Мазмұны Кіріспе 1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі


-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІРІККЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫ ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ



бет5/5
Дата26.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#159317
1   2   3   4   5

3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІРІККЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫ ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ
3.1. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу болашағы мен кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісі сферасындағы рөлін жоғарлату үшін мемлекеттік ресурстық потенциалын толығымен жүзеге асыру қажет, сонымен қатар өнеркәсібі дамыған елдерден тәуелділік жағдай болмас үшін дайын өнім өндіретін салалардың ролін жоғарлату керек. Бұған, елге жаңа серіктестіктерді тарту жолы, сонымен қатар экспорттық-импорттық саясатты жақсарту және Қазақстанды ғылыми сыйымды өнімдер нарығына тарту арқылы жетуге болады.

Жаңа серіктестіктерді іздеу. Қазақстан үшін капиталын тарту технологиялық артта қалушылықты жеңудің және т.б. кедергілерді жоюдың негізгі факторы болып табылады. Ол үшін тұрақты инвесторларды іздеу керек.

Қазіргі кезде Қазақстан мұнайлы аймақтарды игеру жөнінен шамамен 30 мұнай жобасы бар. Теңізден Қара теңіз портына дейін мұнай құбырлары салынуда. Иран Ислам Республикасының территориясы арқылы өтетін және мемлекет территориясында мұнай құбырларын салу туралы мәселелер қаралып жатыр. Мұнайдан түрлі өнімдер жасап шығаратын және қазіргі бар зауыттарды қайта құру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мысалы, ел экономикасының құрылымын айтарлықтай өзгерте алатын және белгілі бір дәрежеде бар сәйкессіздіктерді жоя алатын Қарағанды металлургия комбинатын және басқа да ірі объектілерді қайта құру.

Республиканың көптеген елдермен экономикалық байланыстары бар: АҚШ-мен, Алманиямен, Франциямен, Австриямен, Турциямен, Оңтүстік Кореямен және басқалармен. Мұнай газ кен орындарын игеру үшін шетел капиталын қатыстыру көпшілік мақұлдаған дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес жүргізілу керек. Біздің қимылымыздың бастамасы дүниежүзілік ортақ ережелер, дүниежүзілік тәжірибе болу керек, әйтпесе біз өзіміздің байлығымызды жоғалтып аламыз. Осы ережелерден басқа, үкімет 1993 жылдан бастап сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы аймағында қатаң шараларды қолдана бастады.

Инвестициялық саясатты жақсарту үшін, Қазақстан елдің экспорт және импорт баланстарын жасауы керек.

Экспорттық-импорттық стратегия. Экспорттық-импорттық стратегияны “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасына сәйкес дайындау керек. Оған сәйкес экспорт, импорт сферасында Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын және рөлін өсіретін бағыттары бар.

Республиканың экспорттық стратегиясын нақты бір нарықтардың ерекшеліктерін есепке ала отырып дайындау керек. Сондықтан, жаңа дүниежүзілік нарықтарға ену мүмкіндіктерін зерттеу кезінде ең алдымен коньюктуралық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру маңызды болып табылады.

Жаңа технологияны сатып алу және біріккен кәсіпорындар құру арқылы, өндірісті ұйымдастыру мүмкіндігі болса да, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлерін, медициналық құрал-жабдықтарды және медикаменттерді сатып алуға мүмкіндік беру керек.

Екінші бағыт – республиканың халық шаруашылығының әрбір саласы импорттық саясатын дайындауы керек, әсіресе аграрлық секторда, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде, машина жасау өнеркәсібінде.

Үшінші бағыт – бұл едәуір аз шығындармен өнім шығаруға және қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар импорты. Бізбің елімізде лизингті ұйымдастырып, дамыту қажет. Бұл мәселелерді шешу дүниежүзілік экономикалық жағдайға күрделі талдауды қажет етеді. Барлығын қымбатырақ сату және арзанырақ сатып алу саясаты – бұл люмпен саясаты.

Ғылыми сыйымы тауарлар импортымен ғана шектелуге болмайды, сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынастарда мемлекетіміздің рөлін жоғарылатуға мүмкіндік беретін жаңа техника мен технологияларды шығару керек.

Қазақстан ғылыми-сыйымды өнімдер нарығында. Ғылыми сыйымды өнімдермен айырбас қызмет көрсетуді, тауарлармен жасалынатын сауданы, лицензиялар мен патенттерді сату, сатып алуды төмендетеді. Ғылыми сыйымды өнімдер әлемдік нарығының субъектілері болып мемлекеттер, фирмалар, университеттер, қорлар, жеке тұлғалар, ғалымдар мен мамандар табылады. Ғылыми сыйымды өнімдер әлемдік нарығының объектілері болып заттай формадағы (агрегаттар, инструменттер, технологиялық желілер, өнеркәсіптік үлгілер және т.с.с.) және заттай емес формадағы (патенттер, лицензиялар, “ноу-хау”, тауарлық белгілер және т.б.) интеллектуалды қызметтің нәтижелері табылады. Халықаралық маманданған ұйымдардың терминологиясын қолдана отырып, заттай емес формадағы технологиялық айырбастың немесе ғылыми сыйымды өнімдер айырбасының объектісі болып өнеркәсіптік меншік, яғни изобретение, тауарлық белгілер және өнеркәсіптік үлгілер табылады.

Республика нарықтық экономикаға өту кезінде ғылыми сыйымды өнімдер айырбасы мәселелерін шеше отырып, белгілі бір қиындықтарды басынан кешіру мүмкін. Бірақ-та әлемдік нарыққа ғылыми сыйымды өнімдермен шығу келесі мәселелердің шешілуін талап етеді:


  1. ең алдымен әлемдік деңгейге сәйкес келетін жаңа технологиялардың тізімін жасау керек;

  2. әлемдік нарыққа ұсыныла алатын және онда бәселекестікке төзе алатын жоғарғы технологияны өнім түрлерінің тізімін жасау;

  3. жоғарғы технологиялар әлемдік нарығын зерттеу, яғни әлемдік нарық коньюктурасын білу керек;

  4. жоғарғы технологиялы бәсекелестік қабілеттілігі жоғарғы өнімдерді, технологияларды сату.

Алғашқы кездерде республиканың немесе фирманың жоғарғы сапалы өнімдер өндіретіндігін куәландыратын имиджі болмайынша, бұл өнімдерге өте төмен бағалар төлейді. Бір кездерде әлемдік нарықта жапон тауарларының арзан болғандығын, ал қазіргі кезде Оңтүстік Корея тауарларының арзан екендігін есте сақтау керек. Бізде осы жағдайдан өту керек, әйтпесе бізді әлемдік нарықта қабылдамайды.

Екінші бағыт - ғылыми жұмыстар едәуір нәтижелі орындалатындай орта құру. Мұнда, Республиканың ғылым және жаңа технологиялар Министрлігінің рөлі зор.

Республиканың әлемдік тәжірибеде жоқ ғылыми идеяларға, жаңа технологияларға иеленбейді деп есептеуге болмайды. Барлығын ретке келтіру керек. Ғылыми идеялар жаңа технологиялар тізімін жасау қажет. Өз кезегінде ғылыммен тек қана орталықта айналысады, ал қалғандары оның нәтижелерін өндіріске таратумен айналысады деп түсінеді.

Республикада пайда болған кейбір жаңа идеялар қабылданбады. Мысалығы: алғашқы кезде Лисаковск ГОК-н салу туралы екі жоба болаты: алматылық және ленинградтық. Алматылық жоба – тыңайтқыштарды, алюминий тотығын, темір рудасын шикізатын табуды және өңдеуді, ал ленинградтық - темір рудасын ғана шығаруды қарастырған. Мәскеу жобаны таңдап алды. Бірінші күні Қарағанды металлургия комбинаты Лисаковск рудасына тапсырыс қысқартты. Сондықтан Лисаковск ГОК-і басқа өткізу нарықтарын (Батыс Сібір, Орал) табуы және басқа да өңдеу салаларын дамытуы керек.

Қазіргі кезде қазақстандық технологиялар артықшылықтарын танылып жатыр. Мысалы, қорғасын өндіруден жетекші орын алатын “Коминко” канадалық фирмасы – неміс мамандары ұсынған технологияны қабыл алмай, қазақстандық мамандармен және ғалымдармен шығарылған технология негізінде өз зауыттарын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдады. Фирма акционерлерінің ішінде неміс кәсіпкерлерінің болғандығына да қарамастан қабыл алмады. Біз жетекші болып табылатын немесе өндірілген өнімдеріміз әлемдік стандартқа сәйкес келетін, ғылым және техника салалары бар. Бірақ, осының барлығын әлемдік нарыққа республикамыздың экономикалық қауіпсіздігін сақтай отырып, жеткізе ала білуіміз керек.

Бірақ Қазақстанды жоғарғы дамыған мемлекетке айналдыру сыртқы нарыққа нәтижелі қатысуына және халықаралық мамандануды ұтымды таңдауына байланысты. Республика экспортын ұлғайтудың негізгі көздері болып ғылыми сыйымды бұйымдар және жоғарғы технологиялар табылады.

Батыс эксперттері жаңа технологияларға және жаңа бұйымдарға жоғарғы қызығушылық білдіреді. АҚШ Ресейден ғарыш кемелерін қондырғанда қолданылатын “Топаз-2” плутоний-238 ядролық реакторын алдын-ала сатып алды. АҚШ үш мыңнан асатын технологиялар тізімін жасады. Осы технологиялар тізіміндегі Қазақстанның үлесі қандай немесе мүлдем жоқ па? Осыны анықтау керек. Ғылыми сыйымды өнімдердің сыртқы нарыққа шығуы біздің кәсіпорындардың, біріншіден, олардың сыртқы экономикалық сапалығының жоғарылауын; екіншіден, жоғарғы технологиялар әлемдік нарығының ерекшеліктерін ұғынуын талап етеді. Қазіргі кезде технологиялық потенциал әрбір мемлекеттің экономикалық және қорғаныс күшінің негізі болып табылады. Сондықтан Солтүстік Америка, Батыс Еуропа және Жапония арасындағы экономикалық бақталастықта негізгі орынды технологиялық жетекшілік үшін күрес алады. ТМД (Ресей, Украина, Өзбекстан, Қазақстан, Белоруссия) елдерін қамтыған экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның болашақтағы мүмкіндіктері айтарлықтай жоғары. Экономика құрылымында аграрлық сектор үлес салмағының басым болуы, басқарудың қатаң түрде жүргізілуі, бай табиғи ресурстардың болуы, Қазақстан экономикасының қайта қалпына келуіне мүмкіндік береді. Батыс мұнайгаз корпорацияларының ірі инвестициялары жеке меншік капиталдың ағып келуін күшейтеді. Қазақстанның шаруашылық жағдайы жоғарғы экономикалық интеграция дәрежесіне қарай Ресей қарым-қатынасымен анықталатын болады. Сондықтан экономикалық және технологиялық саясат дүниежүзінің жетекші технологиялық елдерімен тең құқылы қарым-қатынасты дамыта отырып, ғылыми сыйымды секторды шаруашылық өсудің “қозғаушы күші” етіп жасауы мүмкін.

Басқа жағынан қарағанда, қазіргі кезде біздің кәсіпорындар батыс технологияларына үлкен қызығушылығын білдіреді.

Біздің кәсіпорындардың өздері-ақ болашақта өріс алатын жобаларды ұсына алады. Ол үшін әлемдік нарықта қалыптасқан жағдайларды, ережелерді, шарттарды ескере отырып, үйлесімді бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру қажет. Қазіргі кезде технологиялармен айырбас жөнінен келісім-шарттарының қатаң сақталуын, өнеркәсіптік меншік иелері құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін жүйе керек. Бұл мәселені шешу үшін интеллектуалды меншік әлемдік ұйымының көмегіне және халықаралық сауда палатасының тәжірибесіне сүйенуге болады.

Қазақстан тек қана шикізат пен материалдарын ғана емес, сонымен қатар жоғарғы технологиялы дайын өнімдер (электроника, өнеркәсіптік құрал-жабдықтар және т.с.с.) экспортына маманданғанда ғана халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде беделді орынға ие бола алады.


3.2. Қазақстан Республикасындағы біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы
“Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпкерліктің даму жағдайлары мен басым факторлары” елімізде біріккен кәсіпорындар қызметіне қолайлы экономикалық ахуал жасау тапсырмалары, біріккен кәсіпорын функцияларын ырықсыздандыруға талдау қарастырылады және біріккен кәсіпорындардың қызмет ету негізінде заңды-нормативтерді жетілдіруге ұсыныстар көрсетіледі.

Қазіргі кездегі халықаралық бизнес ерекшелігі - тәуелді барынша төмендетуге ұмтылу. Өз кезегінде тәуекел дәрежесі экономикалық кеңістіктегі бизнес климатынан болады. Қолайлы экономикалық, заңды-құқықтық институтционалдық жүйе негізінде шаруашылық субъектілердің қызмет етуін “қолайлы экономикалық ахуал” деп аталады. “Қолайлы экономикалық ахуалдың” принципты базасына болып келесі факторлар жатады:

- жетілген салық жүйесі;

- оңайлатылған валюталық режим;

- бюджет жүйесі;

- кедендік режим;

- тиімді есеп беру мен есепке алу;

- жетілген банк жүйесі;

- шаруашылық басқару органдарын жаңарту;

- жетілген сақтандыру жүйесі;

- әкімшілік басқару органдарын жаңарту;

- жетілген сақтандыру жүйесі.

Әлемдік тәжірибеде инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау, сонымен бірге біріккен кәсіпорын құру, көп жағдайда заң шығару негізін жетілдірумен байланысты. Өзара байланысты экономикалы, құқықтық, ұйымдастыру және ақапараттық бағыттар кешешнінің ішінде маңыздысы келесілер:


  • инвесторлар басының және меншігінің қорғауды қамтамасыз ету;

  • қаржылық валюталық, салықтық, тарифтік және тарифтік емес реттеуде құқықтық негізін жетілдіру;

  • шетел инвестициясын сақтандыру және кепілдендіру жүйесін құру және жеке ұлттық инвестициялармен кепілзат операцияларын жүргізу механизмін қалыптастыру;

  • инвестицияны реттеу мәселелерін шешуде мемлекеттік және аймақтық органдар ықпалын шектеу; әртүрлі ведомостволар тарапынан үстемдікті жою.

Қазақстада “қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастырудың негізгі элементі “Шетел инвестициялары туралы” Заң болып табылады. Осы заңға сәйкес, шетел инвестицияларының кез-келген түрі және олармен байланысты барлық қызмет түрлері қолайлы жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс. Бұл заңның негізгі қабылданған мақсаты – біздің еліміздегі шетел инвестицияларына, олардың қызметіне максималды жағдай құру.

Бұл заң Қазақстан территориясында шетел инвестицияларының ұлттық инвесторларға рұқсат берілген барлық ұйымдасқан - құқықтық формасында біріккен кәсіпорын, еншілес және шетел заңды тұлғалар өкілеттігі ретінде қызмет етуге мүмкіндік бар екендігін бекітеді. Осы заң шетел инвесторларына басқа да маңызды кепілдіктер береді.

Тікелей шетел инвестициялары Қазақстан үшін, оның қазіргі кезеңдегі экономикалық жағдайын ескергенде, басқа мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық формаларымен салыстырғанда бірқатар айтарлықтай артықшылықтарына ие болады:


  • біріншіден, отандық тауарлар мен қызметтерді өндіруге олар шетел капиталын салу көзі болып табылады;

  • екіншіден, технология трансфертін, “ноу-хау”, алдыңғы қатарлы басқару әдістерін және маркетингі, және мемлекеттің сыртқы қарызын өтеуді кқамтамасыз етеді.

1995 жылы еліміздің салық жүйесін реформалау жылы болып табылады, яғни жаңа салық кодексінің және салықтық тәжірибелерді жүргізу болып есептеледі. Республикадағы жүргізілген салықтық реформалардың негізгі идеясы: бюджет пайдасын қалыптастыру, экономикалық бейтараптықты, және салық жүйесінің қарапайымдылығы мен әділдігін іске асыру. Салық кодексінде салық негізінің кеңеюін анықтайтын, саклық пайызын тұрақтандыру және өз табысын адамдардан салықты төмен дәрежедә алу прнциптері қарастырылады.

Шетел қатысуы мен 100 % -ды шетел капиталы барлық заңды тұлғаларды тіркеу туралы процедурасын жеңілдету және жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті мен 1995 жылы заң күші бар “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” заң күші бар Жарлығына қол қойды. Осы заңға сәйкес барлық заңды тұлғаларды тіркеу ҚР-ның Юстиция министірлігі және оның аймақтық органдары арқылы жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың тізімге алынуы 15 күн аралығымен қажетті құжаттар және құрылтайлық құжаттар арқылы шектеледі.

Заңды түрде қорғаумен қоса, шетел инвесторларына қосымша кепілдік беруді мемлекетаралық инвестицияны қорғау, және ынталандыру келісім-шарты қамтамасыз етеді. Тәуелсіздік алағалы бері еліміз мұндай келісім шартын 23 елмен жасады. Қазіргі кезде 21 елмен келісім-шарт жобасы талқылануда.

“Қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастыру көптеген факторлардан тәуелді болып келеді. Халықаралық салық және инвестиция жөніндегі орталық сарапшыларының жүргізген “ҚР-дағы инвестициялық ахуал” бағдарламасы нәтижесі бойынша, еліміздегі инвестициялық ахуалдың болашағы зор. Бірақ, қазіргі таңда тұрақсыз деген тұжырымға келеді. Инвестициялардан түсетін пайданың мүмкіндігіне қарамастан, анықталмағандық Қазақстанға шетел инвестиция ағымын тежеуші фактор болып отыр. Сонымен бірге салық жүйесінің даму дәрежесінің төмендігі, кеден режимінің тиімділігі, әкімшілік органдарының көпсандылығы және валюталық режим салынған капитал ресурстарының өзін-өзі өтеуі үшін нақтылы жағдайды туғызбай отыр.

Қазіргі кезеңде, жаңа салық кодексінің, “Валюталық реттеу туралы”, 1997 жылғы 10 сәуіріндегі “Сыртқыц қарыз және сыртқы қарызды басқару туралы”, 1997 жылғы 28 ақпандағы “Тікелей инвестицияларын мемлекеттік қолдау туралы”, 1997 жылғы 5 наурыздағы № 77-1 “Құнды қағаз нарығы туралы”, 1997 жылғы 6 наурыздағы № 82-1 “Инвестициялық қорлар туралы” Заңдардың қабылдануы елімізде экономикалық ақаулының біршама алға қадам басқандығын көрсетеді.


Қорытынды
Сонымен біз Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын қарастырдық. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны халықаралық экономикалық қатынастағы жағдайымен анықталынады.

Халықаралық экономикалық қатынас еңбек бөлінісі процесінен, өндіріс пен ғылымның халықаралық мамандануынан және шаруашылық өмірдің интернационализациялануынан туындайды.

Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, яғни халықаралық экономикалық қатынас табиғи және жасалынға өндірістік технологиялық фаторлардан, сонымен бірге әлеуметтік, ұлттық, этикалық, саяси және моралдық жағдайларына тәуелді болады.

Халықаралық экономикалық қатынас рөлі, даму қарқыны, мүмкіндктері және оның негізгі нысандар арақатынасы және бағыттары халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен анықталады, яғни оның ең жоғарғы түріне өтеміз. Халықаралық еңбек бөлінісінің жалпы түрі халықаралық салааралық айырбасты, әсіресе, өндірілетін және өнделетін жеке елдер салаларын айқындайды. Жеке еңбек бөлінісі әртүрлі салалар мен өндірістердің дайын өнім халықаралық саудасының үстем болуына және дамуына әкеледі. Сонымен біртектес халықаралық еңбек бөлінісі өндірістің жекелеген кезеңдеріне мамандануды білдіреді, ол ғылыми-техникалық, жобалық-құрылыс және технологиялық, инвестициялық жоба сатыдаь болуы мүмкін. Мамандану және кооперация формаларының дамуы халықаралық экономикалық қатынас дамуына алғышарттар туғызады.

Дамушы елдер (олардың ішінде Қазақстан) халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде маңызды орын алады. Олардың орны мен рөлі олардың экономикалық дамуы және өнеркәсіп дамуы деңгейлеріне байланысты.

Қазіргі кезеңде олар өнеркәсібі дамыған елдерге шикізат көзі рөлін атқаруда. Бірақ, өздерінің экономикасының даму шарттарына байланысты кейбір дамушы елдер дайын өнім шығаруға мамандануға көшуде, негізінен оларға Оңтүстік-Шығыс Азия және Латын Америкасының жаңа индустриалды елдері жатады. Осыған қарамастан, олар халықаралық еңбек бөлінсі және уақыт бойы өнеркәсібі жоғарғы дамыған елдер үшін екінші сатыда болады. Бірақ, біз халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикалық қатынаспен тығыз байланыста екендігін ескергеніміз жөн. Сондықтан, тиімді сыртқы экономикалық саясат жүргізе отырып, Қазақстан халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде өз орнын біршама алға жылжыта алады.

Қазақстан әлемдік бизнес тарапынан үлкен мүмкіндіктерге ие, ал жекелеген салаларында әлемдік нарықта кейбір өнім түрлерін өндіруде монополист болып есептелінеді. Қазақстанның бір кемшілігі ол әлемдік көлік жүйеден алыс орналасқан, әсіресе теңіз жолдарынан алшақ орналасқан.

Сонымен, Қазақстанның сыртқы экономикалық қызмет тапсырмаларын шеше отырып, біз Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі рөлі мен орнын көтереміз. Еліміздің шикізат экспорттаушылар қатарынан ғылым сыйымдылығы жоғарғы өнімдердің түріне мамандануына мүмкіндік береміз.

Қорыта келгенде, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен Қазақстанда біріккен кәсіпорындардың дамуы кең таралуда. Қазақстанда біріккен кәсіпорындарды дамыту кезінде мына төмен қорытындыларды жасауға болады:

1. Біріккен кәсіпорындардың даму көрсеткіштері мен ынталандыру механизмінің болмауы. Осыған сәйкес, тиімділікті көтеру үшін көрсетілген кәсіпкерлік компоненттерін есепке алу жүйесін құру қажет.

2. Біріккен кәсіпкерлік қызметінің экономикалық салық жүйесін ырықсыздандыру. Біріккен кәсіпорындардың құрылған бірінші 3 жылда барлық салық түрлерінен босату шетел қатысуымен құрылған ұсақ және орта кәсіпорындар санының өсуіне ықпал етеді. Мемлекеттің ғылыми-техникалық талаптарын сай негізгі принципке сәйкес салықтан босатудың жекелеген тәсіолдерін қамтиды бағдарлама қалыптастыру қажет.

3. Валюталық және кедендік саясаты ырықсыздандыру біріккен кәсіпорындарда шетел капиталдың қолдануды және пайдалануды ынталандыруға ықпал етеді. Осыған байланысты, кедендік режимді ырықсыздандыру инвестициялық тауарларды импорттауда кедендік бажға өз әсерін тигізеді. Әкелінетін жабдықтар мен технологияларға баждық жойылуы, біріккен кәсіпорындардың өндірістік процесінен қолайлы әсерін тигізеді, себебі көрсетілген кәсіпорындардың айтарлықтай көпшілігі біріккен кәсіпорындардың жарлық қорына ақшалай емес активтерді салады.

4. “Қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастыру үшін салық жүйесін оңайлату қажет. Сол үшін салық салудың жеңілдетілген механизмін қолдану, инвестициялық салық үзілісін қамтамасыз ету қажет, сонымен қатар стратегиялық, технологиялық, техникалық экономика потенциалына және инфрақұрылымды жетілдіруімен байланысты жобаларды салықтан босату тиіс.

5. Мемлекеттік басқару құрлымын оңайлату мақсатты көрініс табады. Бүгінгі таңда басқару органдарын рационализациялау бағыты үстем болып отыр, сонымен қатар бірккен кәсіпкерлік процесін реттеу министірліктер, жергілікті ведомстволар үстемдігінде қалып отыр. Орталық органдар жүйесінде де бірқатар проблемалар кездесуде. Қазіргі кезде халықаралық кәсіпкерлікті екі мемлекеттік органдар басқарады: Сыртқы қарыз жөніндегі комитет және Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитет. Біріккен кәсіпкерлікті басқарумен айналысатын әкімшілік органдар санының қысқаруы қазақстандық және шетел серіктестерінің бірігіп жобаны жүзеге асыруына қолайлы жағдай тигізер еді. Осыған байланысты халықаралық кәсіпкерлік пен капиталдардың қозғалысын реттеп отыратын біртұтас мемлекеттік орган құру ыңғайлы болар еді. Бұл орган бақылау, ынталандыру және мәлімет жеткізуші функцияларды қамтитын, кең қызмет көздерін қамтуы қажет. Нақтылы мұндай қызмет атқарушы орган бюрократияның тежелу көзі болып табылады.

6. Мемлекеттің тарифтік саясат жетілдіру қажет. Ол – экономикалық ақуал құрушы компоненттердің бірі. Бұл бағытта қажетті шаралардың бірі сыртқы экономикада инвестициялық тауарлар үшін жеңлдік режим қалыптастыру үшін қажет.

Шетел инвестициясын тартудың ынталандыру маңыздылығы 2030 Қазақстанның даму стратегиясында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 жылы 28 қаңтарда қабылдаған № 3834 “2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыру шаралары туралы” қаулысында көрсетілген. Экономиканың даму стратегиясының бір принципі ретінде шетел инвестициясын тиімді түрде қорғау қарастырылған. Осыған орай шетел инвестицияларын тартуды ынталандыруды жүзеге асырудың шаралары ретінде жеңілдіктер мен шетел инвестициясының үлесін арттыру үшін жағдайлар жасау қарастырылады. Олай болса, заңдардың тұрақтылығын қамтамасыз етумен бірге, оның экономикалық өзгерістерге байланысты бейімделуін қамтамасыз ету қажет. Сонымен, тікелей ұлттық және шетел инвестициясын тартудың ең маңыздысы өзгерістерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитетінің үкімінің бекітуімен белгілі жағдайларды ескере отырып, толықтырылып немесе керісінше қажетсіз объекті салықтық жеңілдіктер үшін алып тасталынып, түзетіліп отыруға тиісті.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденции и размышления. Алматы, 1994 г.

2. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998 ж. – 216 б.

3. Воловой В.В. Политэкономия. М, 1999.

4. Елемесов Р. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. Алматы, 1998 г.

5. Ермекова Э.М. Состояние и перспективы развития социальной сферы в Казахстане: занятость и уровень жизни населения // Вестник КазГУ 2001 №5.

6. Информационно-статистический сборник «Казахстан: 2003-2004годың, Алматы, Агенство РК по статистике.

7. Кубаев Е. Экономичская политика и экономический рост. Алматы, 2000 г.

8. Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. Шевелев С.А. Формирование и реализация казахстанской модели устойчивого экономического роста. Алматы, 2001 год.

9. Курс переходной экономики. Под.ред. Л.И. Абалкина. М, 1997 г.

10. Казахстан в цифрах за 2004 год. Агентство РК по статистике. 2004.

11. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы.//Егеменді Қазақстан 2003, 5 сәуір.

12. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы.//Егеменді Қазақстан 2005, 18 ақпан.

13. Назарбаев Н.А. Рынок и социально-экономическое развитие. Москва «Экономикаң, 1994 г.

14. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Алматы, 1998.

15. Селезнев А. Макроэкономические факторы роста производства // Экономист. 1999 №5.

16. Статистический сборник: Промышленность РК и ее регионов 2003-2004, Алматы, Агентство РК по статистике. 2004.

17. Сидоров М.Н., Федотов А.А. Национальный доход: факторы роста. Структура. Методы прогнозирования.

18. Тодаро М.П. Экономическое развитие. Москва, 1997 г.

19. Оразәлі С. ХХІ қандай экономикамен келем. – Алматы. – Қазақстан. - 1996 ж. 120 б.

20. Общий обзор социально-экономического развития. Агенство РК по статистике // Банки Казахстана 2004 №4.

21. Уровень жизни населения. Агентство РК по статистике, 2004г. Алматы.

22. Экономическая теория. Под. ред. А.И. Добрынина, М, 1999.

23. Экономическая теория. Учебник. Под.ред. И.П. Николаевой. М, 1998 г.

24. Ясин Е. Бремя государства и экономической политики//Вопросы экономики. 2002 №11.




1 Қазақстан – цифрларда, 150-152 б.

2 Қазақстан – цифрларда, 152-154 б.

3 Информационно-статистический сборник «Казахстан: 2003-2004 годы», Алматы, Агенство РК по статистике, 221 стр.

4 Информационно-статистический сборник «Казахстан: 2003-2004 годы», Алматы, Агенство РК по статистике, 222 стр.


5 Информационно-статистический сборник «Казахстан: 2003-2004 годы», Алматы, Агенство РК по статистике, 222 стр.


6 Информационно-статистический сборник «Казахстан: 2003-2004 годы», Алматы, Агенство РК по статистике, 223 стр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет