Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Сотқа дейінгі тергеу жүргiзiлетiн жер



бет16/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#135967
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42

188-бап. Сотқа дейінгі тергеу жүргiзiлетiн жер

1. Сотқа дейінгі тергеу қылмыс жасалған ауданда (облыста) жүргiзiледi.

2. Сотқа дейінгі тергеу жедел және толық болуы мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық анықталған орын бойынша, сондай-ақ күдіктi немесе куәлардың көпшiлiгi тұрған жерде жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Тергеу әрекеттерiн басқа ауданда (облыста) жүргiзу қажет болған жағдайда сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам оларды жеке өзi жүргiзуге не бұл iс-әрекеттердi жүргiзудi сол ауданның (облыстың) тергеушісіне немесе анықтау органына тапсыруға құқылы. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам жасырын тергеу әрекеттерін немесе iздестiру шараларын жүргiзудi сотқа дейінгі тергеу жүргізілетін жердегi немесе олардың жүргiзілу жеріндегi анықтау органына тапсыра алады. Тапсырма он тәулiктен аспайтын мерзiмде орындалуға тиiс.

4. Тергеушінің, прокурордың тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмаларын орындаған кезде анықтау органының қызметкері тергеушінің өкілеттіктерін пайдаланады.
189-бап. Сотқа дейінгі тергеу нысандары

1. Сотқа дейінгі тергеу анықтау, алдын ала тергеу нысандарында және хаттамалық нысанда жүргізіледі.

2. Хаттамалық нысандағы істерді қоспағанда, сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.

3. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша, егер жиналған дәлелдемелермен қылмыс фактісі мен оны жасаған адам, оның өз кінәсін толық мойындағаны, келтірілген залал (зиян) мөлшерімен (сомасымен) келіскені анықталса, бұл жөнінде күдіктіні хабардар етумен және оған бұл шешімнің құқықтық салдарын түсіндірумен сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу жүргізілуі мүмкін.

4. Анықтау нысанындағы сотқа дейінгі тергеуді осы Кодекстің 191-бабының екінші – он үшінші бөліктерінде көрсетілген қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау органы жүргізеді.

5. Алдын ала тергеу нысанындағы сотқа дейінгі тергеу осы Кодекстің 32-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істерді қоспағанда, осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген қылмыстар бойынша, кәмелетке толмағандар немесе өзінің қорғану құқығын дене бітімі немесе психикалық кемістіктеріне байланысты өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған барлық қылмыстар бойынша, сондай-ақ қылмыс жасады деп күдік келтірген адам белгісіз болған анықтау істері бойынша жүзеге асырылады.

6. Анықтау органының бастығы осы Кодекстің 192-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде істің мән-жайын жеткілікті және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда да алдын ала тергеуді тағайындауға құқылы.

7. Осы Кодекстің 191-бабының он жетінші – жиырма сегізінші бөліктерінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеуді қылмыстық қудалау органы жүргізеді.


190-бап. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу

1. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу онбес тәулік ішінде аяқталуға тиіс.

2. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу кезінде сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстың мән-жайларын анықтайды және күдіктінің оны жасауға қатысқанын растайтын дәлелдемелерді жинайды.

3. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адам тек нәтижелері қылмыс іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін тиянақтайтын ғана тергеу және және өзге де іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге құқылы.

4. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу:

1) қылмыстардың жиынтығына қатысты, олардың ішінде біреуі ғана болсын аса ауыр болып табылған жағдайда;

2) сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарға қатысты;

3) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитетi бар адамдарға қатысты;

4) қылмысқа бірлесіп қатысушылардың біреуі болсын өз кінәсін мойындамаған жағдайда;

5) кәмелетке толмағандар немесе өзінің қорғану құқығын дене бітімі немесе психикалық кемістіктеріне байланысты өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар бойынша қолданылмайды.

5. Прокурор сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу аяқталғаннан кейін айыптау актісімен қылмыстық істі ала отырып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей мына әрекеттердің бірін жүргізеді:

1) айыптау актісін бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді;

2) істі анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін жібереді;

3) жекелеген күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеуді немесе қылмыстық қудалауды қысқарту туралы қаулы шығарады.


191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеу

1. Осы баптың екінші – он үшінші бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылық туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 107, 110 (бірінші бөлігінде), 112, 113, 114 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 117 (екінші бөлігінде), 118 (екінші бөлігінде), 119 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 126 (бірінші бөлігінде), 128 (бірінші бөлігінде), 136, 137 (екінші бөлігінде), 142, 143 (бірінші бөлігінде), 150 (екінші бөлігінде), 188 (бірінші бөлігінде), 191 (бірінші бөлігінде), 194 (бірінші бөлігінде), 200 (бірінші бөлігінде), 201 (бірінші бөлігінде), 207 (бірінші бөлігінде), 209(бірінші бөлігінде), 210 (бірінші бөлігінде), 212 (бірінші бөлігінде), 250 (бірінші бөлігінде), 284 (бірінші бөлігінде), 286 (бірінші бөлігінде), 294 (бірінші бөлігінде), 295, 296 (бірінші және екінші бөліктерінде), 298 (екінші бөлігінде), 303, 304 (бірінші бөлігінде), 305, 306, 308, 309 (бірінші бөлігінде), 310 (бірінші бөлігінде), 314, 315 (бірінші бөлігінде), 316 (екінші бөлігінде), 317 (екінші бөлігінде), 318 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 319 (бірінші бөлігінде), 335, 336 (төртінші бөлігінде), 337 (бірінші бөлігінде), 338 (екінші бөлігінде), 342 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 343 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 344, 345 (екінші бөлігінде), 346 (екінші бөлігінде), 347 (бірінші бөлігінде), 355 (екінші бөлігінде), 369, 383, 384, 387 (екінші және үшінші бөліктерінде), 392 (бірінші бөлігінде), 396 (үшінші бөлігінде), 397 (бірінші және екінші бөліктерінде), 400 (бірінші бөлігінде), 407 (бірінші бөлігінде), 426 (бірінші бөлігінде), 427, 428 (бірінші бөлігінде), 429 (екінші бөлігінде), 432 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтауды ішкi iстер органдары жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 (бірінші бөлігінде), 250 (бірінші бөлігінде), 286 (бірінші бөлігінде), 342 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 345 (екінші бөлігінде), 347 (бірінші бөлігінде), 396 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы істер бойынша анықтауды, егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жүргізе алады.

3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214 (бірінші бөлігінде), 215 (бірінші бөлігінде), 216 (бірінші бөлігінде), 230, 242 (бірінші бөлігінде), 245 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы істер бойынша анықтауды қаржы полициясы органдары жүргізеді.

4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 438 (үшінші бөлігінде), 440 (бірінші бөлігінде), 441 (екінші бөлігінде), 442 (екінші және үшінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 447 (бірінші бөлігінде), 448 (екінші бөлігінде), 449 (екінші бөлігінде), 450 (екінші бөлігінде), 454 (бірінші бөлігінде), 460 (бірінші және екінші бөліктерінде), 462, 463 (бірінші бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде), 467 (екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналы адамдарының өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған осы бапта көрсетілген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтауды әскери полициясы органдары жүргiзедi.

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған, алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес, барлық өзге де құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.

6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 394-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтауды Шекара қызметiнiң органдары жүргiзедi.

7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 288-бабында көзделген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтауды Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары жүргiзедi.

8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (бірінші бөлігінде), 190 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеуді бастаған ішкі істер немесе қаржы полициясы органы жүргізеді.

9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 231-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеуді бастаған қаржы полициясы органы немесе кеден органы жүргізеді.

10. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабында (екiншi бөлiгінде) көзделген құқық бұзушылық туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеуді бастаған ішкі істер органы немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүргізеді.

11. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 425 (екiншi бөлiгінде), 431-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтауды әділет органы жүргiзедi.

12. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 382-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде) көзделген құқық бұзушылық туралы істер бойынша анықтауды, сотқа дейінгі тергеуді бастаған ішкі істер, қаржы полициясы органы немесе егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жүргізеді.

13. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 282-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеуді бастаған iшкi iстер, қаржы полициясының органы немесе кеден органы жүргiзедi.

14. Осы бапта көрсетiлген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтау құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірген адам белгiлi болған кезде жүргiзiледi.

15. Анықтау осы тараудың баптарында көзделген алып тастауларға орай осы Кодексте алдын ала тергеу үшiн белгiленген қағидалар бойынша жүргiзiледi.

16. Осы баптың он жетінші – жиырма сегізінші бөліктерінде көрсетілген қылмыстық теріс қылық туралы істер бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдар істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.

17. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 111, 115, 117 (бірінші бөлігінде), 118 (бірінші бөлігінде), 119 (бірінші бөлігінде), 133 (бірінші бөлігінде), 137 (бірінші бөлігінде), 138, 140, 144, 145, 146, 151 (бірінші бөлігінде), 155, 156 (бірінші бөлігінде), 157 (бірінші және екінші бөліктерінде), 159 (бірінші бөлігінде), 160, 183, 187, 196 (бірінші бөлігінде), 202 (бірінші бөлігінде), 204 (бірінші бөлігінде), 272 (бірінші бөлігінде), 284 (төртінші бөлігінде), 285, 289 (бірінші бөлігінде), 290, 291 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 298 (бірінші бөлігінде), 301 (бірінші бөлігінде), 311, 312, 313 (бірінші және екінші бөліктерінде), 315 (екiншi бөлiгінде), 316 (бірінші бөлігінде), 318 (бірінші бөлігінде), 321 (бірінші бөлігінде), 322 (бірінші бөлігінде), 324 (бірінші бөлігінде), 327 (екiншi бөлiгінде), 330 (бірінші бөлігінде), 331 (бірінші бөлігінде), 332, 336 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 338 (бірінші бөлігінде), 339 (бірінші бөлігінде), 340, 343 (бірінші бөлігінде), 346 (бірінші бөлігінде), 351 (бірінші бөлігінде), 353 (бірінші бөлігінде), 354 (екiншi бөлiгінде), 355 (бірінші бөлігінде), 356 (бірінші бөлігінде), 373 (бірінші бөлігінде), 375, 376 (бірінші бөлігінде), 378, 379 (бірінші бөлігінде), 380, 381, 386 (бірінші және екінші бөліктерінде), 396 (бірінші бөлігінде), 388, 390, 391, 393, 395, 396 (бірінші және екінші бөліктерінде), 398, 401, 403 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404, 405, 406, 410, 429 (бірінші бөлігінде), 432 (бірінші бөлігінде), 437-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеуді ішкi iстер органдары жүргiзедi.

18. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 221, 224, 225 (бірінші бөлігінде), 226, 227 (бірінші бөлігінде), 236 (бірінші бөлігінде), 238, 239, 240 (бірінші бөлігінде), 241 (бірінші бөлігінде), 243, 244 (бірінші бөлігінде), 247-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеуді қаржы полициясы органдары жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 196-бабының бірінші бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық туралы істер бойынша, егер оларды тергеу қаржы полициясы органдарының тергеу тиесілігіндегі істер бойынша сотқа дейінгі тергеумен тікелей байланысты болса және оны жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеуді қаржы полициясы органдары жүргізуі мүмкін.

19. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 186 (бірінші бөлігінде), 459 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеуді ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.

20. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 195 (бірінші бөлігінде), 197 (бірінші бөлігінде), 198 (екінші бөлігінде), 199 (екінші бөлігінде), 360, 407 (екiншi бөлiгінде), 414 (төртінші бөлiгінде), 436 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеуді хаттама жасаған ішкі істер не қаржы полициясы органы жүргізеді.

21. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 438 (бірінші, екінші және алтыншы бөліктерінде), 439 (бірінші бөлігінде), 441 (бірінші бөлігінде), 442 (бірінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 448 (бірінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 450 (бірінші бөлігінде), 461, 464 (бірінші бөлігінде), 467 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеуді әскери полициясы органдары жүргізеді.

22. Осы баптың жиырма бірінші бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ анықтау міндетті емес және жиналған материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылатын, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған барлық өзге де қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.

23. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205 (бірінші және екінші бөліктерінде), 206 (бірінші бөлігінде), 208 (бірінші бөлігінде), 211 (бірінші бөлігінде), 213 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеуді хаттаманы жасаған ішкі істер, қаржы полициясы органы жүргізеді.

24. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық теріс қылық бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеуді хаттаманы жасаған қаржы полициясы органы не кеден органы жүргізеді.

25. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабында көзделген қылмыстық теріс қылық бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеуді хаттаманы жасаған әділет органы жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 154-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық теріс қылық бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеуді, егер ол соттың жұмыста қайта қалпына келтіру туралы шешімінің орындалмауымен байланысты болса, хаттаманы жасаған әділет органы жүргізеді.

26. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 283 (бірінші бөлігінде), 333 (бірінші бөлігінде), 342 (бірінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 350 (бірінші бөлігінде), 375 (бірінші бөлігінде), 376 (бірінші бөлігінде), 379 (бірінші бөлігінде), 387 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық туралы істер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеуді ішкі істер органы не егер олар күзету іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жүргізеді.

27. 389-бапта (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді ішкі істер органы не шекара қызметінің органдары жүргізеді.

28. 382-бапта (үшінші бөлігінде) көзделген қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді хаттаманы жасаған ішкі істер, қаржы полициясы органы не егер олар күзету іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жүргізеді.
192-бап. Сотқа дейiнгі тергеудің мерзімі

1. Сотқа дейiнгі тергеу қылмыстық істің күрделілігін, тергеу әрекеттерінің көлемін және істің мән-жайын зерттеудің жеткіліктілігін ескере отырып, орынды, бірақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген қылмыстық қудалау мерзiмiнің өтуінен аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс.

Қылмыстық сот ісін жүргізудің орынды мерзімін айқындаған кезде қылмыстық істің құқықтық және нақты күрделілігі, сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысушылардың іс жүргізетінлік құқықтарын іске асыруы, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның өз өкілеттіктерін сотқа дейінгі қудалауды уақытылы жүзеге асыру мақсатында іске асыру тәсілі сияқты мән-жайлар ескеріледі.

2. Сотқа дейінгі тергеу мерзімі арыз және хабарлама сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай тізілімінде тіркелген кезден бастап қылмыстық істі айыптау актісімен немесе істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін сотқа беру туралы қаулымен прокурорға жіберілген күнге дейін не іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы шығарылған күнге дейін есептеледі.

Анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеу бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауға тиіс.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімге қылмыстық процеске қатысушылардың осы Кодекстің 296-бабының тәртібімен қылмыстық істің материалдарымен танысу уақыты, сондай-ақ күдіктінің, жәбірленушінің шағымы бойынша қылмыстық істің сотта және прокуратурада болған уақыты, сондай-ақ істі бір органнан екінші органға берген уақыт кірмейді.

4. Осы баптың екінші бөлігінде белгіленген сотқа дейiнгі тергеу мерзімі тергеушінің, анықтау бөлімі бастығының дәлелді өтінішхаты бойынша:

– істің күрделілігіне байланысты аудандық және оған теңестірілген прокурор – орынды, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге;

– істің ерекше күрделілігіне байланысты немесе қылмыстық істің материалдарын қылмыстық қудалауды жалғастыру үшін шет мемлекетке жіберу туралы мәселені шешу кезінде – облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор мен олардың орынбасарлары орынды, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

5. Сотқа дейiнгi тергеу мерзiмiн одан әрi ұзартуға тек ерекше жағдайларда iстiң күрделiлiгi ескерiле отырып жол берiледi және оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары орынды, бірақ осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімге жүзеге асыра алады.

6. Сотқа дейiнгi тергеудiң мерзiмiн ұзарту туралы қаулыны тергеу бөлімінің, анықтаудың бастығы, прокурор ауданның, облыстың прокурорына және оларға теңестiрiлген прокурорларға сотқа дейiнгi тергеу мерзiмi өткенге дейін – бес тәулiктен кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорға, оның орынбасарларына – он тәулiктен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.

7. Прокурор материалды қосымша тергеу үшін қайтарған кезде сотқа дейiнгi тергеу прокурор белгілеген, бірақ іс қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адамға келіп түскен кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Мерзімді одан әрі ұзарту жалпы негіздерде және осы бапта көзделген тәртіппен жүргізіледі.

8. Күдікті, жәбірленуші тергеудің негізсіз созылуына шағымдануға және прокурорға қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адам сол мерзім ішінде істі тергеуді толық көлемінде аяқтауы қажет белгілі бір мерзімді белгілеу туралы өтінішхат білдіруге немесе осы Кодексте көзделген тәртіпте сотқа шағым беруге құқылы.
193-бап. Прокурордың сотқа дейінгі тергеу барысындағы өкiлеттiктерi

1. Сотқа дейiнгi тергеуді жүргізу кезінде заңдардың сақталуына қадағалауды және қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

1) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды тіркеуге, оны қылмыстық қудалау органына беруге не өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыруға;

2) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды және бір қылмыстық қудалау органынан келіп түскен қолда бар материалдарды тергелу тиесілігі мен соттылығы бойынша беруге;

3) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздарды және хабарламаларды қабылдау және тiркеу кезiнде заңдылықтың сақталуын тексеруге;

4) оқиға болған жерді қарап тексеруге қатысуға, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өз өкілеттіктері шеңберінде басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;

5) қандай да бір тергеу әрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар беруге;

6) осы Кодексте көзделген жағдайларда сотқа дейiнгі тергеуді жүзеге асыратын адамның іс-әрекеттеріне және шешімдеріне санкция беруге;

7) жекелеген тергеу әрекеттерін жүргiзуге қатысуға;

8) жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін сотқа дейiнгi тергеу материалдарына қоса тіркеу туралы жазбаша нұсқау беруге;

9) қылмыстық қудалаудан иммунитетi мен артықшылықтары бар адамдарды қол сұғылмаушылығынан айыруға және қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұсыным енгізуге;

10) тексеру үшін қылмыстық қудалау органдарынан қылмыстық істерді, құжаттарды, материалдарды, соның ішінде жедел іздестіру шараларының және жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін алуға; тергеу мерзімі үзілген қылмыстық істерді одан әрі тергеу жүргізу үшін беруге;

11) тергеушiнiң, анықтаушының, анықтау органының заңсыз қаулыларының, сондай-ақ қылмыстық қудалау органы бастықтарының, төмен тұрған прокурордың қаулылары мен нұсқауларының күшiн жоюға;

12) қылмыстық iсті қосымша тергеу жүргізу үшін қайтаруға не сотқа дейінгі тергеуді толық көлемде немесе нақты адамдарға қатысты қысқартуға;

13) сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын органнан істі алуға және оны сотқа дейінгі тергеудің басқа органына беруге; айрықша жағдайларда тергеудің объективті және жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық қудалау органының жазбаша өтінішхаты бойынша не өз бастамашылығымен істі бір органнан екінші органға беруге не өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және оны осы Кодексте белгіленген тергелу тиесілігіне қарамастан тергеуге;

14) тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының, қылмыстық қудалау органдары басшыларының, сондай-ақ төмен тұрған прокурордың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарауға;

15) тергеушiнi, анықтаушыны заңдылықты бұзған кезінде сотқа дейінгі тергеуден шеттетуге;

16) тергеу мерзімдерін белгілеуге және оларды ұзартуға;

17) осы Кодексте тергеу судьясының кұзыретіне жатқызылған сұрақтар қаралған кезінде қатысуға;

18) күзетпен ұсталған адамдарды заңнамада белгiленген ұстау тәртiбi мен жағдайларының сақталуын тексеруге;

19) айыптау актісін, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітуге, айыпталушыны сотқа беруге және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберуге;

20) сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамның осы Кодексте көзделген негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеуді қысқарту туралы қаулысын бекітуге;

21) нәтижелерін сот прокурордың өтінішхаты бойынша іс материалдарына қоса тіркейтін, сот қаулысы бойынша тергеу әрекеттерін жүргізуді ұйымдастыруға;

22) іс жүргізу келісіміне бастамашылық жасауға және оны жасауға;

23) осы Кодексте көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға уәкілетті.

2. Прокурордың сотқа дейінгі тергеу сатысындағы өкілеттіктерін шектеуді Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.

Прокуратура органы басшысының ерекше өкілеттіктеріне:

1) ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін жасау;

2) тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының заңсыз қаулыларының, сондай-ақ қылмыстық қудалау органы бастығының, төмен тұрған (бағынысты) прокурордың қаулылары мен нұсқауларының күшін жою;

3) сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамнан не органнан қылмыстық істі алып қою және оны сотқа дейінгі тергеуді жүргізу үшін басқа адамға не органға беру;

4) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар адамдарды қол сұғылмаушылығынан айыруға және қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұсыным енгізу;

5) қылмыстық істерді тергеу мерзімдерін ұзарту;

6) осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

3. Прокуратура басшысы қылмыстық іс бойынша осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды (іс жүргізу прокурорын) айқындайды.

Іс жүргізу прокуроры қылмыстық іс бойынша заңдардың сақталуына қадағалауды сотқа дейінгі тергеу басталған кезден бастап іс бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін жүзеге асырады. Іс жүргізу прокуроры ауыстырылмайды, бірақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда прокуратура басшысының шешімі бойынша басқа іс жүргізу прокурорымен ауыстырылуы мүмкін.

4. Прокурордың сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын адамға, қылмыстық қудалау органының бастығына осы Кодексте көзделген тәртіппен берген нұсқаулары міндетті болып табылады, бірақ жоғары тұрған прокурорға шағымдалуы мүмкін. Алынған нұсқауларға жоғары тұрған прокурорға шағымдану олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет