Өндіру көлемі құндық түрінде 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 134,7 – ке көбейіп отыр, ал өткізу көлемі 102,4– ке орындалып отыр. Айтып кететін жайт 2004 жылы өндіру көлемі өткізу көлеміне қарағанда төмендігі қоймада жатып қалған өнімді өткізумен байланысты. Өнім өндіруде Қазақстанда машина жасау нарығын қамтамасыз етудің бірден – бір жолы ол осы саладағы барлық кәсіпорындарда мемлекет тарапынан күрделі қаржылар бөліп, шетелдік инвестицияны тарту қажет.
Әрбір кәсіпорын өзінің шығаратын өнімдерінің ішінде негізгі және қосалқы өнімдері болады. Біздің зерттеп отырған кәсіпорынымызда негізгі өнімдері көп, алайда олардың ең негізгі түрінің барлық өнім шығарудағы үлесін талдасаймыз.Өнімді өткізу әр кезде келісім шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты болған, әрбір кездерде міндеттемені орындамаған жақ табыстың төмендеуімен, айыппұл төлеумен сипатталған және экономикасы дамыған елдерде келісім шартты бұзбай қалыпта сақтау әдеп – ғұрыпқа айналған, кез келген үлкен компания өз міндеттемелерін тұрақты түрде орындайды, сонымен бірге міндеттемелерін орындамаған компания тұтынушылардан айырылып, өткізу нарықтарын жоғалтып, өндіріс көлемін төмендетуге мәжбүр болады.
Кәсіпорын үшін үлкен орынды мемлекет тарапынан тапсырыстарды орындау жатады, яғни ол өз кезегінде уақытылы төлем, несие бойынша жеңілдіктер, льготалармен ұштасып жатыр.
Тауарды өз уақытысында жеткізбеу осы кәсіпорынның ғана жұмысына зиянын тигізіп қана қоймай, ол сонымен жұмыс істейтін серіктес фирмаға да және басқа да бірліктерге зиянын тигізуі мүмкін. Шаруашылық іс - әрекеттің қорытындыларынан өнімнің ассортименті, өндіріс құрылымы мен өнімді өткізу үлкен әсер етеді.
Кәсіпорынның өнім ассортименті мен өнім шығару құрылымын жасағанда бір шетінен өнімге деген сұранысты, екінші жағынан еңбек, шикізат, техникалық, технологиялық, қаржылық және басқа ресурстарды тиімді үйлестіре білу қажет.
Ассортиментті қалыптастыру жүйесі өз құрамына келесілерді кіргізеді:
-
тұтынушылардың ағымдағы және алдағы қажеттіліктерін анықтау;
-
өндіруге жоспарланған немесе өндіріліп жатқан өнімнің бәсекеге қабілеттіліктерін талдау;
-
әрбір бұйымның өмірлік циклын қарастырып, ескірген өнімдерді ассортимент құрамынан алып тастау;
-
ассортименттегі өзгерістердің тиімділік пен қауіптің деңгейін тексеру.
Ассортимент бойынша жоспардың орындалуын талдау әдетте арнайы коэффициентін есептеу негізінде табылатын. Ол жоспардың орындалуы деп саналатын нақты өнім өндіруді жалпы жоспарлы өндіріске бөлу арқылы есептелінеді.
2.3 “Меркі ірімшік зауыты”ЖШС өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау
Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы кез келген жұмыс істейтін кәсіпорын өз қызметі барысында өнім өндіруді бірнеше жылға болжайды. Ол ұзақ мерзімдік стратегиялық бағыттарды жүзеге асырудың бір жолы өндірістік бағдарламаны жасау болып табылады.
Өндірістік бағдарламаны жасағанда көбінесе нарық сұранысына келіп тіреледі, сонымен бірге мемлекеттік тапсырыстар, мемлекеттің саясаты тағы басқа әсер етеді.
Кәсіпорын шығарған өнім көлемі мен оны өткізу көлемі теңескен жағдайда, өнім көлемінің ең тиімді деңгейі анықталады. Кәсіпорын белгілі бір жылға өндіріс бағдарламасын жасайды және ол көп уақытта орындалмай тұруы немесе аз уақыттың ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының өзгеруі көптеген экономикалық көрсеткіштерді өзгертеді, яғни рентабельділік, таза табыс, құндық түрдегі өндірілген өнім көлемі, материал сыйымдылық және тағы басқа өнім өндіру мен өнім өткізу бір-бірімен тығыз байланысты. Өнімді өткізуге әсер ететін факторлар көп. Олардың негізгісі тауар бағасы мен тауардың сапасы.
Кез келген кәсіпорын өнім өндіргенде шикізат пен материалдарды, ресурстарды неғұрлым аз пайдаланып, соғұрлым өзіндік құны аз өнім шығаруға тырысады. Оған жетудің бірден бір жолы ол жоғары технология мен техниканы тиімді пайдалана отырып өнім өндіру, бірақ та шикізатты аз пайдалануымыз қажет деп, өнім сапасы туралы ұмытпауымыз қажет. Сонымен өндіріс факторларын тиімді үйлестіре отырып, өндірілген өнім бәсеке қабілеттілікке қол жеткізеді.
Қазіргі заман талабына келсек, өнімде көптеген қасиеттердің болуын қажет етеді, ол пайдалылық, төзімділік, жұмысының тиімділігі, эстетикалық талаптараға сай болуы, бағасының арзан болуы, тағы басқа. Біздің мысалымызда сүт өнімдері болғандықтан, мұнда пайдалылық жүрмейді. Оған жұмысының тиімділігі, төзімділік деңгейі, жекелеген жағдайдаларда эстетикалық талаптар қойылады.
Өндірістік бағдарламаның құрылымын талдағанда 2004 жылдың өнім өндіру жоспары мен оның нақты орындалуын салыстыра отырып анықталады. Оны келесі “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС 2004 жылға арналған бағдарламасы мен нақты шығарылған өнім көлемін салыстыра отырып көре аламыз.
“Меркі ірімшік зауыты” ЖШС-ның 2004 жылға арналған өндірістік бағдарламасы.
№
|
Өнімдер
|
Өлшем бірлік
|
2004 жыл
|
Соммасы мың теңге
|
бағасы
|
жоспар
|
нақты
|
1.
|
Малыш 3.2%
|
тонна
|
75
|
100
|
97
|
7275,0
|
2.
|
Малыш 3.6%
|
тонна
|
80
|
100
|
86
|
6880,0
|
3.
|
Малыш 2.2%
|
тонна
|
72
|
100
|
92
|
6624,0
|
4
|
Малыш 6%
|
тонна
|
85
|
100
|
98
|
8330,0
|
5
|
Любимое 6%
|
тонна
|
85
|
100
|
96
|
8160,0
|
6
|
Любимое 3.2%
|
тонна
|
80
|
100
|
100
|
8000,0
|
7
|
Любимое 2.2%
|
тонна
|
73
|
100
|
91
|
6643,0
|
8
|
Любимое 1%
|
тонна
|
65
|
100
|
92
|
5980,0
|
9
|
Любимое %
|
тонна
|
60
|
100
|
50
|
3000,0
|
10
|
Барлығы
Береке 2.2%
|
тонна
тонна
|
58
|
900
150
|
802
145
|
60892,0
8410,0
|
11
|
Береке 3.2%
|
тонна
|
62
|
170
|
160
|
9920,0
|
12
|
Береке 3.6%
|
тонна
|
64
|
100
|
98
|
6272,0
|
13
|
Особый майсыз
|
тонна
|
65
|
180
|
175
|
11375,0
|
|
барлығы: тонна
|
600
|
723
|
35977,0
|
14
|
Алдиша 2.1%
|
тонна
|
70
|
120
|
110
|
7700
|
15
|
Алдиша 6%
|
тонна
|
73
|
140
|
135
|
9855,0
|
16
|
Қаймақ 15%
|
тонна
|
40
|
150
|
150
|
6000
|
17
|
Қаймақ 36%
|
дана
|
62
|
200
|
200
|
12400
|
18
|
Қаймақ 20%
|
дана
|
57
|
200
|
200
|
11400
|
19
|
Қаймақ 6%
|
дана
|
60
|
150
|
150
|
9000
|
20
|
Қаймақ 36%
|
дана
|
45
|
150
|
150
|
6750
|
21
|
Қаймақ 20%
|
дана
|
60
|
100
|
100
|
6000
|
22
|
Қаймақ 15%
|
дана
|
43,8
|
100
|
100
|
4380
|
23
|
Қаймақ
|
дана
|
47,5
|
200
|
200
|
9500
|
24
|
Жүзім сүзбесі
|
дана
|
36
|
150
|
150
|
5400
|
25
|
Бумер сүзбесі
|
дана
|
57
|
150
|
100
|
5700
|
|
Барлығы:
|
|
|
1810
|
1745
|
94085,0
|
Барлығы: 3000 190945,0
|
Бұл өндіріс жоспарын қарасақ өнімнің 25 шығаруға бағытталған және оның құны 190945,0 мың тенге. Ал ендігі кесте бойынша бұл өндіріс жоспарының күрделі бұзылғанын көреміз
“Меркі ірімшік зауыты”ЖШС 2005 жылға арналған өндірістік бағдарламасы
№
|
Өнімдер
|
Өлшем бірлік
|
2005 жыл
|
Соммасы мың теңге
|
бағасы
|
жоспар
|
нақты
|
1.
|
Малыш 3.2%
|
тонна
|
75
|
100
|
97
|
7275,0
|
2.
|
Малыш 3.6%
|
тонна
|
80
|
100
|
86
|
6880,0
|
3.
|
Малыш 2.2%
|
тонна
|
72
|
100
|
92
|
6624,0
|
4
|
Малыш 6%
|
тонна
|
85
|
100
|
98
|
8330,0
|
5
|
Любимое 6%
|
тонна
|
85
|
100
|
96
|
8160,0
|
6
|
Любимое 3.2%
|
тонна
|
80
|
100
|
100
|
8000,0
|
7
|
Любимое 2.2%
|
тонна
|
73
|
100
|
91
|
6643,0
|
8
|
Любимое 1%
|
тонна
|
65
|
100
|
92
|
5980,0
|
9
|
Любимое %
|
тонна
|
60
|
100
|
90
|
5400,0
|
|
Барлығы
|
тонна
|
|
900
|
842
|
63292,0
|
10
|
Береке 2.2%
|
тонна
|
58
|
150
|
145
|
8410,0
|
11
|
Береке 3.2%
|
тонна
|
62
|
200
|
200
|
12400
|
12
|
Береке 3.6%
|
тонна
|
64
|
100
|
98
|
6272,0
|
13
|
Особый майсыз
|
тонна
|
65
|
200
|
200
|
13000
|
|
барлығы: тонна
|
550
|
643
|
40082
|
14
|
Алдиша 2.1%
|
тонна
|
70
|
200
|
180
|
12600,0
|
15
|
Алдиша 6%
|
тонна
|
73
|
200
|
200
|
14600
|
16
|
Қаймақ 15%
|
тонна
|
40
|
250
|
230
|
9200
|
17
|
Қаймақ 36%
|
дана
|
62
|
200
|
200
|
12400
|
18
|
Қаймақ 20%
|
дана
|
57
|
200
|
200
|
11400
|
19
|
Қаймақ 6%
|
дана
|
60
|
300
|
250
|
15000
|
20
|
Қаймақ 36%
|
дана
|
45
|
300
|
300
|
13500
|
21
|
Қаймақ 20%
|
дана
|
60
|
400
|
380
|
22800
|
22
|
Қаймақ 15%
|
дана
|
46
|
200
|
200
|
9200
|
23
|
Қаймақ
|
дана
|
50
|
300
|
280
|
14000
|
24
|
Жүзім сүзбесі
|
дана
|
40
|
200
|
180
|
7200
|
25
|
Бумер сүзбесі
|
дана
|
60
|
200
|
200
|
12000
|
|
Барлығы:
|
|
|
2950
|
2800
|
153900,0
|
Барлығы: 4285 257274,0
|
2005 жылы жоспар бойынша дана өнім өндірілмек, ол 2004 жылғы өніммен салыстырғанда 16,4%-ке артық, сонымен бірге өнімдер бағасы 3%-ке өседі деп жоспарлануда.
Сонымен кейде тиімді жұмыс істеудің алғышарты болып өндірістік бағдарламаны құру болып табылады. Оны жасау үшін көптеген факторларды ескеріп нақты маркетингтік зерттеулермен қатар, экономикалық көрсеткіштерді анықтап, содан соң шешім қабылдау қажет.
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС – да өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту жолдары.
Егемендік алғаннан кейінгі бұрынғы КСРО құрамындағы елдермен алдағы экономикалық және басқа қатынастар үзілді де, ол елдің өндірісінің тоқтауына, сонымен бірге халықтың әл – ауқатынының төмендеуіне алып келді.
Соңғы жылдар ішінде елде қиын әлеуметтік – экономикалық мәселелер көбейіп кетті, әрине ол экономикалық өсуді тежейді. Қазақстанның өндірісінің дамымауының себебі, ол негізгі құрал – жабдықтардың табиғи және моралды тозығы, олардың орташа жасы 20 жыл. Ал пайдалану уақыты 45-50 жыл.
Кеңес дәуірінде өндіріс көлемін орталықтан белгілеп, өнімнің сапасына емес санына көп көңіл бөлінген, яғни онда стандарттардың тек мемлекеттік қана түрі болған. Қазіргі кезде шекара ашылып, халықаралық стандарттарға сай нарыққа кіріп, өнім өндіруге жаңа талаптар қойылды. Қазіргі нарық экономикасында кез келген кәсіпорын өз өнімін жоғарғы технологиямен және арзан бағамен, барлық үлгілерге сай етіп шығаруы керек, ондай болмаған жағдайда ол нарықта бәсекеге қабілетті бола алмайды, өйткені белгілі тауарларды шығаруға маманданған мемлекеттер өзіндік құны төмен тауарларды арзан бағамен алып кіріп, ұлттық тауарлардың бәсекеге қарсы тұра алмауын қамтамасыз етеді.
Кез келген өңдеуші кәсіпорын үшін ең басты сұрақтарының бірі не өндіру керек, қандай мөлшерде және кім үшін деген сұрақтар көп ойландырады, әрине бұл сұрақтарға жауап іздегенде ең алғаш нарықты зерттеу қажеттілігі баршамызға мәлім болуы керек. Нарықта сұраныс деңгейін, шығаратын өнімде алмастырушы тауарлардың тізімін, сапасын, бағасын анықтап, өз өніміңді салыстырмалы түрде мүмкіндігінше арзанырақ етіп шығаруға тырысады. Маркетинг заңдары әртүрлі болғандықтан тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру да әртүрлі болады, әрбір тұтынушы өзінің табысының мөлшеріне, талғамына, тауар бағасына, пайдалылығына қарап тауар сатып алады. Сол сияқты кәсіпорында өз өнімдерін шығарғанда халықтың жоғары бөлігіне, орташа табыстың және халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне арнап тауар шығаруы керек. Өндірістік бағдарламаны жасағандағы маркетингтік жобаға сүйену бірден – бір тиімді әдіс болып табылады, яғни оның негізінде тауарлық стратегия, тауарлық саясат және өндіріс стратегиясы жатуы қажет.
Сонымен кәсіпорынның тиімділігі төмендеп, тұтынушы қажеттілігін неғұрлым толығырақ қанағаттандыруда жатыр, тұтынушылар неғұрлым көп болса, соғұрлым өнім көлемі мен ассортименті кеңірек болады.
Сонымен бірге 80 – жылдары кәсіпорынның тиімділігін қамтамасыз ететін тағы бір бағыты анықталды – ол ресурстық бағыт. Гарвард мектебінің ғалымдарының ізденістері негізінде табылған кәсіпорын тиімділігі сала құрылымы мен таңдалған стратегиясына байланысты. Біздің ойымызша нарықтық бағыт ресурсттыққа қарағанда тиімді, алайда әрбір кәсіпорын өзінің ерекшелігіне байланысты бағыттарды тиімді үйлестіріп, өзіндік ерекше стратегиясын таңдай білу қажет, тиімділіктің негізі сонда деп білемін. Осындай стратегияларға сүйену арқылы кәсіпорын ең тиімді деген өндірістік бағдарламасын жасайды. Осыдан шығаратын қорытынды кәсіпорын барынша тиімділікке қол жеткізейін десе, нарықтық – ресурстық бағыттарды үйлестірген жөн. Нарықтық – ресурстық бағытқа сүйеніп, өндірістік бағдарламаның өзіндік түсінігін таптық, ол – кәсіпорын таңдаған тауарлық стратегиясына сәйкес оны тауарлық саясатта жүзеге асыра отырып, тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған және оны жүзеге асырғанда кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік, табыстылық және басқа мақсаттарға жеткізетін жоғары сапалы тауар шығаруы.
Зерттеу көрсеткендей нарықтық ресурсты бағыт өндірістік бағдарламаны қалыптастырғанда келесі принциптерді ұстанғандығын қажет етеді: жүйелілік, релеванттылық, икемділік, тепе – теңдікті кәсіпорынның барлық басқару деңгейлерінің интеграциялануын, кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасағанда уақыт факторын ескеруін.
Кәсіпорын өзінің эволюциясында бірнеше кезеңдерді бастан кешіреді, ол: пайда болуы, тұрақтануы, дамуы, жетілуі және құлдырауы. Әрбір кәсіпорын осы кезеңдерді өнім көлеміне өзгерістер енгізіп, қай уақытта қандай іс -әрекеттер жасау керектігін дәл табуы қажет, сонда ғана кәсіпорын табыстылыққа жетеді.
Сонымен кәсіпорынның қазіргі өмірлік циклының қажетті өнім көлемін, өткізу көлемін, табыс көлемін, өсу қарқынын біле отырып оны нақтылаған түрде өндірістік бағдарламада ескеруіміз қажет.
Дипломдық жұмыстағы зерттеулер көрсеткендей, өндірістік бағдарламаны қалыптастырғанда әсер етуші факторларды зерттеген жөн, ол: ішкі және сыртқы факторлар. Ішкі факторларға: шикізат ресурстары, өндірістің техника мен технологиямен қамтамасыз етілуі, ҒТП жетістіктерін қолдану, жұмысшылармен қамтамасыз етілуі, т.б. Сыртқы факторларға: экономикаға тән дамудың циклдығы, сұраныс, бәсекелестік пен нарықты реттеу. Аталған факторларды нақтыландырумен түпкілікті есептеу кәсіпорынның өндірістік бағдарламасында көрініс тауып, кәсіпорын динамикасымен нарық динамикасы арасындағы байланысты көрсетеді.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастырғанда тек қана тұтынушылардың қажеттілігін ескеріп қана қоймай, кәсіпорынның мақсаттарына жету жолдарын ескеруі қажет. Бұл жағдайда нарықтың талабы мен кәсіпорын мақсаттарын үйлестірген жөн. Осы орайда кәсіпорын менеджерлері өндірістің барынша көп пайда түсіретін көлемін анықтау қажет. Сондықтан да кәсіпорынның өндірістік бағдарламасында белгілі тауар түрлерін алып тастау мен енгізуден бұрын тиянақты талдауды қажет етеді. Неғұрлым сатылатын тауарлар аз табысты немесе керісінше болуы мүмкін.
Өндіріс құрамындағы жоғарғы табыстылықтан төмен табыстылыққа өзгеруі, сату көлемінің көбейген жағдайында да төмен табысты немесе керісінше болуы мүмкін. Осыларды ескере отырып, кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрамын қалыптастырғанда әртүрлі өнімдердің табыстылық деңгейі зерттелуі қажет. Әдетте ол үшін өнім рентабельділік көрсеткіші анықталады.
Қорытындылайтын болсақ, “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС – нің өндірістік бағдарламасын жасағанда үлкен зерттеулерді талап етпейді, өйткені бұл салада кәсіпорынның өнім шығаруға барлық жағдайлары жасалған, техникасы мен технологиясы ISO-9000 бағдарламасы бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, өнім сапасы жоғары, бағасы да тұтынушыларды толығымен қанағаттандырады. Кәсіпорынға тапсырыстар алдын – ала түсіп жатады.
“Меркі ірімшік зауыты” ЖШС – нің өндірістік бағдарламаны жасаудағы кездесетін кедергілері ретінде өнім ассортименті мен номенклатурасын кеңейтуге өндіріс қуатының төмендігіне байланысты болып отыр. Бұл кедергілерді аз уақыт ішінде Бельгияның т.б. елдер компанияларының өнімдерін сатып алу мақсаттары қойылып отыр.
Сонымен бірге алдағы уақытта банкттен 6 млн доллар күрделі қаржы 10 – жылға 8% ставкамен алмақ. Оның 10- жылдан кейінгі қайтарылатын соммасы – 8.887 млн доллар. Ол қаржыны жаңа өндіріс қуаттарын сатып алуға жұмсамақ, оның көлемі 3.853 млн доллар. Құрал –жабдықтар Украинадан, Ресейден, Италиядан әкелінбек. Жалақыны жылына 10% көтере отырып, еңбек ақы шығындары 10 жылда 10538 мың долларды құрайды. Шикізат пен материалдарды сатып алуға 10 – жылдың аумағында 31.932 млн доллардың көлемінде, көлік шығындары 72 мың доллар, ал жалпы 10 жыл ішіндегі өндірістік тағы басқа шығындардың барлығын қоссақ – 59.277 млн долларды құрамақ, әрине, алынған қаржы көлемі мұны өтей алмайды, алайда кәсіпорынның өзіндік қаржылары да бар. Банк несиесі тек қана жаңа құралдарды сатып алумен тағы басқа кіші шығындарды жабуға жұмсалады. Осылайша “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС – нің өз өндірістік қуатын арттыра отырып, өндірісті кеңейтуді мақсат етіп отыр. Ал, ол өз кезегінде нарықтағы сұраныстардың туындауынан пайда болды. Өндірістің кеңеюі, әрине өндірістік бағдарламада көрініс табады.
3.2 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуының жаңа әдістері.
Қазақстан экономикасында көрініс тапқан ұзақ уақыттық трансформация кезеңінен кейін, ол өз кезегінде өндірістің төмендеуімен, халықтың көп бөлігінің тұрмыстық жағдайының нашарлауымен қатар жүрді. Ел экономикасына жан жақты жақсартатын күрделі стратегия қажеттілігі туды. Өткен жылдар ішінде ел экономикасының шарықтап дамуына кедергі болатын бірнеше әлеуметтік – экономикалық мәселелер жиналды, олардың бастысы өндіріс аппаратының табиғи және моралды ескіруі құрал – жабдықтарының орташа жасы 20 жыл. Ал өнеркәсіпте оның тозу уақытысы 45 – 55 жылға жоспарланған. Осыған орай елде ескірген құрал – жабдықтардың жаппай істен шығу процессі күтіп тұр деген сөз. Ал ол жаңартылуы үшін үлкен көлемде күрделі қаржыны талап етеді. Қазақстанға Кеңес Үкіметі жүйесінен мұраға артта қалған экономиканың үлгісін қалдырған, яғни тек қана өндіруге бағытталған экономика. Ол әрине толық қанды дамыған елдің жоғары деңгейлі өмірін қамтамасыз ете алмайды.
Кеңестік дәуірдегі ел кен орындарын талан таражға салып өндіру барысында, сонымен бірге елдегі 60 кіші – гірім қалалардағы қиын жағдай Қазақстан экономикасының шапшаң дамуына үлкен кедергі келтіріп отыр.
Осындай кедергілерді толық зерттей келе Қазақстан өзінің дамуын 15 жылдық стратегиясын жасай алатындығына көзіміз жетіп отыр. Бұл стратегия бойынша Қазақстан 2015 жыл ішінде жоғары технологиялар қолдана отырып елдегі өндіруші саладан өңдеушіге өтуге әрекеттер жасап, ғылым сиымды салаларға көп көңіл бөлді. Бірақ бұл аралықта Қазақстан жоғары тиімді және жоғары бәсеке қабілетті экономика құра алмайды, ол тек қана сол бағытта сәл ғана жылжи алады және мұнда өндіруші сала әлде болса да ең басты орында болады.
Сонымен нақты 2015 жылдағы стратегиялық мақсаттар болып:
-
Қазақстанның мемлекеттік біртұтастығын және ұлттық қауіпсіздігін нығайту;
-
өңдеуші салаға негізделген экономика құруға тырысу;
-
ел экономикасын әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті ету және интеграциялау;
-
экономикалық даму мен халықтың әл ауқатын орта дамыған мемлекеттер қатарына жеткізу, бұл экономикалық өсудің орта жылдық деңгейін ЖҰӨ 5 – 6% жеткізу болып табылады;
-
демократиялық азаматтық қоғам мен тиімді әрі мықты құқылық мемлекет құру.
Аталған 15 жылдық стратегияның жүзеге асуын үш кезеңге бөледі:
1 кезең (2003 - 2005) – бұл кезеңде өндіріс жанданып, экономиканың біршама дамуы болады. Өндірістің дамуы тұрақсыз, әр салада әр түрлі дамиды. Әртүрлі салаларда реформалар үдей түседі, ЖҰӨ орташа жылдық өсу деңгейі 3 – 4%
2 кезең (2006 - 2010) – сапалы өзгерістердің бастамасы. Ең бастысы бұл кезеңде өндірістік аппараттың жаңаруы болады, жаңа салалардың қалыптасуы болып инвестицияның өсу қарқыны ЖҰӨ өсуінен жоғары болады.
3 кезең(2011 - 2015) – бұл жылдық өсімі 8,8 – 9,2% -ті құрайтын жеделдетілген экономикалық өсу кезеңі. Мұнда эконогмикалық өсу өңдеуші саланың басымдылығымен өндіріске жаңа техникамен жоғарғы технологияны енгізуге есептелген. Бірақ бұл процесс 2015 жылы аяқтаомайды. Ол одан ары қарай өсіп жетіле түседі, яғни халық табысы өседі, ұлттық өнімдердің бәсеке қабілеттілігі артады, экспорт көлемі жоғарлайды.
Сонымен бұл 2015 жылға дейінгі стратегия күткен көлемде орындалған жағдайда елде өңдеуші кәсіпорындар көтеріліп, елдегі және сыртқы нарықтардың өзінің бәсекеге қабілетті өнімдерімен қамтамассыз етуі анық. Әрине тұрақтанған, қалыптасқан экономика кезінде кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын болжау әлде қайта оңай болуы бәріне түсінікті. Бәсекеге қабілетті өнім өндіру тек қана ел аумағында ғана емес халықаралық нарықтар да өз орнын табуы қажет, сонда елдегі импорт алмастыру саясаты тиімді жұмыс жасайды. Тағы бір жайт Қазақстан Ресеймен бірлескен кәсіпорындар ашып әлемдік нарықта бірігіп шығулары қажет.
Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі дамуы жалпы өнімнің өсуімен сипатталады. 2001 жылы экономиканың негізгі болып өндіруші саладағы өндірістік қуатты өсу қарқыны 75 % болып отыр. Бұл көрсеткіштер тек қана экономиканың өсуін ғана емес, елдің қуатты келешегін сипаттайды. Сонымен қатар президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы халыққа жолдауында елдің инновациялық-инвестициялық дамуы қарастырылып отыр, яғни оның басты мақсаты болып елде ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету біздегі инновациялық жолды таңдауды, өндірісті интенсификациялау мен технологиялық қайта жаңартуды талап етеді.
Бұл стратегияны жүзеге асыру үшін қомақты жұмыс жасауды талап етеді. Өйткені бүгінгі таңда өндірістік-техникалық фактор өндірістік күштің негізгі элементі болып саналады және ол жоғарғы деңгейде қажет болып отыр. Бұл деңгей «Экономикалық өсуге шикізат негізінде» және «Әлемдік шикізат нарықтарында оңтайлы жағдай негізінде қол жеткізілгені» де дәлелдеп отыр.
Сонымен президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Үшінші мың жылдықтың ғылымы» атты конференцияда айтқандай: «Жаңа ғасырда тұрақты дамудың стратегиясы болып, ғылым сыйымды өндіріске өтіп, бәсеке қабілетті өнімді экологиялық таза технологияларды мүмкіндігінше тереңірек енгізіп, өңдеуші өндірісті дамытуымыз қажет. Өз кезегінде кәсіпорын деңгейінде өндірістің тиімділігін мемлекеттің тұрақты экономикалық даму барысында өндірістік бағдарламаны қалыптастыруда жатқанын бәрі біледі, ол үшін тек қана үкімет пен басқа да кіші-гірім бірлестіктер ғана емес бүкіл Қазақстан халқы атсалысуы қажет деп білем.»
Өнеркәсіптік өндіріс Қазақстан Республикасының экономикасының негізі болып табылады. Тәуелсіздік алғаннан бері өнеркәсіптің дамуы ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен қалыптасты, ал ол реформалар мен сала жағдайына мардымсыз әсер етті.
Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономиканың барынша жоғары қарқынына қол жеткізу міндетіміз болып табылады.
Бұған біз өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сай қол жеткіземіз. Бәсекеге қабілеттілікке мемлекеттік қолдаудың қолайлы жағдайында емес бәсекелестермен қатаң күресте қол жеткізетініне баршаға мәлім. Біз бұл жағдайда мемлекеттік қолдаудың оңтайлы рөлі, бір жағынан экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізу, екінші жағынан-инфрақұрылымды жасау және белді салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін.
Сондықтан 2007 жылы экономиканы дамытудың негізгі бағыттары мыналар болуы тиіс:
-
экономиканы әрі қарай ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюрократиясыздандыру;
-
Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
-
индустриалды-инновациялық даму стратегиясын күшейту;
-
индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
-
ауылды дамыту стратегиясын жүзеге асыру;
-
инфрақұрылымды дамыту.
Бұл басты басымдықты бағыттар ішінен машина жасау саласына байланысты индустриалды-инновациялық дамуға тоқталсақ, ол стратегияны жүзеге асыру үшін даму басымдықтарын анықтау қажет.
Үкімет әлемдік деңгейдегі сарапшыларды тартып, еліміздің артықшылықтарына талдау жасау арқылы жылдың соңына қарай нақты ұсыныстар жасауы қажет.
Біз іс-жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибеден өтуіміз қажет. Машина жасау саласына тоқталсақ, осы жылы «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы біздің ірі машина жасау зауыттарымызды жаңғырту мақсатында «Сингапур Технолоджизбен» бірлескен мекеме құрады. Біз ауыл шаруашылық және көліктік машина жасауды дамытуымыз керек. Атап айтқанда, Қазақстандағы дизель зауытының өнімділігін арттырып, «Азия-Авто» зауытынан «Шкода» автомобилін құрастыруға ауыстыру мәселесін қарастыру қажет.
Сондай-ақ «Қазақстан-КамАЗ» кщнцерні зауытында жүк автомобильдерін құрастыруды арттыра түскен жөн.
Енді бүкіл салалар бойынша статистикалық мәліметтерді қарастырсақ: 2000 жылдан бастап 2005 жылға дейін өнеркәсіптің өндіріс көлемінің төмендеуі байқалды, ал 10 жылдық кезеңнің екінші бөлігінде өндірістің өсуі байқалды, орташа өсімі жылына 3,1 %-і құрады.
2000 жылы өткен жылмен салыстырғанда өндіру көлемі 15,5 %-і құрады. 2001 жылы өсу қарқыны осындай жоғары болып қала берді.Өнеркәсіптің көптеген салаларында өндіру көлемі айтарлықтай өскен және ол орта республикалық өндіріс деңгейінен жоғары. Сонымен бірге соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен келесі салалар дамып келе жатыр: химиялық, мұнай химиялық өнеркәсіп, машина жасау мен металл өңдеу, құрылыс материалдарының өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіп.
2001 жылы Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарында 2000 млрд теңгеге өнімдер өндірді, ол 2000 жылмен салыстырғанда 113,8 %-ті құрады. Өндіру көлемінің өсуі Қазақстанның барлық аумағында байқалған.
2003 жылдың қаңтар-маусымдағы өндіру көлемі 2002 жылдың қаңтар-маусымындағы өндіру көлемінің 8,7 %-ке жоғарлаған.
Өнеркәсіп салаларында 2002 жылы 664,5 мың адам жұмыс жасаған, ол экономика саласында жұмыс істейтіндердің ¼ құрайды. Жұмысшылар жалақысы орташа республикалық деңгейінін 1,4 есе асады да 23,8 мың теңгені құрап отыр.
Салалар бойынша өндірістік өнімнің табиғи көлемі, индексі.
Атауы
|
2003ж
|
2004ж
|
2005ж
|
Өнеркәсіп барлығы
|
115,5
|
113,8
|
408,7
|
Электр энергиясы
|
105,8
|
108,5
|
950
|
Мұнай өндіруші
|
115,8
|
115,1
|
112,5
|
Мұнай өндеуші
|
103,8
|
123,7
|
107,6
|
Газ
|
125,0
|
101,5
|
106,0
|
Көмір
|
128,4
|
105,7
|
81,3
|
Қара металлургия
|
110,8
|
100,6
|
105,7
|
Түсті металлургия
|
149,8
|
112,4
|
112,2
|
Химиялық және мұнай химиялық өнеркәсіп
|
122,2
|
154,7
|
117,7
|
Машина жасау мен металлургия
|
179,9
|
142,1
|
91,6
|
Құрылыс материалдары
|
138,6
|
146,1
|
108,0
|
Жеңіл өнеркәсіп
|
122,5
|
137,7
|
150,5
|
Тамақ өнеркәсібі
|
116,1
|
108,2
|
113,8
|
Өткен 10 жылдың ішінде өндірістің салалық құрылымы біршама өзгерістерге тап болды. Қазіргі кезде өнеркәсіптің өндірісте өндіруші өнеркәсіптің үлесі-46,9 %, тауар өндірісі-44,3%, электр қуатын, газ және суды өндірумен бөлу үлесі-8,8%. Егер 2001 жылы өнеркәсіптің өндірісте басты орынды машина жасау, жеңіл және тамақ өндірістері алса, 2000 жылдың ортасына таман отын өнеркәсібі (23,4%) және металл өндеуші (25,1%), ал 2004 жылы бұл салаларға республика өндірісінің 60% жатады.Өткен 10 жылдың ішінде металлургиялық өндіріс пен мұнай өндіру салаларының үлесі жоғарлады.
Өнеркәсіптің салалық құрылымының өзгеруіне салаға салынған инвестиция көлеміне байланысты. 10 жылдың ішінде өнеркәсіпке инвестицияның құйылуы бір қалыпты. Оның ішінде ең жоғарғы инвестиция соңғы 3 жылда байқалды. Ең капиталы сыйымды салалар болып, мұнай және газ өнеркәсібі, электрэнергиялық және түсті металлургия болып саналады. Шетел инвестициясының үлкен өнімі өңдеуші өнеркәсібіне бағытталған.
2005 жылғы экономикалық салалардағы іс-әрекеттер бойынша өнеркәсіп өндірісі құрылымы.
2001-2005 жылдар арлығында Қазақстанның барлық салаларында өндірудің төмендеуі байқалды, бірақ 10 жылдықтың екінші бөлігінде (2002-2006) өндіріс кеңейтіле түсті, ол орташа есеппен 5,8 % құрады.
2001 жылы өңдеуші өнеркәсіпте өсудің алғашқы белгілері байқала бастады. Өсу қарқыны 17,4 % жетті, тамақ және жеңіл өнеркәсіпте өсу байқалды, ал машина жасау саласында импорт алмастыру бағдарламасының негізінде өсу қарқыны 79,9 % құрады. 2002 жылы машина жасау саласында өсу жалғасын тапты, бұл саладағы өсу қарқыны 2001 жылмен салыстырғанда 142,2 % құрады. Көлік құрамдарын өндіру 2,1 есе, машиналар мен құрал-жабдықтардың, электр және электрондық құрылғылар 1,2 есе өсті. Сонымен бірге аралық тұтыну тауарларының өсуі байқалды. өнеркәсіптегі 2002 жылы сала бойынша алатын үлестері келесі суретте кескінделген.
2002 жылы өңдеуші салада 937,2 млрд. Тг. өнімдер өндіріліп, жалпы өнеркәсіп өндірісінің 47 % құрап отыр. Бұл салада 397,5 мың адам жұмыс жасайды, олардың жалақысы 2002 жылы 19,8 млн. тг. құрап отыр.
Машина жасау саласындағы соңғы үш жыл ішінде өсу байқалды.
2000 жылы – 13,6 % ,2001 жылы – 1,8 есе, 2002 жылы – 1,4 есе. Өткен жылмен салыстырғанда 11кесте
2005-2006 жылдары сала бойынша өндірістің қуаттар орташа есеппен 10 %-ке төмен жүктелген болатын, оның себебі құрал-жабдықтардың табиғи және моральды ескіруі болып табылады. Соңғы жылдары сала қарқынды өсіп келе жатыр, сала кәсіпорындарының дамуын жеделдететін, бағдарлама жасалды.
2002 жылы 2001 жылмен салыстырғанда подшибниктерді өндіру 12,4 % эксковаторларды шығару 1,3 есе, видео көшіру мен видео көрсету 1,5 есе, мұнай-газ өңдеуші құралдарын 4,4 есеге өсті.
Тәуелсіздік жылдары ішінде республикада видеомагнитафондарды, тоңазытқыштарды, шаңсорғыштарды шығаруды игерді. Тракторларды өндіру жанданды «Қазақстантрактор» АҚ Т-95,4 класты жаңа түрін шығаруды бастады.
Оңтүстік Қазақстан облысында (электроаппарат АҚ) күн көзінен жылынатын су жылытқыштары жасалды және жоғарғы вольтты құрылғыларының жетілдіріле түсуі т.б.
Қазэнергокабель зауыты ТМД бойынша қуатты қорғалған өткізгіштерді Еуропалық мамандану бойынша өндіреді, яғни ол халықаралық ISO стандарттарына сай өнім өндіреді деген сөз. Қазір бұл кәсіпорын шеттен кіретін өнімдердің 25 % алмастырады.
Қазақстанның машина жасау саласындағы басты мәліметтер жоғарыда көрсетілген. Ол бойынша соңғы үш жылдың ішінде машина жасау саласы тұрақты дамығанын көреміз. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың бәсекеге қабілетті экономика құру жөнінде 2004 жылғы жолдауында: «Қазақстан алдағы дамуын өңдеуші салаларды дамыта отырып бағытталуы қажет» деген. Осыған орай импорталмастыру саясатына сүйеніп, яғни халықаралық стандарттарға сай, бәсеке қабілетті тауар шығврып, ең алдымен ішкі нарықты қанағаттандырып, содан соң сыртқы нарықта да өз орынын табуға бағытталуы қажет. Ол үшін елдегі барлық өңдеуші кәсіпорындардағы техника мен технологияны жаңартып, жұмысшылардың мамандану деңгейін көтеріп, оларды шет елдерге оқытып, кадрларды ретке келтіру. Мемлекет тарапынан көмектер көрсетіліп, салық саясатының ретке келтіріп, кәсіпорындардың қаржыларын легализациялау қажет, өйткені қазір көптеген кәсіпорындар өз қаражаттарын салықтан құтылу үшін көлеңкелі жағдайда ұстап отыр.
Өңдеуші кәсіпорындарды дамыту үшін заңдылықты түпкілікті жөндеп, қаржы тексеру органдарының қызметтерін бақылап, қажетті уақытында жәрдемдесуге бағыттауы керек, өйткені қазіргі оны тексеру бөлімінің инспекторлары тексеру кезінде кемшіліктерді жоюға емес, оларды көбейтіп өз қалталарына қаражат түсіруге тырысатыны ешкімге құпия емес.
Қазіргі еліміздің ұлан-ғайыр жері мен табиғи байлықтарын ескере келе біздің халқымыз ең дамыған елдердің санатында болуымыз қажет, оған жету үшін біздегі әрбір азамат оған өз үлесін қосуы қажеттігін жете түсінуі керек. Мысал үшін Жапонияны алатын болсақ, ол елде қазба байлықтардың ешбір түрі жоққа таяу болғанымен, ондағы халық елінің экономикасын дамыту үшін өздерінің кейбір қажеттіліктерінен бас тартуға дайын. Оның өзі бұл елдің халқының сана-сезімінің жоғарғы дәрежеде екенін дәлелдейді. Сонымен бірге бұл ел шикізаттардың шектеулі жағдайында бірнеше он жылдықтар бұрын өндірістің қай саласын дамыту қажеттігін дәл анықтап, сол салалар бойынша үлкен зерттеушілік жұмыстар жүргізіп, қазіргі таңда осындай дәрежеге жетіп отыр. Жапония дүниежүзінің басқа елдермен салыстырғанда ҒТП мен ҒТР-дің және жаңа техника мен технологияның ең дамыған ел болып табылады. Осындай шет мемлекеттердің даму бағытын ескеріп, Қазақстан өз бағытын анықтауы қажет.
Енді кәсіпорын деңгейіне оралсақ, жоғарыда айтылған бағыттарды жүзеге асырғанда өндірістік бағдарламаны қалыптастыру неғұрлым тұрақты болады. Нарықтағы сұраныстар тұрақтанып, шикізат өндіру мен жабдықтау үзіліссіз болғанда кәсіпорынға өндірістік бағдарламаны, ассортименті тұрақты түрде кеңейте отырып, жасауға көп жұмысты қажет етпейді. Ал біздің зерттеп отырған объектіміз «Меркі ірімшік зауыты» келешекте өндірістік бағдарламасын дамыту жүзеге аса бермек, мұнда сұраныс өте жоғары, тек қана кедергілердің бірі өндіріс қуатын төмендігі. Оны да қоғам жақын аралықта Бельгияның; Швецияның; Ресейдің белгілі компанияларынан құрал-жабдықтарды сатып алуды жоспарлауда.
Достарыңызбен бөлісу: |