Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Бірлескен тергеу, жедел-тергеу топтарын құру және оның қызметі



бет37/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#135967
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

580-бап. Бірлескен тергеу, жедел-тергеу топтарын құру және оның қызметі

1. Бірнеше мемлекеттің аумағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың мән-жайларына сотқа дейінгі тергеуді жүргізу үшін, немесе осы мемлекеттердің мүдделері бұзылса, бірлескен тергеу, жедел-тергеу топтары құрылуы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының сотқа дейінгі тергеу органдарының және шет мемлекеттердің құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша бірлескен тергеу, жедел-тергеу топтарын құру туралы мәселені қарап, шешеді.

3. Бірлескен тергеу, жедел-тергеу тобының мүшелері тікелей өзара іс-әрекет жасайды, сотқа дейінгі тергеудің, іс жүргізу әрекеттерінің негізгі бағыттарын келіседі, алынған ақпаратпен алмасады. Олардың қызметін үйлестіруді бірлескен тергеу, жедел-тергеу тобын құруға бастамашы немесе оның мүшелерінің біреуі жүзеге асырады.

4. Тергеу (іздестіру) және өзге де іс жүргізу әрекеттерін аумағында іс жүргізіліп отырған сол мемлекеттің бірлескен тергеу, жедел-тергеу тобының мүшелері орындайды.
60-тарау. Адамдарды ұстап беру (экстрадиция)
581-бап. Адамды ұстап беру (экстрадиция) туралы сұрау салуды жіберу

1. Адамды ұстап беру (экстрадиция) туралы сұрау салу,егер ұстап беру сұратылып отырған адамғақылмыстық құқық бұзушылықтардың ең болмағанда біреуі үшін бір жылдан артық бас бостандығынан айыру түрінде жоғары жаза көзделген немесе ол бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған және өтелмеген мерзімі кемінде алты айды құраған болса ғана жіберіледі.

2. Шет мемлекеттің құзыретті органының адамды ұстап беру туралы сұрау салуы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптар сақталған жағдайда ғана қаралуы мүмкін.

3. Адамды уақытша беру және транзиттік тасымалдау туралы сұрау салулар адамды ұстап беру (экстрадиция) туралы сұрау салу дәл сондай тәртіппен жіберіледі.

4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының құзыретті органына осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген адамды ұстап беруге кедергі болуы мүмкін мән-жайлар болған кезде шет мемлекетке сұрау салуды жіберуден бас тартуға құқылы.
582-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы құжаттарды дайындау және сұрау салуларды жіберу тәртібі

1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайда және тәртіппен қылмыстық процесті жүргізетін орган Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және оның аумағын тастап кеткен адамды ұстап беру (экстрадиция) туралы өтінішхатқа қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жүгінеді.

2. Адамды ұстап беру (экстрадиция) туралы өтінішхат жазбаша нысанда жасалады және:

1) іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органның атауын;

2) күдіктінің (сотталғанның) тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, азаматтығы туралы деректерді, фотосуретін;

3) жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың нақты мән-жайларын осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделетін заңның мәтіні келтіріле отырып, санкциясы міндетті түрде көрсетіле отырып, жазылуын;

4) заңды күшіне енген үкімнің, не күдіктінің әрекеттерін саралау туралы қаулының шығарылған жері мен уақыты туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

3. Адамды ұстап беру (экстрадиция) туралы өтінішхатқа:

1) егер ұстап беруді қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін сұратса, күдіктінің әрекеттерін алдын ала саралауды айқындау туралы қаулының, айыптау актісінің, тергеу судьясының немесе соттың адамды күзетпен ұстау туралы қаулысының куәландырылған көшірмелері;

2) егер ұстап беру үкімді орындату үшін сұратылса, оның заңды күшіне енгендігі туралы анықтамамен бірге үкімнің көшірмесі;

3) қылмыстық құқық бұзушылық сараланып отырған және ол бойынша ескіру мерзімі көзделген бапты қамтитын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен үзінді көшірмелер;

4) Қазақстан Республикасы уәкілетті органының ұстап беру сұратылып отырған адамның азаматтығы туралы қорытындысы;

5) егер сот тағайындаған жазаның бірбөлігін өтеген адамды ұстап беру сұратылса, жазаның өтелмеген бөлігі туралы анықтама;

6) аумағында іздестіріліп жатқан адам анықталған шет мемлекет үшін де қолданылатын Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де мәліметтер қоса берілуге тиіс.

4. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген негіздер болған кезде шет мемлекеттің құзыретті органына Қазақстан Республикасына адамды ұстап беру туралы сұрау салумен жүгінеді.
583-бап. Уақытша ұстап беру

1. Егер ұстап беруді кейінгі қалдыру қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің ескіруіне немесе қылмыстық іс жүргізу бойынша дәлелдемелердің жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін болса, осы Кодекстің 582-бабында көзделген тәртіппен дайындалатын уақытша ұстап беру туралы сұрау салу жіберілуі мүмкін.

2.Уақытша ұстап беру туралы сұрау салу қанағаттандырылған жағдайда осы адам тиісті шет мемлекетке келісілген мерзімде қайтарылуға тиіс.

3. Процесті жүргізетін орган қажет болған жағдайда уақытша ұстап беру туралы құжаттарды дайындайды, олар уақытша ұстап беру мерзімі аяқталардан бұрын жиырма тәуліктен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберіледі.


584-бап. Ұстап берілген адамның қылмыстық жауаптылығының шегі

1. Шет мемлекет ұстап берген адам оны берген мемлекеттің келісімінсіз ұстап беруге байланысты емес өзге қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылмайды, жазаланбайды.

2. Шет мемлекет ұстап берген адам оны берген мемлекеттің келісімінсіз үшінші мемлекетке берілмейді.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің қағидасы оны бергеннен кейін адам қылмыс жасаған жағдайларға, сондай-ақ егер ұстап берілген адам – қылмыстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін отыз тәулік өткенге дейін, ал сотталған жағдайда жазасын өтегеннен немесе одан босатылғаннан кейін отыз тәулік өткенге дейін сұрау салушы тараптың аумағынан кетпесе немесе егер ол оған өз еркімен оралса, қолданылмайды. Ұстап берілген адам сұрау салушы тараптың аумағынан өзіне байланысты емес себептермен кете алмаған уақыт бұл мерзімге есептелмейді.


585-бап. Ұстап берілген адамға қатысты қылмыстық іс жүргізу нәтижелері туралы хабардар ету

Прокурор сұрау салынатын органның уәкілетті органын кейіннен хабардар ету үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ұстап берілген адамға қатысты қылмыстық іс жүргізу нәтижелері туралы хабарлама жібереді.


586-бап. Күзетпен ұстау мерзімдерін есептеу

1. Бұлтартпау шарасы ретінде ұстап берілген адамға қолданылатын күзетпен ұстау мерзімінің басталуы оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезінен бастап есептеледі.

2. Қазақстан Республикасына ұстап берілетін адамды шет мемлекеттің аумағында ұстау және күзетпен ұстау уақыты, сондай-ақ оны этаппен жөнелту уақыты жаза тағайындау кезінде оны күзетпен ұстаудың жалпы мерзіміне есептеледі.

3. Уақытша ұстап беру ішінде Қазақстан Республикасының аумағында адамды күзетпен ұстау уақыты осындай адамның Қазақстан Республикасы сотының үкімімен тағайындалған жазаны өтеу мерзіміне есептелмейді.


587-бап. Транзит және уақытша ұстап беру кезінде күзетпен ұстау

Шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен ұстау немесе оған бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы шешімі:

1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалданатын;

2) Қазақстан Республикасына уақытша берілген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында күзетпен ұстауға негіз болып табылады.


588-бап.Ұстап беру сұратылатын адамның құқықтары

1. Шет мемлекетке ұстап беру туралы мәселе қарастырылып отырған адамның:

1) оны ұстап беру туралы сұрау салу қандай қылмыстық құқық бұзушылық бойынша түскенін білуге;

2) қорғаушысының болуына және сөйлесудің құпиялығын қамтамасыз ететін жағдайда онымен кездесуге, жауап алу кезінде қорғаушысының қатысуына;

3) ұсталған жағдайда ұсталғаны және келген жері туралы жақын туыстарына, отбасы мүшелеріне немесе өзге де адамдарға хабарлауға;

4) оны күзетпен ұстауға және оны ұстап беру туралы сұрау салуға байланысты мәселелерді соттың қарауына қатысуға;

5) ұстап беру туралы сұрау салумен танысуға немесе оның көшірмесін алуға;

6) күзетпен ұстау туралы, экстрадициялық қамауды қолдану туралы және ұстап беру жөніндегі сұрау салуды қанағаттандыру туралы шешімдерге шағым беруге;

7) сот отырысында ұстап беру туралы сұрау салу жөнінде өз пікірін білдіруге құқығы бар.

2. Егер ұстап беру туралы мәселе қаралып отырған адам шетелдік болып табылса және күзетпен ұсталса, онда оның өз мемлекетінің дипломатиялық немесе консулдық мекемесінің өкілімен кездесуге құқығы бар.


589-бап. Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау ерекшеліктері

1. Шет мемлекет қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін іздестіріп жатқан адамды Қазақстан Республикасының аумағында ұстауды қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы осы Кодекстің 131-бабында көзделген тәртіппен жүргізеді.

2. Жетпіс екі сағат ішінде ұсталған адамның жеке басы, оның азаматтығының тиесілігі белгілі болуға, іздестірудің бастамашысынан жасалған әрекеттің мән-жайлары, оған сәйкес осы әрекет қылмыстық құқық бұзушылық деп танылатын баптың мәтіні, құзыретті органның оны қамауға алу және іздестіру жариялау туралы шешімі, сондай-ақ адамды қамауға алу қажеттігі туралы растауы талап етілуге тиіс.

3. Шет мемлекеттің құзыретті органының ұстап беру туралы талап мәлімделгенге дейін адамды қамауға алу туралы өтінішхаты почтамен, телеграфпен, телекспен, факспен және өзге де байланыс құралдарымен жіберілуі мүмкін.

4. Ұсталған адам, егер:

1) ұсталған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде оны уақытша қамауда ұстау туралы немесе оған қатысты экстрадициялық қамауға алуды қолдану туралы өтінішхаттарды қарау үшін тергеу судьясына жеткізілмеген;

2) ұстап беру (экстрадиция) жүргізілмейтін мән-жайлар болған кезде, ол белгілі болған жағдайда дереу босатылады.
590-бап. Адамды уақытша қамауда ұстау

1. Ұсынылған материалдар зерделенгеннен кейін және ұсталған адам іздестіру жарияланған адам болып табылады деп ұйғаруға жеткілікті негіздер болған және осы Кодекстің 592-бабында жазылған негіздер болмаған кезде прокурор адамды ұстаудың жетпіс екі сағат мерзімі аяқталғанға дейін он екі сағат бұрынаудандық және оған теңестірілген сотқа ұсталған кезден бастап қырық тәулік мерзімге немесе оны ұстап беру туралы сұрау салу түскенге дейін Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартында белгіленген өзге мерзімде уақытша қамауда ұстауды қолдану туралы өтінішхатты енгізеді.

2. Өтінішхатқа:

1) адамды ұстау хаттамасы;

2) адамның шет мемлекеттің аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны және шет мемлекеттің құзыретті органы оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдағаны туралы деректерді қамтитын құжаттар;

3) ұсталған адамның жеке басын растайтын құжаттар қоса тігіледі.

3. Аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясы адамды ұстаған кезден бастап дереу, бірақ жетпіс екі сағаттан кешіктірмей өтінішхатты қарайды және уақытша қамауда ұстау туралы не уақытша қамауда ұстаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

4. Тергеу судьясының осы қаулысының заңдылығы мен негізділігіне шағымдану, наразылық білдіру және тексеру осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Адамды уақытша қамауға алу туралы прокурор ұстап беру уақыты мен орны туралы ұсыныспен ұстап беру туралы өтінімді, экстрадициялық қамауға алу туралы өтінішхатты жіберген немесе жіберуі мүмкін шет мемлекеттің мекемесіне дереу хабарлайды.

6. Қамауда ұстау орнының әкімшілігі мұндай адамды қамауда ұстау мерзімі аяқталғанға дейін он тәуліктен кешіктірмей, бұл туралы прокурорға хабарлауға міндетті.

7. Уақытша қамауда ұстау қолданылған адамды босатуды прокурор, егер:

1) сұрау салушы тараптан қырық тәулік ішінде ұстап беру туралы талап түспесе;

2) қырық тәулік ішінде экстрадициялық қамауға алу қолданылмаса;

3) ұстап беру мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлар белгілі болса, жүзеге асырады.

8. Адамды босату, егер адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу кеш түссе, оны қайтадан қамауға алуға және ұстап беруге кедергі келтірмейді.

9. Уақытша қамауда ұстау мерзімі аяқталғанға дейін адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен жағдайда, тергеу судьясының уақытша қамауда ұстау туралы қаулысы осы адамға қатысты экстрадициялық қамауға алуды қолдану туралы қаулыны тергеу судьясы шығарған кезден бастап заңды күшін жоғалтады.


591-бап. Экстрадициялық қамауға алу

1. Почтамен, телеграфпен, телекспен, факспен және өзге де байланыс түрлерімен сұрау салушы тараптан іздестіріліп жатқан адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуды алғаннан кейін прокурор адамды қамауда ұстаған орны бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа ұстап беру мақсатында адамға экстрадициялық қамауға алуды қолдану туралы өтінішхатты енгізеді.

2.Тергеу судьясының қарауына өтінішхатпен бірге:

1) Қазақстан Республикасының тиісті орталық органы куәландырған адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуының көшірмесі;

2) адамның азаматтығы туралы құжаттар;

3) қолда бар экстрадициялық тексеру материалдары беріледі.

3. Аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясы өтінішхатты қарайды және экстрадициялық қамауға алуды қолдану туралы не экстрадициялық қамауға алуды қолданудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

4. Өтінішхатты қарау кезінде тергеу судьясы іздестірілудегі адамның азаматтық тиесілігін, сондай-ақ кінәлілігі туралы мәселені зерттеместен және ұстап берілуі сұратылып отырған адамға қатысты іс бойынша шет мемлекеттің құзыретті органдары қабылдаған іс жүргізу шешімдерінің заңдылығын тексерместен оны ұстап беруге сұрау салынуына байланысты әрекетбас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын тексереді.

5. Тергеу судьясының осы қаулысына шағымдануды және наразылық білдірудіосы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен осы баптың төртінші бөлігіне сәйкес оның заңдылығы мен негізділігін тексеретін облыстық немесе оған теңестірілген сотжүзеге асырады. Облыстық немесе оған теңестірілген сот шешім шығарғанға дейін іздестірілудегі адам күзетпен ұсталады.

6. Ұстап беруге жататын адамға қатысты экстрадициялық қамауға алу оны ұстаған кезден бастап он екі ай мерзімімен, ал сот үкімін орындауға келтіру үшін сұратылып отырған адамға қатысты сұрау салушы мемлекетте сотталған мерзімнен аспайтын мерзімге қолданылады.

7. Қамауда ұстау орнының әкімшілігі экстрадициялық қамауға алу қолданылған адамды қамауда ұстау мерзімі аяқталғанға дейін он тәуліктен кешіктірмей, бұл туралы прокурорға хабарлауға міндетті.

Осы мерзім шегінде соттың тергеу судьясы прокурордың өтінішхаты, экстрадициялық қамауға алу қолданылған адамның, оның қорғаушысының, заңды өкілінің шағымы бойынша кеміндеекі айда бір рет адамды кейін қамауда ұстау немесе оны босату үшін негіздің бар-жоғын тексереді.

8. Экстрадициялық қамауға алу қолданылған адамды босату прокурордың қаулысы негізінде, оның ішінде осы бапта көрсетілген мерзім аяқталған соң жүргізіледі, егер осы мерзімдеұстап берілмесе, бұл туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарланады.

9. Адамды экстрадициялық қамауға алудан босату, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, ұстап беру туралы шешімді орындау үшін шет мемлекетке адамды нақты беру мақсатында оны қайтадан қолдануға кедергі келтірмейді.

10. Шет мемлекетке оны беру мақсатында адамды қамауда ұстау мерзіміне ұстап беруді сұраушы мемлекеттің аумағына оны этаппен айдауды ұйымдастыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру туралы қаулысына оның шағымын қарауға байланысты уақыт кірмейді.
592-бап. Адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тарту

1. Егер:


1) өзіне қатысты ұстап беру туралы сұрау салу келіп түскен адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылса және Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен сұрау салушы тараппен өз азаматтарын ұстап беру көзделмесе;

2) ұстап беру туралы сұрау салуға негіз болған әрекет Қазақстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылық деп танылмаса;

3) ол үшін ұстап беру сұратылған қылмыстық құқық бұзушылық Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздемесе;

4) өзіне қатысты ұстап беру туралы сұрау салу келіп түскен адамға Қазақстан Республикасы баспана берсе;

5) ұстап беру туралы сұрау салу түскен адамға қатыстыдәл сол қылмыстық құқық бұзушылық үшін заңды күшіне енген үкім шығарылса немесе іс бойынша іс жүргізу тоқтатылса;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша әрекет қылмыстық заңмен қудаланбаса немесе мерзімінің өтуіне байланысты немесе өзге де заңды негіздер бойынша үкім орындалмайтын болса;

7) ұстап беру туралы сұрау салу келіп түскен адамға Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайлардан басқа, сұрау салушы тарапта қинауды қолдану қаупіне ұшырауы мүмкін не оның денсаулығына, өміріне немесе бостандығына нәсілдік белгісі, діни нанымы, ұлты, азаматтығы (бодандығы), белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілігі немесе саяси сенімдері бойынша қауіп төніп тұр деп ұйғаруға негіздер болса;

8) ұстап беруді сұратуға байланысты әрекет, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында сұрау салушы тараппен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке айыптау тәртібімен ғана қудаланса;

9) ұстап беруді сұратуға байланысты әрекет, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында сұрау салушы мемлекетпен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша әдеттегі қылмыстық құқыққа сәйкес қылмыстар болып табылмайтын әскери қылмыстарға жататын болса;

10) шет мемлекеттің орталық органы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының талабы бойынша ұстап беру туралы сұрау салу жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес қосымша материалдарды немесе деректерді ұсынбаса;

11) адамды ұстап беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне қайшы келсе;

12) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де негіздер болса, ұстап беруге (экстрадициялауға) жол берілмейді.

2. Егер ұстап беруді сұратуға байланысты қылмыс Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тыс жерде жасалса, бірақ Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталса, ұстап беруден бас тартылуы мүмкін.
593-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу бойынша шешім

1. Экстрадициялық тексеру материалдарын зерделегеннен кейін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары шет мемлекетке адамды ұстап беру (экстрадициялау) немесе ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бірнеше мемлекеттердің адамды ұстап беру туралы талаптары болған кезде адам қай мемлекетке ұстап беруге жататыны туралы шешімді Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары қабылдайды.

2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары өзінің шешімі туралы шет мемлекеттің орталық органына, сондай-ақ оған қатысты қабылданған адамға және оның қорғаушысына хабарлайды.

3. Ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған жағдайда осы адамға оның көшірмесі тапсырылады және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына қабылданған шешімге шағымдану құқығы түсіндіріледі.

4. Ұстап беру туралы қаулы оған шағымдану мерзімі аяқталған соң орындауға жіберіледі. Қаулыға шағым жасалған жағдайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының қаулысы заңды күшіне енгізілгенге дейін ұстап беру жүргізілмейді.

5. Шет мемлекетке қылмыстық қудалауды жүзеге асыруды болдырмайтын негіздер бойынша адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тартылған жағдайда, шет мемлекеттің құзыретті органының өтінішхаты бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры осы Кодексте көзделген тәртіппен осы адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізуді тапсырады.


594-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге шағымдану тәртібі

1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру туралы қаулысына өзіне қатысты осы шешім қабылданған адам немесе оның қорғаушысы хабарламаны алған кезден бастап он тәулік ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына шағымдана алады.

2. Оған қатысты ұстап беру туралы шешім қабылданған адамды қамауда ұстау орнының әкімшілігі шағымды алған соң жиырма төрт сағат ішінде оны Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарлайды.

3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары ұстап беру туралы қаулыға шағымдану туралы хабарлама келіп түскен кезден бастап он тәулік ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына өздері қабылдаған шешімнің заңдылығы мен негізділігін растайтын материалдарды жібереді.

4. Адамды ұстап беру туралы шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексеруді шағымды алған күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы прокурордың, өзіне қатысты ұстап беру туралы шешім қабылданған адамның және оның қорғаушысының қатысуымен ашық сот отырысында жүргізеді.

5. Отырыстың басында төрағалық етуші қандай шағым қаралуға жататындығын хабарлайды, қатысушыларға олардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін түсіндіреді. Содан кейін арыз беруші және (немесе) оның қорғаушысы шағымды негіздейді, содан кейін сөз прокурорға беріледі.

6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы сотта қарау барысында осы адамды ұстап беру туралы шешімнің Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттарына сәйкестігін тексерумен шектеліп, оған қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адамның кінәлілігі мәселесін зерттемейді және шет мемлекеттің құзыретті органдары қабылдаған іс жүргізу шешімдерінің заңдылығын тексермейді.

7. Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мынадай:

1) адамды ұстап беру туралы шешімді заңсыз немесе негізсіз деп тану және оның күшін жою туралы;

2) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

3) адамды қамауда ұстау мерзімін кеміндебір ай мерзімге бір мезгілде ұзарта отырып, осы шешімді қабылдау үшін елеулі маңызы бар мәселелер қаралғанға дейін ұстап беру туралы шешімді тоқтата тұру туралы қаулылардың бірін шығарады.

8. Ұстап беру үшін қамауға алынған адамды босату осы Кодекстің 591-бабында көзделген тәртіппен ұстап беруді заңсыз немесе негізсіз деп тану және оның күшін жою туралы сот қаулысы күшіне енгеннен кейін жүргізіледі.

9. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының адамды ұстап беру туралы шешімді заңсыз немесе негізсіз деп тану және оның күшін жою туралы не шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулысы оны жария еткен кезден бастап заңды күшіне енеді.
595-бап. Шет мемлекетке беруді кейінге қалдыру және белгілі бір уақытқа ұстап беру

1. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары мынадай жағдайда, егер:

1) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адам Қазақстан Республикасының аумағында жасалған құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылса немесе жазасын өтесе – сотқа дейінгі тергеу немесе сот талқылауы аяқталғанға, жазасын өтегенге немесе қандай да бір заңды негіздер бойынша жазадан босатылғанға дейін;

2) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адам ауыр науқастан зардап шексе және денсаулық жағдайы бойынша оның денсаулығына зиян келтірмей беру мүмкін болмаса – ол жазылғанға дейін шет мемлекетке адамды нақты беруді кейінгі қалдыруы мүмкін.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген адамды нақты беруді одан әрі кейінге қалдыру үшін негіздер болмаған жағдайда, берілген адамға қатысты осы Кодексте белгіленген тәртіппен экстрадициялық қамауға алу қолданылады.

3. Егер кейінге қалдыру кезеңінде адамды ұстап беруге кедергі келтіруі мүмкін мән-жайлар туындаса, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру (экстрадициялау) туралы өз шешімін қайта қарауға құқығы бар.

4. Егер нақты беруді кейінге қалдыру қылмыстық қудалау мерзімінің өтуіне немесе шет мемлекетте қылмыстық құқық бұзушылықты тергеуге залал келтіруге әкеп соқтыратын жағдайда, ұстап беру сұратылып отырған адам уақытша берілуі мүмкін.

5. Уақытша берілген адам ол үшін берілген қылмыстық іс бойынша іс жүргізу әрекеттері жүргізілгеннен кейін, бірақ адам берілген күннен бастап тоқсан тәуліктен кешіктірілмей қайтарылуға тиіс. Өзара уағдаластық бойынша осы мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін өтелмеген жазасының мерзімінен аспайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет