3.1 Өндіріс шығындарының азайтылуын жоспарлау және олардың экономикалық ынталандыруы
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын жоспарлауға өнімнің өндірісіне жұмсалған шығындардың (кәсіпорында бірнеше өнім түрлері болған жағдайда барлық өнім түрлеріне арнап есептеулер жүргізеді), сондай-ақ өнеркәсіптікт сипаттағы жұмыстар мен қызметтерге жұмсалған шығындардың есебі кіреді.Өндіріске жұмсалатын шығындарды экономикалық элементтер (өндіріске жұмсалатын шығындардың сметасы) мен шығындық баптар (өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы) бойынша жоспарлап, ескереді.Шығынға жұмсалатын шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтастыру кәсіпорынның материалдық ресурстарға қатысты жалпы қажеттерін, негізгі қорларды амортизациялаудың жалпы сомасын, еңбекақыға жұмсалатын шығындарды және басқа да ақшалай шығындарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл топтаманы айналымдық құралдарды жоспарлау мен олардың қолданылуын бақылап отыру үшін, сондай-ақ тауарлық өнімнің шығынын анықтау үшін қолданады. Бұл топтаманы өндіріске жұмсалатын шығындардың сметасын құрастыру кезінде қолданады, алайда шығындардың бағытталуы, арналуы мен пайда болған жері туралы түсінік бермейді. Ол бойынша сонымен қатар өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтауға болмайды. Бұл үшін шығындардың шығындардың баптары бойынша топтамасы, б.а. өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы қолданылады.Өндіріске жұмсалатын шығындардың баптары деп солардың бағытталуына, арналуы мен пайда болуына байланысты қалыптасқан шығындар аталады.Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындардың баптарының атаулығы әртүрлі өнеркәсіп салалары үшін әртүрлі болып келеді және әр саладағы техникаға, технология мен өндіріс және еңбекті ұйымдастырудың ерекшеліктерімен белгіленеді.Шығындарды шығындардың баптары бойынша топтастыру жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнын анықтауға, сондай-ақ өзіндік құнның сол деңгейі қандай факторлардың әсерімен қалыптасқандығын, оны төмендету жөніндегі жұмысты қай бағыттарда жүргізу керек екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Негізгі шығындар — тікелей өндірістік процеске қатысатын шығындар.
Үстеме шығындар — бұл өндірістік процесті басқару мен ұйымдастыру жөніндегі шығындар.
Бір элементтік шығындар — бұл шығындардың бастапқы элементтері.
Кешендік шығындар — бірнеше бір элементтік шығындардан құралған шығындар. Мысалы, негізгі құралдарды ағымдағы жөндеуге қатысты шығындар.
Шығындар олардың пайда болу және өндірістік шығындарға жазылу уақыты бойынша ағымдағы кезең мен келешек кезеңдердің шығындары деп бөлінеді. Ағымдағы кезеңнің шығындары сол жылғы өнімнің өндірісі мен соны өткізумен байланысты болып келеді. Келешек кезеңдердің шығындарына жоспарланып отырған жылда пайда болатын, алайда ұзақ уақыттық нормативтік мерзім бойы өнімнің өзіндік құнына жатқызуға жататын шығындар кіреді. Бл өндірісті игеру мен әзірлеуге жұмсалатын шығындар.Барлық шығындарды анықтау үшін кәсіпорындар өндіріске қатысты шығындардың сметасын жасайды, ол өзіндік құн жөніндегі жоспарды техникалық өнеркәсіптік қаржылық жоспардың басқа бөлімдерімен үйлестіруі тиіс.Өндіріс сметасы — өзіне негізделумен айналымдағы құралдардың қажеті көлемі есептелетін, қаржылық жоспар жасалып және сол кәсіпорын жеткізуші-кәсіпорындармен келісімшарттар жасасатын маңызды жоспарлық құжат.Өндіріске жұмсалатын шығындардың сметасына өнімді шығарумен, сондай-ақ өздерін кәсіпорын бөгде ұйымдарға ұсынатын өнеркәсіптік емес сипаттағы қызметтермен қатысты болатын негізгі және қосалқы өндірістердің барлық шығындары жатқызылады.Шахматтық баланс ұстанымы бойынша жасалатын өндіріске қатысты шығындардың сметасы негізгі үш бөлімнен тұрады:
3) тауарлық өнімнің толықтай шығарылуына жұмсалатын шығындар.
Барлық шығындар сол кәсіпорынның ұйымдық құрылымына сәйкес негізгі және қосалқы өндіріс элементтерінің қимасында. Калькуляциялардың баптары шығындардың шахматтық балансын құрастыруда қатыспайды, себебі олар кәсіпорынның әрбір құрылымдық бөлімшесінің ішінде шығындардың элементтері бойынша үлестірілген.Өндіріске қатысты шығындардың сметасы шығындардың бағытына байланыссыз барлық шығындардың жалпы жиынын, шығындардың әрбір бастапқы элементі мен кәсіпорынның бөлініп көрсетілген құрылымдық бірліктері бойынша жекелеген шығындарды, сондай-ақ оның жалпы шаруашылық шығындары бойынша жиынын береді; қызметтердің кәсіпорынның ішінде және шетке өзара ұсынылуын көрсетеді, сондай-ақ күрделі құрылыс пен күрделі жөндеуге қатысты
шығындардың жиынын береді; негізгі өнімді өндіруге қатысты шығындардың жиынын береді, бұл өндіріске қатысты шығындардың сметасын өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының калькуляцияларымен (есептеулерімен) байланыстырады.Өнімнің өзіндік құны жөніндегі жоспар кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының аса маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Кәсіпорында ол маңызды мағынаға ие болады, себебі кәсіпорынға өнімді шығару мен өткізу үшін қанша шығындар қажет болатынын, жоспарлық кезеңде қандай қаржылық нәтижелерді күтуге болатынын білуге мүмкіндік береді. Өнімнің өзіндік құны жөніндегі жоспар төмендегідей бөлімдерден тұрады:
-
Өнімді өндіруге жұмсалатын шығындардың сметасы (экономикалық элементтер бойынша жасалады).
-
Барлық тауарлық және өткізілген өнімнің өзіндік құны.
-
Жекелеген бұйымдардың жоспарлық калькуляциялары
-
Техникалық-экономикалық факторлар бойынша өнімнің өзіндік құнын азайтудың есебі
Өнімнің өзіндік құны жөніндегі жоспардың маңызды сапалық көрсеткіштеріне келесілер жатады: тауарлық және өткізілген өнімнің өзіндік құны; өнімнің аса маңызды түрлері бірліктерінің өзіндік құны; тауарлық өнімнің 1 ақш. бірл. жұмсалатын шығындар; техникалық-экономикалық факторлар бойынша өзіндік құнның азайтылу пайызы; салыстырылып отырған өнімнің өзіндік құнын азайту пайызы.Өткізілетін өнімнің өзіндік құны тауарлық өнімнің толық өзіндік құны одан алынған өсім оған қосылған жоспарланып отырған кезеңдегі өткізілмеген өнім қалдықтарының өзіндік құнының азаюы.Өнім бірлігінің өзіндік құнының есебі калькуляция деп аталады. Калькуляциялар сметалық, жоспарлық, нормативтік
болады
.
Сметалық калькуляция біржолғы тәртіппен жасалатын бұйымдарға немесе тапсырысқа арнап жасалады.Жоспарлық калькуляция (жылдық, тоқсандық, айлық) өндірістік бағдарламада ескерілген игерілген өнімге арнап әзірленеді.
Нормативтік калькуляция соны құрастыру сәтінде қолданыста жүрген шығындық нормалар бойынша есептелген өнімнің өзіндік құнының деңгейін көрсетеді. Ол өндіріске қатысты шығындардың нормативтік есебі орын алатын өндірістер үшін қажет.Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау әдістері. Тәжірибеде өнімнің өзіндік құнын жоспарлаудың екі әдісі кең тараған: нормативтік және техникалық-экономикалық факторлар бойынша жоспарлау. Әдетте, олар бір-бірімен тығыз байланыста қолданылады. Нормативтік әдістің мәні келесіге негізделген, өнімнің өзіндік құнын жоспарлау кезінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды қолданудың нормалары мен нормативтері, б.а. кәсіпорынның нормативтік базасы қолданылады.Өнімнің өзіндік құнын техникалық-экономикалық факторлар бойынша жоспарлау әдісі нормативтік әдіске қарағанда артықшылыққа ие, себебі ол жоспарлық кезеңде өнімнің өзіндік құнына түбегейлі әсерін тигізетін көптеген факторларды ескеруге мүмкіндік береді.
Бұл әдіс кезінде келесі факторлар ескеріледі:
-
техникалық – кәсіпорында жоспарлық кезеңде жаңа техника мен технологияның енгізілуі;
-
ұйымдастырушылық – бұл факторлар ретінде кәсіпорында жоспарлық кезеңде өндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіру түсініледі (арнайы бағыттану мен кооперацияны тереңдету, кәсіпорында басқарудың ұйымдық құрылымын жақсарту, еңбекті ұйымдастырудың бригадалық әдісін енгізу);
-
шығарылатын өнімнің көлемін, атаулығы мен ассортиментін өзгерту;
-
жоспарлық кезеңдегі құнсызданудың деңгейі.
Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының барлық шығындарын белгілеу үшін өндіріске қатысты шығындардың жинағы құрастырылады, оған сондай-ақ негізгі және қосалқы өндірістердің шығындары енгізіледі (кесте).Шығындар жинағын құрастырудағы мақсат - өздерінің бағытталуына байланыссыз барлық шығындардың жалпы жиынын қосындылау, әрбір элементтер мен МГӨК-тің жекелеген бөлімшелері бойынша шығындардың жиынын анықтау, мұнай мен газды өндірудің жиынтықтарын анықтау.Кәсіпорынның басшылығы әрдайым шығарылатын
өнімнің өткізілу бағасына, атаулығына, ассортименті мен көлеміне қатысты, кредиттік және инвестициялық саясатқа және басқа көптеген нәрселерге қатысты болатын оңтайлы шешімдерді таңдап алу қажеттілігінің алдында тұрады. Осындай экономикалық тұрғыдан негізделген шешімдерді іздестірумен кәсіпорынның өзін-өзі ұстаудың баламалы нұсқаларын есептеп және талдаудан өткізеді.Өзіндік құнды жоспарлау – бұл материалдық өндірісті жоспарлаудың бір бөлігі және ол оның тиімділігін материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды, сондай-ақ табиғи байлықтарды аса тиімді пайдаланудың есебімен барынша арттыру мәндетіне негізделумен жүзеге асырылуы тиіс.Мұнай өндірісінің өзіндік құнын жоспарлаудың тікелей мақсаттары ретінде жоспармен ескерілген өнімді жасап шығару үшін қажет етілетін өндіріске жұмсалатын шығындардың шамасын экономикалық тұрғыдан негіздемелеу, сондай-ақ мұнай өндіру кәсіпорындардағы шығындарды жүйелі түрде азайтуға арналған резервтерді анықтау мен жұмылдыру, өндірістің пайдасы мен тиімділігін арттыру шығады. Экономикалық ынталандыру қорлары (ЭЫҚ) материалдық ынталандыру қоры түрінде, өндірісті, ғылым мен техниканы дамыту қоры (ӨҒмТДҚ) мен әлеуметтік даму қоры түрінде әр шаруашылық есептік бірлестік пен кәсіпорында құрылады.Бірлестіктің экономикалық ынталандыру қорларының жоспарлық көлемдері еңбек ұжымдарын саланың – мұнай мен газ өндірісінің ақырғы нәтижелеріне деген қызығушылығын арттыруды ескеретін салалық жүйе бойынша белгіленеді.Бұған мұнайды, газ конденсатын, мұнай мен табиғи газдарды өндіру көлемі үшін нормативтер бойынша бесжылдық және жылдық жоспарларда материалдық ынталандыру қорын қалыптастыру арқылы қол жеткізіледі.Жылдық жоспарлардағы экономикалық ынталанадыру қорларының көлемдері қор құрушы көрсеткіштер бойынша бесжылдық жоспардың тапсырмаларын орындау дәрежесіне байланысты болады.Мұнай өндірісіндегі қор құрушы көрсеткіштер — бұл тонналық мөлшерлемелер, мұнай өндірісінде —кубтық мөлшерлемелер. Тонналық мөлшерлемелер бесжылдық жоспарда бірлестіктер бойынша сараланып жіктелген түрде 1 т мұнай, конденсат және мұнай газы үшін теңге түрінде бекітіледі. Мұнай-газ өндіру өнеркәсібінде ЭЫҚ-ны құру тұтастай бірлестік бойынша жүргізіледі. Ведомстволарға бағынатын бөлімшелер өздері ЭЫҚ-ларды құрмайды, олар бірлестік қорларының есебінен бекітілген тәртіппен қалыптастырылады. Бірлестіктің әрбір бөлімшесіне арнап оның негізгі міндеттеріне негізделумен қорларды құру көрсеткіштерінің жүйесін бекітіледі. Тонналық мөлшерлемелерді қолдану өндірістік бірлестіктердің құрамына кіретін барлық кәсіпорындар мен бөлімшелерді соларға арнап бекітілген көрсеткіштер мен нормативтер бойынша ынталандыруды қамтамасыз етеді. Тұтастай өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша мұнай-газ өндіру бірлестігінің материалдық ынталандырудың нақты қорының көлемі мұнайдың, газ конденсаты мен газдың қосынды түрдегі өндірісі бойынша жоспарды орындау немесе орындамау кезінде нақты өндіру көлеміне (Q
ф) және бекітілген нормативке негізделумен белгіленеді:
Қмп=QфСпл (24)
мұндағы, Қмп — материалдық ынталандыру қоры, теңге;
Спл— мұнайдың жоспарлық өндірісі үшін тонналық мөлшерлеме, барр/т.
Материалдық ынталандыру қорына қосымша аударымдар келесі түрде жүргізіледі: 1) мұнай мен газ конденсатын жоспармен бекітілген мөлшерден жоғары мөлшерде өндіргені үшін ең жоғары норматив бойынша— 5 барр/т;
∆Қмп=∆QС∆Q, , (25)
мұндағы, ∆Қмп — материалдық ынталандыру қорының өсімі, теңге;
∆Q — мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемдерін арттыру, т;
С∆Q — жоспармен салыстырғанда мұнайдың өндірісінарттырғаны үшін тонналық мөлшерлеме (норматив);
2) мұнайлық және табиғи газды жоспармен бекітілген мөлшерден жоғары мөлшерде өндіргені үшін (∆Г)
∆Қмп=∆ГС∆г (26)
мұндағы, С∆г— газды жоспардан тыс жоғары көлемде өндіргені үшін кубтық мөлшерлеме, теңге/1000 м3;
3) бірлестіктер мен кәсіпорындардың материалдық ынталандыру қоры тауарлық өнімді жұмсаудың шекті деңгейін есептегі (шектен тыс шығындау) жоспардағы көрсеткішпен салыстырғанда төмендеткені (арттырғаны) үшін арттырылады (азайтылады):
∆Қмп(с)=0,1Qт(Зт.пл-Зт.ф) (27)
мұндағы, ∆Қмп(с) — материалдық ынталандыру қорын өзіндік құнды өзгертудің есебінен өзгерту, теңге;
Qт— тауарлық өнімнің көлемі, теңге;
Зт.пл, Зт.ф — тауарлық өнімнің теңгесіне қатысты соған сәйкес жоспарлық және нақты шығындар, тг/тг;
4) мұнайды әзірлеу сапасын арттыруға ынталандыру ісі материалдық ынталандыру қорына мұнайдың сапасы үшін көтерме бағаға қосып төленетін қосымша төлемдер жоспарымен салыстырғанда одан асырудан алынған 50 % пайданы аудару арқылы жүзеге асырылады. Мұнайдың сапасын арттырғаны үшін материалдық ынталандыру қорын арттыру (∆Фмп.к) тәуелділікпен белгіленеді:
∆Қмп..к=0,5Qк(Цк-Цпл) (28)
мұндағы, Цк мен Цпл — сапасы жоғары мұнайдың көтерме бағалары және жоспарлық баға, теңге;
Qк — сапасы жақсартылған мұнайды өткізу көлемі, т.
Меншікті қажеттерге жұмсалатын мұнайды үнемдеу мақсатында мұнайды өндіру көлемі бірлестіктің материалдық ынталандыру қорына аударылатын аударымдарды есептеу кезінде бекітілген нормативтермен салыстырғанда өндірістік-техникалық қажеттерге жұмсалған мұнайды үнемдеу (шектен тыс жұмсау) мен шығындау шамасына арттырылады (азайтылады).Мұнай өндіру өндірістік бірлестіктерге бекітілетін тонналық мөлшерлемелер шектерінде бірлестіктің кәсіпорындары үшін материалдық ынталандыру қорының бөлек түрдегі есептелуін ескеретін сала ішіндегі жүйе бекітіледі:
-
өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша (қызмет көрсетуші өнеркәсіптік емес шаруашылықтардың бүкіл кешенімен) — бірлестіктің өнеркәсіптік іс-әрекет бойынша пайдасының есебінен;
-
мердігерлік бұрғылау ұйымдары бойынша — мердігерлік бұрғылау пайдасының есебінен.
Мұнай өнеркәсібінің өндірістік бірлестіктерінде ортақ материалдық ынталандыру қоры құрылады, оған материалдық сыйақылау қорының (МСҚ) қаражаттарымен қатар сыйақылаудың басқа да арнайы жүйелері бойынша қаражаттар енгізіледі, атап айтқанда:
-
МСҚ-ға жаңа техниканы құрғаны, игеру мен енгізу үшін;
-
өнертапқыштық пен оңтайландыруға көмек көрсеткені үшін сыйақылауға арналған қаражаттар;
-
экспортқа арнап өнім жеткізгені, өндіріс шығындарынан көпшілік тұтынатын тауарларды өндіргені үшін, құрылыс объектілерін іске қосқаны үшін, өнімнің сапасын жақсартқаны үшін.
Мұнай және газ өнеркәсібінің бірлестіктерінде МСҚ-ның шамасы келісімшарттарға сәйкес өнімді жеткізу жөніндегі тапсырмалар мен міндеттемелердің есебімен өнімді өткізу жоспарын орындаған жағдайда 15%-ға арттырылады және аталмыш тапсырмаларды орындамаудың әрбір пайызы үшін 3%-ға азайтылады, алайда МСҚ-ның жоспарлық көлемінің 20%-нан артық болмайтын мөлшерге. Бұл ретте МСҚ-ның босаған қаражаттары резервке қойылып және осы қорды кейінгі кезеңдерде жеткізілімдер бойынша тапсырмалар мен міндеттемелерді орындаған жағдайда 15%-ға арттыруға арнап пайдаланылады.МСҚ-ға жылдың соңында еңбекақы қорын үнемдеудің арқасында пайда болған қаражаттар аударылады. Еңбекақы қорын шектен тыс жұмсаған жағдайда оның өтеуге арнап материалдық сыйақылау қорының бір бөлігі пайдаланылады. Өндірістік бірлетіктер еңбек ұжымының келісуімен МСҚ-дағы қаражаттардың бір бөлігін ерекше маңызы бар тапсырмаларды орындауға ынталандыру үшін іргелес-кәсіпорындарға; құрылыстық, көліктік, геофизикалық ұйымдарға беруі мүмкін.
Өнімнің өзіндік құнын талдау ісі негізінен төмендегілерге арналған:
1) өнімнің өзіндік құнының оның алдыңғы кезеңдегі деңгейімен және жоспарлық тапсырмада ескерілген деңгейімен салыстырғандағы қол жеткізілген деңгейін анықтау;
-
өнімнің өзіндік құнын төмендету жөніндегі тапсырманың орындалуына немесе орындалмауына әсерін тигізетін себептерді анықтау;
-
өзіндік құнның жекелеген құрамдас бөліктері бойынша жіберілген шектес тыс шығындаудың шамаларын белгілеу және оның себептерін анықтау;
-
шығындар мен өнімсіз шығындарды жою жөніндегі, материалдық және ақшалай қаражаттарды үнемдеу жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды әзірлеу.
Өнімнің өзіндік құнына талдау жүргізу кезінде арнайы өзіндік құны бойынша жоспарлық және есептік материалдар ғана емес, сондай-ақ өндірістік бағдарламаның орындалуын, негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттарды пайдаланудың, еңбек өнімділігі мен еңбекақыны және т.б. талдаудың көрсеткіштері қажет.Өнімнің өзіндік құнына толық құнды талдау жүргізу үшін өндіріске жұмсалатын шығындарды
есепке алудың тәртібін, шығындардың элементтері мен баптары бойынша шығындардың жіктемесін және әсіресе бұрғылау мен өндірудегі шығындар құрылымының ерекшеліктерін білу қажет.
Кесте 9-Ұңғымалар құрылысы циклының жекелеген кезеңдері бойынша нақты және жоспарлық шығындар (мың теңге.).
Көрсеткіштер
|
Жоспарлық өзіндік құны бойынша
|
Нақты шығындар
|
Ауытқу (+,-)
|
Әзірлену жұмыстары
|
683,0
|
610,0
|
-73,0
|
Құрылыстық-монтаждау жұмыстары
|
1364,0
|
1332,0
|
-32,0
|
Бұрғылау
|
11993,0
|
12070,0
|
+77
|
Сынау
|
698,0
|
685,0
|
-13,0
|
Кәсіптік-геофизикалық шығындар
|
811,0
|
811,0
|
-
|
Үстеме шығындар
|
2223,0
|
2221,0
|
-2
|
Ақаудан болған шығындар
|
-
|
27
|
+27
|
Барлығы
|
17772,0
|
17756,0
|
-16
|