Мазмұны кіріспе 1 КӨмірсутегілік шикізатты өндірудің технико- технологиялық ерекшеліктері



бет10/11
Дата28.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#164524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Шығындардың сметасы бойынша өнімнің өзіндік құнын келесі элементтер бойынша мұнай мен газды өндіруге қатысты қосынды шығындар белгілейді:

шикізат пен негізгі материалдар;

қосалқы материалдар;

отын;

энергия;


еңбекақы негізгі және қосымша;

әлеуметтік сақтандыруға арналған аударымдар;

негізгі қорлардың амортизациясы.

Өзіндік құнды жоспарлаудың негізінде нормативтік әдіс жатыр.

Шығындардың элементтерін жоспарлау кезінде материалдық, еңбек және ақшалай шығындардың қолданыстағы нормалары қолданылады, ал олар болмаған жағдайда – нормалар жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы кезеңнің базалық шамаларына негізделумен есептеледі.Жоспарланып отырған жылға арнап жұмсалып жатқан ресурстардың барлық түрлері бойынша меншікті шығындар серпін мен жоспардың күтіліп отырған орындалуының есебімен олардың алдыңғы кезең бойынша қалыптасқан деңгейінің талдауына негізделумен анықталады.Бұл ретте жоғарыда аталған факторлар бойынша шығындардың азаюын қамтамасыз ететін шаралар ескерілуі тиіс.Мұнай мен газ өндірісінің өзіндік құнын смета элементтері бойынша жоспарлау кезінде шығындардың нормативтері ретінде қолданыстағы қордың бір ұңғымасына қатысты шығындар қабылданады.Мұнай өндірісіндегі материалдық шығындар қосалқы материалдардан, отын мен энергиядан, сондай-ақ геологиялық-барлау жұмыстарына арналған аударымдардан құралады. Геологиялық-барлау жұмыстарына арналған аударымдар әрбір өнім түріне арнап бекітілген нормалар бойынша (теңге/т немесе теңге/мың м3) мұнай мен газ конденсатын, мұнайлық және табиғи газды өндірудің жалпы көлемдеріне қатысты есептеумен жүргізіліп отырады.Қосалқы материалдарға, отын, энергияға қатысты шығындар аталған материалдық ресурстардың қолданыстағы қордың бір ұңғымасы есебімен жұмсалу нормасын ұңғымалардың жоспарланып отырған орташа әрекеттегі қорына көбейтумен есептеледі.Ұңғымалардың құнынан амортизациялық аударымдар ұңғымалардың төмендегідей категориялары бойынша есептеледі:


  • мұнайлық және газ ұңғымалары бойынша (бағалық, қадағалау және бақылау ұңғымаларын қоса алғанда);

  • тоғыту ұңғымалары;

  • жұтқыш ұңғымалар.

Толықтай қалпына келтіруге қатысты амортизациялық аударымдар мұнайлық, тоғыту және жұтқыш ұңғымалардың баланстық құнынан 6,7 %, нормасы бойынша 15 жыл бойы, газ ұңғымаларының баланстық құнынан - 8,3 % нормасы бойынша 12 жыл бойы жүргізіледі.Ұңғымалардың күрделі жөндеуіне қатысты амортизацияның нормалары аудандар бойынша сараланып жіктелген. Қолданыстан шығарылып жатқан және жоспарланып отырған жылы жаңадан іске қосылып жатқан ұңғымалар бойынша амортизация бекітілген норманың 50%-ы көлемінде есептеледі. Басқа негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорлардың (Апр) құнынан амортизациялық аударымдар толықтай қалпына келтіру мен күрделі жөндеудің ортақ орташа нормасы (α) бойынша жоспарланады. Есептеуді басқа өнеркәсіптік-өндірістік қорлардың орташа жылдық құнынан (Спр.ф) жүргізеді:

Апрпр.фα (35)

Басқа өндірістік шығындарға қаттардың мұнай бергіштігін арттыру қорларына, бұрғылау және геологиялық-барлау ұйымдарынан алынатын мұнайдың ақысын төлеуге жұмсалатын, мамандарды даярлауға, жолдарды күтіп ұстауға жұмсалатын, көліктік шығындар және т.б. аударымдар жатады. Қаттардың мұнай бергіштігін арттырудың орталықтандырылған қорына арналған аударымдар бірлестік бойынша бекітілген мұнайдың (газ конденсатын қоса алғанда) жалпы өндірісінен тонналық мөлшерлеме бойынша жоспарланады. Бұрғылау және геологиялық-барлау кәсіпорындарынан алынатын мұнай мен газды геологиялық-барлау жұмыстарына арналған аударымдарды шегерумен жоспарлық өзіндік құн бойынша есептейді. Элементтер бойынша шығындардың сомасы өндіріске қатысты жалпы шығындарды (Зоб) құрайды. Жалпы өнімге енгізілмейтін жұмыстар мен қызметтерге қатысты шығындар дегеніміз – бұл ғимараттар мен құрылыстардың күрделі құрылысы мен күрделі жөндеу жөніндегі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі қызметтердің құны, мұнай бергіштіктің орталықтандырылған қорынан жұмсалатын шығындар.Ішкі өндірістік айналымға қатысты шығындарға мұнай мен газдың меншікті қажеттерге арнап тауарлық емес түрдегі жұмсалуының құны, мұнай мен газдың шығындары және мұнайдың кең ауқымды фракцияны өндіруге жұмсалатын шығындары.Өнеркәсіптен тыс шығындарға мұнай мен газды магистральдік мұнай-газ құбырына немесе мұнай құю бекетіне дейін тасымалдауға жұмсалатын шығындар жатады. Бұл шығындар мұнай мен газды сыртқа тасымалдаудың мың тоннасына немесе мың текше метрінің (Νн(г)) есебімен және жоспарланып отырған жылдағы мұнай (Qн) мен газдың (Qг) тауарлық өндірісі көлемінің есебімен солардың нормативімен белгіленеді:

ЗвннQнгQг (36)



Тауарлық өнімнің шығындары тауарлық өнімнің толық өзіндік құнын тауарлық өнімнің көлеміне бөлумен белгіленеді.Тауарлық және өткізілетін німнің жалпы өзіндік құнын белгілеумен қатар 1 т мұнайдың, газ бен тұрақтандыру өнімдерінің өзіндік құны жоспарланады. Осы мақсатта шығындардың баптары бойынша өзіндік құнның калькуляциясы құрастырылады. Мұнай мен газды (мұнайлық және табиғи) өндірудің өндірістік процесінің технологиялық және ұйымдастыру ерекшеліктеріне негізделумен олардың өзіндік құнын жоспарлау мен есепке алу келтірілген кестелер бойынша жүргізіледі.Өзіндік құнында шығындардың үш бабы бір элементтік болып табылады: энер­гетикалық шығындар, амортизация және аударымдармен еңбекақы, олар тікелей мұна мен газ өндірісіне қатысты болып келетін шығындарды қамтиды, қалған баптары кешенді болып келеді, оларға сондай-ақ амортизация, еңбекақы, материалдар жатады.Мұнай мен газдың тауарлық өндірісінің өндірістік өзіндік құны жалпы өндірудің 1 тоннасын олардың тауарлық өндірісінің санына көбейтумен анықтайды. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының барлық шығындарын анықтау үшін өндіріске жұмсалатын шығындардың жиынтығы құрастырылады, оған өнімді шығарумен, сондай-ақ өздерін кәсіпорын бөгде ұйымдарға ұсынатын өнеркәсіптік емес сипаттағы қызметтермен қатысты болатын негізгі және қосалқы өндірістердің барлық шығындары енгізіледі.Шахматтық баланс ұстанымы бойынша құрастырылатын шығындардың жиыны екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жолдар бойынша жоспарланып отырған жылдағы өндіріске қатысты шығындар шығындардың баптары бойынша келтіріледі. Бұл көрсеткіштерді белгілеуге арналған негіздер – шикізат пен материалдарға, отын мен энергияға, технологиялық мақсаттарға және т.б. жұмсалатын шығындардың есептемелері. Сонымен қатар осы шығындардың құрамында шығындардың элементтері мен элементтер бойынша бөлінбейтін қосалқы өндірістер шығындарының сомалары бөлек көрсетіледі. Бірінші бөлімнің жалпы жиыны жоспарланып отырған жылдағы өндіріске жұмсалатын шығындардың жалпы сомасына тең болуы тиіс. Екінші бөлімінде қосалқы өндірістің шығындары мен көліктік-жинақтау шығындары туралы деректер келтіріледі және осы шығындардың құрамындағы шығындардың элементтері бөлек көрсетіледі.

Шығындардың жиынын құрастырудағы мақсат:


  1. өздерінің бағытталуына байланыссыз барлық шығындардың жалпы жиынын қосындылау;

  2. әрбір элемент пен жекелеген құрылымдық бөлімшелер бойынша шығындардың, сондай-ақ жалпы шаруашылық шығындардың жиынтықтарын белгілеу;

  3. кәсіпорынның ішінде және сыртқа қарай, сондай-ақ күрделі құрылыс пен күрделі жөндеу жөніндегі қызметтердің өзара ұсынылуын көрсету;

4) мұнай мен газды өндіруге жұмсалатын шығындардың жиынтығын анықтау.

Осының барлығы өндіріске жұмсалатын шығындардың жиынтығын мұнай мен газдың және өнеркәсіптік сипаттағы басқа қызметтердің өзіндік құнының калькуляциясымен (есептеулерімен) байланыстырады.Сонымен қатар республикалық мұнай өндірісінде қазақстандық мұнайдың 92%-нан артық бөлігін өндіретін 9 компания шешуші рөлін атқаруда.

Пайдалану мерзімі елеулі болып келетін кеніштердегі өндірістің табиғи түрдегі төмендеуіне төтеп берумен кәсіпорындар өндірістік базаны техникалық жарақтандыруға, қаттардың мұнай бергіштігін арттырудың ең жетік технологияларын қолдануға көп көңіл бөлуде.Мұнай компаниясы бойынша мұнай өндірудің көлемі 2005 жыл бойынша 3347,3 мың тоннаны құрады немесе бекітілген жоспардан 1002,7 мың тоннаға кем. Мұнай өндіру жоспары 76,9%-ға орындалды. Мұнай өндірудің есептік көрсеткіштерінің орындалмауы әлемдік нарықта бағаның құлауының жалғасуымен байланысты болып келеді, 2005 жылдың ақпан айынан бастап мұнайды өткізу жағдайы ауырлап кетті, бұл резервуарлық парк пен магистральдік мұнай құбырының толуына әкеп соқтырды, соған орай кәсіптерде мұнай өндіруге шектеу енгізілген болатын. Сонымен бір уақытта Самара ПСП-ға батыс-қазақстан мұнайының қабылдануы күрт қысқарды, бұл да жағдайды шиеленістіріп жіберді. Әсіресе қолайсыз жағдайлар 2005 жылдың шілдесі мен қыркүйегі аралығында орын алған болатын. Өндірістік басқарудағы мұнай өндірісі 2005 жылдың шілде айында 90,8 мың тонна (27,5%), тамызда – 142,9 мың тонна (43,3%), қыркүйекте – 183,8 мың тонна (жоспарлы көлемнің 58,0%) құрады. Егер 2005 жылдың 1-тоқсанында өндірістік басқарумен жоспардан тыс 4755 тонна мұнай өндіріліп, жоспар 100,6%-ға орындалған болса, 2-тоқсанда жоспар 86,6%-ға, 3-тоқсанда 42,7%-ға және 4-тоқсанда 78,8%-ға орындалды. Мұнай өндіру көлемі төмендеуі себептерінің бірі ретінде 2005 жылдың шілде мен тамыз айларында мұнай компаниясының электрмен қамту және электрді беру ұйымдарына тұтынылған электрқуаты бойынша шоттарды дер кезінде төлемеуінің салдарынан кеніште электрқуатының берілу көлемінің шектелуі (50%-ға дейін)болды.

Сурет9- Мұнай өндіру (мың.тонн)


2005 жыл бойынша республика бойынша жалпы өндіріс келесі шамаларды құрады: газ конденсаты бар мұнайдың өндірісі – 61,9 млн.тонна, соның ішінде газ конденсатының өндірісі – 10,7 млн.тонна; газдың өндірісі – 25,2 млрд.текше м, соның ішінде табиғи газдың өндірісі – 14,5 млрд.текше м. Мұнайдың, газ конденсаты мен газдың 2004 жылдағымен салыстырғандағы өндірісінің артуы соған сәйкес 101,2%; 121,0% және 113,9% құрады. Мұнайдың орташа тәуліктік өндірілу көлемі 151,3 мың тонна деңгейінде, газ конденсатының – 17 мың тонна, газдың – 71,9 млн.текше м деңгейінде сақталды.Мұнай өндірісінің жоспарланып отырған өсімін ескерумен, «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбырын кезең-кезең бойынша жылына 25 млн. тонна мұнайға дейін және КТК-ны жобалық 67 млн. тонна мұнайға дейін кеңейту, Каспий теңізіндегі республика айлақтарының қуаттылықтарын 2010 жылға қарсы жылына 45,8 млн. тоннаға дейін кеңейту мәселесі қарастырылуда. 2005 жылдың желтоқсан айында Атасу – Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы аяқталды. 2006 жылдың мамырында мұнайдың Қытайға толық ауқымды экспортын бастау жоспарланып отыр. Кен өндіру өнеркәсібінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның мұнай өндіру көлемдерін арттырудың арқасында өндірістің көлемі 12,8%-ға артты, барлық өндірілетін мұнайдың 73,1%-ы соның үлесіне тиіп отыр. «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС өндіретін мұнайдың көлемі 1,3 есе артты.

Сурет 10 – Қазақстанның облыстарындағы мұнай өндірудің үлескерлік қатысуы


Өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіптік өнім көлемінің артуына мұнайды айдау мен тамақ өнімдерін өндіру көлемдерін арттырудың есебінен қол жеткізілді.Мұнай өнімдерінің өндірісінде 2005 жыл бойынша физикалық көлемнің индексі 111% құрады. Жыл басынан бастап 15 жаңа өндіріс енгізілді. Мұнайды өңдеу 2004 жылдағымен салыстырғанда дистилляттық отынды өндірудің есебінен 9,3 есе артты. Кен өндіру саласындағы өндірістің көлемі мұнай өндіру көлемдерінің артуының есебінен 674,2 млрд. теңгені немесе 2004 жылдың қаңтар-желтоқсанына қатысты 111,6% құрады. 2005 жылы облыста шикі мұнайдың 16,9 млн. тоннасы немесе 2004 жылдағы көлемге қатысты 109,3%, газ конденсаты – 319,9 мың тонна (118,5%) өндірілді. Мұнайдың ең жоғары көлемі «Өзенмұнайгаз» ПФ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мен «Қаражанбасмұнай» ААҚ-да өндіріледі мұнда өндірілетін мұнайдың көлемі жалпы өндіріс көлемінің 86%-ын құрайды.

2005 жылы табиғи газдың өндірісі (тауарлық өндіру) артып, 2,63 млрд. текше метрді құрады, бұл 2004 жылдағы көлемдерден 19,2%-ға жоғары.


Сурет 11- Қазақстан бойынша мұнай өндіру кәсіпорындардың үлескерлік қатысуы


Мұнайдың өзіндік құнын талдау. Мұнайды өндірудің өзіндік құнын талдау үшін келесідегідей деректер қажет: тұтастай мұнайды өндіру және пайдалану әдістері бойынша жоспардың орындалуы туралы; энергияның және мұнайды эмульсиязыздандыру барысында, жерасты және жерүсті жөндеулері кезіндегі, қаттың өнімділігін арттыру жұмыстары кезінде және мұнайды ішкі кәсіптік айдау барысында тұтынылатын әртүрлі материалдық ресурстардың нормалары мен іс-жүзіндегі жұмсалуы туралы; ұңғымалар қорының қозғалуы туралы, игеру мен бұрғылаудан пайдалануға жаңа ұңғымаларды енгізу жоспарының орындалуы туралы, бұл ұңғымалардың жоспар мен есеп бойынша пайдалнылу уақыты туралы; ұңғымалар бойынша геологиялық-техникалық іс-шараларды жүргізу туралы мәліметтер және мұнайдың өндірісі жүргізілген жағдайларды сипаттайтын басқа да материалдар.Мұнай өндірісінің өзіндік құны жөніндегі жоспардың орындалуын талдау ісін өзіндік құнның көрсеткіштері бойынша өткен жылдың нәтижелеріне жалпы баға беруден бастайды. Бастапқы деректер өнімнің өзіндік құны калькуляциясының есептік нысанынан алынады.Мұнай мен газды өндірудің өзіндік құны мұнай мен газды, табиғи ресурстарды, реагенттерді, материалдарды, отынды, энергияны, негізгі қорлардың амортизациясынғ еңбек ресурстары мен басқа шығындардың құнына қатысты баға беру болып табылады.Мұнай мен газды өндірудің өзіндік құнының есебі кенішті игерудің бекітілген жобаларына, кәсіпорынның өндірілетін мұнай мен газдың бірлігіне, әрекеттегі қордың ұңғымасына, бір жөндеуге және т.б. арнап бекіткен нормативтік шығындарға, қызмет көрсету нормаларына, еңбекақы жөніндегі тарифтік келісімдерге, амортизациялық аударымдардың нормаларына және т.б. негізделеді.Мұнай-газ өндіру өндірісінің тиімділігін жоспарлау үшін әртүрлі факторлардың мұнай өндірісінің өзіндік құнына тигізетін әсеріне баға беру маңызды экономикалық мағынаға ие болады, ол мұнай өндірісін дамытудың негізгі бағыттарын барынша негіздемеленген түрде таңдауға, пайдаланылмаған ішкі резервтерді іске енгізуге мүмкіндік береді. Жоспарланып отырған жылы оның алдындағы жылдағымен салыстырғанда мұнай өндірісінің өзіндік құнының өзгеруіне әсерін тигізетін басты факторлар.Сол не өзге түрдегі фактордың мұнай өндірісінің өзіндік құнына тигізетін әсері кәсіпорын бойынша жоспарлық жылдың алдындағы жылдағы бұл көрсеткішті жоспарланып отырған жылдағы оның мүмкін болар деңгейімен салыстырумен анықталады, соңғысы талданып отырған фактордың әсер етуінің есебімен есептеледі. Мұнай өндірісінің өзіндің құны мен пайдалану шығындарының үнемделуінің ј-ші фактордың әсер етуімен абсолютті және салыстырмалы түрде өзгеруі.Соған сәйкес, жоспарлық жылдың алдындағы жылдағы ј-ші фактордың әсер етуімен негізделген 1 т мұнай өндірісінің өзіндік құнының абсолюттік және салыстырмалы түрде өзгеруі және пайдалану шығындары мен мұнай өндірісі. Жоспарлық жылдың алдындағы жылдағы ј-ші фактордың әсер етуімен мұнай өндірісі мен пайдалану шығындарының өзгеруі және 1 мұнайды өндірудің өзіндік құны.ј-ші фактордың әсер етуінің нәтижесінде қол жеткізілген пайдалану шығындарының үнемделуі. Өндіріс тиімділігін арттыру әдістерін қолданудың мұнай өндірудің өзіндік құны мен пайдалану шығындарын үнемдеуге тигізетін әсерін келесі түрде анықтайды. Қатқа әсер ету әдісімен туындалған және соған сәйкес қосымша ағымдағы шығындар және қатқа тиімді әсер ету әдістерін қолданумен байланысты пайдалану шығындарын үнемдеу. Соған сәйкес, мұнай өндіру әдістерін жетілдірумен байланысты 1 т мұнайды өндірудің өзіндік құнының абсолютті және салыстырмалы түрдегі өзгеруі, соған сәйкес қосымша пайдалану шығындары және мұнайды өндіру әдістерін жетілдірумен негізделген олардың үнемделуі.Ұңғымалардың түбіне жақын өңіріне әсер етудің тиімді әдістерін қоолдану, сондай-ақ соған сәйкес қосымша ағымдағы шығындар мен пайдалану шығындарын үнемдеу.Қат пен ұңғымалардың түбіне жақын өңірлеріне әсер етудің тиімді технологияларын қолданумен және басқа да техникалық шараларды қолданумен негізделген мұнай өндірісі өзіндік құнының абсолютті өзгерулерінің жиынтығы мұнай өндірісі өзіндік құнының топтық фактордың әсерімен абсолютті түрде өзгеруін - өндіріс деңгейінің артуын сипаттайды. Өндірудің техникалық деңгейін арттырудың жекелеген факторларының әсер етуінің нәтижесінде 1 т мұнайды өндірудің өзіндік құны мен пайдалану шығындарының үнемделуінің өзгеру ерекшеліктерін айта кеткен жөн.

Мұнай-газ өндірісінің тиімділігін арттыру технологияларын пайдалану кезінде қосымша шығындар сол технологияларды енгізуге жұмсалатын шығындар мен мұнай мен сұйықты өндіру көлемінің өзгеруіне байланысты болатын құбылмалы шығындардан құралады.Өндірісті басқаруды жетілдіру, соған сәйкес қосымша ағымдағы шығындар және өндірісті басқаруды жетілдірумен негізделген пайдалану шығындарының үнемделуі. Қосымша пайдалану шығындары бұл жағдайда мұнай-газ өндірісін ұйымдастыруды жетілдіруге жұмсалатын тұрақты шығындар мен мұнай мен сұйықты өндірудің өзгеруімен байланысты болатын құбылмалы шығындардан құралады. Сонымен қатар, өндірісті ұйымдастыру ісін жетілдірудің нәтижесінде шығындарда және калькуляцияның басқа баптары бойынша өзгерістер байқалуы мүмкін, оларды осы фактордың мұнай өндірісінің өзіндік құны мен пайдалану шығындарының үнемделуіне әсер етуін анықтау кезінде ескеру қажет.Кеніште жаңа ұңғымаларды енгізудің нәтижесінде өндіру көлемінің өзгеруінің мұнай өндірудің өзіндік құнына және пайдалану шығындарының үнемделуіне тигізетін әсері. Пайдалану шығындары қосымша сұйықты көтеруге, айдау мен әзірлеуге жұмсалатын шығындардан, қосымша көлемдегі суды толтыруға жұмсалатын шығындардан, ұңғымалардың амортизациясы мен оларды күтімге алуға жұмсалатын шығындардан құралады. Ұңғыма-жылдардың қосымша санын күтімге алуға жұмсалатын шығындар ұңғыма-жылдардың қорына байланысты болатын және бір күнтізбелік ұңғыма-жылға қатысты келетін шығындардың нормативтеріне негізделумен белгілейді.Шығындар алдыңғы формулалардағы шығындарға ұқсас түрде анықталады. Шығындар жоспарлық жылдың алдындағы және жоспарлық жылда пайдалануға енгізілген мұнай ұңғымаларының санына, жоспарлық жылдың алдындағы және жоспарлық жылда бір ұңғыманың құрылысы мен оны жабдықтаудың орташа құнына, жоспарлық жылдың алдындағы және жоспарлық жылда ұңғымалардың және олардың жабдығының амортизациясының жылдық пайызына және бір жаңа ұңғыманы пайдаланудың орташа ұзақтылығына негізделумен есептеледі.Ұңғыманың өнімділігінің табиғи түрде өзгеруінің әсерінен 1 т мұнай өндірісінің өзіндік құнының өзгеруінің абсолюттік және салыстырмалы түрдегі өзгеруі және соған сәйкес қосымша ағымдағы шығындар және ұңғыманың табиғи өзгеруінің нәтижесінде алынған пайдалану шығындарының үнемделуі.Қосымша ағымдағы шығындар ұңғымалардың өнімділігі табиғи түрде өзгерген жағдайда қосымша сұйықты көтеруге, айдауға және әзірлеуге жұмсалатын құбылмалы шығындардан және қосымша су көлемін айдауға жұмсалатын шығындардан құралады.Қарастырылған факторлардың пайдалану шығындарының жалпы үнемделуіне тигізетін әсерін сондай-ақ келесі түрде анықтауға болады: қатқа, мұнайды өндіру әдістеріне әсер ету әдістерін қолдану, ұңғымалардың тұбіне жақын өңірлерге әсер ету әдістері, өндірісті басқару ісін жетілдірудің мұнай өндірісінің өзіндік құнына және пайдалану шығындарының үнемделуіне әсер етуі, өндіріс көлемдерінің өзгеруінің мұнай өндірісінің өзіндік құнына, ұңғымалар өнімділігінің табиғи өзгеруіне әсер етуі.

Мұнай-газ өнеркәсібінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жақын жылдарда Ресей Үкіметімен мұнайды құбырлық көлікпен тасымалдаудың квотасын арттыру жөніндегі, сондай-ақ 2001 жылдың қыркүйегіне дейін Каспий Құбырлық Консорциумын (КҚК) жобасы бойынша алғашқы кезектегі құрылысты аяқтау жөніндегі жұмысты жалғастыруды көздеп отыр.  Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай ұңғымаларын бұрғылау кестесінің орындалуына қатысты бақылау қамтамасыз етілетін болады.  2000-2002жж. аралығында Қарашығанақ және Теңіздік кешендерді дамыту осы кенорындарындағы мұнай мен конденсаттың өндірісін арттыруға мүмкіндік береді. Кеңқияқ – Атырау мұнай құбырын салу жоспарлануда, бұл Ақтөбе облысы кеніштерінің мұнайын Еуропаның экспорттық нарығына тасымалдау мен Атырау мұнай өңдеу зауытын бұрынғыдан да толық көлемде жүктемелеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін болады. Қосымша Атырау – Самара мұнай құбырының 2001 жылы 12 млн. тоннаға дейін және 2003 жылы 15 млн. тоннаға дейін жүктемеленуін қамтамасыз ету көзделіп отыр, бұл республиканың осы бағыт бойынша экспорттық мүмкіндіктерін елеулі түрде арттырады. Осы жылдары мұнай өндірісінің өсіміне негізінен Теңіз және Қарашығанақ кеніштерінің, Ақтөбе облысының бірқатар кеніштерін, сондай-ақ Солтүстік Бұзашы түбегімен шектесіп жатқан кенішті іске қосудың есебінен қол жеткізу көзделіп отыр. Оңтүстік аймақтардың табиғи газға қатысты және солтүстік аймақтардың мұнай өнімдірен қатысты қажеттерін тұрақты және салыстырмалы түрдегі төмен бағамен қамтамасыз ету жөніндегі нақты шаралар қабылданатын болады. Үкімет қосымша мұнай құбырларының ақырғы нұсқаларын белгілейді, мұнайды тасымалдауға арналған теміржол және теңіз көлігін пайдаланудың бағадрламасын әзірлеп, бекітетін болады. Көмірсутегілік шикізаттың жалпы барланған қорлары бойынша Қазақстан әлемнің алғашқы он елінің қатарына кіреді. Республикамызда барланған алынып жатқан мұнай қоры 2,1 млрд.т, конденсат қоры - 0,7 млрд.т және газдың қоры 2,6 трлн.м3 құрайтын 191 кеніш ашылған. Қазақстандағы мұнай мен газдың болжамдалып отырған геологиялық қорларының жиынтығы шартты отынның 20 млрд.т көлемінде немесе мұнай мен конденсаттың 7 млрд. т. және газдың 7,5 трлн.м3 көлемінде бағаланып отыр.   Өндірудің әрекеттегі қарқындары жағдайында республиканың мұнай өңдеу кәсіпорындары барланған қорлармен 120 жылға, ал газ өндіру кәсіпорындары – 400 жылға қамтамасыз етілген.

  Өнеркәсіптік категориядағы мұнайдың қорлары 6 әкімшіліктік облыста бар  (Ақтау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда). Батыс Қазақстанның 4 облысында 122 барланған кеніштің 13-і орналасқан, және олармен бастапқы кеніштердің 95%-ы және қалдықтық игеріліп жатқан кеніштердің 94%-ы және өндіріліп жатқан қорлары 100 млн. тоннадан артық болатын барлық ірі кеніштер байланысты болып келеді. Оңтүстік Қазақстанда Жамбыл және Шымкент облыстарының аймағында орналасқан газ алабы ашылған , барлығы 7 газ кеніші барланған, игеру үшін келешегі бар деп орташа жылдық өндіру көлемі 500 млн.м3 амангелді кеніші саналады. Бай ресурстық базаның болуы 2010 жылға қарсы республикамыздағы мұнай өндірісін 70 млн. т дейін және газ өндірісін 44,6 млрд.м3 жеткізуге мүмкіндік беретін болады. Келешекте республикада мұнай мен газ өндірісінің өсімі негізінен Теңіз және Қарашығанақ ірі мұнай-газ конденсаттық кеніштерін одан әрі игерудің арқасында қамтамасыз етілетін болады, 2010 жылы олардың өндірудің жалпы балансындағы алатын қосынды үлесі 43%-ды құрайтын болады. 

3.3 Шығындарды азайту барысында шаралардың экономикалық тиімі
Өндіріс көлемдері артқан сайын өнімнің өзіндік құнын азайту үшін күрес барған сайын маңызды мағынаға ие бола бастауда және барған сайын көбірек пайдасын келтіруде. Он бірінші бесжылдықта тәулігіне елімізде 1,5 млрд.теңгенің материалдық және отын-энергетикалық ресурстары жұмсалатын, оның үстіне шикізатты, материалдар мен отынды тұтыну көлемдері әр он жыл сайын екі еселенуде.Жекелеген шешімдердің өз бетінше тиімді болғаны жеткіліксіз. Кәсіпорынның кешенді түрдегі бүкіл іс-әрекеті оңтайлы болып және ақшалай түсімдердің өндірістің экономикалық нәтижелеріне мүдделі салаларды қанағаттандыратындай мөлшерде түсуіне қол жеткізуге тырысу керек. Шығындарды жоспарлаудың негізгі міндеті кәсіпорынның келешек кезеңде күтіліп отырған іс-әрекетінің экономикалық нәтижелерін белгілеуге негізделген.Біз айтып кеткендей, еркін түрдегі бәсекелестік жағдайларында кәсіпорындар шығарған өнімнің бағасы нарықтық баға құрылымы заңдарының әсерімен теңдестіріліп отырады. Сонымен қатар әрбір кәсіпкер барынша жоғары пайдаға ие болуға тырысады. Және бұл жерде өнімді өндіру көлемін арттыру, оны толықтырылмаған нарықтарға жылжыту факторларымен қатар сол өнімді шығару мен жүзеге асыруға жұмсалатын шығындарды азайту, өндіріс шығындарын азайту проблемасы бұлжымас түрде шығады. Дәстүрлі тұрғыдан алып қарағанда шығындарды азайтудың ең маңызды жолына өндірісте тұтынылатын барлық түрдегі еңбек және материалдық ресурстарды үнемдеу жатады.

Мысалы, өндіріс шығындарының құрылымында елеулі рөлге еңбекақы ие болуда (Ресейдің өнеркәсібінде 13—14%, дамыған елдердің өнеркәсібінде — 20—25%). Сол себептен шығарылатын өнімнің өзіндік құнын азайту, еңбек өнімділігін арттыру, әкімшіліктік-қызмет көрсетуші қызметкерлер санын қысқарту мәселесі өзекті болып табылады.

Өнімнің көп еңбекті қажет етуін азайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға әртүрлі әдістермен қол жеткізуге болады. Солардың арасындағы аса тиімділері — өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, прогрессивті, өнімділігі жоғары технологияларды әзірлеу және қолдану, ескірген жабдықты ауыстыру және жаңғырту. Алайда қолданыстағы техника мен технологияны жетілдіру жөніндегі шаралардың жалғыз өзі өндріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартпай тиісті нәтижені бермейді. Көбінеки кәсіпорындар қымбат құрал-жабдықты оны пайдалануға даярланбастан сатып алып немесе жалға алып жатады. Соның нәтижесінде мұндай жабдықты пайдалану коэффициенті өте төмен. Сатып алуға жұмсалған қаражаттар күтілген нәтижені бермейді.Еңбек өнімділігін арттыру үшін маңызды мағынаға оны тиісті түрде ұйымдастыру ие болады: жұмыс орнын даярлау, оны толық жүктемелеу, еңбек етудің ілгері әдістері мен тәсілдерін қолдану және т.б.Өнімнің өндірісіне жұмсалатын шығындардың құрылымында материалдық ресурстар 3/5 үлеске ие. Сондықтан осы ресурстарды үнемдеудің, оларды тиімді қолданудың маңызды болатыны

түсінікті. Алғашқы кезекке бұл жерде ресурс үнемдеуші технологиялық процестерді қолдану шығады. Жеткізушілерден келіп түсіп жатқан шикізат пен материалдардың, қосалқы бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың сапасына қатысты талапты арттыру мен кіреберістік бақылауды барлық жерде қолданудың да маңызы зор.Негізгі өндірістік қорлардың амортизациясы бойынша шығындардың азаюына сол қорларды жақсы пайдаланумен, оларды барынша жүктемелеумен қол жеткізуге болады.Шетелдік кәсіпорындарда өнімнің өндірісіне қатысты шығандарды азайтудың келесідегідей факторлары қарастырылып жатады: сатып алынатын материалдар тобының оңтайлы мөлшерін, өндіріске енгізіліп жатқан өнім сериясының оңтайлы көлемін анықтау және соны ұстану, жекелеген компоненттерді немесе қосалқы бөлшектерді өзің жасаған жөн бе немесе басқа өндірушілерден сатып алған дұрыс па, сол мәселені.Сатып алынатын шикізаттың, материалдардың партиясы неғұрлым үлкен болған сайын, орташа жылдық қор мен сол шикізатты, материалдарды сақтаумен байланысты шығындар да (қоймалық бөлмелер үшін төленетін жалдау ақысы, ұзақ уақыт сақтау кезіндегі шығындар, құнсызданумен қатысты шығындар және т.б) соғұрлым жоғары болатыны белгілі. Сонымен қатар шикізат пен материалдарды ірі компаниялардың сатып алуының артықшылықтары бар. Сатып алынып жатқан тауарларға қатысты тапсрысты жайғастырумен, сол тауарларды қабылдаумен, шоттардың өткізілуін бақылаумен және т.б. байланысты болатын шығындар азаяды. Осылайша, сатып алынатын шикізат пен материалдардың оңтайлы санын анықтау мәселесі туындайды. Есептеуді келесі түрдегі үлгілік сұлба бойынша жүргізуге болады.


Кесте 16 - Сатып алынатын шикізат пен материалдардың оңтайлы санын есептеу


Сатып алынатын партиялардың



Партияның көлемі

Орташа жылдық қор, кг

Орташа жылдық қордың бағасы, мың теңге

Қоймада сақтауға жұмсалатын шығындар, жылына мың теңге

Қоймада жұмсауға жұмсалатын

Сатып алуларды қамтамасыз ету жөніндегі



барлығы

1

200 000

10 000

100 000

20 000

1 250

21 250

2

10 000

5 000

50 000

10 000

2 500

12 500

3

6 667

3 333

33 333

6 667

3 750

10 417

4

5 000

2 500

25 000

5 000

5 000

10 000

5

4 000

2 000

20 000

4 000

6 250

10 250


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет