Қорытынды
Сонымен қорыта келе нарық экономикасы қарсаңында жұмыс жасап отырған кәсіпорындарға қатаң стратегия мен саясатты ұстануы қажет, ол өмірдің талабы. Кәсіпорынның іс - әрекетінің жүзеге асырылуын, жалғасуының негізгі ол өндірістік бағдарлама. Өндірістік бағдарламаны жасағанда кәсіпорын толық маркетингтік зерттеулерге сүйене отырып жасауы қажет, яғни тұтынушылардың талғамын, сұраныс деңгейін, ұсынысты, бәсекелестерді, алмастырушы тауарларды, салық саясатын, ақша несие саясатын, тағы басқа мемлекет тарапынан әсер ететін факторларды ескерген жөн. Сонымен бірге тек қана осы факторларды ескеріп қана оймай, кәсіпорын өзінің қойған мақсаттарын жүзеге асыруы тиіс, олар: өндірісті кеңейту, жаңа нарықтарға шығу, жаңа тауар шығару, ал ең бастысы ең аз шығын жасай отырып, ең көп мөлшерде табыс табу.
Қазіргі жағдайда тауарлық саясатқа сәйкес кәсіпорын неғұрлым көп тауар шығарса, оған кететін шығын азырақ болады. Яғни бұл шығындардың азаюы өнім көлемінің масштабы заңдылығы бойынша жүзеге асады. Қазір тиімді жұмыс жасау үшін кәсіпорын әр уақытта бәсекелестерін бақылап, одан қалыспауға тырысуы қажет. Ол үшін өндірістік стратегиясы мықты, әрі тұрақты тиімді болуы шарт.
Негізгі дүние жүзіндегі белгілі экономикалық әдебиеттерде негізгі үш бағытты үйлестіруді ұсынады, шығындарды минималдау стратегиясы, сапаға бағытталған стратегия және уақыт факторын тиімді пайдалану стратегиясы.
Өндірістік бағдарлама – таңдалған тауарлық стратегия бойынша жасалған, тұтынушылардың қажеттілігін өтеуге бағытталған, оны жүзеге асырғанда кәсіпорынға табыстылықты, бәсекеге қабілеттілікті және мақсаттардың орындалуын қамтамасыз ететін кәсіпорынның жоғары сапалы өнімді өндіру жоспары. Бұл жоспар кәсіпорынның алдағы уақыт ішінде өндіруі қажет өнімі мен өнім ассортиментін белгілейді, алайда бұл көбінесе орындалмауы мүмкін, шектен тыс тапсырыстар немесе керісінше тұтынушылардың тапсырыс бермеуі жоспардың орындалмауы мен 100% артық орындалып кетуіне себеп бола алады.
Нарық экономикасы жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмысының негізінде тұтынушылар қажеттілігі немесе нарықтық бағыт жатыр. Сондықтан да кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасағанда жаңа бір бағыт ұстануымыз қажет, ол: оны жүзеге асырғанда кәсіпорынға жоғары пайда әкелетін, оның талданған тауарлық саясаты мен стратегиясына сәйкес тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын өнімді өндіру жоспары.
Өндіріс бағдарламасын жоспарлау, кәсіпорынның өмірлік циклы тұжырымдамасына негізделуі қажет, өйткені кәсіпорынның өмірлік циклының әрбір кезеңінде дамудың ішкі қайшылықтары пайда болып, жүйедегі қарама – қарсылықтар және сыртқы жағдайларда өмір сүре алмауы жаңа мақсаттар тудырады. Олар бойынша тауарлық стратегия таңдалып, соған сәйкес өндірістік бағдарлама жасалуы қажет.
Өндірістік бағдарлама жасағанда келесідей жұмыстар жүргізілуі керек: өнім өндіру құрылымын зерттеу, өнім рентабелділігін анықтау, сату құрылымын талдап, оның өнім өндіру арасында сәйкестік орнату, жоспар мен оның орындалуын салыстырып, өндіріс құрылымындағы өзгерістерді анықтау.
Жасаған талдау барысында “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС – ның өндірістік бағдарламасын меңгеріп, оның ерекшеліктері мен артықшылықтары және кемшіліктері анықталды. Өңделетін шикізат ерекшеліктерін, ҒТП даму деңгейін, өндіріс техникасы мен технологиясын, шығарылған өнім ерекшеліктері мен сұраныс сипатын анықтадық.
Сонымен алға қойылған мақсаттар мен оның орындалу мүмкіндігі өте жоғары, елдің жоғары шикізаттық қорлары мен территориясының әлемдегі тоғызыншы орында және орналасқан жері Еуразия материгінің ортасында және екі жағындағы көршілерін ескерсек, Европа мен Азияның қосатын ірі экономикалық аймаққа айналады десек қателеспейміз. Осындай жағдайда біз өндіруші өндірістен өңдеушіге алдағы 2015 жылға дейін жетуіміз қажеттігін президентіміздің Қазақстан 2015 жылға дейінгі индустриялдық – инновациялық даму бағдарламасында айтып кеткен болатын, ол үшін тек мемлекет пен үкімет ойланып қана қоймай, бүкіл халық өз үлестерін қосу қажет екенін жеке айтып кеткен жөн. Қазақстанның осындай байлықтарымен территориясының кеңдігімен, адам ресурстарының жоғары білімділігімен XXI ғасырда дүние жүзінде өзінің орнын табатынына күмәніміз жоқ.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы,Егемен Қазақстан, 2007ж 28 ақпан.
2. Ильин.Планирование на предприятия, Минск.2000 год,119 -123стр.
3. Егоров В.Н, Варакута С.А. Планирование на предприятий – М инфра 2001 год,118 -125бет
4. Хрипач В.Я, Суша Г.З. Экономика предприятия Минск эконом – пресс, 2000 г, 233 бет.
5. Сергеев И.В. Экономика предприятия, Москва, 1999 ж, 293 бет.
6. Волкова О.И. Экономика предприятия, Москва, 1998 ж,308 бет
7. Бухалков. Внутрифирменное планирование: учебник – М инфра 2000 ж, 211 – 213 бет
8. Есентугелов А. Долгосрочное стратегия развития экономики и размещение производственных сил в Казахстане. Аль – Пари 2000 ж, № 6, 3 бет
9. Дюсембаев К.Ш Анализ финансового положения предприятия, Алматы, 1998 ж 282 бет
10. Савицкая Г.В Анализ хозяйственной деятельности предприятия Минск, 2003 ж, 360 – 369 бет
11. Крылов Э.И. Анализ эффективности инвестиционной и инновационной деятельности предприятия, Москва 2001ж, 211 – 214 бет
12. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия в АПК, Минск 2003 ж,
13. Лопушенская Г.К, Петреев А.Н. Планирование на условиях рынка,уч.пос. Дашков и К 2003 ж
14. Сундетов С.А. Планирование и прогнозирование в условиях рыночной экономике, уч. Пос. 2004 ж, 147 бет
15. Горемыкин П.Р, Планирование на предприятия 2004 ж
16. Бабич Т.Н, Кузьбожев Э.Н, Планирование на предприятия, уч.пос. 2005 ж
17. Морозова Ю.П, Планирование на предприятия, Под. ред М ЮНИТИ 2000ж
18. Бурлибаева Д.Я, Формирование производственной программы предприятия в условиях рыночной экономике, Автореферат 2001 ж
19. Прогнозирование и планирование в условиях рынка, уч.пос Е.А Черныш, Н.П.Молчанова, А.А.Новикова, Т.А.Салтанова, М:приор 1999ж 176 бет
20. Прогнозирование и планирование экономики, под.ред. Г.А.Кандауровой, В.А. Боршевича, М. Современная школа 2005 ж, 476 бет
21.
Достарыңызбен бөлісу: |