Мазмұны Жоспар бет


Негізгі қызметтен түскен табыстардың аудиті және аудитті жүргізудегі процедуралардың жетілдіру жолдары



бет6/6
Дата11.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
#128288
1   2   3   4   5   6

3.2 Негізгі қызметтен түскен табыстардың аудиті және аудитті жүргізудегі процедуралардың жетілдіру жолдары.

Негізгі қызметтен түске табыс (сатып өткізу) және қаржылық нәтижелердің құралу циклы бойынша тексеру жүргізу кезінде аудитор осы цикл арқылы шаруашылық операцияларының өтуін куәландыратын ақпараттарды зерттейді. Негізгі қызметтен түске табыс (сатып өткізу) және қаржылық нәтижелердің құралу цикылдына дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатып- өткізумен, негізгі құралдардың, материалдық емес және басқада активтердің сатылуымен, кәсіпаорыннан шығуымен байланысты шаруашылық операциялары кіреді. Бұл операциялардың нәтижелері бойынша кәсіпорында дебиторлық борыштар пайда болады және қаржылық нәтиже анықталады.

Бұл циклдың шаруашылық операцияларын тексеру үшін аудитор ішкі ақпарат көздерінен алынған мәліметтердің де (сатып-өткізілген өнімдердің өзіндік құнын есептеулер, дайын өнімдерді жөнелту накладнойлары, негізгі құралдарды жою актілері), сыртқы көздерден алынған мәліметтердің де дұрыстығына дәлелдеулер алады.

Негізгі қызметтен түскен табыстың (сатып -өткізу) және қаржылық нәтижелердің құралы циклы аудитінің негізгі бағыттары – дайын өнімді кіріске алудың толықтығын, сатып - өткізуден алынған табысты және сатып - өткізілген өнімнің өзіндік құнын есептеудің дұрыстығын, сонымен бірге дебиторлық борыштардың пайда болуын анықтау.

Сатып өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклы сатып алушылардың сұрауынан басталып, дайын өнімнің немесе қызметтің дебиторлық борышқа айналуымен аяқталады. Дебиторлық борыш компанияға тиесілі, бірақ ол әлі алмаған қаражаттар. Дебиторлық борыштарды сипаттаушы шоттар сатушы мен сатып алушыға өнімді жөнелтуге, шот жазып беруге, ақшаны алуға және тіркеуге керекті уақытқа қарағанда біршама көбірек уақыт аралығын қамтиды.

Сәйкестікке тексеру жүргізудің негізгі мақсаты ішкі бақылау жүйесінің сапасына,нормативтік құқықтық құжаттарға және тексеру сәтінде әрекет етуші ішкі саясаттарға, процедураларға сәйкестігіне тест жүргізу болып табылады. Сатып - өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклы аудитінің негізгі нормативтік- құқықтық құжаттары төменде келтірілген.



Сатып - өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклын реттеуші негізгі нормативтік – құқықтық құжаттар.



Реттік

номері



Құжаттың аты

1

2

1

Қазақстан Республикасындағы Азаматтық кодексі. 1999ж. №409-1, 25 – тарау «Сатып алу - сату» 458-477 баптар

2

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» кодексі. 12.06.2001ж. №209-2 (2004 жылдың 22 қазанында жасалынған өзгертулермен және толықтырулармен)

3

Қазақстан Республикасының Кеден кодексі 05.04.2003ж. № 401-2 (2004 жылғы 9 шілдеде жасалған өзгертулерімен және толықтыруларымен)

4

Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңы 14.04.1993ж ( 1995 жылғы 20 шілдеде жасалған өзгертулермен және толықтырулармен).

5

«Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы»ҚР заңы, 28.04.1997ж. № 97-1 (2003 жылғы 9 шілдедегі өзгертулерімен және толықтыруларымен №482-2)

6

ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы 26.12.1995ж №273 (2004 жылғы 11 маусымдағы өзгертулерімен және толықтырулармен).

7

Фискалдық еске сақтау мүмкіндігі бар бақылау – кассалық машиналарды қолдану Ережелері: ҚР Үкіметінің № 449 қаулысы18.04.2002 ж.

8

Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің шағым- талаптар қою және қарау мен шаруашылық келісім шарттары бойынша келіспеушіліктерді реттеу тәртібі туралы Ереже нұсқау: ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысы, №111, 15.02.1993ж.

9

Жөнелту және жабдықтау кезінде өнімдер мен тауарлардың сақталмауы және жетіспеушілігіне байланысты дауларды шешу кезінде заңдарды қолдану тәжірибесі туралы: ҚР жоғарғы арбитраждық соты Пленумының қаулысы №4 23.12.1993ж

10

Тиісті сапаға сай келмейтін өнімдер мен тауарларды сатып өткізуге байланысты дауларды шешу туралы: ҚР жоғарғы арбитраж соты пленумының қаулысы №5 08.02.1995ж

11

«Қаржылық қортынды есепті дайындап тапсырудың тұжырымдамалық (концептуалдық) негізі». ҚР Қаржы Министрлігінің №542 бұйрығы, 29.10.2002 ж.

12

«Бастапқы құжаттардың нысандарын бекіту туралы»: ҚР Қаржы министрлігінің №128 бұйрығы, 19.03.2004 ж.

13

«Табыс» деп аталатын бухгалтерлік есептің №5 ұлттық стандарты ҚР бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық коммиссияның қаулысы. №3 13.11.1996 (ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен енгізілген өзгертулермен, толықтырулармен, 28.01.2003 ж. №27

14

«Табыс» деп аталатын бухгалтерлік есепті №5 ұлттық стандартына әдістемелік ұсыныстар: ҚР Қаржы Министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің №7 бұйрығы 21.05.1997ж.

15

«Күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі» 5 «Табыс» деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына әдістемелік ұсыныстар. ҚР Қаржы Министрлігінің №457 бұйрығы. 31.12.1997ж.

16

«Бухгалтерлік есеп регистрлерін толтыру туралы» ҚР Қаржы Министрлігінің №72 Ереже- нұсқауы. 24.11.1997ж

17

Бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспары: ҚР Қаржы Министрлігінің №438 бұйрығы, 18.09.2002ж (Қаржы Министрлігінің №372 бұйрығымен 21.10.2003 ж. Енгізілген өзгертулерімен, толықтырулармен)

18

Көлік экспедициясы келісім шартының шеңберінде жүзеге асырылатын, жүктерді тасымалдауға экспедиторлардың шот – фактура жазып беру тәртібі: ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитеті төрағасының №18 бұйрығы. 23.01.2003ж.

19

«Вексельдік операциялардың бухгалтерлік есебі туралы»:ҚР Қаржы Министрлігінің №23-2-2-6/63/1540 хаты, 07.02.2001ж.

Сәйкестікке тексеру жүргізу мақсатына қол жеткізу үшін аудитор кәсіпорынның ішкі бақылау саясаты мен процедураларына олардың тиімділігіне және бухгалтерлік есеп принциптері мен есеп саясатында белгіленген нұсқауларға сәйкестігіне көз жеткізу ниетімен зерттеу жүргізеді. Дайын өнімді сатып өткізуге ішкі бақылау жасау процедуралары төмендегі негізгі элементтерден тұрады:



  • дайын өнімді сатып- өткізу бойынша қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, оған бақылау жасау, есеп жүргізу және талдау жасау жайындағы ұйым жұмыскерлерінің белгілі бір тобының өзара қарым – қатынасы мен әрекет ету тәртібін анықтау және құжатпен бекіту (лауазымдық нұсқаулар);

  • тиісті жұмыскердің өзінің міндетті қызметін орындағандығын куәландыратын мәліметтер көрсетілетін бастапқы құжаттардың тізбесін жасау;

  • «бақылау обьектісін» және дайын өнімді сатып - өткізу бойынша нақты операцияларды жүзеге асырудың әртүрлі аспектілерін бағалау үшін бақылау жүргізу әдістерін таңдау.

Клиенттің ішкі бақылау процедураларымен танысу үшін аудитор алдыңғы аудиттің материалдарын зерттейді. Ол аудиторға мынадай мүмкіндіктер береді:

а) жүйені, блок – схемаларды, құжат айналымын, анкеталарды суреттеу арқылы ішкі бақылау жүйесі жөнінде ақпарат алады;

б) ағымдағы жылы жаңалауды талап ететін тексеру бөлімшелерін белгілейді.

Егер аудиторлық фирма аудитті бірінші рет жүргізіп отырған болса, онда аудиторға сатып- өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу процессін операциялардың төмендегі тобына бөлген дұрыс:

-өніммен жабдықтауға тапсырыс алу;

-коммерциялық несие беру мүмкіндіктерін талдау, жабдықтау келісім- шарттарын дайындау және келісім жасау;

-өнімдерді жөнелтуге дайындау;

-сатып алушылардың өнім үшін төлем жасауын бақылау;

-дебиторлық борышты бақылау.

Транзиттік экономика жағдайында функционалды аудиттің өте өзекті бағыты- ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтеріқатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады.

Негізгі қызметтен түскен табыстардың аудиті ретінде қалыптасуды іс- жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын амортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауда тексеру түсіндіріледі.

Аудитор бұл щбъектілерді тексергенде 38 ҚЕХС, 28 БЕС, Қазақстан Республикасының «Меншік туралы», «Тауарлық белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы» және басқа құқықтық – нормативтік актілерді басшылыққа алады. Ең алдымен аудит бағдарламасына сай Бас кітаптың мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәйкестігі зияткерлік меншік объектілерінің бар екендігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын сатудан түскен табысты қабылдау- тапсыру актілері, бұл объектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексеріледі. Объектілерді кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтіруге қажетті шығындар көлемін айқындаудың анықтығымен материалдық активтердің құн бағалаудың дұрыстығын айқындау керек. Кәсіпорынның активтерінің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдерімен анықталатындығын ескергені жөн.



Қортынды

Сондықтан да салық қызмет органдары, басқа бақылаушы органдар аудит, тексеру жүргiзген кезде есепке алудың осы саласына көңiл аудару қажет. Егер, мәселелер кездескен жағдайда меншiк нысанына қарамастан барлық кәсiпорындар үшiн түбегейлi iс болып табылады. Алдымен негізгі қызметтен түскен табысты талдау және аудит жұмысын дұрыс жүргізуді ұйымдастыру қажет. Мұның өзi көп ретте қаржылық нәтижеге жетуге және пайда табуға мүмкiндiк туғызады.

Осымен дипломдық жұмыстың бірінші тарауында «АВК Капланбек» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің табыстары туралы экономикалық сипаттамасы мен бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың экономикалық мазмұны қаралды. Екінші тарауда «АВК Капланбек» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің негізгі қызметтен түскен табыстарына талдау жүргізілді. Осы талдаудың негізінде мынандай шішімге келуге болады:


    • Табыстың абсолютті көрсеткіштеріне және маржиналдық табысқа талдау жүргізу барысысында көптеген зерттеулер жасалды. Жалпы кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштері қатынасын әр түрлі тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен сәйкестілік жағдайларға байланысты қажеттіліктерді қолдануды дұрыс шешім ретінде қарастырдым.

Ал үшінші тарауда негізгі қызметтен түскен табыстардың аудиті мен жетілдіру сапасын жоғарылату жолдары қарастырылып мынандай қортындыға келуге болады:

- негізгі қызметтен түскен табыстар бойынша сәйкестікке аудит жүргізгенде ақпараттың толықтылығы және маңыздылық принциптері;

- негізгі қызметтен түскен табыстардың аудитін жүргізу кезінде объектіге қатысты тексерудің мақсатылығы;

- негізгі қызметтен түскен табыстарға аудит жүргізгенде қандай талдамалық процедуралардың жүзеге асырылуы. Нарыктык экономика жағдайында, болатын катал бөсекелестікке табыс пен кәсіпорынды сактап қалудын басты факторы болып, кәсіпорынның каржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдың мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат кажет. Тап осындай ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне тиетіндігіне дау жок. Бұл арада қажет ақпараттармен қамтамасыз ету көп жағдайда, бухгалтерия қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі. Сонымен қоса, олар есепті оңайлатуға, салық жүйесінің талаптарын орындауға, нормативтік актілерді қатан сактауға, басшыға берілетін мәліметтердің дәл және анық болуына жауапты болып келеді. Аудитор кезеңнің соңындағы активтердің ең соңғы мәліметтеріне назар аударады. Қысқа мерзімді активтер айналым көрсеткіштері бірнеше кезеңдердің сала бойынша орташа шартта қаралған мәліметтерімен салыстырылады. Нақты айналымның шарттың жағдайы бойынша есептен шығарылғаны мен салыстыру сатып алушылардың уақтылы төлеу дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Нақты айналымның шоттағыдан ауытқуы борышкерден қайтаруды талап етудің нашар жүргілігендігін жауапты тұлғалардың жүргізген жұмыстарына қарамастан бұл сомаларды алудың қиынға түсуінің сатып алушының қаржысының тапшылығының салдарынан болуы мүмкін.

Осымен «АВК Капланбек» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің табыс және пайда көздерін табуда болашақта ұзақ мерзімді активтерді ұлғайтуға қаржы мамандары заманға сай жаңа тәжірибе алмасуды қажет етеді. Және де балансты өтімді деңгейге жеткізу мен қаржы тұрақтылығын сақтау және активтердің айналымдылығы, іскерлік белсенділікті ұлғайтуға қажетті шараларды қолдануды талап етеді. Жалпы активтердің рөлі қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына көшумен байланысты шетелдік тәжірибелі жұмыстар мен ғылыми жетістіктерді пайдалануға және білікті, білімді мамандармен қамтамасыз етілуімен артады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-ІІІ заңы

  2. Аудиторлық қызмет туралы заң Алматы,2006 жылғы 5 мамырдағы № 139-№ ІІІ

  3. Халықаралық қаржылық есеп берудің стандарттары 2006ж

  4. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы. Алматы, 1996-2003ж.

  5. Қазақстандағы аудиттің халықаралық стандарттары. «Ішкі аудит қызметінің жұмыстарын қарастыру» Т.1. Алматы,2001 ж.

  6. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі.Алматы:«Бико»,2004ж.

  7. Абленов Д.О. «Аудит негіздері». Алматы: Экономика,2003 ж.

  8. Абрютина М.С «Финансовый анализ коммерческой деятельности» Финансовый менеджмент Москва «фин пресс» 2002г.

  9. Әбдіманапов Ә.Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері»-Алматы: АЙАН, 2001ж.

  10. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә. Жумагалиева Ж.Ғ., «Аудит». Алматы, 2006 ж.

  11. Байдаулетов М. «Аудит». Алматы,2004 ж.

  12. Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп, Маркет Алматы 2005ж.

  13. Бочаров В.В. «Финансовый анализ» Питер 2002г.

16.Дуйсенбаев К.Ш., Егенбердиева С.К. «Анализ финансовой устойчивости предприятия»// Библиотека бухгалтера и предпринимателя -2004-№ е 21

18.Дуйсенбаев К.Ш., Егенбердиева С.К., Дюсембаева З.К. «Аудит и анализ финансовой отчетности». Алматы : «Қаржы-қаражат», 1998 ж.

19. Жумагалиева Ж.Ғ., Жаппарханова М.С. «Басқару есебі» Алматы 2006ж

20.Ержанов М.С. «Теория и практика аудита». Алматы,2000 ж.

21. Ефимова О.В. «Финансовый анализ» Москва 2002г.


  1. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Алматы экономика 2006ж.

  2. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «Қаржылық есеп» Алматы экономика 2001ж.

  3. Қожамқұлов Т. «Еңбектi ұйымдастыру мен басқару тәсiлдерi». Алматы, Мектеп,2002

  4. Көкенов У.Ж., Көкенова Ф.У. « Кәсiпорындардың бухгалтерлiк есебi». Алматы, Рауан, 1992.

  5. Міржақыпова С.Т. «Банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы: Экономка 2006ж

  6. Назарова В.О.«Бухгалтерлік есеп принциптері»Алматы:Экономика 2005ж

  7. Сатмұрзаев А.А., Укашев Б.Е. «Аудит теориясы», Алматы,1999 ж.

  8. Салина А.П. «Принципы бухгалтерского учета»-Алматы: Экономика, 2003г.

31.Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет: Учебное пособие». Алматы: Экономика,2000ж.

32.Тасмағанбетов Т.А. т.б. «Кәсiпорындардағы бухгалтерлiк есеп». Алматы, Экономика, 2002.

33. Радостовец В.К. «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы 1998г.

34. Энтони Р.Дж.Рис. «Учет ситуаций и примеры»- М.:Финансы и статистика, 2003г.



35.Чумаченко Н.Г. «Совершенствовать экономический анализ.» //Бухгалтерский учет -1997-№11.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет