Мазмұны кіріспе 1 КӨмірсутегілік шикізатты өндірудің технико- технологиялық ерекшеліктері



бет11/11
Дата28.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#164524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Кестеден көруге болатындай, бұл мысалда сатып алулардың оңтайлы жылдық партиясы 4-ші, себебі қоймада сақтау мен сатып алуларды қамтамасыз ету жөніндегі шығындардың сомасы бұл жағдайда бәрінен де төмен.Шығарылатын өнім сериясының оңтайлы көлемін анықтау кезінде де дәл сондай ережелер күшінде болады. Өнімді ұсақ сериялардың көптеген санымен шығару кезінде дайын өнімді қоймада сақтауға жұмсалатын шығындар барынша төмен болады, алайда өндірісті әзірлеуге жұмсалатын шығындар артады. Іске қосу сериясының оңтайлы көлемін есептеп шығайық (кесте).


Кесте 17 Іске қосу сериясының оңтайлы көлемінің есебі


Серияның



Сериядағы бұйымдардың саны, дана

Өнімнің орташа жылдық қоры, дана

Орташа жылдық қордың құны, мың теңге

Шығындар, мың теңге/жылына

Дайын өнімді қоймада сақтау жөніндегі

өндірісті әзірлеу жөніндегі



барлығы

1

3 000

3 357

47 250

11 813

3 000

14 813

2

4 500

1 688

23 632

5 908

6 000

11 908

3

3 000

1 125

15 750

3 938

9 000

12 938

4

2 250

844

11 816

2 954

12 000

14 954

5

1 800

675

9 450

2 363

15 000

17 363

Кестеден көріп отырғанымыздай, бұйымдардың оңтайлы саны 4500 дана 2 іске қосу сериясында орын алып отыр; дайын өнімді қоймада сақтау мен өндірісті әзірлеудің шығындары бұл серия үшін ең аз – жылына 11 908 мың теңге. Әрине, мұндай есептеулерді жеткілікті түрде объективті және дәл деп санауға болмайды, алайда белгілі белгілі мөлшердегі жуықтауда оларды қабылдауға болады.Өзіндік құнның көрсеткіштері жөніндегі жоспарды орындаудың жалпы нәтижелерін анықтау кезінде жоспарлық шығындар мұнай өндірудің іс-жүзінде орындалған көлеміне қайта есептейді (тек айнымалы шығындар бойынша).Бұдан әрі талдауды факторлар бойынша әрбір калькуляциялау бабы бойынша жалпы шамаларды мүшелеумен жүргізеді.

«Мұнайды алуға қажетті энергияға жұмсалатын шығындар» бабы бойынша нақты шығындардың ауытқуының себептеріне келесілер жатуы мүмкін: а) терең сорғылық өндіру көлемінің өзгеруі;

ә) 1 т мұнайға арналған электрқуатының меншікті шығынының өзгеруі;

б) электрқуатының бағасының өзгеруі.

Есептеуге арналған бастапқы деректер кестеде келтірілген.

«Электрқуаты» бабы бойынша үнемдеу негізінен электрқуатының меншікті шығынының төмендеуімен байланысты болып келеді. Терең сорғылық өндіру көлемінің өсуі электрқуатына жұмсалатын шығындардың көбеюін тудырды.
Кесте 18 – Электрқуат шығындары


Көрсеткіштер

Жоспар бойынша

Іс-жүзіндегі

Ауытқу

(+,-)

«Электрқуаты» бабы бойынша шығындар, мың тг

185,0

174,0

-11,0

Мұнайды терең сорғылық әдіспен өндіру, мың тонна

738,7

745,1

+6,4


1 т жұмсалатын электрқуаты, кВт·с

10,4

9,7

-0,7

1кВт·с бағасы

2,40

2,40

-

Өндірілетін мұнайдың 1 т-на арналған электрқуатының меншікті шығынының азаю фактілерін анықтау үшін энергетика шаруашылығының ұйымдастырылуының мән-жайын біліп алу керек, бұл ретте ең алдымен қозғалтқыштардың қолданыстағы қуаттылығының қажетті қуаттылыққа сәйкес болуына, сондай-ақ электрқуатының нақты тұтынылуының есепке алыну жағдайына көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар, электрқуатын үнемдеу жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жоспары зерттеледі.

«Әлеуметтік сақтандыруға аударымдарды қоса алғандағы еңбекақы» бабы бойынша ауытқулар мұнай өндірісінде еңбек ететін қызметкерлер санының және орташа еңбекақы деңгейінің өзгеруінің нәтижесінде орын алуы мүмкін, оларды жоғарыда қарастырылған әдістеме бойынша анықтайды.
Кесте 19 – Қызметкерлердің еңбекақысы


Көрсеткіштер

Жоспар бойынша

Іс-жүзіндегі

Ауытқу

(+,-)

«Еңбекақы» бабы бойынша шығындар, мың тг.

516

537

+21,0

Мұнай өндірудегі қызметкерлердің саны

311

324

+13,0

Жылына орташа еңбекақы, тг

1521

1512

-9,0

Бұл есептеуден көріп отырғанымыздай, бұл бап бойынша шектен тыс шығындау еңбек етушілер санының артуымен туындалған.

«Ұңғымалардың амортизациясы» бабы бойынша шығындардың жоспарлық шығындардан ауытқуының себептеріне төмендегілер жатуы мүмкін:


  1. пайдалануға енгізіліп жатқан ұңғымалар мен басқа да негізгі қорлар санының артуы немесе азаюы (ескі ұңғымалардың іс-жүзіндегі амортизациясы мұнай ұңғымаларын жоспармен ескерілмеген түрде тоғыту ұңғымаларына ауыстыруды санамағанда жоспарлық амортизацияға тең болады);

  2. жаңа ұңғымалар мен басқа да негізгі қорларды пайдаланудың жоспарлық мерзімінің өзгеруі.

Есептеуге арналған бастапқы деректер кестеде келтірілген.
Кесте 20 – Ұңғымалардың амортизациясы


Көрсеткіштер

Жоспар бойынша

Іс-жүзіндегі

Ауытқу

(+,-)

Ұңғымалардың амортизациясы барлығы, мың тг

3362

3349,27

-12,73

Соның ішінде: а)ескі

б) жаңа


3304

58


3304

45,27


-

-12,73


Басқа негізгі құралдардың амортизациясы, мың тг

1110

1171

+61


«Жабдықты күтіп ұстау мен пайдалануға жұмсалатын шығындар» бабына атап айтқанда, жерасты жөндеуге жұмсалатын шығындар кіреді. Есептеуге арналған бастапқы деректер кестеде келтірілген.
Кесте21- Жөндеуге кеткен шығындар


Көрсеткіштер

Жоспар бойынша

Іс-жүзіндегі

Ауытқу

(+,-)

Жөндеулердіңсаны

3748

3701

-47

Бір жөндеудің өзіндік құны, тг.

206

225

+19

Жерасты жөндеуге жұмсалатын шығындар, мың тг

772,1

832,7

+60,6

Есептеу көрсетіп отырғандай, жерасты жөндеуге жұмсалатын шығындар бойынша шектен тыс шығындау жөндеулер санының азаюына қарамастан бір жөндеуге қатысты шығындардың көбеюінің зардабы болды. Сондықтан бір жөндеуді жүргізуге арналған шығындардың арту себептерін анықтау қажет. Ондай себептерге ең алдымен жөндеудің еңбек сыйымдылығының артуы немесе жөндеу жұмыстарының уақытының артуы жатуы мүмкін.

Артынша бір жөндеудің өзіндік құнының өзгеру себептері анықталады, ол келесі шығындардан құралады:


  1. жөндеу барысында жұмсалатын материалдардың бағасы;

  2. жерасты-жұмысшыларының әлеуметтік сақтандырудың есебімен еңбекақылары;

  3. өздерінің көмегімен жерасты жөндеу жүргізілетін механизмдер мен жабдықтың амортизациясы;

  4. көтергіштерді жалға алу бағасы.

Шығындардың элементтері бойынша жерасты жөндеуге жұмсалатын жоспарлық және іс-жүзіндегі шығындар (мың теңге), сондай-ақ олардың ауытқуының көлемдері кестеде келтірілген.Материалдар, еңбекақы, амортизация тәрізді шығындық элементтерді талдау әдістемесі мұнай өндіру мысалында келтірілген. Көтергіштерді жалға алуға қатысты шығындар бойынша ауытқулар жөндеулердің ұзақтылығының және көтергішті уақыт бірлігінде жалдау бағасының өзгеруімен байланысты болып келеді.

Кесте 22 Шығындар




Шығындардың элементтері

Жоспар бойынша

Іс-жүзіндегі

Ауытқу

(+,-)

Материалдар, барлығы

158,4

124,0

-34,4

Соның ішінде:

құбырлық сорғылар

ендірмелі сорғылар

басқа материалдар


8,4


20,0

130,0

29,0

15,0


80,0

+20,6


-5,0

-50,0


Әлеуметтік сақтандыруға арналған аударымдарды қоса санағандағы еңбекақы

276,0

308,0

+32,0


Амортизация

18,0

28,0

+10,0

Көтергіштердің тозуы

319,7

372,7

+53,0

Жығындардың жиыны

772,1

832,7

+60,6

Кесте23 - Суды айдаудың өзіндік құны (теңгемен) кестеде келтірілген шығындардан құралады.




Шығындардың элементтері

Жоспар бойынша

Іс-жүзіндегі

Ауытқу

(+,-)

Электрқуаты: а) негізгі ақы

б) қосымша ақы



227

239


260

232


+33

-7


Еңбекақы

129

122

-7

Әлеуметтік сақтандыруға арналған аударымдар

11

10

-1

Тоғыту ұңғымаларының амортизациясы

588

572

-16

Басқа негізгі құралдардың амортизациясы

294

275

-19

Бумен және сумен қамту цехының қызметтері

54

50

-4

Цехтық шығындар

86

85

-1

Жиыны

1628

1606

-22

Экономикалық элементтер бойынша іс-жүзіндегі шығындардың жоспарлық шығындардан ауытқуларын анықтау әдісі бұрынғыдай.

«Мұнайды технологиялық әзірлеу жөніндегі шығындар» кешенді бабы бойынша шығындарды талдау ісін еңбекақыға, материалдарға, электрқуаты мен осы шығындарды белгілейтін басқа да шығындық элементтерге жұмсалатын іс-жүзіндегі және жоспарлық сомаларды салыстырудан бастайды. Артынша іс-жүзіндегі сомалардың жоспарлық сомалардан ауытқуын тудырған факторларға сандық баға беріледі. Мысалы, мұнайды эмульсиясыздандыруға жұмсалатын шығындарды талдау кезінде деэмульгаторлардың, қуаттың, отынның, буды шығындау нормаларының өзгеруі мен бағалардың соларға тигізетін әсерін, эмульсиясыздандырғыш құрылғыны күтімге алатын жұмысшылар санының, олардың еңбекақы деңгейінің және т.б. өзгеруінің тигізетін әсерін анықтайды.Талдаудың қорытынды бөлімінде 1 т мұнайдың іс-жүзіндегі өзіндік құнының жоспарлық өзіндік құнымен салыстырғандағы жалпы төмендеу (немесе арту) көлемі осы шаманы жекелеген факторлар мен шығындық баптарға бөлістірумен анықталуы тиіс, талдау барысында анықталған қаражаттарды бұдан арғы уақытта үнемдеу резервтерін пайдалану бойынша нақты іс-шаралар әзірленуі тиіс.

Мұнай мен газ өндірісінің өзіндік құнына келесілер жатқызылады:

а) өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуымен негізделген мұнай мен газды өндіру мен кәсіптік даярлаумен тікелей қатысты болып келетін шығындар;

ә) пайдалы кен қазбаларын өндіруге төленетін төлемдер, жерлерді қалпына келтіруге жұмсалатын шығындар, тамырымен қопарылып алынатын ағаштар үшін төленетін төлем, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының су шаруашылық жүйелерінен бекітілген шама шектерінде алып отыратын су үшін төленетін төлем. Ластаушы заттардың қоршаған ортаға рұқсат етілген мөлшерде шығарылып отыруы үшін төленетін төлемдер.

б) өндірісті әзірлеу мен игеруге жұмсалатын шығындар: жаңадан игеруге енгізіліп жатқан алаңшаларда жаңа мұнай-газ өндіру басқармаларын құрумен байланысты болатын шығындар (күрделі салымдардың есебінен өтелуге жататын шығындарды санмағанда), ашық таулы алаңшалар аймағын, артынша жерлерді қалпына келтіру үшін пайдаланылатын топырақтың құнарлы қабатын сақтауға арналған алаңшаларды тазартуға жұмсалатын, өндірілетін шикізатты шығаруға арналған уақытша кірме жолдарды салуға және басқа да жұмыс түрлеріне жұмслатын шығындар;

в) өндіріс технологиясы мен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруменбайланысты болып келетін күрделі емес сипаттағы шығындар. Жаңа технологияларды құру және қолданыстағы технологияларды жетілдіру жөніндегі, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-құрастырушы жұмыстарын жүргізумен қатысы бар өнім сапасын арттыру жөніндегі шығындарды қаржыландыру;

г) өндірістік процесті қамсыздандыруға жұмсалатын шығындар:


  • өндірісті материалдармен, отынме, энергиямен, құрал-сайманмен, айлабұйымдармен және басқа еңбек құралдары мен заттарымен қамтамасыз ету жөніндегі шығындар;

  • негізгі өндірістік қорларды жұмыстық күйінде ұстауға жұмсалатын шығындар (техникалық қарау мен күтуге, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулерді жүргізуге жұмсалатын шығындар);

  • құрал-жабдықты жаңғырту, сондай-ақ негізгі қор объектілерін қалпына келтіру күрделі салымдардың есебінен жүзеге асырылады және олардың жүргізуге жұмсалатын шығындар мұнай мен газдың құнына енгізілмейді;

ғ) қалыпты еңбек ету жағдайлары мен қауіпсіздік техникасынқамтамасыз ету жөніндегі шығындар: машиналар мен олардың қозғалғыш бөліктерін, люктерді, тесіктерді, сигнал беруді, қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ететін күрделі емес сипаттағы құрылғылардың басқа да түрлерін жабдықтау және күтіп ұстау;

д) табиғатты қорғауға арналған қорларды: тазартқыш құрылыстарды, күл ұстағыштарды, сүзгілер мен басқа да табиғат қорғау объектілерін күтіп ұстау мен пайдаланумен қатысты болатын ағымдағы шығындар, бөгде ұйымдардың қабылдау, сақтау қызметтерінің ақысын төлеуге және ағымдағы табиғат қорғау шығындарын жоюға жұмсалатын шығындар;

е) өндірісті басқарумен қатысты болатын шығындар:


  • акционерлік қоғамның, бірлестіктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін ұстау, олардың іс-әрекетін материалдық-тех­никалық және көліктік қамсыздандыру, соның ішінде қызметтік жеңіл автокөлігін күтіп ұстау мен меншік жеңіл автокөліктерін қызметтік сапарлар үшін пайдаланудың өтемақысын (заңдармен бекітілген норма шектерінде) қоса санағанда;

  • өндірістік іс-әрекетпен байланысты болатын шығындар (заңдармен бекітілген норма шектерінде);

ж) мамандарды даярлау мен қайта даярлаумен байланысты болатын шығындар:

  • кәсіпорын қызметкерлеріне оларды негізгі жұмыс орны бойынша жұмыстан қол үзумен мамандардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жүйесінде оқыту кезінде орташа еңбекақыны төлеу;

  • негізгі жұмыстан босатылмаған білікті қызметкерлердің еңбекақысын төлеу, оқушыларды оқыту мен жұмысшылардың біліктілігін арттырудың ақысын төлеу;

  • қолданыстағы заңдарға сәйкес кешкі және сырттай жоғары және орта оқу орындарында, сырттай аспирантурада оқитын тұлғаларға еңбекақысын толықтай немесе жартылай сақтаумен еңбек демалыстарының ақысын төлеу;

з) жұмыстарды вахталық әдіспен жүргізумен қатысты болатын шығындар;

и) банктердегі несиелер бойынша төлемдер заңмен бекітілген мөлшерлеме шектерінде төленеді, және өздерінен тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алған (жұмыстарды жүргізгені үшін, бөгде кәсіпорындарға қызмет көрсеткені үшін) үшін жеткізушілердің (жұмыстарды, қызметтерді орындаушылардың) несиелері бойынша пайыздарды төлеуге жұмсалатын шығындар. Несиелер бойынша мөлшерлемеден жоғары болатын төлемдер қаржылық нәтижелерге жатқызылады. Меншікті айналымдық қаражаттардың жетіспеушілігін толтыруға, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алуға арнап алынған несиелердің пайыздарын төлеу ісі, сондай-ақ мерзімі өтіп кетекн немесе мерзімі шегерілген несиелерге қатысты төлемдер кәсіпорынның билігінде қалатын пайданың есебінен жүргізіледі;

й) жасасқан келісімшарттарға сәйкес банктердің сауда-комиссиялық (факторингілік) әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі қызметтерінің ақысын төлеу;

м) компанияның арнайы орталықтандырылған қорларына аударымдар, олар заңмен бектілген тәртіппен жүргізіліп отырады;

н) негізгі өндірістік қорлардың орнын толтыруға жұмсалатын шығындар, олар өнімнің өзіндік құнына негізгі қорлардың құнын толықтай қалпына келтіруге қатысты амортизациялық аударымдар түрінде енгізіледі;

ң) материалдық емес активтер бойынша тозу. Өздері бойынша пайдалы қолдану мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормалары он жыл есебімен (алайда кәсіпорынның әрекет ету мерзімінен аспайтындай) белгіленеді;

о) салықтар, алымдар, төлемдер мен заңмен бекітілген тәртіппен жүргізілетін басқа да міндетті аударымдар. Өнімнің іс-жүзіндегі құнында сонымен қатар төмендегілер көрсетіледі:


  • ақаудан болған шығындар;

  • ішкі өндірістік себептермен текке тұрып қалулардан болған шығындар;

  • өздеріне кінәлі тұлғалар анықталмаған өндіріс пен қоймалардағы материалдық құндылықтардың жетіспеушіліктері.

Мұнай өндірудің өзіндік құнын (жоспарлық және іс-жүзіндегі) анықтау кезінде келесі құжаттар есептеледі:

  1. өндіріске жұмсалған шығындардың сметасы;

  2. техникалық-экономикалық факторлардың есебінен өзіндік құнды төмендетудің жоспары, соның ішінде ГТМ-ды жүргізуге арналған бизнес-жоспарлар;

  3. өнім түрлерінің өзіндік құнының калькуляциясы.

Аталмыш құжаттар бойынша төмендегідей көрсеткіштер анықталады:

  • жалпы өнімнің өзіндік құны;

  • тауарлық өнімнің өзіндік құны;

  • өндірістің шығындары;

  • өнім бірлігінің өзіндік құны;

  • өнім бірлігінің өндірістік (таза) өзіндік құны;

  • тауарлық өнімнің 1 теңгесіне қатысты шығындар.

Материалдық ресурстардың құны оларды сатып алу бағаларына (ҚҚС-сыз), үстеме бағаларға, қамсыздандыру және сыртқы экономикалық ұйымдарға төленетін комиссиялық сыйақыларға негізделумен қалыптастырылады. Өзіндік құнға енгізілетін материалдық ресурстарға қатысты шығындардан қайтарылмалы материалдардың құны шегеріледі.Мұнай-газ өндірісіндегі материалдық шығындар мұнай мен газды өндіру процестері бойынша нормативтердің көмегімен есептеледі.Шикізат пен негізгі материалдар мұнай газ өнеркәсібіндегі қолданылмайды. Материалдық шығындарда меншікті салмаққа қосалқы материалдар мен энергия ие болады.


ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылап келгенде, әр мұнай өндіретін өнеркәсіптерде пайдалану шығындарының әр түрлі азайту жолдары бар екеніне көз жеткіздік. Қосымша өнімнің (қоғамға арналған өнімнің) құны кәсіпорындардың қазіргі кездегі шаруашылық есеп жағдайларында қайсыбір біөлігінде өнімнің өзіндік құнына енгізіледі. Нақты түрде бұл келесіден көрінеді, өнімнің өзіндік құнына әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, салықтар мен алымдар және басқа да төлемдер кіреді. Сол себептен, сондай-ақ еңбек құралдар мен заттарының бағалары олардың құнына, ал еңбекақы қажетті өнімнің құнымен әркез сәйкес келе бермейтіндігіне байланысты, өзіндік құн өндірістің тұтынылған құралдары мен қажетті өнімнің құнымен сандық түрде сәйкес келмеуі мүмкін. Өнімнің өзіндік құнының шамасына қолданылатын техниканың, технологияны, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру технологиясының деңгейі әсерін тигізеді. Цехтық өзіндік құн сол өнімді кәсіпорынның цехтарында шығаруға жұмсалатын барлық шығындарды қамтиды.

Фабрикалық-зауыттық өзіндік құнға кәсіпорынның өнімді жасауға жұмсайтын оның басынан бастап қоймаға дайын өнімді өткізуге дейінгі барлық шығындар кіреді. Цехтық өзіндік құнмен қатар оған тұтастай кәсіпорынды басқару мен оның жалпы шаруашылығын ұстау жөніндегі шығындар енгізіледі.

Өнімнің өзіндік құнының құрылымын біле тұрып оны азайтудың негізгі, аса маңызды іздестіру бағыттарын белгілеуге болады, себебі жекелеген шығын түрлерінің азаюының оның жалпы деңгейіне тигізетін әсері әртүрлі болып келеді.

Мұнай өндірісінің өзіндік құнында ең жоғары меншікті салмаққа сол сияқты ұңғымалардың өтелуі, қатқа жасанды түрде әсер ету жөніндегі шығындар ие болуда, олардың жартысын электрқуатын шығындау құрайды.



Мұнай мен газ өндірісінің өзіндік құнының құрылымына шартты-тұрақты шығындардың жоғары меншікті салмағы тән болып келеді (шамамен 50%). Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының барлық шығындарын белгілеу үшін өндіріске қатысты шығындардың жинағы құрастырылады, оған сондай-ақ негізгі және қосалқы өндірістердің шығындары енгізіледі. Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын жоспарлауға өнімнің өндірісіне жұмсалған шығындардың (кәсіпорында бірнеше өнім түрлері болған жағдайда барлық өнім түрлеріне арнап есептеулер жүргізеді), сондай-ақ өнеркәсіптікт сипаттағы жұмыстар мен қызметтерге жұмсалған шығындардың есебі кіреді.Өндіріске жұмсалатын шығындарды экономикалық элементтер (өндіріске жұмсалатын шығындардың сметасы) мен шығындық баптар (өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы) бойынша жоспарлап, ескереді.Шығынға жұмсалатын шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтастыру кәсіпорынның материалдық ресурстарға қатысты жалпы қажеттерін, негізгі қорларды амортизациялаудың жалпы сомасын, еңбекақыға жұмсалатын шығындарды және басқа да ақшалай шығындарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл топтаманы айналымдық құралдарды жоспарлау мен олардың қолданылуын бақылап отыру үшін, сондай-ақ тауарлық өнімнің шығынын анықтау үшін қолданады. Бұл топтаманы өндіріске жұмсалатын шығындардың сметасын құрастыру кезінде қолданады, алайда шығындардың бағытталуы, арналуы мен пайда болған жері туралы түсінік бермейді. Ол бойынша сонымен қатар өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтауға болмайды. Бұл үшін шығындардың шығындардың баптары бойынша топтамасы, б.а. өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы қолданылады.Өндіріске жұмсалатын шығындардың баптары деп солардың бағытталуына, арналуы мен пайда болуына байланысты қалыптасқан шығындар аталады.Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындардың баптарының атаулығы әртүрлі өнеркәсіп салалары үшін әртүрлі болып келеді және әр саладағы техникаға, технология мен өндіріс және еңбекті ұйымдастырудың ерекшеліктерімен белгіленеді. Мұнайды өндірудің өзіндік құнын талдау үшін келесідегідей деректер қажет: тұтастай мұнайды өндіру және пайдалану әдістері бойынша жоспардың орындалуы туралы; энергияның және мұнайды эмульсиязыздандыру барысында, жерасты және жерүсті жөндеулері кезіндегі, қаттың өнімділігін арттыру жұмыстары кезінде және мұнайды ішкі кәсіптік айдау барысында тұтынылатын әртүрлі материалдық ресурстардың нормалары мен іс-жүзіндегі жұмсалуы туралы; ұңғымалар қорының қозғалуы туралы, игеру мен бұрғылаудан пайдалануға жаңа ұңғымаларды енгізу жоспарының орындалуы туралы, бұл ұңғымалардың жоспар мен есеп бойынша пайдалнылу уақыты туралы; ұңғымалар бойынша геологиялық-техникалық іс-шараларды жүргізу туралы мәліметтер және мұнайдың өндірісі жүргізілген жағдайларды сипаттайтын басқа да материалдар.Мұнай өндірісінің өзіндік құны жөніндегі жоспардың орындалуын талдау ісін өзіндік құнның көрсеткіштері бойынша өткен жылдың нәтижелеріне жалпы баға беруден бастайды. Мұнай-газ өндіру өндірісінің тиімділігін жоспарлау үшін әртүрлі факторлардың мұнай өндірісінің өзіндік құнына тигізетін әсеріне баға беру маңызды экономикалық мағынаға ие болады, ол мұнай өндірісін дамытудың негізгі бағыттарын барынша негіздемеленген түрде таңдауға, пайдаланылмаған ішкі резервтерді іске енгізуге мүмкіндік береді. Жоспарланып отырған жылы оның алдындағы жылдағымен салыстырғанда мұнай өндірісінің өзіндік құнының өзгеруіне әсерін тигізетін басты факторлар. Шығындар жоспарлық жылдың алдындағы және жоспарлық жылда пайдалануға енгізілген мұнай ұңғымаларының санына, жоспарлық жылдың алдындағы және жоспарлық жылда бір ұңғыманың құрылысы мен оны жабдықтаудың орташа құнына, жоспарлық жылдың алдындағы және жоспарлық жылда ұңғымалардың және олардың жабдығының амортизациясының жылдық пайызына және бір жаңа ұңғыманы пайдаланудың орташа ұзақтылығына негізделумен есептеледі.Ұңғыманың өнімділігінің табиғи түрде өзгеруінің әсерінен 1 т мұнай өндірісінің өзіндік құнының өзгеруінің абсолюттік және салыстырмалы түрдегі өзгеруі және соған сәйкес қосымша ағымдағы шығындар және ұңғыманың табиғи өзгеруінің нәтижесінде алынған пайдалану шығындарының үнемделуі.

Шығындарды жоспарлаудың негізгі міндеті кәсіпорынның келешек кезеңде күтіліп отырған іс-әрекетінің экономикалық нәтижелерін белгілеуге негізделген.Біз айтып кеткендей, еркін түрдегі бәсекелестік жағдайларында кәсіпорындар шығарған өнімнің бағасы нарықтық баға құрылымы заңдарының әсерімен теңдестіріліп отырады. Сонымен қатар әрбір кәсіпкер барынша жоғары пайдаға ие болуға тырысады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет