Мазмұны кіріспе 1 КӨмірсутегілік шикізатты өндірудің технико- технологиялық ерекшеліктері



бет3/11
Дата28.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#164524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жекелеген мұнай аудандары бойынша өзіндік құнның құрылымы ұңғымалардың өнімділігін, сондай-ақ олардың тереңдігін белгілейтін жоарыда көрсетілген факторлардың әсер етуі себебінен сол тәрізді әртүрлі болып келеді. Сол не өзге аудандардағы климаттық, экономикалық-географиялық жағдайлармен байланысты болатын факторлар үлкен мәнге ие болады.4-кестеден көріп отырғанымыздай, елдің негізгі мұнай өндіру аудандары бойынша мұнай өндірісі өзіндік құнының құрылымы әртүрлі болып келеді. Мысалы, өзіндік құндағы энергетикалық шығындардың ең жоғары меншікті салмағы (14,8%) Әзірбайжанда байқалуда, онда сығымдағыш және рең сорғылық пайдалану әдістері басым келеді. Батыс Сібірде, Шешен-Ингушетия мен Маңғышлақта бұл шығындардың меншікті салмағы бұл жерде мұнайды өндірудің бүрқақтық әдісінің басым болуының арқасында төмен болып келеді. Қаттардың өнімін арттыру жөніндегі шығындар әртүрлі болып келеді. Мысалы, бұл шығындардың ең жоғары меншікті салмағы Татарстанда, Башқұртстан мен Маңғышлақта байқалуда, онда қаттық қысымды жасанды түрде ұстап отыру үшін қатқа суды тоғыту әдістері кеңінен қолданылады. Азмұнай мен Шешен-Ингушетияда бұл әдістер кеніштердің ерекше геологиялық жағдайларына орай кең тарауға ие болмады. Сол себептен қаттардың өнімін арттыру жөніндегі шығындардың меншікті салмағы бұл жерлерде салыстырмалы түрде төмен болып келеді. Аз мұнайға тән болатын ұңғымалардың ағымдағы жөндеуіне қатысты шығындардың жоғары меншікті салмағы мұнайдың механикаландырылған өндірісінің ең үлкен көлемімен, сондай-ақ сол аудандағы мұнай коллекторларының ерекшеліктерімен байланысты болып отыр.Барлық қарастырылып отырған аудандардағы мұнайдың өзіндік құнында ұңғымалардың өтелуі едәур үлеске ие болуда. Сонымен қатар осы бап бойынша да айырмашылықтар бар. Батыс Сібірде байқалатын амортизацияның ең аз меншікті салмағы сол аудандағы ұңғымалар тереңдігінің аздығымен (бұл олардың басқа аудандардағымен салыстырғанда арзандауына әкеп соқтырады) және бұрқақтық ұңғымалардың басқасынан жоғары өнімділігімен байланысты болып келеді. Айта кететін қызықты жай, Шешен-Ингушетиядағы ұңғымалардың үлкен тереңдігіне қарамастан, мұндағы амортизацияның меншікті салмағы бұл ұңғымалардың жоғары өнімділігіне орай орташа деңгейде болып отыр.


2.2 Технико-технологиялық шараларды жүзеге асыруға кететін өндірістік және пайдалану шығындарының ерекшеліктері
Басқарудың аралас құрылысы кезінде техникалық қондырғылардың техникалық қызметі мен жөндеу жұмыстары негізгі цехтардың жөндеу бөлімдерімен жүзеге асады, ал күрделі жөндеу жұмыстарын жөндеу-механикалық немесе басқа да арнауы жөндеу цехтары жүргізеді. Жөндеу жұмыстарын орталытандыру қызметтің сапасын көтереді, жөндеу жұмыстарын жүргізетін қызметкерлердің өндірістік еңбегін көбейтеді және жұмыстардың өз құндылығын төмендетеді.Бұрғылау жұмыстарының жөндеу қыщыметінің әрекеттілігін жоспарлау негізгі өндірістің қажеттілігіне байланысты болып келеді. БПО қызыметін және цехтардың өндірісі туралы жоспарға жұмыс көлемінің құндылық көрсеткіштері және де нақты көрсеткіштері жатады. Бірінші топқа негізгі өндірістік қызыметі бойынша жұмыстың жалпы көлемі, сонымен бірге бұрғылау құбырларын, турбобур, бұрғылау қондырғыларын және де механикалық жөндеу қондырғыларын жалға беру құныдылығы да жатады.

Пайдаланып жатқан қондырғылардың әр типі бойынша жөндеу жұмыстарының қажетті саны келесі формуламен есептеуге болады:


Р=П·КмФ·Рмціц (15)

мұндағы, П – жұмысқа пайдаланып жатқан қондырғылар бірлігінің орташа саны;

Ф – жобаланған уақыт мерзімі ішінде қондырғылар бірлігі үшін жұмыс уақытының жалпы фонды, сағ;

Рмц – жөндеу аралық циклдағы і түрінің жөндеу саны (ұсақ, күрделі);

Тц – жөндеу аралық циклінің ұзақтылығы машина-сағ;

Км – машинаның уақыты бойынша қондырғыларды пайдалану көрсеткіші; ол қондырғыда жұмыс істеу уақытының (машина уақыты) объектіде орналасу уақытының (мысалы, бұрғыланып жатқан ұңғымада) қатынасына тең.

Бұрғылау өнеркәсібінің құрамында орналасқан қондырғыларының негізгі түрлері үшін жөндеу сағаттарының көлемін анықтау үшін қолданылатын нормативтер жобаланған.Жөндеу жұмыстарының саны жөндеу қондырғылары мен цехтың, механикалық шеберхананың және жөндеу-механикалық заводтың жұмыс көлемін бағалау үшін негізгі көрсеткіш болып келеді.Бұрғылау қондырғыларын жөндеу және өңдеу цехы өндірістің басты қызметін орындаудан басқа жұмыстың басқа түрлерін жүргізіп, көптеген қызмет түрлерін көрсетеді және де бұл әр квартал сайын жүргізілетін жұмыс көлемінде және жылдық жобада көрсетіледі.Жұмыс көлемі құндылық тұрғысынан жөндеу жұмысытырының құны қондырғылардың барлық түрі бойынша санына көбейту арқылы анықталады.Турбобурларды жөндеу және өңдеу цехының өндірістік бағдарламасы нақты түрінде турбобур-тәулік (оқпанды двигательдер үшін) және метро-тәулік (бұрғылау құбырларын үшін) арқылы өлшенеді және олардың саны ұңғымаларды бұрғылау жоспар-графигінде берілетін брғылау уақыты туралы мәліметтер негізінде анықталады.

Мұнай және газды ұңғымаларда жөндеу жұмыстары геологиялық-техникалық жағдаларының шараларына жатқызылады және олардың мақсатына өндірісте орналасқа ұңғымаларды тиімді қолдану, ұңғымалардың өнімділік деңгейінің қалпына келуін және сақтау арқылы кенорынды тиімді барлануын қамтамасыз ету жатады. Бұдан басқа, жөндеу жұмыстары айдау ұңғымаларының жұмыс параметрлерін жоғарлату, жер қойнауын қорға талаптарын сақтау және қатпарлардың мұнай және газдылық беру көрсеткіштерін көбейту жатады.Ұңғымалардың күрделі жөндеу жұмыстары бойынша ұмыстарды жоспарлаудың негізгі мәселесіне жөндеу жұмыстарының қажеттілігін анықтау жатады. Бұл жұмыстарды ұңғымалардың күйінен және жоспарланған геологиялық-техникалық шараларынан шыға отырып МГӨМ (мұнай-газ өндіру мекемесі) геологиялық қызметі анықтайды. Жөндеу жұмыстарын қажет ететін әр ұңғыма үшін «Күрделі жұмыстарды жүргізуге арналған ұсыныс» толтырылады. бұл құжатта ұңғыманың гелогиялық техникалық сипаттамасы, қсаты, жөндеу түрі мен оның жүргізудің нәтижесі көрсетіледі.Бірнеше өнеркәсәптерде қызмет көрсететін ұңғымларды күрделі жөндеу басқарамасы үшін жоспарлар МГӨМ бойынша дифференцияланады. Жұмыстың көлемі техниканың санына, бригадалар санына, олардың ұмыс істеу режиміне, еңбек өнімділігініңжоспарлы өсуіне және бір жұмысты жүргізу ұзақтылық нормасына сәйкес жүргізіледі. Жобаға пайдалану шығандарының калькуляциясы, шығындардың жинақы сметасы, бір ұңғыманы жөндеу үшін кететін шығындар есептемесі берілу керек. Жоспарда берілмеген ұсыныстар келесі кезендрдің жоспарына қосу үшін жөндеу қызыметінде қалдырылады. Ұңғымалардың күрделі жұмыстарын жүргізу жоспарлары әр квартал бойынша бөлінген бір жылға жасалады.Жұмыс көлемінің тізімі және жылдық көлемі бойынша ұңғымалардың күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлы-бағалау көрсеткіштерімен бекітіледі.Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған ұңғымалар санына берілген жұмыстары мен апробация жүргізілген және жұмыс өнімділігі анықталған және де пайдалану жұмыстарын жалғастыру үшін негізгі өндірістік цехтарына берген ұңғымалар саны жатады. Сонымен бірге оларға жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін басқа дәрежеге (айдау, бақылау және т.б.) ауыстырылған ұңғымалар және де пайдалануға тиімсіз, яғни жоюға арналған ұңғымалар жатады. Негізгі жоспарлы көрсеткіштің мәні – күрделі жұмыстар аяқталған ұңғымалар саны келесі формула бойынша анықтауға болады:


Срд- НдпдСп (16)

мұндағы, Нджмыстың көлемі, нормо-күн;

Ндп – жобаланған жылдарға өтетін ұңғымалардың жұмыс көлемі;

Нд'–бір күрделі жөндеу жұмыстарының орташа ұзақтылығы, нормо-күн;

Сп – күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан ұңғымалардың келесі мерзімге өту саны.

Ұңғымаларды қарапайым жөндеу жұмыстарының жоспарлау мақсатына жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау жатады. Және осыған байланысты ұңғымалардың жұмыс режимін жақсарту және жұмыс аралық кезеңінің ұзақтығын анықтау жатады. Жоспарлау процесінде жөндеу жұмыстарының ұзақтылығы және саны, жөнделген ұңғымалар саны мен жөндеу жиілігінің көрсеткішінің мәні анықталады.Ұңғыманың жөндеу жұмыстарының арасындағы кезең МП дегеніміз бұл жүргізілген екі жөндеу жұмыстарының арасындағы мерзім. Бұл көрсеткішінің мәні әр квартал үшін пайдаланып жатқан ұңғымалар бойынша технологиялық режим кезінде анықталады және де жоспарланған жөндеу аралық кезінінің ұзақтығының мәні мұнай және газ өндіретін учаскесінің технологиялық режимінің тізіміне кіргізіледі.Өндіріс жұмыстары кезінде ұңғымалардың жерасты қондырғыларында қарапайым және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ұңғымалардың қарапайым жерасты жөндеу жұмыстары дегеніміз бұл мұнайды өндіру жоспарын жүзеге асыру үшін жерасты пайдалану қондырғыларын жұмыс күйінде сақтау үшінжүргізілеті шаралар кешені. Әдетте, қарапайым жерасты жөндеу жұмыстары жоспарлы алдын-ала жұмыстар қатарында кездеседі. Қарапайым жерасты жөндеу жұмыстарының кешеніне келесі жұмыстар жатады:



  1. сорғышты немесе жеке қондырғыларды ауыстыру;

  2. бұзылыстарды жою және сорғышты құбырларды бұрап алу;

  3. сорғышты-компрессорлы құбырлар немесе штангаларды ауыстыру;

  4. сорғышпен жуу;

  5. құмды қақпақтарды тазалау және жуу;

  6. көтеру құбырларында ағып кету жағдайларын жою;

  7. жұмыс муфталарын, басқару қондырғыларын тексеру;

  8. көтеру құбырларын тереңдету арақышықтығын өзгерту;

  9. сорғышты якорьды тазалау;

  10. пакерді көтеріп, түсіру және т.б.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ұңғымаларды пайдалануға беру үшін акт құрастырылады. Жерасты жөндеу жұмыстары арнайы құжат ретінде көрсетілген мұнай мен газды толық құндлығын көрсететін пайдалану шығындар есебінен жүзеге асады. Ұңғымада күрделі жерасты жөндеу жұмыстары өзіндік ерекшеліктерге ие және бұл ерекшеліктеріне біршама бұзылыстарға ие болған пайдалану қондырғысының жерасты бөлігін және пайдалану горизонтының жұмыс күйін қалпына келтіру бойынша жұмыстар, сонымен бірге жер қойнауын қорғау бойынша шараларды жүргізу жұмыстары жатады.Ұңғымалардың күрделі жөндеу бойынша жұмыстар өндірістің тапсырысы бойынша алдын-ала жасалған техникалық жоспар-жоба бойынша жүргізіледі.Күрделі жөндеу жұмыстарының негізгі жоспарлы көрсеткіштеріне келесілер жатады: күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған ұңғымалар саны, өндірістік уақытының және өндрістік көлемінің көрсеткіштері.Мұнайшылардың алдына қойылған негізгі жағдайларының біріне ұңғымалардың жерасты мен күрделі жөндеу цехтарын тұрақтандыру, олардың материалдық-техникалық базасын күшейту, жаңа технологияларды ендіру тәжірибесі, еңбек әдістерін қолдану және жұмыстың жоғары тиімділік және қауіпсіздік әдістерін қолдану жатады.
Кесте 5 -Жөндеу өнеркәсібінің шығындары




п/п

Шығындар түрлері

Всего

ПРС

КРС

БУХ

план

факт

план

факт

план

факт

план

факт

1

Материалдық шығындар

























1.1

Шикізат ж/е материалдар

167325

217568

121105

120062

21067

8187

2446

36065

1.2

Ауыз суы:

375

326

301

209

74

60




23




Судың көлемі

1994,71

1995

1601,1

1111,7

393,61

317,3




26




3 судың бағасы, тенге

188

166

188

188

188







188

2

Құралдар, бөлшектер

54662

40425

19301

18124

14101

4579

1154

243

2.1

Арнайы киімдер

5168

4872

2727

1744

718

503

220

276

2.2

Басқалары

2413

1448

1678

205

181

26




6

3

Отын

15565

25119




















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет