Мазмұны кіріспе 1 салық ЖҮйесінің МӘнімен маңызы


Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері



бет2/3
Дата17.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#141974
1   2   3

1.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері
Мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болып табылатын салық жүйесі, ел эканомикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.

Салық жүйесін мемлекетпен заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары

мен салық қызметі жиынтығы құрайды.

Кез келген мемлекеттің салық жүйесі оның әлеуметтік, саяси, экономикалық және ұлттық ерекшеліктеріне орай қалыптасады. Сондықтанда Қазақстанның салық жүйесі дамуының үш кезеңін көрсетуге болады:

1 Қарапайым салық жүйесі

2 Әкімшілік басқарудағы салық жүйесі

3 Жаңашыл салық жүйесі

Енді осы салық жүйесі кезендерінің өзіндік ерекшеліктерін айтып көрсетіп, жеке-жеке тоқталып өтелік. Қарапайым салық жүйесі Қазақстан аумағында революцияға дейін қалыптасты. Бұл салық жүйесі, бір жағынан, өзіндік тарихи әдісті, ұлттық әдет-ғұрыпты, қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларды еске ала отырып құрылса, екінші жағынан Ресей жөне көршілес орта азиялық мемлекеттермен болатын сауданың, шаруашылық және экономикалық байланыстардың әсерінен қалыптасаты.

Қазақ феодалдары мал жайылымдарына арналған ең құнарлы жерлерді өз қолдарыңда иемденіп мал ұстаушы көпшелі халық пен жер өндеушілер феодалдарға жер рентасын төлейтін болды. Мал шаруашылығы

аудандарына малдың жиырмадан бір бөлігі зекетті, ал жер өндейтін аудандарда егіннің оннан бір бөлігі - ұшырды төледі. Сонымен қатар хандар мен сұлтандардың көшіп-қонуының жағдайын жасау, жауынгерлер беру, қару-жарақпен және азық-түлікпен қамтамасыз ету мойындарында болды. Халық өз хандарына ерікті түрде соғым, сыбаға беретін болды. Хандар соттың үкімін оннан бір бөлігі ретінде соттық бажды (хандық) және көшпелі көпшенді керуендерден баж жинады.

Сонымен бұл қарапайым салық жүйесі сол аймақтағы байлар мен хандардың жеке қажетін қанағаттандыруға, өсіп-өркендеуіне байланысты қалыптасуымен ерекшеленеді.

Революция төңкерілісінен кейін жаңа Үкіметтің билік алуы Казақстан аумағында қалыптасқан салық жүйесіне біршама өзгерістер енгізді, Кенес Одағы біртұтас салық жүйесін орнатып, оның таралуы барлық аймақты қамтыды. Алғашқы салықтар көбінесе азық-түліктен алынды.

Бұл салық жүйесінде әкімшілік - командалық басқару етек алды. Мемлекет тек салық жүйесін ғана емес, барлық кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысын қадағалап, бақылап, басқарып отырды.

Қазақстанның 1992 жылға дейін өзіндік салық жүйесінің болмағанын айта кеткен жөн, өйткені ол жалпы Одақтың салық жүйесіне енді. Оның құлдырауымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүшелерімен келісе отырып, салық жүйесін қалыптастыру міндеті тұрды.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған " Қазақстан Республикасындағы салық жүйіесі туралы " Заңды тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылды Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады.

Қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республйкасында:

1 Жалпы мемлекеттік салықтар;

2 Жалпыға міндетті төленетін жергілікті салықтар мен алымдар;

3 Жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді;

Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылысқа кездескен ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл Заңда да тыс қалмаған сияқты.

Салық санының көптіті, айналымды анықтаудың қиындығы шектен тыс дәлелсіз беріліен салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салудың негздерінің тыс қалуы және тағы басқа кемшіліктер салық жүйесінің одан қарай реформалаудың қажет екенін айқын көрсетті. Әрине бұл өмір талабына сай. Экономиканы реформалау 1-2 жылдың ішінде мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз. Сондықтан салық жүйесі де біртіндеп қалыптасады, түзеледі ары қарай дамиды.

Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының үзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл құжатта, негізінен, салық жүйесін салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкес қызмет егуге жеткізу көзделген.

Осы концепцпясы іс жүзіне асырудағы бірінші кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 24.04.95 жылы қабылдаған Заң күші бар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Жарлығы болып табылады. Қазақстан Республикасында 1995 жылдың бірінші шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақыңдатылған,

Енді бұрын қызмет еткен 45 түрлі салықтар мен алымдардың саны едәуір қысқартылып , жалпы салықтар мен алымдар саны 11-ге жеткізілген. Бірақта Президент жарлығының өмірге енгенінен бастап оған көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, салықтар саны 11-ден 17-ге дейін өсірілді.

Қазіргі уақытта, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексі күшіне енді. Осы кодекс бойынша 9 түрлі салыктар мен 27 түрлі бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер заңды және жеке түлғалардан алынады.

Салық жүйесінде басты орынды салықтардың түрлері алатып сөзсіз. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі бойынша Қазақстаң Республикасында мынадай салықтар қалыптасқан;

1 Корпорациялық табыс салығы;

2 Жеке табыс салығы;

3 Қосылған құнға салынатын салық;

4 Акциздер;

5 Жер койнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері;

6 Әлеуметтік салық

7 Жер салығы

8 Заңды және жеке түлғалардың мүлкіне салынатын салық;

9 Көлік құралдарына салынатын салық.

Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі деп танылады. Оған сәйкес салық төлуші салық органына тіркеу есебіне тұруға; салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.

Мемлекет салық қызметі органы арқылы салық төлеуішден - оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.

Жоғарыдағы Қазақстан Республикасының даму кезеңдері керсеткендей, салық жүйесінің даму кезеңі деп бір орында, өзгеріссіз тұрып қалуы мүмкін емес. Ел жономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолында қалыптасатын іс-тәжірибелер, экономиканы дамыған елдердің тәжірибелерін, талдап-жинақтау барысында, салық жүйесі де өзгеріп, дамып, бара-бара жақсара түсуі тиіс.



2 АКЦИЗ САЛЫҒЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТӨЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Акциздің құрылу негізі
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ арнайы қызмет түрлеріне акциз салынады .

Акциз салығын төлеушілер мыналар:

1.Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;

2.Акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын;

3.Қазақстан Реепубликасының аумағында бензиннің (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынының көтерме, бөлшек саудасын жүзеге асыратын;

4.Егер Қазақстан Республикасының зацдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, тіркелінген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мүрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жузеге асыратын;

5.Қазақстан Республикасының аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды түлғалар акциз төлеушілер болып табылады;

Айта кететін тағы бір жай, осы ережелерді ескеріле отырып, резидент емес заңды түлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеуші болып табылады;

Қазақстан Республикасының салық кодексі бойынша акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлерінің тізбесіне мыналар жатады:

1.спиртің барлық түрлері;

2.алкоголь өнімі;

3.темекі бұйымдары;

4.ұрамында темекі бар басқа бұйымдар;

5.бекіре және қызыл балық уылдырығы;

6.алтыннан , платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар;

7.бензин ( авиациалық бензинді қоспағанда), дизель отыны;

8.жеңіл автөмобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);

9.атыс және газ қарулары (мемлекеттік билік органдарының қажеттіліктері үшін алынғандардан басқа);

10.газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнай акциздедетін тауардар. Қазіргі уақытта акцизделетін қызмет түрлері бар, олардың қатарына мыналар жатады:

а) ойын бизнесі;

б) лотереяны ұйымдастыру мен өткізу .

Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада ( тұрлаулы ) белгіленеді.

Алкоголь өніміне акциздер ставкасы су араластырылмаған (жүз пайыздық) спирттің бөлу көлеміне байланысты бекітіледі. Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өңімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.

Ойын бизнесі обьектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерін Қазақстан Республпкасының Үкіметі бір жылға есептеп белгілейді.

Жергілікті өкілді органдар ойын бизнесі обьектілеріне белгілемеген базалық ставкалар шегінде қызметін бір әкімшілік аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді.

Акциз салығының обьектілеріне төмендегілер жатады:

Акциз төлеушінің өзі жасай шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа кұйылған акцизделетін тауарлар мен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

1)акцизделетін тауарларды өткізуі;

2)акцизделетін тауарларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беру;

3)алыс-беріс, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды ұқсату өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беру;

4)жарғылық капиталға жарнасы;

5)заттай ақы төленген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы ;

6)тауар өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

7)тауар өндірушілердің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйылған тауарлардың өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы;

8)бензиңді (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;

9)бензинді (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;

10)тәркіленген және (немесе) иесі жоқ, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет менішгіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;

11) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруы;

12) лотереяларды ұйымдастыру және өткізуі;

13) акцизделетін тауарлардың, акциз алымы маркаларынын бүлінуі, жоғалуы.

Салық кодексінің белгіленген талаптарына сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына салық салынбайды. Сонымен қатар бұл салық түрінен мыналар босатылады :

а) этил спиртін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндеп уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі этил спирті

б)тауар өндірушіде аталған өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицеңзиясы бар болған жағдайпда емдік және формацевтік дері-дәрмек әзірлеу үшін;

в) мемлекеттік медецина мекемелеріне босатылса ;

г) түтынушының сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын ыдысына құйылған және Казакстан Республикасының заңдарына сейкес дерілік құрал ретінде тіркелген, құрамыңда спирті бар медециналық мақсаттағы (бальзамнан басқа) өнімге акциз салынбау тиіс.

Операция жасалған күн.

Салық кодексі бойынша барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды сатып алушыға тиеп жөңелту (беру) күні операция жасаған күн болып табылады.

Тауар өндіруші өзі акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізгеп жағдайда тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін алыс-беріс тауарларын беру кезінде аталған тауарларды мердігерге (ұқсатушыға) берген күн операция жасаған күн болып табылады.

Алыс-беріс тауарларынан акцизделетін тауарлар әзірленген кезде әзірленген акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші керсеткен тұлғаға берген күн операция жасаған күн болып табылады .

Акцизделетін тауарларлы өздерінің өндірістік қажеттеріне пайдаланған кезде аталған тауарларды осындаи пайдалануға берілген күн операция жасалған күн болып табылады .

Лотерея ұйымдастырған және өткізген жағдайда салық органдарыда лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін өнім, акциз алымы маркалары бүлінген жағлайла бүлінген акцизделетін өнімді ( акциз алымы маркалары ) есептен шығару туралы акт жасаған күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған жағдайда акцизделетін тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады .

Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизлелетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіденеді.

Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленелі.

Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосымша мәлімдеген түсім сомасы ретінде анықталады және шығарылған тіркелгеннен кейін ол өезгертілмеуге тиіс.

Егерде спирттің барлық түріне әртүтрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады .

Сонымен акциз салығының құрылу негізін қарастыра отырып, оның төлеушілерін, обьектілерін жене акцизделетін тауарлардың тізбесін атап өттік.


2.2 Акциздің төлеу мен есептеу тәртібі
Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.

Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу салық кезеңіне белгіленген акциз ставкасын - салық салынатын обьектілердің санына қолдану арқылы анықталады. Салық кезеңінде салық салынатын обьектілердің саны өзгеріс, енгізілген ( шығып қалған ) обьектіге акциз сомасы толық келемде төленеді.

Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спиртті алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын спирттің барлық түрлері үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиіс. Қайта есептеу мен салық төлеуді спиртті алушы жүргізеді.

Емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндіру және медециналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдай да қолданылады. Осы спирт бойынша емдік жене фармацевтік дәрі-дәрмек өндірушілер мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медециналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады .

Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндірілген акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акйиз толық мөлшерде төленеді. Осы ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациалық бензинді қоспағанда), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайларда да қолданылады.

Акциз алымы маркалары жоғалған, бүлінген кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.

Алкоголь өнімін таңбалауға арналған акциз алымының бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын

белгіленген ставка негізінде алынып жүргізіледі .

Маркада сауыттың (ыдыстың) көлемі белгіленбеген жағдайда акциз алымының бүлінген немесе жоғалған маркалары бойынша акцизді есептеу акциз алымы маркалары бүлінген, жоғалған кезеңнің алдындағы салық кезеңі ішінде өнім құю (орау) жүргізілген сауыттың (ыдастың) неғұрлым үлкен көлемі негізіне алынып жүргізіледі.

Акциз алымы маркалары жоғалған, бүлінген кезде мынадай жағдайларда :

1.акциз алымы маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;

2.акциз алымының бүлінген маркалары салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізіңде қабылдаса, акциз төленбейді.

3.Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) мен дизель отынының көтерме, бөлшек саудада өткізуге жатқызу өлшемдерінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Егер сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы аталған акцизделетін тауарларды қабылдауға және оларды одан әрі өткізу үшін пайдаланға міндеттес, осы сатып алу-сату шарты бойынша;

1бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өндіруші ;

2бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеуші өнім берушілер болып табылған жағдайда, бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынын өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.

Бензин (авиациалық бензиңді қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу саласына аталған берушілер жүзеге асыратын мынадай операциялар жатады :

1.бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларға) және жеке кәсіпкерлерге олардың өндірістік қажеттері үшн өткізу;

2.бензин (авиациалық бензинді коспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткізу;

3 өндірілген немесе одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациалық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өзінің өндірістік қажеттеріне пайдалану операциялары;

Ойын бизнесі саласындағы кызметке салық «алудың қазіргі уақытта өзіндік ерекшеліктері бар. Ойын бизнесі (лотереяларды қоспағанда басқа) саласындағы кызметті жүзеге асыру кезінде мыналар салық салу обьектісі болып табылады :

1 ойын столы;

2 ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;

3 тотализатор кассасы;

4 букмекер кеңселерінің кассасы.

Лотерея ұйымдастырушысының лотерея билеттерін сатуға шығаруы лотерея бойынша салық салу обьектісі болып табылады.

Айта кететін бір жай, лотерея ұйымдастырушысы өткізуге әзірленген лотерея билеттерін сатуға шығарудың әрбір шығарылымы және оның ақша түріндегі көлемі лотерея билеттерін өткізу басталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірілмей салық органдарына міндетті түрде тікелуге тиіс. Бірақта, лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу кезінде салық салудан босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші тіркелген орны бойынша салық органына алпыс жұмыс күннің ішінде міндетті түрде мына қүжаттарды

1.экспортталатын акцизделетін тауарларды беруге шартты (келісім шартты);

2.акцизделетін тауарларды экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар кедендік жүк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшірмесін табыс етеді. Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистральдық құбыр жүйесімен немесе электр берілісі желілерімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін

қолдана отырып әкеткен жағдайда кеден рәсімдеуін жүргізген кеден органының белгілері соғылған толық кедендік жүк декларациясы экспортты куәландыру болып табылады;

3.Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі соғылған тауарға ілеспе қүжаттардың көшірмелерін табыс етеді. Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистральдық құбыр жүйесімен немесе электр берілісі желілерімен әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі;

4.Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған шоттарына акцизделетін тауарлар өткізуден түскен ңақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшірмесін табыс етеді.

Қазақстан Республикасы акцизделетін тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтін халықаралық шарттар жасатқан.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге акцизделееін тауарлар экспортталған кезде Қазақстаң Республикасының кеден аумағынан экспорт режимінде әкетілген акцизделетін тауарларды импорттаған елде рәсімделген кедендік жүк декларациясының көшірмесі қоса табыс етіледі.

Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу расталмаған жағдайда, мұндай өткізуге Қазакстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды өткізу үшін оларға белгіленген тәртіппен акциз салынуға қажет.

Акцизделетін тауарларды (спирттің барлық түрін және газ конденсаты мен бірге мұнайды қоспағанда) сатып алған немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрі акцизделетін тауарлар өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған болса, Қазақстан Республикасының айағында төленген акциз сомалары шегерілуі тиіс.

Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз сомасына шегерім жасалады.

Акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде де, акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарының меншік иесі акциздің төленгенін растаған жағдайда қолданылады.

Акциздер бойынша бюджетпен ееп айырысу кезінде күнтізбелік ай есепті кезең болып табылады .

Акцизделетін ішімдік тауарлары бойынша акциздер тауар өткізілген күннен кейінгі оныншы банк күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуы тиіс.

Өзгедей акцизделетін тауарлар бойынша акциздер:

1.салық кезеңінің алғашқы он күнінде жасалған операциялар бойынша айдың он үшінші күнінен.

2.салық кезеңінің екінші он күшінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшінші күнінен;

3.салық кезеңінің қалған күндерінде жасалған операциялар бойынша айдың кейінгі айдың үшінші күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуға тиіс .

Алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға өнім берілген күні төленеді.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайды өнеркәсіптік ұқсатуға берген кезде акциз ол берілген күні төленеді.

Ойын бизнесінен алынған түсім бойынша есептелген акциз жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде аударылады.

Ағымдағы төлемдер бойынша акциздің төленген сомасы төлеуші есепті кезеңдегі декларацияда көрсеткен акциз сомасын бюджетке төлемге есептеуге жатқызылады.

Акциздің төлеу мерзімін ұзартуға болмайды.

Төлеуші салық қызметі органдарында акциздер бойынша есепке тұруға міндетті. Оған салық төлеушінің тіркеу нөмірі беріледі. Тұлға акциз салынатын айналым болған сәттен салық төлеуші деп танылады.

Салық төлеуші акциз салынатын айналымға байланысты қызмет тоқтатылған жағдайда есептен шығару туралы арыз беруге міндетті. Акциз төлеушіге акциздердің дұрыс есептеліп, бюджетке уақтылы аударылуы үшін жауапкершілік жүктеледі.

Төлеуші салық қызметінің тиісті органына әрбір есепті кезең үшін салық декларациясын есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірілмей беруге міндетті, онда төленуге тиісті және есепті айдың әр он күнінде нақты төленген акциз сомасы көрсетіледі.

Акцизді төлеу мерзімі және декларацияны беру мерзімі демалыс немесе мереке күніне тура келсе, бұл мерзім демалыс немесе мереке күннен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады .

Акциз алымының маркаларымен таңбалауға тиіс, акцизделетін тауарларды акциздік маркаларын қолданбай өткізуге тыйым салынады.

Құрылымдық бөлімшелері бар акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелерді олардың орналасқан жері бойынша салық органдарына тіркеу есебіне қойғаны туралы өзі тіркелген жері бойынша салық органына хабарлауға міндетті.

Сонымен қатар құрылымдық бөлімше үшін төленуге тиіс акциз сомасы ер құрылымдық бөлімше бойынша жасалған құрылымдық бөлімше жөніндегі акциз есебі негізінде анықталады.

Акциз есебін қүрылымдық бөлімшелер бойынша жасаған кезде акциз салынған және салық кезеңі ішінде қүрылымдық бөлімшелер жүргізген операциялар ескеріледі.

Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелері үшін төлеуге тиіс акциз сомалары бойынша есепті - өзінің тіркелген жері бойынша салық органына белгіленген мерзімдерде табыс етуге міндетті.

Ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, құрылымдық бөлімшелер үшін акциз төлеуді акциз төлеуші заңды тұлға тікелей өзінің есеп шотынан немесе ол құрылымдың бөлімшеге жүктеледі.

Жеке қәсіпкер, ағымдағы төлемдерді қоса алғанда , акциз төлеуді өзі қызметін жүзеге асыратын жері бойынша жүргізеді.

Акцизделетін тауарлардың импортына салық салудың өзіндік ерекшеліктері бар, тұрлауды акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды -Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі ретінде белгіленеді. Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды импорттау кезінде салық салатын база импортталатын акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын кедендік құны ретінде анықталады .

Импортталатын тауарларға акциздер Қазақетан Республикасының кеден заңдарына кеден төлемдерін төлеу үшін белгіленген күні төленеді.

Жеке түлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларына акциз төленбейді.Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткізетін жеке тұлғалардың мынадай акцизделетін тауарларының нормасына акциз салығы салынбайды:

1.бекіре мен қызыл балық, бекіре мен қызыл балық уылдырығы, бекіре мен қызыл балықтан және уылдырықтан жасалған жеңіл тағамдар — 1 кг;

2.сыра — 5 литр;

3.спирттің барлық түрлері, арақ, шарап өнімдері, ликер арақ өнімдері, шырынды сусын, шарап, коньяк, шампан шарабы — 2 литр;

4.темекі өнімдері, құрамында темекі бар басқа да өнімдер - 1000 дана;

5.бензин ( авиациалық бензиннен басқа ) - 100 литр;

6.дизель отыны-150 литр;

Төмендегі тізіп көрсетілген импортталатын тауарлар акцизден босатылады.

1.жол бойы бағытында және аралық аялдама пунктерінде халықаралық тапсырмаларды жүзеге асыратын көлік қүралдарын пайдалану үшін қажетті, сондай-ақ аварияны (сынып қалуды) жою үшін, шет елден сатып алынған акцизделетін тауарлар;

2.Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейін бүліну салдарынан бұйым және материал ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған тауарлар;

3.шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдадануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік — техникалық қызметкерлерінің, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда? жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акцизден босатылатын тауарлар;

4.Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін, еркін айналыс үшін тауарлар шығару режимін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген кеден режимі шеңберінде акцизден босатылатын тауарлар;

5.сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазакстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тіркелген, құрамында спирті бар медециналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.

Бюджетке аударылуға тиіс акциздердің сомасы банк және банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыратын басқада ұйым төлем тапсырмасы алынған күні тиісті бюджетке аударады.

Уақтылы төленбеген салық сомасы, соның ішінде ағымдық төлемдер, бюджетке осы сома төленген күні тексеру сәтінде мерзім өткен әр күн үшін (төлем жасау күнін қосқанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының 1.5 есе мөлшерінде өсім есептеліп өндіріп алынады.

Белгіленген мерзімде жеткілікті негізсіз декларациясын табыс етпеген жеке тұлғаға декларация ұсынылмаған әр ай үшін төленуге тиісті, бірақ декларация бойынша төленбеген соманың 5 пайыз мелшерінде айыппүл салынады.

Декларацияда көрсетілген салық мөлшерін оның толық төленбеуіне әкеліп соққан кеміту үшін салық төлеушіге қемітілген салық сомасын 100 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады.

Бір айдағы ағымдық төлемдер сомасының мөлшері кемітілген үшін кемітілген арымдары төлемдерінің 100 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады.

Есепте көрсетілген тауарларды (атқарылған жүмысты, көрсетілген қызметті) сату жөніндегі операцияларда жүргізілгені үшін аталған тауарлар (көрсетілген қызмет, атқарылған жұмыс) құнының 100 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады.

Салық төлеуші салық салынатын кезең біткеннен кейін оны дұрыс есептемеу нәтижесінде келіп түскен салығының сомасын қайтару туралы өтініш беруіне болады. Аталған сомалар төлеушіге қайтарылуы тиіс немесе төлеушінің қалауы бойынша төлеушіден тиесілі басқа сомаларының есебіне алуға жатқызылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет