Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеу iсiн жүргiзу



бет35/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#135967
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42

549-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеу iсiн жүргiзу

1. Сотқа дейінгі тергеудің басталуы себебін Бірыңғай тізілімге тіркегеннен кейін сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісуімен ғана жалғасуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты қылмыс үстінде ұсталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалған не жасаған деп пайымдауға негіздер болған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ оған жиырма төрт сағаттың ішінде міндетті түрде хабарлай отырып жалғасуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабарламаны алғаннан кейін екі тәуліктің ішінде жүргізілген іс жүргізу әрекеттерінің заңдылығын зерделейді және келісім береді не сотқа дейінгі тергеуді тоқтата отырып, келісім беруден бас тартады. Егер сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін заңсыз жалғасқан болса, оның нәтижелеріне қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде рұқсат етілмейді.

2. Күдікті Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының әрекетін саралау туралы қаулыны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры шығарады.

3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын, қылмыс жасау үстінде ұсталған немесе ауыр не аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, өз өкiлеттiктері мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламенттiң тиiстi палатасының келiсiмiнсiз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

4. Депутатты қылмыстық жауапқа тартуға, күзетпен ұстауға, үй қамағына алуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламенінiң Сенатына немесе Мәжiлiсiне ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс депутатқа күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарудың, сотқа күзетпен ұстау, үй қамағына алу түрінде бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты енгізудің, депутатты сотқа дейінгі тергеу органына мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі. Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келісім берсе, бұдан кейiнгi тергеу осы Кодексте белгiленген тәртiппен осы бапта көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.

5. Қылмыс жасаған күдікті Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатын күзетпен ұстау немесе үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді.

6. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берсе, бұдан кейiнгi тергеу осы Кодексте белгiленген тәртiппен осы бапта көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.

7. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы күзетпен ұстауға, үй қамағына алуға, күштеп әкелуге келiсiм берсе, депутатқа осы бұлтартпау шараларын, iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгiленген тәртiппен шешiледi.

8. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм бермеген жағдайда қылмыстық iс осы негіздер бойынша қысқартылуға жатады.

9. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi палатасы күзетпен ұстауға, үй қамағына алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм бермесе, депутатқа осы Кодексте белгiленген тәртiппен өзге бұлтартпау, iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.

10. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты осы Кодекске сәйкес прокурор санкция беруге тиіс тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге санкцияны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры береді. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты күзетпен ұстау немесе үй қамағына алу мерзімін осы Кодекске сәйкес 151-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған ұзартуды Астана қаласының аудандық соты жүргізеді.

11. Тергеу аяқталған қылмыстық істі айыптау актісімен бірге сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлға осы Кодексте белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бередi.

Ескерпе: Осы Тараудың баптарындағы қол сұқпаушылықты жою деп қылмыстық жауапқа тартуға және мәжбүрлі іс жүргізу шараларын қолдануға рұқсат беру ұғынылады.
550-бап. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін жүргiзу

1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатқа қатысты істер бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізу Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты сол сияқты қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатқа қатысты қол сұқпаушылықтан айыруға келісім беру Орталық сайлау комиссиясынан сұратылатын болады.
551-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты сотқа дейінгі тергеу iсiн жүргiзу

1. Сотқа дейінгі тергеудің басталу себебі Бірыңғай тізілімге тіркелген соң сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен ғана жалғасуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы немесе мүшесi қылмыс үстінде ұсталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалған не жасаған деп пайымдауға негіздер болған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ оған жиырма төрт сағаттың ішінде міндетті түрде хабарлай отырып жалғасуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабарламаны алғаннан кейін екі тәуліктің ішінде жүргізілген іс жүргізу әрекеттерінің заңдылығын зерделейді және келісім береді не сотқа дейінгі тергеуді тоқтата отырып, келісім беруден бас тартады. Егер сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін заңсыз жалғасқан жағдайда, оның нәтижелеріне қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде рұқсат етілмейді.

2. Күдікті Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Төрағасының немесе мүшесiнің әрекетін саралау туралы қаулыны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры шығарады.

3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшесi өз өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде қылмыс үстiнде қолға түсу немесе ауыр не аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қолсұқпаушылықты жоюға келiсiмiнсiз күзетпен ұсталмайды, күштеп әкелінбейді, қылмыстық жауапқа тартылмайды.

4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшесiн қылмыстық жауапқа тартуға, күзетпен ұстауға, үй қамағынаалуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыным енгiзедi. Ұсыныс Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарудың, сотқа күзетпен ұстау, үй қамағына алу түрінде бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты енгізудің, депутатты сотқа дейінгі тергеу органына мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.

5. Қылмыс жасаған деп күдіктенген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасын немесе мүшесін күзетпен ұстау немесе үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді.

6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентiнiң шешiмiн алғаннан кейін iс бойынша әрi қарай iс жүргiзу осы Кодекстiң 546-бабының алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бірінші бөлiктерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
552-бап. Судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізу

1. Сотқа дейінгі тергеудің басталуы себебі Бірыңғай тізілімде тіркелгеннен кейін сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін.

Судья қылмыс орнында ұсталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалған не жасаған деп пайымдауға негіздер болған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ оған жиырма төрт сағаттың ішінде міндетті түрде хабарлай отырып жалғасуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабарламаны алғаннан кейін екі тәуліктің ішінде жүргізілген іс жүргізу әрекеттерінің заңдылығын зерделейді және келісім береді не сотқа дейінгі тергеуді тоқтата отырып, келісім беруден бас тартады. Егер сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін заңсыз жалғасқан жағдайда, оның нәтижелеріне қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде рұқсат етілмейді.

2. Күдікті судьяның әрекетін саралау туралы қаулыны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры шығарады.

3. Қылмыс үстінде ұсталған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, судьяны Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауапқа тартуға не Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз тиіспеушілікті жоюға болмайды.

4. Судьяны қылмыстық жауапқа тартуға, күзетпен ұстауға, үй қамағына алуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры – Қазақстан Республикасының Президентіне, ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдадайда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыным енгізеді. Ұсыным судьяға күдіктінің әрекетін саралау, күзетпен ұстауға санкция беру, үй қамағына алу туралы, сотқа дейінгі тергеу органына судьяны мүжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешу туралы қаулыны беру алдында ұсынылады.

5. Қылмыс жасады деп күдік туғызған судьяны күзетпен ұстау немесе үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шараларына санкция беру туралы мәселені Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қолдауымен сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның қаулысы негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді.

6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімін алғаннан кейін іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 549-бабының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
553-бап. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізу

1. Сотқа дейінгі тергеудің басталуы себебі Бірыңғай тізілімде тіркелгеннен кейін сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бірінші орынбасарының келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қылмыс үстінде ұсталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалған не жасаған деп пайымдауға негіздер болған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бірінші орынбасарының келісімін алғанға дейін, бірақ оған жиырма төрт сағаттың ішінде міндетті түрде хабарлай отырып жалғасуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары хабарламаны алғаннан кейін екі тәуліктің ішінде жүргізілген іс жүргізу әрекеттерінің заңдылығын зерделейді және келісім береді не сотқа дейінгі тергеуді тоқтата отырып, келісім беруден бас тартады. Егер сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бірінші орынбасарының келісімін алғанға дейін заңсыз жалғасқан жағдайда, оның нәтижелеріне қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде рұқсат етілмейді.

2. Күдікті Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының әрекетін саралау туралы қаулыны Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары шығарады.

3. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын қылмыстық жауапқа тартуға, күзетпен ұстауға, үй қамағына алуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыныс енгізеді. Ұсыныс Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарудың, сотқа күзетпен ұстау, үй қамағына алу түрінде бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты енгізудің, депутатты сотқа дейінгі тергеу органына мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.

4. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімін алғаннан кейін іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 549-бабының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

5. Қылмыс жасады деп күдік туғызған Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын күзетпен ұстау немесе үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шараларына санкция беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бірінші орынбасарының қолдауымен сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның қаулысы негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді.

6. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын қадағалауды оның бірінші орынбасары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты тергеу іс-әрекетін жүргізуге санкцияны оның бірінші орынбасары береді. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты тергеу мерзімін ұзартуды осы Кодексте көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары жүргізеді. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын күзетпен ұстау немесе үй қамағына алу мерзімін ұзарту өтінішхатын осы Кодекстің 151-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қолдағаннан кейін жүргізіледі.

7. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын адам тергеу аяқталғаннан кейінгі қылмыстық істі айыптау актісімен бірге осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына береді.



554-бап. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатқа, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе мүшесіне, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық істі соттың талқылауы

1. Істі қарау осы бапта баяндалған ережелер ескеріле отырып сотта қараудың жалпы қағидалары бойынша жүргізіледі.

2. Сот сотталушы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатқа, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе мүшесіне, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды, үй қамағына алуды, ал іс жүргізетінлік мәжбүрлеу шарасы ретінде – күштеп әкелуді, егер мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 4) тармағында, 71-бабының 5) тармағында, 79-бабының 2) тармағында, 83-бабының 3) тармағында көрсетілген күзетпен ұстауға, үй қамағына алуға келісім берсе, сотқа дейінгі тергеу барысында бас тартылса немесе ондай келісім сұратылмаған болса, тиісінше осы Кодекстің 549-бабының төртінші бөлігінде, 551-бабының төртінші бөлігінде, 552-бабының төртінші бөлігінде, 553-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен келісім беру туралы ұсыныспен жүгіне отырып қолдануға құқылы.
555-бап. Қылмыстық қудалаудан дипломатиялық иммунитетi бар адамдар

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында қылмыстық қудалаудан иммунитеттi мынадай адамдар пайдаланады:

1) шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық қызметкерлерi және егер олармен бірге тұрса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасыларының мүшелерi,

2) өзара негiзде дипломатиялық өкiлдiктердiң қызмет көрсету қызметкерлерi мен олардың өздерімен бiрге тұратын отбасыларының мүшелерi, егер осы қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, консулдықтардың басшылары және олардың қызмет мiндеттерiн атқаруы кезiнде жасаған әрекеттерiне қатысты, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, басқа да консулдық лауазымды адамдар;

3) өзара түсіністік негiзде дипломатиялық өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық қызметтерiнiң қызметкерлерi мен олармен бiрге тұратын олардың отбасыларының мүшелерi, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса;

4) дипломатиялық курьерлер;

5) шет мемлекеттердiң басшылары мен өкiлдерi, парламенттік және үкiметтік делегациялардың мүшелерi және өзара түсіністік негiзде – Қазақстанға халықаралық келiссөздерге, халықаралық конференциялар мен кеңестерге қатысу үшiн немесе басқа ресми тапсырмалармен келетiн, не сондай мақсаттармен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол шеккен шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерi және егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, осы қызметкерлердің қасына еріп жүретін отбасы мүшелерi;

6) халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң басшылары, мүшелерi және қызметкерлерi, халықаралық шарттардың немесе жалпы жұрт таныған халықаралық салт-дәстүрлер негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн осы ұйымдардың лауазымды адамдары;

7) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін шет мемлекеттердiң үшiншi бiр елдегi дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, өкiлдiктерiнiң дипломатиялық қызметкерлерi және аталған адамдардың қасына ерiп жүретiн немесе оларға қосылу немесе өзiнiң елiне оралу үшiн жеке келе жатқан олардың отбасыларының мүшелерi;

8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4) – 7) тармақтарында аталған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар, егер шет мемлекет қылмыстық қудалау иммунитетiнен үзiлдi-кесiлдi бас тартса қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкiн. Мұндай бас тарту туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы дипломатиялық жолмен шешiледi. Тиiстi шет мемлекеттiң аталған адамдар жөнiнде қылмыстық қудалау иммунитетiнен бас тартуы болмаған жағдайда оларға қатысты қылмыстық iс қысқартылуға тиiс.

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң қағидалары осы адамдардың жасаған қылмысы өздерiнiң қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты болған және Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталмаған жағдайларды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақтарында аталған адамдарға қолданылмайды.


556-бап. Дипломатиялық иммунитеттi пайдаланушы адамдарды ұстау және күзетпен ұстау

1. Осы Кодекстiң 555-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4) – 7) тармақтарында аталған адамдар, сондай-ақ өзге де адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жеке басына тиiспеушiлiк құқығын пайдаланады. Оларға қатысты заңды күшiне енген үкiмдi орындау үшiн қажет болатын жағдайларды қоспағанда, оларды ұстауға немесе күзетпен қамауға алуға болмайды.

2. Осы Кодекстiң 555-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақтарында аталған адамдар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, олар ауыр, аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн қудаланған жағдайда не соттың заңды күшiне енген үкiмiн орындау кезiнде ғана ұсталуы немесе күзетпен қамауға алынуы мүмкiн.
557-бап. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет

1. Осы Кодекстiң 555-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1), 3) – 6) тармақтарында аталған адамдардың, сондай-ақ өзге де адамдардың Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес куә, жәбiрленушi ретiнде айғақтар бермеуiне болады, ал мұндай айғақтарды беруге келiскен жағдайда бұл үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi органға келуi мiндеттi емес. Аталған адамдарға тапсырылған жауап алуға шақыру қағазында олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органға келмегенi үшiн мәжбүрлеу шараларымен қоқан-лоққы жасалмауға тиiс.

2. Егер осы адамдар алдын ала тергеуде жәбiрленушi, куә ретiнде айғақтар берген, ал сот отырысына келмеген жағдайда, сот олардың айғақтарын оқып бере алады.

3. Осы Кодекстiң 555-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармағында аталған адамдар, өздерiнiң қызмет мiндеттерiн атқаруына байланысты мәселелер бойынша берген айғақтарды қоспағанда, куәлер және жәбiрленушiлер ретiнде айғақтар беруден бас тарта алмайды. Консулдық лауазымды адамдар куәгерлiк айғақтар беруден бас тартқан жағдайда оларға iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін емес.

4. Дипломатиялық иммунитеттi пайдаланушы адамдар қылмыстық процестi жүргiзушi органға хат-хабарды және өздерiнiң қызметтiк мiндетiн атқаруға қатысты басқа да құжаттарды табыс етуге мiндеттi емес.
558-бап. Үй-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитетi

1. Дипломатиялық өкiлдiк басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкiлдiк орналасқан үй-жайлар, дипломатиялық қызметкерлер мен олардың отбасылары мүшелерiнiң тұрғын үй-жайлары, олардағы мүлiк пен жүрiп-тұру құралдары қол сұғылмайтын болып табылады. Осы үй-жайларға кiру, сондай-ақ тiнту, алу, мүлiкке тыйым салу дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оны алмастыратын адамның келiсiмiмен ғана жүргiзiлуі мүмкін.

2. Өзара түсіністік негiзде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген иммунитет дипломатиялық өкiлдiктiң қызмет көрсетушi қызметкерлері мен олардың өздерімен бiрге тұратын отбасыларының мүшелерi орналасқан тұрғын үй-жайларға, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, қолданылады.

3. Консулдық орналасқан үй-жай мен консулдық басшысының резиденциясы өзара түсіністік негiзде қол сұғылмаушылықты пайдаланады. Осы үй-жайларға кiру, тiнту, алу, мүлікке тыйым салу тиiстi шет мемлекеттің консулдығы немесе дипломатиялық өкiлдiгі басшысының өтiнiшi бойынша немесе келiсiмiмен ғана орын алуы мүмкiн.

4. Дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдықтардың мұрағаттары, ресми жазысқан хаттары және басқа да құжаттар қол сұғылмайтын болып табылады. Олар дипломатиялық өкiлдiк, консулдық басшысының келiсiмiнсiз қаралмайды және алынбайды. Дипломатиялық почта ашылуға және ұсталуға тиiс емес.

5. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген үй-жайларға кiруге, оларға тiнту жүргiзуге, алуға, сондай-ақ осы баптың төртiншi бөлiгiнде аталған құжаттарды қарап тексеруге және сұрыптап алуға дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдықтар басшыларының келiсiмiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер Министрлiгi арқылы прокурор сұратады.

6. Аталған жағдайларда тiнту, алу, қарап тексеру прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер Министрлiгi өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.

12-бөлім. Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық
58-тарау. Жалпы ережелер
559-бап. Құқықтық көмек көрсету тәртібімен жүргізілетін іс жүргізетінлік және өзге де іс-әрекеттер

1. Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттердің құзыретті органдарына құжаттарды тапсыру, жекелеген іс жүргізетінлік әрекеттерді орындау, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, адамдарды ұстап беру, адамдарды уақытша ұстап беру, сотталғандарды және медициналық сипатта мәжбүрлеу шаралары қолданылған психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шеккен адамдарды беру, үкімдерді тану және орындау құқықтық көмек көрсету тәртібімен жүргізілуі мүмкін.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шартында қылмыстық іс бойынша өзара іс-қимылдың осы Кодекстегіден өзге нысандары көзделуі мүмкін.

3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың ережелерi осы Кодекске қайшы келетiн болса халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет