Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Кассациялық қараудың нысанасы



бет30/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#135967
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42

449-бап. Кассациялық қараудың нысанасы

Кассациялық сатыдағы сот үкімді (қаулыны) шығарған соттың қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын сақтауын тексереді және соның негізінде үкімнің (қаулының) заңдылығын, негізділігін және әділдігін тексереді.


450-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық

1. Кассациялық шағым немесе наразылық тікелей кассациялық сатыдағы сотқа беріледі және оларда:

1) шағым немесе наразылық жолданған соттың атауы;

2) шағым берген немесе наразылық білдірілген адам туралы, оның іс жүргізудегі жағдайы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның байланыс жасайтын құралдарының нөмірі көрсетілген деректер;

3) шағымдалып немесе наразылық беріліп отырған үкім немесе өзге де шешім және осы шешімді шығарған соттың атауы;

4) қылмыстық немесе қылмыстық іс жүргізу заңын дұрыс қолданбаудың неге байланысты екені және ол сот шешімінің мәніне қалай әсер еткені, өтініштің неден тұратыны көрсетілген шағым немесе наразылық берген адамның дәлелдері;

5) шағымға немесе наразылыққа қоса берілетін материалдардың тізбесі;

6) шағым немесе наразылық авторының қолы болуға тиіс.

Шағымда автор істі кассациялық сатыда өзінің қатысуымен немесе өзінің қатысуынсыз қаралғаны туралы көрсетеді.

2. Егер білдірілген шағым, наразылық осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, олар берілген деп есептеледі, бірақ толыққанды түрде ресімдеу үшін мерзімі көрсетіліп кері қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейін кассациялық шағым, наразылық аталған мерзім ішінде сотқа табыс етілмесе, олар берілмеген болып есептеледі.

3. Соттың істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде шығарған үкіміне, қаулысына шағым жасалған жағдайда, кассациялық шағымда, наразылықта апелляциялық сатының үкімімен, қаулысымен келісетіні немесе келіспейтіні туралы негіздер көрсетілуге тиіс.

4. Апелляциялық (жеке) шағым не наразылық берген адам сот отырысы басталғанға дейін өзінің шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты өзгерту туралы өтінішінде, сол сияқты жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің осы Кодекстің 448-бабының бесінші бөлігінде белгіленген мерзімнің аяқталуы бойынша берген қосымша шағымында сотталған адамның жағдайын пайдалану туралы мәселенің қойылуы мүмкін емес, егер бастапқы наразылықта немесе шағымда осындай талап болмасане берілген шағымда, наразылықта көрсетілмеген басқа да негіздер бойынша сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселенің қойылуы мүмкін емес.


451-бап. Істі кассациялық сатыда қарау мерзімдері

Іс кассациялық сатыға келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс. Бұл мерзім істің қиындығына немесе көлемінің үлкендігіне байланысты, сондай-ақ өзге де дәлелді себептер болған кезде істі қарайтын соттың қаулысымен, бірақ әр ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.


452-бап. Кассациялық сатыдағы сот отырысын тағайындау

1. Шағым, наразылық келіп түскен кезде кассациялық сатының судьясы істі талап етіп, ол келіп түскеннен кейін оны қарау күнін белгілейді.

2. Тараптарға істің кассациялық сатыда қаралатын уақыты мен орны туралы хабарланады. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамды шақырту туралы мәселені кассациялық сатыдағы сот шешеді. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамнан оның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың наразылығын қарау кезінде кассациялық сатының сот отырысына қатысу туралы өтінішхат түскен кезде, кассациялық сатыдағы сот істі сотталған адамның тікелей қатысуымен не аталған адамның қашықтан қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып қарау туралы қаулы шығарады, оны орындау үшін тиісті органдарға жібереді.

3. Кассациялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабардар етілген адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Кассациялық сатыдағы соттың отырысына прокурордың қатысуы міндетті. Осы Кодекстің 448-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының қатысуы міндетті.

4. Кассациялық шағымдар, наразылықтар білдіру құқығы бар адамдар, сондай-ақ үкім, қаулы шығарылғаннан кейін тапсырма алған сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі кассациялық сатыдағы соттың отырысына барлық жағдайда да жіберіледі. Оларға өздерінің өтініштері бойынша берілген шағымдарды немесе наразылықтарды не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.

5. Егер барлық қатысушылар сот отырысы туралы хабарлама алуы бойынша шағым жолдаған кезде іс жүргізуді олар жоқ кезде жүзеге асырылғаны туралы мәлімдесе, сот істі тараптардың қатысуынсыз қарау туралы шешім қабылдауға құқылы. Егер сот олардың келуін міндетті деп таныса, істі қарау кейінге қалдырылады және тиісті адамдарды шақырта отырып, сот отырысының жаңа күні тағайындалады.


453-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттігі

Судья істі тыңдауға дайындау кезінде немесе сот кассациялық шағыммен немесе наразылықпен бірге келіп түскен істі қарау кезінде өз бастамасы немесе тараптардың өтінішхаты бойынша:

1) сотталған адамның денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы сотталғандықтары туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етіп алуға;

2) заңның уақыт, кеңістік тұрғысынан қолданысын айқындау үшін және бірінші және апелляциялық сатылардағы сот істі шешкен кезде қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын дұрыс қолданғанын айқындау үшін қажетті мәліметтерді талап етіп алуға құқылы.


454-бап. Кассациялық сатының істерді қарау тәртібі

1. Осы Кодекстің 29-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кассациялық саты істерді ашық сот отырысында қарайды.

2. Төрағалық етуші сот отырысын ашады, қандай істің және оның кімнің кассациялық шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын хабарлайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын адамдардың және сот отырысына қатысып отырған адамдардың тегін, сондай-ақ аудармашылардың тегін хабарлайды және отырысқа қатысып отырған тұлғаларға істі кассациялық сатыда қарау кезіндегі құқықтарын түсіндіреді.

3. Төрағалық етуші іс бойынша процеске қатысушылардан бас тартуы мен жасайтын өтінішхаттарының бар-жоғы туралы сұрайды және сот оларды қарау нәтижелері бойынша осы Кодекстің 344-бабында көзделген тәртіппен қаулы шығарады.

4. Істі қарау кассациялық шағым немесе наразылық берген процеске қатысушының сөйлейтін сөзінен басталады. Егер мұндай қатысушылар бірнешеу болса, төрағалық етуші тараптардың пікірін ескере отырып, олардың сөз сөйлеу кезектілігін белгілейді. Процеске қатысушылар сөйлеген сөздерінде сотқа дейінгі іс жүргізу барысында не бірінші сатыдағы немесе апелляциялық сатыдағы соттың заңды қолданудағы бұзушылықтарға байланысты кассациялық қарау нысанасына жататын қандай мән-жайларға жол бергенін, оның неден көрінгенін және іс бойынша қабылданған шешімнің мәніне қалай әсер еткенін көрсетеді.

5. Кассациялық шағымда немесе наразылықта білдірілген дәлелдерді растау немесе теріске шығару үшін сөз сөйлеушілер кассациялық сатыға қосымша материалдар беруге, бұл ретте олардың қандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету қажеттігі неге байланысты туындағанын хабарлауға құқылы. Қосымша материалдарды тергеу іс-әрекеттерін жүргізу жолымен алуға болмайды. Сот тараптардың пікірін тыңдап, қосымша материалдарды қабылдау немесе қабылдамау туралы қаулы шығарады. Істің шешілуі үшін маңызы бар болса, қосымша материалдар, егер мұндай материалдардағы деректер немесе мәліметтер қосымша тексеруді талап етпесе, үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіз болуы мүмкін. Өзге жағдайларда қосымша материалдар сот үкімінің, қаулысының күшін жою және егер іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған болса, істі апелляциялық сатыдағы сотқа немесе бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберу үшін негіз болуы мүмкін.

6. Сот отырысының тәртіптемесі және оны бұзушыларға қатысты қабылданатын шаралар осы Кодекстің 345 және 346-баптарының қағидаларында айқындалады. Судьялардың кеңесу және шешімдер қабылдау тәртібі осы Кодекстің 389-бабының қағидаларында айқындалады. Қаулыны қабылдаудан бұрын судьялардың кеңесуі болады.
455-бап. Кассациялық саты қабылдайтын шешімдер

Істі кассациялық тәртіппен қараудың нәтижесінде сот өз қаулысымен мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) бірінші саты үкімін және апелляциялық саты қаулысын өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;

2) сот актілерінің күшін жояды және істі тоқтатады;

3) апелляциялық сатыдағы сот актілерінің күшін жояды және бірінші саты үкімін өзгеріссіз қалдырады;

4) апелляциялық сатыдағы сот актілерінің күшін жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді;

5) бірінші сатыдағы сот актілерінің күшін жояды және, егер іс бірінші сатыдағы сотта іс алқабилердің қатысуымен қаралған болса, істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді;

6) бірінші саты үкімін және апелляциялық саты қаулысын өзгертеді;

7) осы Кодекстің 405-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде жеке қаулы шығарады.

8) осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда енгізілген апелляциялық алқа төрағасының ұсынымы бойынша басқа қаулыны қалдыра отырып, апелляциялық алқа қаулыларының бірінің күшін жояды не істі жаңадан апелляциялық қарауға жолдай отырып, екі қаулының да күшін жояды.


456-бап. Апелляциялық саты үкімінің, қаулысының күшін жоюдың немесе оларды өзгертудің негіздері

Апелляциялық саты үкімінің, қаулысының күшін жоюға немесе оларды өзгертуге:

1) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;

2) қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуы;

3) үкімнің әділетсіздігі негіз болып табылады.

457-бап. Қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы

Мыналар:


1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Жалпы бөлiмi талаптарының бұзылуы;

2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiмiнiң қолданылуға тиiстiсiнен өзге баптың немесе бап бөлiгiнiң, бап бөлiгi тармағының қолданылуы;

3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi осы бабының санкциясында көзделгендегiден неғұрлым қатаң жазаның белгiленуi қылмыстық заңды дұрыс қолданбау болып табылады.
458-бап. Қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуы

1. Істі сотта қарау кезінде осы Кодекстің қағидаттары мен өзге де жалпы ережелерін іске қатысушы тұлғаларды заңда кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым жасау, сот ісін жүргізу рәсімдерін сақтамау немесе өзгедей жолмен істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге кедергі келтіретін, сот төрелігі үкімін шығаруға ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін бұзушылықтар қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзу деп танылады.

2. Егер сот іс бойынша осы Кодекстің 436-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық іс жүргізу заңын бұзуға жол берсе, онда үкімнің, апелляциялық қаулыныңкүші жойылуға жатады.
459-бап. Үкімнің әділетсіздігі

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 53-бабының талаптарына сәйкес келмейтін және өзінің түрі мен мөлшері бойынша да қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына және шектен тыс қатал немесешектен тыс жеңіл болуына байланысты және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейтін жаза тағайындалған үкім әділетсіз деп танылады.

2. Кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстің 463-бабының қағидалары бойынша үкімнің әділетсіздігіне байланысты оны және осы бұзушылықты жоймаған апелляциялық сатының қаулысын өзгертуге құқылы.

3. Егер үкім негізсіз ақтау, онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық заңды қолдану салдарынан немесе жазаның шамадан тыс жеңілдігіне байланысты әділетсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот осы негіздер бойынша білдірілген прокурордың наразылығы немесе жәбірленушінің, оның өкілінің шағымы болған кезде жазаны күшейтуге не неғұрлым ауыр құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға құқылы.

Егер үкімнің әділетсіздігі апелляциялық сатыда жазаны тағайындау бөлігінде үкімді заңсыз немесе негізсіз өзгерту (күшін жою) салдарынан болса, кассациялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырып, апелляциялық саты қаулысының (үкімінің) күшін жоюға құқылы.
460-бап. Істі қысқарта отырып айыптау үкімінің күшін жою

Сот істі кассациялық тәртіппен қарай отырып, осы Кодекстің 35-бабының бірінші бөлігінде және 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жояды және істі қысқартады.


461-бап. Ақтау үкімінің күшін жою

1. Кассациялық сатыда ақтау үкімінің күші тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбірленушінің немесе оның өкілінің шағымы бойынша, сондай-ақ сот арқылы ақталған адамның ақталу негіздерімен келіспеген шағымы бойынша ғана жойылуы мүмкін.

2. Егер ақталған адамның кінәсіздігі немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің мәні күмән туғызбаса, ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін қылмыстық іс жүргізу заңы елеулі бұзылды деген себеппен жоюға болмайды.
462-бап. Істі жаңадан апелляциялық қарауға жібере отырып, үкімнің, апелляциялық қаулының күшін жою

1. Кассациялық саты үкімнің заңдылығына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылғанын анықтаған жағдайда ғана іс жаңадан апелляциялық қарауға, жаңадан қарауға жіберіліп, үкімнің, апелляциялық қаулының күші жойылуға жатады.

2. Осы Кодекстің 455-бабының 5) тармағында көзделген негіздер бойынша да істі жаңадан сот қарауына жібере отырып, үкімнің, апелляциялық қаулының күші жойылуы мүмкін.

3. Бұл ретте кассациялық сатыдағы сот айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қандай да бір дәлелдемелердің дәйектілігі немесе дәйексіздігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ соттың жасауы мүмкін тұжырымдарын алдын ала шешуге құқылы емес.

Істі жаңадан апелляциялық қарауға жолдай отырып, кассациялық саты соты қаулыда іс бойынша іс жүргізген кезде қандай заңдарды бұзуға жол берілгенін, апелляциялық сатының бағаламағанын немесе осы сатының өзінің жол бергенін, олардың іс бойынша қабылданған сот актілерінің мәніне қалай әсер еткенін немесе қалай әсер етуі мүмкін екендігін көрсетеді.
463-бап. Yкімді өзгерту

1. Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот қылмыстық заңды дұрыс қолданбаған жағдайда, кассациялық сатыдағы сот сотталған адамға онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға және жасалған әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы, сондай-ақ ол неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға және тағайындалған жазаны күшейтуге құқылы.

2. Кассациялық сатыдағы сот, егер шамадан тыс қатаңдығы салдарынан жаза әділетсіз деп танылса, сотталған адамға тағайындалған жазаны саралануын өзгертпестен төмендетуге құқылы.

3. Кассациялық сатыдағы сот, егер жаза мөлшерін ұлғайту арифметикалық қателерді немесе алдын ала күзетпен ұстау мерзімін есептеу кезіндегі қателерді жоюға байланысты болса, үкімдер мен қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауды реттейтін қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауын жоя отырып, сондай-ақ оның шектен тыс жеңілдігі салдарынан әділетсіз жазаға байланысты жаза мөлшерін ұлғайтуға құқылы.

Кассациялық саты соты, егер олар қылмыстық заң талаптарын сақтамастан айқындалса және бұл ретте сот актілерінде осы мәселе бойынша қабылдаған шешімнің тиісті дәлелдері келтірілмесе, қылмыстық-атқару жүйесінің режимі бөлігінде үкімді және апелляциялық қаулыны өзгертуге құқылы.

4. Кассациялық сатыдағы сот осы бапта көзделген сотталған адамның жағдайын нашарлататын өзгерістерді, егер осы негіздер бойынша прокурордың наразылығы енгізілсе немесе жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің шағымдары берілген жағдайда ғана енгізуге құқылы.

5. Сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін істі қарайтын сот толық көлемде тексереді. Сот актісіне кассациялық шағымда (наразылықта) көрсетілмеген негіздер бойынша, сондай-ақ кассациялық шағым (наразылық) берілмеген басқа сотталған адамдарға қатысты өзгерістер енгізуге өзіне қатысты кассациялық шағым берілген сотталған адаммен бірге қатысып жасалған қылмысты саралауды өзгерту кезінде ғана жол беріледі, бұл ретте олардың жағдайы нашарламайды. Сот прокурордың наразылығында немесе кассациялық шағымда көрсетілген сотталған адамдарға ғана қатысты жағдайларын нашарлату туралы шешім қабылдауға құқылы. Соттың сотталған адамның немесе оның қорғаушысының не өкілінің кассациялық шағымы бойынша оның жағдайын нашарлатуға құқығы жоқ.
464-бап. Кассациялық қаулының мазмұны

1. Кассациялық қаулы кіріспе, сипаттамалы-дәлелді және қарар бөліктерінен тұрады.

2. Қаулының кіріспе бөлігінде:

1) қаулы шығарылған уақыт пен орын;

2) қаулыны шығарған соттың атауы және кассациялық алқаның құрамы;

3) кассациялық шағым берген немесе кассациялық наразылық білдірген адамдар;

4) істі кассациялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетілуге тиіс.

3. Қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлігінде шағым берген немесе наразылық білдірген адамдардың дәлелдері, кассациялық сатыдағы сотқа қатысқан басқа да адамдардың қарсылықтары, сондай-ақ қабылданған шешімнің себептері қысқаша баяндалуға тиіс. Егер шағым немесе наразылық қанағаттандырылмаса, шағымдардың немесе наразылықтың дәлелдерін негізсіз немесе елеулі емес деп танудың негіздері көрсетіледі.

Yкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда, қылмыстық немесе қылмыстық іс жүргізу заңының қандай баптарының талаптары бұзылғаны және бұл бұзушылықтардың неден тұратыны; бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот тағайындаған жазаны әділетсіз деп танудың негіздері көрсетіледі. Іс жаңадан сот талқылауына жіберілген жағдайда қандай заң бұзушылықтар жойылуға тиіс екені көрсетіледі. Бұл ретте кассациялық сатының қаулысында айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қандай да бір дәлелдемелердің дәйектілігі немесе дәйексіздігі туралы және бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші, апелляциялық сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы және жазалау шарасы туралы тұжырымдар енгізілмейді.

4. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты шағым, наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған кезде кассациялық қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлігінде сот актісіне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағымда бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда қараудың нысанасы болып табылмайтын жаңа дәлелдер келтірілген жағдайда, сипаттамалы-дәлелді бөлігінде жаңа дәлелдер негізсіз деп танылатын негіздер көрсетілуге тиіс.

5. Қаулының қарар бөлігінде заңның күшіне енетін кезі, сондай-ақ оған шағым мен наразылық беру мерзімдері мен тәртібі көрсетіле отырып, қадағалау тәртібімен кассациялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешімі көрсетіледі.


465-бап. Кассациялық қаулы шығару

1. Кассациялық қаулы осы Кодекстің 444-бабында көзделген талаптар сақтала отырып, кеңесу бөлмесінде шығарылады.

2. Кассациялық қаулы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.
466-бап. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысын орындауға кірісу

1. Кассациялық сатының қаулысы ол шығарылғаннан кейін үш тәуліктен кешіктірілмей, іспен бірге үкім шығарған бірінші сатыдағы сотқа орындау үшін жіберіледі.

2. Сотталған адам күзетпен ұстаудан босатылуға жататын қаулы, егер сотталған адам кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысып отырса, осы бөлігінде дереу орындалады. Өзге жағдайларда кассациялық қаулының көшірмесі немесе кассациялық қаулының қарар бөлігінің үзінді-көшірмесі сотталған адамды күзетпен ұстаудан босату туралы шешімді орындау үшін қамау орнының әкімшілігіне дереу жіберіледі.

3. Бірінші немесе апелляциялық сатыда істі тиісінше соттың жаңадан қарауы тағайындалған кассациялық сатының қаулысы осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде іспен бірге тиісті сот сатысына жіберіледі, ол туралы тараптарға хабарланады.


467-бап. Істі кассациялық сатыда қайтадан қарау

1. Егер қандай да бір себептер бойынша кейбір сотталған адамдарға қатысты белгіленген мерзімде берілген шағым немесе наразылық кассациялық сатыдағы сотқа басқа сотталған адамдарға қатысты іс қаралғаннан кейін келіп түссе, сондай-ақ, егер сотталған адамның, оның қорғаушысының немесе заңды өкілінің кассациялық шағымы, осы сотталған адамға қатысты іс процеске басқа қатысушының кассациялық шағымы немесе прокурордың наразылығы бойынша қаралып кеткеннен кейін келіп түскен болса, кассациялық сатыдағы сот мұндай шағымды немесе наразылықты қарауға және ол бойынша қаулы шығаруға міндетті.

2. Егер қайта шығарылған қаулы бұрын шығарылған қаулыға қайшы келсе, кассациялық сатыдағы сот істі қадағалау тәртібімен тексеру үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді.
468-бап. Апелляциялық қаулының, үкімнің күші жойылғаннан кейін істі апелляциялық сатыда қарау

1. Істі апелляциялық сатыға жаңадан қарауға жолдай отырып, апелляциялық қаулының немесе үкімнің күшін жойғаннан кейін іс осы саты үшін осы Кодексте белгіленген жалпы қағидалар бойынша қаралады.

2. Егер айыптау тарапының кассациялық шағымында, наразылығында мұндай өтініш болса және оны үкімнің күшін жою негіздерінің бірі ретінде көрсетсе, апелляциялық сатыдағы сот істі жаңадан қараған кезінде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға жол беріледі.

3. Істі жаңадан қараған кезде апелляциялық сатыдағы сот:

1) егер айыптау тарапының шағымы, наразылығы бойынша үкімнің осы бөлігінде күші жойылмаса, сотталған адамды айыптаудың бастапқы үкіммен алып тасталған бөлігінде кінәлі деп тануға;

2) егер бастапқы апелляциялық үкімнің күшін айыптау тарапының шағымы, наразылығы бойынша кассациялық саты жойғанымен, бірақ ол осы негіздерге байланысты болмаса, жазаны күшейтуге, бас бостандығынан айыру мерзімінің бір бөлігін түрмеде өтеуді немесе жазаны неғұрлым қатаң режимдегі колонияда өтеуді тағайындауға, қосымша жаза тағайындауға немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқылы емес.


469-бап. Істі жаңадан қарау кезіндегі жаза тағайындаудың шектері

1. Егер бірінші апелляциялық үкімнің, қаулының күші сотталған адамды қорғаған шағым, наразылық бойынша жойылса, ал екінші үкімнің күші айыптау тарапының жазаның жеңілдігіне немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты берілген шағымы, наразылығы бойынша жойылса, істі үшінші рет қарап жатқан апелляциялық саты екінші үкімге қарағанда неғұрлым қатаң жаза тағайындауы немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануы мүмкін, бірақ ол бірінші үкімге қарағанда жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқықұзушылық туралы заңды қолдануға құқылы емес.

2. Істі жаңадан қараған кезде апелляциялық саты соты шығарған үкімге жалпы тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
9-бөлім. Сот шешімдерін орындау
51-тарау. Сот үкімдері мен қаулыларын орындау
470-бап. Үкімнің заңды күшіне енуі және оны орындауға кірісу

1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, гарнизонның әскери соты шығарған бірінші сатыдағы сот үкімдері, егер оларға шағым жасалмаса немесе наразылық білдірілмесе, апелляциялық шағым жасау немесе наразылық білдіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындалуға жатады.

2. Іс апелляциялық сатыда қайта қаралған жағдайда, егер үкімнің күші жойылмаса, ол апелляциялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Егер апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылық апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алынса, үкім апелляциялық сатының шағымның, наразылықтың кері қайтарып алынуына байланысты іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы қаулысы шығарылған күні заңды күшіне енеді.

3. Бірінші сатыдағы сот үкім заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей үкімді орындауға кіріседі.

4. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 78-бабында белгіленген мерзімде орындалмаса, жазаны өтеуден босатылады.

5. Соттың қаулысы сотталған адамды, ақталған адамды күзетпен ұстаудан босату бөлігінде дереу орындалуға жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет