық туралы істі қарай отырып, судья:

1) осы Кодекстің 46-тарауында көзделген тәртіппен айыптау немесе ақтау үкімін шығарады;

2) осы Кодекстің 35 – 36-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде істі қысқартады;

3) қылмыс белгілері анықталған кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізу туралы мәселені шешу үшін істі тиісті прокурорға жібереді.

7. Соттың қылмыстық теріс қылық туралы шығарған үкімі нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 388, 389-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

8. Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша шешім істі қарау аяқталғаннан кейін дереу жарияланады. Іс бойынша шешімнің көшірмесі сотталушыға, жәбірленушіге және прокурорға дереу тапсырылады. Аталған адамдар болмағанда, шешімнің көшірмесі оларға үш тәулік ішінде жіберіледі.

9. Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сот шешіміне тараптар осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімде жалпы негіздерде шағым жасауы мүмкін.
56-тарау. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу
532-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша iс жүргiзудiң тәртiбi

1. Осы тараудың ережелерi қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде кәмелеттiк жасқа, яғни он сегiз жасқа толмаған адамдардың iстерi бойынша қолданылады.

2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi осы Кодексте белгiленген жалпы ережелермен, сондай-ақ осы тараудың баптарымен айқындалады.

3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi:

1) аталған адам жасаған бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылықтар, олардың бiр бөлiгiн ол он сегiз жасқа толғаннан кейiн жасаған құқық бұзушылықтар туралы iстер бiр iс жүргiзуге бiрiктiрiлген;

2) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған сот iсiн жүргiзу кезiнде кәмелетке толған жағдайларда қолданылмайды.


533-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша анықталуға жататын мән-жайлар

Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша, осы Кодекстiң 113-бабында көзделгендерден басқа, дәлелдеуге жататын мән-жайларды алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргiзу кезiнде:

1) кәмелетке толмағанның жасы (туған күнi, айы, жылы);

2) кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы;

3) зияткерлік, ерiк-жiгерiнiң және психикалық даму дәрежесi, мiнезi мен тегеурiндiлiк ерекшелiктерi, мұқтаждары мен мүдделерi;

4) кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуға тиiс


534-бап. Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша жариялылықты шектеу

Кәмелетке толмаған күдiктiнің, айыпталушының құпиялылыққа құқығы қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң барлық кезеңдерiнде сақталуға тиiс.



535-бап. Кәмелетке толмаған туралы iстi жеке iс жүргiзуге бөліп алу

1. Ересектермен бiрге қылмыс жасауға қатысқан кәмелетке толмағанға қатысты iс осы Кодекстiң 44-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармағына сәйкес алдын ала тергеу сатысында жеке iс жүргiзуге бөлiнедi.

2. Кәмелетке толмағанға қатысты жеке iс жүргiзуге бөліп алу iстiң жағдайын жан-жақты және объективтi зерттеу үшiн айтарлықтай кедергi жасауы мүмкiн болатын жағдайларда ересектермен қоса бiр iс бойынша жауапқа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушыға осы тараудың ережелерi қолданылады.
536-бап. Кәмелетке толмаған күдiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны шақырудың тәртiбi

1. Кәмелетке толмаған күдiктi, айыпталушы, сотталушы тергеушiге немесе сотқа оның ата-аналары немесе басқа заңды өкiлдерi арқылы, олар болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шақырылады.

2. Арнаулы мекемеде не күзетпен ұсталатын кәмелетке толмаған өзі ұсталатын орынның әкiмшiлiгi арқылы шақырылады
537-бап. Кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу

1. Кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу осы Кодекстiң 216 және 367-баптарында көзделген тәртiппен қорғаушысының, заңды өкiлiнiң, ал қажет болған кезде психологтың және педагогтiң қатысуымен жүргiзiледi. Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейiн хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы.

2. Кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу тәулiктiң күндiзгi уақытында жүргiзiледi және үзiлiссiз екi сағаттан артық, ал жалпы алғанда күнiне төрт сағаттан артық жалғастырылуға тиiс емес. Кәмелетке толмаған анық шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ тоқтатылуға тиiс.
538-бап. Қорғаушының қатысуы

1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша қорғаушының қатысуы осы Кодекстiң 67-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармағына сәйкес мiндеттi.

2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша қорғаушының қатысуына кәмелетке толмағаннан – күдiктi немесе айыпталушы ретiнде алғашқы жауап алынған кезден бастап, ал айып тағылғанға дейiн ұсталған не күзетпен қамауға алынған жағдайда ұсталған не күзетпен қамауға алынған кезден бастап рұқсат етiледi.

3. Егер кәмелетке толмаған күдiктi, айыпталушы не олардың заңды өкiлдерi адвокатпен келiсiм жасаспаса, тергеушi, прокурор, сот iс бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге тиiс.


539-бап. Кәмелетке толмаған күдiктiнiң, айыпталушының заңды өкiлiнiң сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуы

1. Кәмелетке толмаған күдiктiнiң, айыпталушының ата-анасы немесе басқа да заңды өкiлдерi болған кезде олардың iске қатысуы мiндеттi. Олар болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы орган өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.

2. Заңды өкiлге, ал ол болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы органның өкiлiне iске қатысуға тергеушiнiң қаулысымен кәмелетке толмағаннан күдiктi немесе айыпталушы ретiнде алғашқы жауап алынған кезден бастап рұқсат етiледi. Заңды өкiлге, ал ол болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы органның өкiлiне iске қатысуға рұқсат етiлген жағдайда, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген құқықтар түсiндiрiледi.

3. Заңды өкiлдiң: кәмелетке толмағанға не жөнiнде күдiк келтiрiлiп отырғанын бiлуге; күдікті деп тану туралы, күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулылармен, прокурор бекіткен айыптау актісімен таныстыру кезінде қатысуға, кәмелетке толмағаннан жауап алуға, сондай-ақ кәмелетке толмаған күдiктiнiң және оның қорғаушысының қатысуымен жүргiзiлетiн өзге де тергеу iс-әрекеттерiне тергеушiнiң рұқсатымен қатысуға; өзi қатысқан тергеу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға; өтінішхаттар мен қарсылықтар жасауға, тергеушi мен прокурордың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағым жасауға; дәлелдемелер ұсынуға; тергеу аяқталғаннан кейiн iстiң барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәлiметтi көшiрiп алуға, құжаттардан көшірмелер түсіріп алуға, оның ішінде техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқығы бар.

4. Тергеушi сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейiн кәмелетке толмағанға керi әсер етуi мүмкiн материалдарды танысу үшiн оған көрсетпеу туралы қаулы шығаруға, ал бұл материалдармен заңды өкiлдi таныстыруға құқылы.

5. Егер оның iс-әрекетi кәмелетке толмағанның мүдделерiне залал келтiредi немесе iстi объективтi тергеуге кедергi келтiруге бағытталған деп санауға негiз болса, заңды өкiл iске қатысудан шеттетiлуi мүмкiн. Бұл туралы сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырған адам дәлелдi қаулы шығарады. Iске қатысуға кәмелетке толмағанның басқа заңды өкiлi жiберiлуi мүмкiн.


540-бап. Педагог пен психологтың қатысуы

1. Он алты жасқа толмаған, сондай-ақ осы жасқа толған, бiрақ психикалық дамуында мешеулiк белгiлерi бар кәмелетке толмаған күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының қатысуымен iс жүргiзу әрекетiн жүргiзу кезiнде әлеуметтік психологтың және (немесе) педагогтың қатысуы мiндеттi.

2. Он алты жасқа толған кәмелетке толмағандар туралы iс бойынша педагог немесе психолог iске қатысуға тергеушiнiң, соттың ұйғаруы бойынша не қорғаушының, заңды өкiлдiң өтiнiшi бойынша жiберiледi.

3. Педагог, психолог тергеушiнiң немесе соттың рұқсатымен кәмелетке толмаған күдiктiге, айыпталушыға сұрақтар қоюға, ал iс жүргiзу әрекетi аяқталғаннан кейiн – тергеу қимылының хаттамасымен (олардың сот талқылауына қатысуын көрсететiн бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен) танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға құқылы, тергеушiнiң, соттың ұйғаруы бойынша кәмелетке толмағанның жеке басын сипаттайтын iс материалдарымен танысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды тергеушi, прокурор немесе сот педагогқа, психологқа iс жүргiзу әрекетi басталар алдында түсiндiредi, ол туралы тергеу іс-қимылының хаттамасында, сот отырысының хаттамасында белгi жасалады.


541-бап. Кәмелетке толмағанға кешендi психологиялық-психиатриялық және психологиялық сараптама жасау

1. Кәмелетке толмаған күдiктiде жүйке ауруының немесе дамуында ауытқушылықтардың бар екендiгi және оның өз әрекеттерiне толық немесе iшiнара есеп беру және нақты жағдайда iс-әрекетiн игеру қабiлетi туралы мәселенi шешу үшiн кешендi психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындау мiндеттi.

2. Кәмелетке толмаған күдiктiнiң зияткерлік, ерiк-жiгер, психикалық дамуының деңгейiн, жеке басының өзге де әлеуметтiк-психологиялық қырларын анықтау үшiн психологиялық сараптама тағайындалуы мүмкiн.
542-бап. Кәмелетке толмағанды арнаулы мекемеге орналастыру

1. Кәмелетке толмаған күдікті өмiр сүру және тәрбие жағдайы бойынша бұрынғы тұратын жерiнде қалдырыла алмайтын жағдайларда ол соттың қаулысы бойынша арнаулы балалар мекемесiне орналастырылуы мүмкiн.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген кәмелетке толмағандар арнаулы балалар мекемесінде отыз туәліктен аспайтын уақыт ішінде бола алады. Ерекше жағдайларда аталған мерзімді сот үш айға дейін ұзартуы мүмкін.

543-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстау және оларға бұлтартпау шараларын қолдану

1. Күдiктi, айыпталушы кәмелетке толмағандарға осы Кодекстiң 137-бабында көзделген бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкiн.

2. Кәмелетке толмаған күдiктiге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шараларын қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде әрбiр жағдайда кәмелетке толмаған күдктiнi, айыпталушыны осы Кодекстiң 144-бабында көзделген тәртiппен кiсi қарауына беру сияқты таңдау мүмкiндiгi талқылануға тиiс.

3. Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау, сондай-ақ ұстау кәмелетке толмағанға осы Кодекстiң 128, 147-баптарында көрсетiлген негiздер болған кезде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған ерекше жағдайларда ғана қолданылуы мүмкiн.

4. Кәмелетке толмағанды осы Кодекстiң 151-бабында белгiленген алдын ала тексеру сатысында күзетпен ұстаудың мерзiмi алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Кәмелетке толмағандар басқа адамдардан бөлек ұсталады.

5. Ұстау, күзетпен ұстау немесе күзетпен ұстау мерзiмiн ұзарту туралы – кәмелетке толмағанның ата-аналары немесе оның басқа да заңды өкiлдерi, ал олар болмаған жағдайда жақын туыстары дереу хабардар етiледi.


544-бап. Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкiлiнiң сот талқылауына қатысуы

1. Сот отырысына кәмелетке толмаған сотталушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкiлдерi шақырылуға тиiс. Олардың сот тергеуiнде дәлелдердi зерттеуге қатысуға, айғақтар беруге, дәлелдер келтiруге, өтінішхаттар мен қарсылық бiлдiруге, соттың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар жасауға, iстi апелляциялық тәртiппен қарайтын соттың отырысына қатысуға және шағымдарға түсiндiрмелер беруге құқығы бар. Көрсетiлген құқықтар оларға сот талқылауының даярлық бөлiгiнде түсiндiрiлуге тиiс. Заңды өкiлдер сот отырысының залында бүкiл сот талқылауы бойында болады. Олардың келiсiмiмен сот олардан куәлер ретiнде жауап алуы мүмкiн.

2. Заңды өкiл, егер оның iс-әрекетi кәмелетке толмаған сотталушының мүдделерiне залал келтiредi немесе iстi объективтi қарауға кедергi келтiруге бағытталған деп санауға негiздер болса, соттың дәлелдi қаулысы арқылы сот талқылауына қатысудан шеттетiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған сотталушының басқа заңды өкiлi жiберiледi.

3. Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкiлiнiң келмеуi, егер сот оның қатысуы қажет деп таппаса, iстi қарауды тоқтатпайды.

4. Егер кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкiлi қорғаушы немесе азаматтық жауапкер ретiнде iске қатысуға тартылған болса, ол процеске аталған қатысушылардың құқығына ие болады және солардың мiндеттерiн орындайды.
545-бап. Кәмелетке толмаған сотталушыны сот отырысының залынан шығарып жіберу

1. Сот қорғаушының немесе заңды өкiлдiң өтiнiшхаты бойынша, сондай-ақ өзiнiң бастамашылығы бойынша тараптардың пiкiрiн ескере отырып, кәмелетке толмаған сотталушыны оған терiс әсер етуi мүмкiн мән-жайларды зерттеу уақытына өзiнiң қаулысымен сот отырысының залынан шығарып жіберуге құқылы.

2. Кәмелетке толмаған сотталушы сот отырысының залына қайтып оралған соң төрағалық етушi оған оның болмаған кезiнде өткен талқылаудың мазмұнын қажеттi көлемде және нысанда хабарлайды және кәмелетке толмағанға өзiнiң жоқ кезiнде жауап алынған адамдарға сұрақ қою мүмкiндiгiн бередi.
546-бап. Кәмелетке толмағанның iсi бойынша үкiм шығару кезiнде сот шешетiн мәселелер

1. Кәмелетке толмағанға үкiм шығару кезiнде сот осы Кодекстiң 390-бабында тізбеленген мәселелермен бiрге шартты соттау, бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ жаза тағайындау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген жағдайларда жазадан босату туралы мәселенi талқылауға мiндеттi.

2. Шартты соттау, бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ жаза шарасын белгілеу, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру не тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдану жағдайларында сот бұл туралы мамандандырылған мемлекеттiк органға хабарлайды және оған сотталушының жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыруды жүктейдi.
547-бап. Кәмелетке толмағанды тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып жазадан босату

Егер кiшiгiрiм, орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмыс туралы iс бойынша осы қылмысты жасаған кәмелетке толмаған қылмыстық жаза шарасын қолданусыз түзелуi мүмкiн деп танылса, сот айыптау үкiмiн шығара отырып, кәмелетке толмаған сотталушыны жазадан босатуға және оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 85-бабында көзделген тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. Үкiмнiң көшiрмесi мамандандырылған мемлекеттiк органға жiберiледi.


57-тарау. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
548-бап. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін қолдану шегі

Осы тарауда көзделген қылмыстық істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктері сотқа дейінгі тергеудің басталуы себебін тіркеу кезінде тиісті лауазымда болуы заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатылған адамдарға қолданылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет