Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Азаматтық қуынымды қамтамасыз ету



бет15/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#135967
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42

171-бап. Азаматтық қуынымды қамтамасыз ету

Азаматтық қуынушы азаматтық қуыным берген кезде қылмыстық қудалау органы оны қамтамасыз ету шараларын қолдануға міндетті. Егер мұндай шаралар қолданылмаған болса, сот басты сот талқылауына дайындалу кезінде осы Кодекстің 325-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органын оларды қолдануға міндеттейді. Азаматтық қуыным сот талқылауы кезеңінде қойылған кезде сот азаматтық қуынымды қамтамасыз ету туралы қаулы шығарады.


172-бап. Сот үкiмiнiң және қаулысының азаматтық қуыным бөлiгiнде орындалуы

Азаматтық қуынымды толық көлемде немесе ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған кезде соттың үкімін, қаулысын азаматтық қуыным бөлігінде ерікті түрде орындау үшін сот мерзім белгілеуге құқылы, бұл ретте заңнамада көзделген орындауды кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту қағидалары қолданылуы мүмкін. Сот актісін азаматтық қуыным бөлігінде мәжбүрлеп орындау атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада көзделген тәртіппен жүргізіледі.


173-бап. Қылмыстан жәбірленушілерге зиянды өтеу

Қылмыс салдарынан денсаулығына ауыр зиян келтірілген не қылмыспен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне сәйкес белгіленген ірі не аса ірі нұқсан келтірілген жәбірленушілерге, ал олар қайтыс болған жағдайда олардың заңды құқық мирасқорларына жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры туралы заңнамада көзделген тәртіппен, мөлшерде және мерзімдерде мемлекеттік өтемақы төленеді.

Аталған өтемақы бітімгершілік келісім жасалған не тараптар бітістірілген жағдайда төленбейді.

Қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысымен жәбірленушілерге өтем үшін төленген өтемақы қаражатын өтеу міндетін сот үкіммен:

1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғаға;

2) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін азаматтық заңнамаға сәйкес кінәлі деп танылған кәмелетке толмағанның заңды өкілдеріне, қорғаншыларына, қамқоршыларына;

3) жеке тұлғаның қылмыстық жаза қолданылатын әрекетімен келтірілген зиян үшін заңға сәйкес материалдық жауаптылықты мойындайтын заңды тұлғаға жүктейді.

4. Заңды күшіне енген айыптау үкімі, осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 12) тармақтарында, 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеуді қысқарту туралы қаулы осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген адамдардан жәбірленушілерге өтем төлеу қорына төлем өндіріп алу үшін негіз болып табылады.

5. Егер адам бір мезгілде бірнеше қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылса, төлем неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық ескеріле отырып есептеледі.
21-тарау. Еңбекке ақы төлеу және қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысындағы шеккен шығыстарды өтеу
174-бап. Заң көмегіне ақы төлеу

1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысушы адамдардың қорғаушысы мен өкілдерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, адвокат сотқа дейінгі іс жүргізуге немесе сотқа клиентпен шарт жасасылмай, тағайындау бойынша қорғаушы не жәбірленушінің өкілі, жеке айыптаушы ретінде қатысқанда адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу шығыстары бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қылмыстық процестi жүргiзетiн орган, күдіктiнi, айыпталушыны, сотталушыны егер негiз бар болса, заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы, бұл туралы дәлелді қаулы шығарады.


175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы

1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмысты орындайтын аудармашы, маман, сарапшы:

1) егер жұмысты қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындаса – жұмыс iстеген жерінде жалақы;

2) егер орындалған жұмыс лауазымдық мiндеттерiнiң аясына кiрмесе және жұмыстан тыс уақытта орындалса – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерлемелер шегiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен сыйақы;

3) егер жұмысты аталған тараппен уағдаластық бойынша орындаса – тараппен жасалған шартта айқындалған мөлшерде сыйақы алады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармағында көзделген жағдайда, сыйақы аудармашы, маман, сарапшы шотты ұсынғаннан кейiн қылмыстық процестi жүргiзетін органның шығарған қаулысы негiзiнде төленеді.


176-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысқан адамдардың шеккен шығыстарын өтеу

1. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен жәбірленушінің, азаматтық қуынушының, олардың заңды өкілдерінің, қылмыстық процесті жүргізетін органның тағайындауы бойынша жәбірленушінің қорғаушысы немесе өкілі (жеке айыптаушы) ретінде заң көмегін көрсететін адвокаттардың, осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігі мен 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда куәгерлердің, аудармашының, маманның, сарапшының, куәнің, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың мынадай шығыстары:

1) қылмыстық iстi жүргiзу органының шақыртуы бойынша келуге байланысты шығыстары:

– темiржол, су, автомобиль (таксидi қоспағанда) көлiгiмен және аталған жерде бар басқа да көлiк түрлерiмен жол жүру құны, ал қылмыстық процестi жүргiзушi органның келiсімiмен – әуе көлiгiмен жол жүру құны;

– қызметтiк iссапарларға ақы төлеу үшiн қабылданған нормалар бойынша, ұйым, жұмыс берушi шығындарды өтемейтiн болған жағдайда тұрғын үй-жайды жалдау құны;

2) бұл адамдар үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi органның қуынуы бойынша тұрғылықты тұратын жерiнен тысқары жерде тұруы қажет болған кезде және тәулiктiк ақыны ұйым, жұмыс берушi өтемейтiн болған жағдайда – тәулiктiк ақы;

3) орташа жалақысын ұйым, жұмыс берушi сақтайтыннан басқа жағдайларда, қылмыстық процестi жүргiзушi органның қуынуы бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыт үшiн орташа жалақы;

4) адамның қылмыстық процестi жүргiзушi органның қуынуы бойынша тергеу iсiне немесе басқа да iс жүргiзу әрекетiне қатысуы салдарынан сапасынан айырылған немесе жоғалған мүлiктi қалпына келтiруге немесе сатып алуға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.

2. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жәбiрленушiнiң, оның заңды өкiлiнiң, куәгерінiң, аудармашының, маманның, сарапшының, куәнің, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың қылмыстық процестi жүргiзетін органның қуынымы бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыты iшiндегi орташа жалақысын сақтауға мiндеттi.

3. Маман мен сарапшыға оларға тиесiлi химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезiнде жұмсалған басқа да шығыс материалдарының құны да, сондай-ақ жұмысты орындау үшiн олардың құрал-жабдықты, коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны және машина уақытын тұтынғаны үшiн төлеген ақысы өтеледi.

4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде тізбеленген адамдардың қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде шеккен шығыстары олардың өтiнiшi бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган қаулысының негiзiнде, заңнамада белгiленген мөлшерде өтелуге жатады. Аталған шығыстарды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Аталған шығыстар осы баптың бiрiншi бөлiгiнде тізбеленген адамдарды тергеу iсiне қатысуға тартқан тараптың есебiнен не осы Кодексте көзделген басқа жағдайларда өтелуi де мүмкiн. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақтарында көзделген шығыстарды заңнамаға сәйкес қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз бастамасымен өтелуi мүмкiн.
22-тарау. Iс жүргізу шығындары
177-бап. Iс жүргізу шығындары

Iс жүргізу шығындары:

1) куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға, куәгерлерге осы Кодекстiң 174, 175-баптарының тәртiбiмен төленетiн сомалардан;

2) тұрақты жалақысы жоқ куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, куәгерлерге оларды кәдуілгі айналысып жүрген істерінен қол үздiргенi үшiн төленетiн сомалардан;

3) жұмыс iстейтiн және тұрақты жалақысы бар куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың заңды өкiлдерiне, куәгерлерге олардың қылмыстық процестi жүргiзетін органға шақыртылуына байланысты кеткен барлық уақыты ішінде толық ала алмаған жалақысының орнын толтыру үшiн төленетiн сомалардан;

4) сарапшыларға, аудармашыларға, мамандарға олардың сотқа дейінгі тергеу барысында немесе сотта өз мiндеттерiн, қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындағаннан басқа жағдайларда орындағаны үшiн төленетiн сыйақыдан;

5) күдіктi немесе сотталушы заң көмегі көрсетілгені үшін ақы төлеуден босатылған не адвокат анықтауға, алдынала тергеуге немесе сотқа клиентпен келiсiм жасамай, тағайындау бойынша қатысқан жағдайда, қорғаушының заң көмегiн көрсеткенi үшiн төленетiн сомалардан;

6) заң көмегі көрсетілгені үшін жәбірленушінің өкілі (жеке айыптаушы) төлейтін сомалардан, оны төлеуден босатылған жағдайда;

7) заттай дәлелдемелердi сақтауға және жіберуге жұмсалған сомалардан;

8) сот сараптамасы органдарында сараптама жүргiзуге жұмсалған сомалардан;

9) тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны iздестiруге байланысты жұмсалған, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес есептелген сомалардан;

10) күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны тергеушiге немесе сотқа ол дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда алып келуге байланысты, сондай-ақ сотталушының дәлелсiз себептермен келмеуiне не оның сотқа масаң күйде келуiне байланысты сот талқылауын кейінге қалдыруға байланысты жұмсалған сомалардан;

11) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде шеккен өзге де шығыстардан құралады.
178-бап. Iс жүргiзу шығындарын өндіріп алу

1. Iс жүргiзу шығындарын өндіріп алу туралы мәселені сот қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарған кезде қарайды. Егер іс бойынша іс жүргізу қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде аяқталса, тергеу судьясы іс жүргізу шығындарын өндіріп алу туралы мәселені прокурордың ұсынымы бойынша қарайды. Іс жүргізу шығындарын өтеуді сот күдіктіге, айыпталушыға жүктеуi мүмкiн немесе мемлекет есебiне қабылданады.

2. Сот іс жүргiзу шығындарын аудармашыға төленген сомаларды қоспағанда, сотталған адамнан өндіріп алуға құқылы. Iс жүргiзу шығындары сотталған, жазадан босатылған адамдарға да жүктелуі мүмкін.

3. Іске аудармашының қатысуына байланысты іс жүргiзу шығындары мемлекет есебіне қабылданады. Егер аудармашы өз функцияларын қызметтiк тапсырма тәртiбiнде орындаса, оның еңбегiне ақы төлеудi мемлекет аудармашы жұмыс iстейтiн ұйымға өтейдi.

4. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі (жеке айыптаушы) ретінде заң көмегін тегін көрсеткен адвокаттың іске қатысуына байланысты іс жүргізу шығындары осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде және 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, бюджет қаражаты есебіне қабылданады.

5. Сотталушы ақталған немесе іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақтарына сәйкес қысқартылған жағдайда, іс жүргізу шығындары мемлекет есебіне жатқызылады. Егер сотталушы iшiнара ғана ақталса, ол кiнәлi деп танылған айыптауға байланысты сот оны iс жүргізу шығындарын төлеуге мiндеттейдi

6. Iс жүргiзу шығындары өндіріліп алынуға тиiс адам мүлiктiк жағынан дәрменсiз болған жағдайда,ол мемлекет есебiне қабылданады. Егер iс жүргiзу шығындарын төлеу сотталған адамның асырауындағы адамдардың материалдық жағдайына айтарлықтай әсер ететiн болса, сот сотталған адамды iс жүргiзу шығындарын төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы.

7. Iс бойынша бiрнеше сотталушыны кiнәлi деп тани отырып, сот iс жүргiзу шығындары олардың әрқайсысынан қандай мөлшерде өндірілуге тиiс екенiн белгiлейдi. Бұл ретте сот сотталған адамның кiнәсiнiң сипатын, қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылық дәрежесiн және мүлiктiк жағдайын ескереді.

8. Сот кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша iс жүргiзу шығындарын төлеуді кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға жүктей алады.

9. Сотталушы жеке айыптау iсi бойынша ақталған кезде сот iс жүргiзу шығындарын шағымы бойынша iс жүргiзу басталған адамнан толық немесе iшiнара өндіріп алуға құқылы. Тараптардың бітістірілуіне байланысты iс қысқартылған кезде iс жүргiзу шығындары тараптардың бірінен өндіріліп алынады.

10. Күдікті, айыпталушы қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері іс жүргiзу шығындарына байланысты міндеттемелер бойынша жауапты болмайды.

11. Iс жүргiзу шығындарын өндіріп алу құқығы соттың тиiстi шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл өткен соң мерзімді кезеңнің өтіп кетуіне байланысты тоқтатылады.

12. Іс жүргiзу шығындары туралы деректер болған жағдайда, осы баптың алтыншы бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, қылмыстық қудалау органы iс жүргiзу шығындарын өндiріп алуды қамтамасыз ету шараларын қолдануға мiндеттi.
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
6-бөлім. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу
23-тарау. Сотқа дейінгі тергеудің басталуы
179-бап. Сотқа дейінгі тергеудің басталуы

1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабарламаның сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі немесе бірінші кезек күттірмейтін тергеу іс-әрекеті сотқа дейінгі тергеудің басталуы болып табылады. Сотқа дейінгі тергеудің басталуы туралы бір тәулік ішінде прокурор хабардар етіледі.

2. Осы Кодекстің 184-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда прокурор, тергеуші, анықтаушы, анықтау органы қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз және хабарлама тіркелгенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық іздерін анықтау мен бекіту жөнінде кезек күттірмейтін тергеу іс-әрекетін жүргізеді және іс жүргізудің мәжбүлеу: қарап тексеру, алу, куәландыру, жеткізу, жауап алу шараларын қолданады. Бір мезгілде олар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың және хабарламаның Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелуіне, оның ішінде байланыс құралдары пайдаланыла отырып тіркелуіне шара қолдануға міндетті.

3. Жеке айыптау істерін қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы барлық арыздар, хабарламалар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуге міндетті.

4. Келіп түскен арызда, хабарламада әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылық белгілері туралы мәліметтер болған кезде өтініш ілеспе хатпен үш тәуліктің ішінде уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға беріледі.

5. Келіп түскен арызда, хабарламада жеке тәртіппен жүзеге асырылатын қылмыстық қудалау мәліметтері болған кезде материалдар соттылығы бойынша тиісті сотқа жіберіледі.

6. Кезек күттірмейтін тергеу іс-әрекеттерін жүргізу арызды, хабарламаны осы баптың төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен қарауға кедергі болмайды.
180-бап. Сотқа дейінгі тергеуді бастау себептері

1. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер, іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болмаған кезде, атап айтқанда:

1) қылмыстық құқық бұзушылық немесе адамның хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы жеке тұлғаның арызы не мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқаратын адамның хабарламасы;

2) кiнәсiн мойындап келу;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;

4) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамның дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы рапорты сотқа дейінгі тергеуді бастауға себеп болып табылады.

Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыруға себеп болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор өз құзыреті шегінде және осы Кодексте белгіленген тәртіппен өз қаулысымен қылмыстық істі өзінің іс жүргізуіне қабылдайды.

2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген себеппен тергеліп жатқан іс бойынша хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасалған белгілерін көрсететін деректер анықталған жағдайда, әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сараланады.

3. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу тәртібін, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
181-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабарлама

1. Жеке адамның не мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқаратын адамның арызы ауызша, жазбаша, қағазға түсіріліп немесе электрондық форматта берілген болуы мүмкiн.

Жазбаша арызға оны берген адам қол қоюға тиiс.

Арыз иесіне көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі, ол туралы арызға белгі жасалып, ол арыз иесінің қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық форматтағы арызға және ондағы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы белгіге электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.

2. Сотқа дейінгі тергеу немесе сот талқылауы барысында жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз тиісінше тергеу іс-әрекетінің немесе сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Өзге жағдайларда жеке хаттама жасалады. Хаттамада арыз иесі, оның тұрғылықты жері немесе жұмысы, сондай-ақ оны жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Хаттамаға арыз иесі және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды.

3. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы жасырын хабарлама сотқа дейінгі тергеуді бастауға себеп бола алмайды.


182-бап. Кiнәсiн мойындап келу

1. Кiнәсiн мойындап келу – қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаны туралы және (немесе) оны жасаған адам туралы белгілі болмағанда, не кінәсін мойындап келген адамға, қылмыстық қудалау органына оның қылмыстық құқықбұзушылық жасауға қатысы мәлім болғаны туралы хабарсыз адамның, қылмыстық қудалау органына өзi жасаған немесе дайындап жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке өзі, ерiктi, жазбаша немесе ауызша хабарлауы.

2. Ауызша мәлiмдеме осы Кодекстің 181-бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен қабылданады және хаттамаға енгiзiледi.

3. Егер кiнәсiн мойындап келген кездегi мәлiмдемеде қылмысқа қатысушылар көрсетілсе, мәлiмдеушi көрінеу жалған сөз жеткізгені үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiледi.


183-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлама

1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлама ол газетте немесе журналда жарияланғанда не радио, теледидар немесе телекоммуникациялық желілер арқылы таратылғанда, сотқа дейінгі тергеудің басталуына себеп бола алады.

2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны жариялаған немесе таратқан бұқаралық ақпарат құралдарында басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар сотқа дейінгі тергеуді бастауға құқығы бар органның талабы бойынша жасалған хабарламаны растайтын қолда бар құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ адамның мәлiметтердi ақпарат көзiн құпия ұстау талабымен берген жағдайларды қоспағанда, бұл мәлiметтердi берген адамның атын атауға мiндеттi.
184-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат

1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің анықталуы мына жағдайларда:

1) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде анықтау органының қызметкерi, тергеушi, прокурор қылмыстық құқық бұзушылықтың куәлары болғанда не қылмыстық құқық бұзушылықтың iзiн немесе салдарын тікелей ол жасалғаннан кейiн анықтағанда;

2) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы, прокурор өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезiнде қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді алғанда, сотқа дейінгі тергеудің басталуына себеп болады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, аталған адамдар қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің анықталғанын растайтын қолда бар құжаттарды және өзге де материалдарды қоса берумен қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы рапорт жазады.

3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы рапорт тиісті мәліметтерді қамтитын соттың жеке қаулысы келіп түскен жағдайда жасалуы мүмкін.


185-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдаудың мiндеттiлiгi

1. Қылмыстық қудалау органы кез келген дайындалып жатқан, жасалған не жасалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны қабылдауға және тiркеуге мiндетті. Арыз берушіге қылмыстық құқық бұзушылық туралы қабылданған арыздың немесе хабарламаның тіркелгені туралы құжат беріледі.

2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды қабылдау мен тіркеуден және сотқа дейінгі тергеудің басталуына осы Кодекстің 180-бабының бірінші бөлігінде көзделген басқа да себептерден бас тартуға жол берілмейді және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады, сондай-ақ осы Кодексте көзделген тәртіппен прокурорға не сотқа шағымдалуы мүмкін.

3. Сот қылмыстық, азаматтық істі талқылау кезінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтағанда, ол туралы жеке қаулымен прокурорға хабарлауға міндетті.


186-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды тергелу реті бойынша беру

1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арыздар немесе хабарламалар:

1) қылмыстық құқық бұзушылық бұл ауданнан немесе облыстан тысқары жерде жасалғанда және сотқа дейінгі тергеуді жүргізу үшiн қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерде тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болғанда;

2) қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізу тек басқа қылмыстық қудалау органының тергеуіне жататын болғанда ғана, тергелу тиесілігі бойынша берілуге тиіс.

2. Арыздарды, хабарламаларды қолда бар материалдармен тергелу тиесілігі бойынша қылмыстық қудалау органының басшысы прокурор арқылы жібереді.

3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттерін жүргізу талап етілетін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар, хабарламалар келіп түскен жағдайларға қолданылмайды. Мұндай жағдайларда жиналған материалдар арыз, хабарлама тіркелген кезден бастап бес тәуліктің ішінде тергелу тиесілігі бойынша беру үшін прокурорға жіберіледі.

4. Арыздар, хабарламалар оқиға болған жерді, орынды немесе үй-жайды қарап тексеру кезінде анықталған не ұйымдар, лауазымды адамдар немесе азаматтар берген заттармен және құжаттармен тергелу тиесілігі бойынша беріледі.

24-тарау. Сотқа дейінгі тергеу жүргізудің жалпы шарттары
187-бап. Тергелу реті

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 184, 185, 186 (екінші бөлігінде), 253, 254, 255, 257, 264, 267, 271, 287 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды ұрлауға не қорқытып алуға қатысты), 357, 370, 371, 372, 389 (екiншi бөлiгiнде), 394 (екiншi бөлiгiнде), 438 (бесінші бөлігінде), 439 (төртінші бөлігінде), 440 (төртінші бөлігінде), 442 (бесінші бөлігінде), 443 (төртінші бөлігінде), 444 (үшінші бөлігінде), 445, 446, 454 (үшінші бөлігінде), 455 (екінші бөлігінде), 456, 457, 458, 459 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 460 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205 (үшінші бөлігінде), 206 (екінші және үшінші бөліктерінде), 207 (екінші және үшінші бөліктерінде), 208 (екінші және үшінші бөліктерінде), 209 (екінші және үшінші бөліктерінде), 210 (екінші және үшінші бөліктерінде) көзделген құқық бұзушылық туралы істер бойынша, егер олар ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға, ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты жасалса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүзеге асыруы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 438 (төртінші және жетінші бөліктерінде), 439 (үшінші бөлігінде), 440 (үшінші бөлігінде), 442 (төртінші бөлігінде), 443 (үшінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 460 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы істер бойынша, егер олар ұрыс жағдайында жасалса, алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өзге баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы істер бойынша, егер оларды тергеу ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу тиесілігіне жатқызылған құқық бұзушылық туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүргізуі мүмкін.



2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 110 (екiншi бөлiгiнде), 116, 118 (үшінші бөлігінде), 120, 121, 122, 124, 125, 126 (екінші және үшінші бөліктерінде), 127, 128 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 129, 132, 133 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 134, 135, 141, 143 (екінші және үшінші бөліктерінде), 148 (екінші бөлігінде), 149, 150 (үшінші бөлігінде), 151 (екінші бөлігінде), 152, 156 (екінші бөлігінде), 157 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 158, 159 (екінші бөлігінде), 188 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 191 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 192, 194 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 196 (екінші және үшінші бөліктерінде), 200 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 201 (екінші бөлігінде), 202 (екінші және үшінші бөліктерінде), 203, 205 (үшінші бөлігінде), 206 (екінші және үшінші бөліктерінде), 207 (екінші және үшінші бөліктерінде), 208 (екінші және үшінші бөліктерінде), 209 (екінші және үшінші бөліктерінде), 210 (екінші және үшінші бөліктерінде), 211 (екінші және үшінші бөліктерінде), 212 (екінші бөлігінде), 213 (екінші және үшінші бөліктерінде), 249, 250 (екінші бөлігінде), 258, 265, 268, 269, 270, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 283 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 284 (екінші және үшінші бөліктерінде), 286 (екінші бөлігінде), 287 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 289 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 291 (төртінші бөлігінде), 292, 293, 294 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 296 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 297, 299, 300, 301 (екінші және үшінші бөліктерінде), 304 (екінші бөлігінде), 307, 309 (екінші бөлігінде), 310 (екінші бөлігінде), 313 (үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 315 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 319 (екінші және үшінші бөліктерінде), 320, 321 (екінші және үшінші бөліктерінде), 322 (екінші және үшінші бөліктерінде), 323, 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 325, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328, 329, 330 (екінші және үшінші бөліктерінде), 331 (екінші және үшінші бөліктерінде), 333 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 334, 337 (екінші бөлігінде), 339 (екінші және үшінші бөліктерінде), 341, 345 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 346 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 347 (екінші және үшінші бөліктерінде), 348 (екінші және үшінші бөліктерінде), 349, 350 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 351 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 352, 353 (екінші бөлігінде), 354 (бірінші бөлігінде), 355 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 356 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 373 (екінші және үшінші бөліктерінде), 374, 376 (екінші бөлігінде), 377, 379 (екінші бөлігінде), 385, 386 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 392 (екінші және үшінші бөліктерінде), 397 (үшінші бөлігінде), 399, 400 (екінші бөлігінде), 402 (бірінші бөлігінде), 403 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 408, 426 (екінші бөлігінде), 428 (екінші және үшінші бөліктерінде), 430, 438 (төртінші және жетінші бөліктерінде), 439 (екінші және үшінші бөліктерінде), 440 (екінші және үшінші бөліктерінде), 441 (үшінші бөлігінде), 442 (төртінші бөлігінде), 443 (екінші және үшінші бөліктерінде), 444 (екінші бөлігінде), 447 (екінші бөлігінде), 450 (үшінші бөлігінде), 454 (екінші бөлігінде), 455 (бірінші бөлігінде), 460 (үшінші бөлігінде), 463 (екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 465, 466, 467 (төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.

3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 (үшінші бөліктің 2) тармағында), 190 (үшінші бөліктің 2) тармағында), 214 (екінші бөлігінде), 215 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 216 (екінші және үшінші бөліктерінде), 218, 219, 220, 222, 223, 225 (екінші бөлігінде), 227 (екінші және үшінші бөліктерінде), 228, 229, 231 (екінші және үшінші бөліктерінде), 232, 233 (екінші және үшінші бөліктерінде), 234, 235, 236 (екінші бөлігінде), 237, 240 (бірінші бөлігінде), 241 (екінші бөлігінде), 242 (екінші және үшінші бөліктерінде), 244 (екінші бөлігінде), 245 (екінші және үшінші бөліктерінде), 246, 251, 252, 302, 358, 359, 361, 362, 363, 364, 365, 366, 367-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 196 (екінші және үшінші бөліктерінде), 249-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы істер бойынша, егер оларды тергеу қаржы полициясы органдары тергеушілерінің тергеу тиесілігіндегі құқық бұзушылықтарды тергеумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізуі мүмкін.

4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 (екінші бөлігінде, үшінші бөліктің 1) тармағында, төртінші бөлігінде), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 193, 195 (екінші және үшінші бөліктерінде), 197 (екінші және үшінші бөліктерінде), 198 (үшінші бөлігінде), 199 (үшінші бөлігінде), 217, 248, 368, 407 (үшінші бөлігінде), 409, 411, 412, 413, 414 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 415, 416, 417, 418, 419, 420, 421, 422, 423, 424, 425 (бірінші бөлігінде), 433, 435, 436 (үшінші және төртінші бөліктерінде) -баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді сотқа дейінгі тергеуді бастаған ішкі істер немесе қаржы полициясы органы жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146, 434-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді осы органның қызметкері болып табылмайтын адамға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған iшкi iстер немесе қаржы полициясы органдары жүргiзедi.

5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 173, 181, 266, 279, 280, 281, 282 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 402 (екінші және үшінші бөліктерінде), 403 (төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді сотқа дейінгі тергеуді бастаған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.

6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259, 260, 261, 262, 263, 451, 452, 453-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейінгі тергеуді бастаған ішкi iстер, ұлттық қауіпсiздiк немесе қаржы полициясы органдары жүргізедi.

7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабында көзделген құқық бұзушылық туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейінгі тергеуді бастаған ұлттық қауіпсiздiк немесе қаржы полициясы органдары жүргізедi.

8. Бұл iстiң өз тергеуiне жатпайтынын анықтағанда тергеушi сотқа дейінгі тергеу басталған кезден бастап бес тәулік ішінде кейiнге қалдырылмайтын тергеу әрекеттерін жүргiзуге, содан кейiн iстi тергелу тиесілігі бойынша жiберу үшiн прокурорға беруге мiндеттi.

9. Түрлi алдын ала тергеу органдарының тергеу тиесілігіне жататын, құқық бұзушылық жасады деп бiр немесе бiрнеше адамды айыптау жөніндегі істерді бір іс жүргізуге біріктірген кезде тергелу тиесілігін прокурор айқындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет