Мазмұны кіріспе 3 психология анықтамасы


ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ



бет4/7
Дата20.05.2022
өлшемі361.54 Kb.
#458046
1   2   3   4   5   6   7
Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы

2. ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ
2.1 Қазіргі білім беру жағдайында психологияны оқыту
Білімі мен мəдениеті төмен, ой-өрісі тар адамдар қоғамның негізгі қозғаушы күші бола алмайтыны белгілі. Ондай қарабайыр тобырға арқа сүйеген мемлекеттің өзге өркениетті елдердің қатарына қосыла алмайтыны да ежелден мемлекет болып келе жатқан басқа ұлттардың тарихынан бəрімізге мəлім. Осындай тарихи жауапты кезеңдерде қоғам мүшелерінің сапалық деңгейінің жоғары болуының қажеттілігі туындап отыр. Ал, ол сапа көкірегі ояу, көзі ашық адамдардың молдығынан тұрады.
Үздіксіз білім беру жүйесінде жоғары оқу орындарында білім беру мəселесі оның басқа сатыларындағы сияқты өзгерістер мен жаңартулар, байытулар мен толықтырулар үнемі жүріп отырады. Қазіргі жаңа педагогикалық прадигма білім беруді жеке тұлғаның таңдауына бұруды жəне оның жеке интеллектуалды талаптарын қанағаттандырып отыруды талап етеді. Ал болашақ мамандарды даярлауда бұл мəселе аса өзектілікті болып табылады.
Қазіргі қоғам білім беру жүйесіне қоғамның өзгермелі жағдайына жеңіл бейімделетін болашақ мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін жаңа талаптар қояды. Мұндай дайындық əр түрлі ғылыми саладағы білімдердің тек жиынтығына ғана тəуелді болмауы тиіс. Оқылатын пəндердің мазмұны мен əдістемесі, нəтижесінде бітіруші студент психологиялық ойлаудың қызметтік мүмкіндіктерін меңгеріп шығатындай, нəтижелі əрі ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарланған болуы қажет.
Жоо оқу нақты студент үшін болашақта өзінің кəсіби іс-əрекетінде сəтті қолдануға мүмкіндік беретін негізгі теориялық жəне практикалық білім алу болып табылады. Оқытушының мақсаты — болашақ маманға өзінде жинақталған білім мен іскерліктерді беру, сонымен қатар оларды тəжірибеде жəне шындық өмірде қолдануға үйрету. Бірақ психология — бұл гуманитарлық танымға жататын ерекше ғылым. М.М.Бахтин гуманитарлық таным — ғылыми танымның ерекше типі, оның негізінде зат емес, тұлға, субъект-субъект қатынасы тұрады деп атап өткен [5,10б ].
Тұлға танылушы ретінде танымның нақтылығын талап етпейді, ол танымның тереңдігін қалайды. Оның бірегейлігі студенттің дамуын «Психология» пəнін оқу барысында тек нəтиже ретінде ғана емес, сонымен қатар оны өзіндік сана, өзін-өзі тану жəне өзін-өзі жетілдіру процесі ретінде қарастыру қажеттігінде. Мұндағы маңызды сəт əлемді бейнелеу ғана емес, сонымен бірге қазір жəне болашақта осы əлемде өзін, өзінің жағдайын, өзінің əлемге қатынасын, өзінің мінез-құлқын бейнелеу болмақ.
Аталған гуманитарлық танымның, психологиялық танымның ерекшеліктеріне орай психолог маманы үшін де, педагогикалық əрекетті игеру жүйесінде психологияны меңгерушілер үшін де психологияны оқыту келесідей мақсатты көздейді: өмірдің əр түрлі жағдайында адамдармен өзара əрекет пен қарым-қатынасты орнатудың теориялық жəне практикалық білімдерімен, əдістерімен қаруландыру.
Студенттердің кез келген ғылымды оқуы бір ғана мақсатқа бағынады, бұл өмірлік құбылыстарға, практикалық міндеттерге ғылыми тұрғыдан келуге үйрену, яғни жан-жақты игерілген білім тұрғысынан қарастыру. Психологияға қатысты алынатын болса, демек, бұл студенттің оны адам психологиясына ғылыми бағдарлану мақсатында оқу, яғни нақты адамдардың əрекет үстінде, қылықтарында оның көрінуін түсіну жəне түсіндіре алу үшін, осының негізінде олармен күнделікті тəжірибеде дұрыс өзара əрекеттесуге үйрену үшін оқу.
Бұл мақсат əрі кез келген ғылымды оқуға қатысты болғанымен, ол тек студент іс-əрекетіне ғана тиесілі: тек студент қана оны игеруге талпынуы қажет. Ал оқытушының іс-əрекеті студент іс- əрекетінен өзгеше мақсатты көздейді. Студенттің мақсаты — ғылымды игеру болса, оқытушының мақсаты — оны студенттің бойына сіңіру. Осы мақсаттар түбінде бірігеді. Бірақ мəселені қойған кезде олар əр түрлі: студент оқытушыдан «білімді алуды», ал оқытушы қажетті білімді «беруді» жəне оларды қолдануға үйретуге көздейді.
Психологияны оқуда кез келген студент болашақ мамандығына қарамастан, адам əрекетімен қылықтарын талдауға, тұлғаның мінез ерекшеліктерін жəне қабілетін, темпераментін жəне басқа да тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға, қоғамдағы, ұжымдағы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы əлеуметтік психологиялық құбылыстарды жəне т.б. ашуда психологиялық ойлануды үйренуі қажет.
Демек, студенттің психологияны игеру мен оқытушының психологияны оқыту мақсаты осы процестің нəтижесінде студентте басқа адамдармен шынай өзара əрекет кезінде ғылыми- психологиялық білімді тəжірибеде басшылыққа ала білу іскерлігін қалыптастыруда бір-бірімен ұштасады. Бұл өз кезегінде жоғары да айтылған мақсат студентте психологиялық ойлау іскерлігін қалыптастыруды көздейді.
Б.Ц.Бадмаев бойынша, психологияны оқытудың мақсаты студенттерде ғылыми-психологиялық білімді басқа адамдармен шынайы өзара əрекет барысында практикалық басшылыққа алу іскерлігін қалыптастыру, бұл студенттердің психологиялық ойлауын қалыптастыру болып табылады [2]. Біздің ойымызша, соңғы анықтама психологияны оқытудың мақсатын едəуір нақтырақ айқындайды, себебі ол өзінің құрамына процесс пен оның соңғы нəтижесін ғана емес, сонымен қатар басты назарды студенттерде психологиялық ойлай білу іскерлігін қалыптастыруға аударады. Психологияны оқи отырып, студент болашақ мамандығына қарамастан, адамдардың іс-əрекеттері мен қылықтарын бағалап, оны талдауда, тұлғаның мінез-құлқы мен қабілетінің, темпераментінің ерекшеліктерін, қоғамдағы, ұжымдағы, адамдардың қарым-қатынасындағы əлеуметтік-психологиялық құбылыстарды анықтауда психологиялық ойлауға үйренуі қажет.
«Психологияның» оқу пəні ретіндегі ерекшелігі, ондағы қажеттіліктің, оқу міндеттерінің, оқу мотивациясының, əрекеттер мен амалдардың жəне оқу нəтижесінің болуымен сипатталады. Оқу əрекетіндегі қажеттілік студенттердің теориялық білімді меңгеруге талпынысы ретінде қарастырылады. Оқу міндеті — өнімді міндетті шешу жəне субъектінің өзгеруі болып табылатын міндет. Оқу əрекетінің уəжі əр түрлі болуы мүмкін, бірақ ең нəтижелісі танымдық мотив болып табылады. Оқу əрекетін жүзеге асыру — бұл студенттің оқу əрекеті мен амалдарын бірізділікпен орындау[6,10б ].
Студенттерде қалыптасқан білім, іскерлік дағды оқытудың нəтижесі болып табылады. Психологияны оқытудағы оқу əрекетінің объектісі психологиялық шындық болады. Психологиялық шындық пен əрекет етудің əр түрлі тəсілдерін игеру оқу əрекетінің пəні болады.
Қазіргі кезде оқытуды ұйымдастырудың жаңа бағытта болуы керек. Ендеше дайын білімді жаттаудан тұлғаны қалыптастыруға, шығармашылықпен оқуды дағдыландыруға көшу керек. Олай болса, жаңа оқыту əдістері бойынша оқытушы оқытпайды, тек жетелейді, ал студент өзінің іс-əрекеті процесінде өзі оқиды. Егер оқушының танымдық іс-əрекеті жоғары белсенді болса, меңгерудің тиімділігі де жоғары болады.
Бұл жағдайда оқытушы студенттің оқу іс-əрекетінің ұйымдастырушысы рөлін атқарады. Мұндай ұйымдастырудың себебінен студент ақпаратты пассивті қабылдаушы емес, керісінше, ақпаратты белсенді «табушы» жəне іздеуші болуы тиіс. Мұндай оқу іс-əрекетін қамтамасыз ететін оқытушының əдістерін оқытудың белсенді əдістері деп атаймыз.
В.Я.Ляудистің берген анықтамасы бойынша: «Оқытудың белсенді əдістері деп бірлескен жəне жеке оқу іс-əрекеті жағдайында əлеуметтік құнды нəтижелер жетістіктерімен байланысқан оқытуды құнды шығармашылықпен ұйымдастыратын əдістер деп түсінуге болады
Жоғары оқу орындарындағы оқу орта мектептегі оқытудан əлдеқайда өзгеше, оның сыртқы формасында да, ұйымдастырылуында да, сондай-ақ ішкі, психологиялық жағында да айырмашылықтар бар. Студент өзінің оқу іс-əрекетінде жаңа жоғары сатыға көтеріледі — мұғалімнің күнделікті қадағалауымен жəне басшылығымен алынатын оқудан əлемнің ғылыми жетістіктерін өздігінен меңгеруге ауысып, оқу жəне өзіндік оқу əдістерін меңгереді. Оқытушы студентке өзіндік шығармашылығының потенциалын ашуда зерттеушілік бабын талап ететін оқу есептерін қоя отырып, көмектеседі. Студент өзінің оқу іс-əрекеті нəтижесінде жоғары білікті маман ретінде өзін-өзі қалыптастырады.
Жоғарыда айтылғандардан келесідей қорытынды жасауға болады: оқыту əдістері оқушының өзіндік іс-əрекетін белсенді етіп, тұлғаның ақыл-ой дамуына қызмет етсе ғана тиімді бола алады.
Қазіргі кездегі белсенді оқыту əдістерінің ішінен В.Я.Ляудис психологияда қолдануға едəуір қолайлы əдістердің үш тобын бөліп көрсетеді бағдарламаланған оқыту əдісі, проблемалық оқыту əдістері, интерактивті оқыту əдістері.
Бағдарламалық оқыту əдістері білімнің пəндік мазмұнына байланысты мақсатты, міндетті шешу тəсілдерін, қолдау мен қадағалау формаларын нақтылау жəне түрлендіру арқылы дəстүрлі оқытуды қайта құруды көздейді.
Бағдарламаланған оқыту — бұл П.Я.Гальпериннің ХХ ғасырдың 50-жылдарында жасаған ақыл- ой іс-əрекетін сатылап қалыптастыру теориясына негізделген оқытудың белсенді əдістерінің жиынтығы [4]. Бұл теория оқушылардың танымдық əрекетін қалыптастыру туралы теория; қоғамдық тəжірибе жоспарынан жеке тəжірибе жоспарына ауысудың негізгі кезеңдерінің пайда болуы туралы білім болып табылады. Бұл əдіс бойынша алдын ала оқыту мақсаты жəне осыған орай оқытушының қадағалауы жəне басшылығымен жүйелі əрекеттер қатары да жоспарланады, соңында бір нəтижеге, яғни оқушы дағдыларының қалыптасуына, əкеледі.
Бағдарламаланған оқытудың ақыл-ой əрекетін сатылап қалыптастыру теориясына сəйкес ұйымдастырылатын негізгі əдістемелік құралдары келесідей болып табылады:
Оқушыға меңгеретін əрекетті қатесіз орындауға мүмкіндік беретін белгіленген əрекет негіздерінің сызбасы (БƏН).
Берілген əрекетті орындау барысында əр түрлі модельдеуші жағдайлардан тұратын оқу есептерінің жиынтығы.
Оқушы бұл есептерді БƏН сызбасына қарап шешеді. Есептер үш түрлі болады: пəндік, логикалық, психологиялық. Пəндік типтегі есептерге психологияда практикалық психологтың əрекетінде кездесетін жағдайларды модельдеу жатады. Мысалы, адамдардың психологиялық жағдайларын тəртібінен, əрекеттерінен, сіздерінен т.б байқау жатады. Сонымен қатар сурет, сызба, сызу негізінде есептелетін есептер де жатады.
Пəндік есептер оқушының ақыл-ойын ынталандыру үшін, олар өте сирек немесе күмəнді жағдайлардан, əдеттегі емес жаңа есептер болу керек, үйреншікті жағдайдағы есептер болса, ондай есептер жалықтырып, студентті қызықтырмайды.
Логикалық типтегі есептер — бұл шешу үшін логикалық заңдылықтар бойынша ойға салуды талап ететін есептер, яғни, ойша əрекетті талап ететін есептер. Ойға салу бұл есептің шартын анықтауға бағытталады: берілген есеп шартының қайсысы керек, қайсысы артық немесе бұл есептің тұжырымдамасында қандай керекті шарттар жетіспейді. Бұл есептерде есепке логикалық талдау жасау қажет. Логикалық есептің төрт түрі болады.
Есептің мазмұнында барлық керекті шарттар белгіленген, бірақ артық шарттар жоқ.
Есептің мазмұнында керекті жəне керексіз артық шарттары белгіленген.
Есептің мазмұнында артық шарттар жоқ, бірақ кейбір керекті шарттар берілмеген.
Есептің мазмұнында артық шарттар болғанымен, керекті шарттар түгел емес.
Студентте қате əрекет тудыру мүмкіндігі жəне есептің шешуіне əкелетін керекті маңызды жақтар маңыздысын немесе, керісінше, маңызсыз жақтар маңызды жақтар жасырылып қалатын есептер түрі психологиялық есептер типіне жатады. Бұл есептер студентке жеңіл жолмен емес, ақыл- ой мен жігер арқылы шешуді талап етеді. Студенттен əрекеттерде ойлампаздық, есептің шартын талдауда сабырлық жəне парасаттылық керек.
Психологиялық типтегі есептер белгілі бір жағымды əсер тудырады, себебі олар құбылыстармен заңдылықтардың анықтамалық жəне көрнекілік сипаттамалары арасындағы қарама-қайшылықтардан құрастырылған есептер болып табылады. Егер студент көрінгенді нақтыдан, бұлыңғырды шындықтан, кездейсоқтықты қажеттіден айыруға үйренбесе, онда ол қате əрекеттер жасайды, керексіз нəтижелер алады, яғни қателесіп отырады.
Психологиялық типтегі есептерді келесідей ерекшеліктер арқылы анықтауға болады:
Есептегі құбылыстың белгілері іздестіріп отырған құбылыс сипатына ұқсас болады (ұқсайды, бірақ ол емес).
Бақылап отырған белгілер іздестіріп отырған құбылысқа ұқсайды жəне соның ізі болып табылады (ұқсайды жəне соның ізі).
Бақылап отырған белгілер іздестіріп отырған құбылысқа жатпайды, бірақ оның белгілері болып табылады (ұқсамайды, бірақ сол).
Құбылыстың көрнекі белгілерінен іздестіріп отырған құбылысқа ұқсамайтынына қарап, бұл оның белгілері емес деп қорытынды жасау (ұқсамайды жəне ол емес).
Психологиялық типтегі есептерді шеше білу — бұл студенттің жан-жақты əрекетті меңгеріп, ойланып жəне əрбір əрекеті ақыл-ойдың жоғары дəрежесіне сай орындауы.
Оқытудың проблемалық əдісінде басты назар студенттердің ақыл-ой əрекеттерінің мотивтері мен əдістеріне, сондай-ақ оның проблемалық жағдайға кіру рəсіміне аударылады.
Проблемалық оқыту арқылы студенттердің белсенді ойлау əрекетінің дəрежесін көтеру, оларды ақыл-ойдың шығармашылық əрекеттерінің жүйесіне үйрету болып табылады. Бұл жүйені меңгеру ақыл-ой əрекетінің сапасын арттырып, ғылыми диалектикалық ойлауды қалыптастырады. Проблемалық оқыту процесінде негізгі төрт саты айқын болу керек: проблемалық жағдайды түсіну, проблеманы нақты құра білу жəне оны талдау, ұсыныстар жасау, болжам жасау жолымен проблеманы шешу, проблемалы міндеттерді шешудің дұрыстығын тексеру.
Проблемалық оқытудың мəні проблемалық жағдай тудыру, оны шешуде студенттердің əрекетін басқару болып табылады. Зерттеуші В.Оконь проблемалық жағдай тудырудың төмендегідей белгілерін тұжырымдап берді
Проблемалық жағдай студенттердің белсенділігін, қызығушылығын, ынтасын тудыратындай табиғи жəне өмірлік сипатта болу керек.
Студенттердің тəжірибесіне, біліміне, жасына лайықты қиыншылықтардың болуы көздеуі қажет.
Проблема анық, дəл қойылуы тиіс.
Проблеманы толық не жартылай шешу — бұл оның дұрыстығын таңдай болып табылады.
Бір жағдайдан екіншіге өтуде бірізділік, əсерлілік сақталуын көздеу керек.
Бірізділік, өзара қатынас, байланыс, тəуелділік, мəселені жан-жақты тануға мүмкіндік тудырады. Проблемалық оқыту студенттерді ғылыми, дидактикалық, логикалық, ойлауға, кездескен қиындықтарды жеңуге үйретеді. Оқу материалын дəл, қызықты болуы, білімнің берік болуы, сенімге айналуы, ұзақ есте сақталуын қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқытудың артықшылығы:
ғылыми ақиқатты дəл, саналы түсінуге білімнің сенімге айналуына мүмкіндік тудырады;
диалектикалық ойлауға, ғылыми ізденушіліктің жолына үйретеді;
проблемалық оқу эмоционалды беріледі де сабақ тартымды болып, оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін тудырады.
Оқытудың интерактивті əдісі адамдардың өзара əрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру арқылы білімді игеру үрдісін басқарады.
Оқытушының əрекетінің аймағы бір ғана студент емес, бір-бірімен сұрақтарды талқылайтын, пікірталасқа түсетін, өзара ынтымақтастықта болатын жəне бір-бірін ынталандыратын əрі белсенді ететін өзара əрекет жасайтын студенттер тобы болып табылады. Адамдар ұжымымен ақиқатты іздеу барысында жарысады, бəсекеге түседі, сондықтан интерактивті əдіс студенттердің рухын көтеріп белсенділігін арттырады.
Интерактивті оқытуға келесідей əдістер жатады: эвристикалық əңгіме, пікірталас, «ой шабуылы», «дөңгелек үстел», іскерлік ойындар, практикалық жұмыстар жарысы жəне оларды талдау. Эвристикалық əңгіме — бұл ұжымдық ойлау немесе проблеманың жауабын іздеуге құрылған əңгіме. Бұл əңгіме барысында ойша іздеу ұжымдық ойлауға алмасады, себебі əңгіме барысында пікір алысады, аралық шешулердің əр түрлі нұсқалары айтылады, бұл жағдайда студенттер ақиқатты өзара əрекет жəне өзара көмектесу арқылы бір-бірінің ойлауын арттырып, ақиқатты іздейді [6,20б].
Пікірталас — бұл арнайы бағдарламаланған оқу бағдарламасының теориялық сұрақтарын талдауы, əдетте бұл сұрақты қоюмен басталады жəне эвристикалық əңгіме түрінде өріс алады.
Пікірталас — бұл сөйлеу əрекетінің диалог түрі. Бұл жағдайда əңгіме барысында туған пікірлер арасында интенсивті күрес туады. Пікірталастың ерекшелігі, оған түскендердің пікірі дəлелденетін, ақиқатты, белгісіз бір жерден пайда болған емес белсенді ойлаудан пайда болған пікірлер болып табылады. Пікірталас əдісі семинар-пікірталаста, семинар-практикумдарда, практикалық жəне лабораториялық сабақтарда тапсырмаларды орындау нəтижелерін талқылау барысында қолданылады.
«Ой шабуылы» — əдісінің мəні бойынша күрделі проблемаға жауап іздеу барысында əр түрлі ойға кез келген идеялар, болжамдар, ұсыныстар, кездейсоқ аналогияларды интенсивті айту, сонымен қатар қатысушылардың керекті немесе керексіз ассоциациялары пайда болуы мүмкін. Бұл пікірлердің барлығы диктофонға жазылып «ой шабуылын» ұйымдастырушы зейін қойып олардың ішінен сұраққа жақын жауаптарды таңдап алып, кейін сұрақ мазмұнына сəйкес терең талқылау ұйымдастыру.
«Ой шабуыл» əдісінің алтын ережесі деп əңгіме барысындағы бірде бір ой-пікірдің айтылуына күмəндену, сын айтуға болмайды, əр түрлі идеяларды айтуға ерік берілуі керек.
«Дөңгелек үстел» əдісі əр түрлі ғылыми аспектілерде теориялық проблемаларды меңгеру жолымен қарастырылатын, тиімділікті арттыратын əр түрлі профильдегі мамандардың қатысуымен өтетін əдіс.
Іскерлік ойын əдісі — мамандарды басқару жəне əрекет жасауға үйрететін əдіс. Студентті нақты жағдайда қатысушы кісі ролінде айқын жəне пəнді ойларға мəжбүр еткізіп, елеулі нəтижелерге жету деген саналы мақсатта болуға қою. Сондықтан бұл жағдай оқушының зейінін сезімталдандырады, ойлауды мақсатқа бейімді қылып меңгеруді жақсартуға себеп болады.
Интерактивті оқытудың жаңа əдісі тренинг болып табылады. Тренинг — бұл арнайы жасалған кіші топтарда қарым-қатынасты ұйымдастыру арқылы өтетін психологиялық-түзету жұмыс əдісі.
Психологиялық тренинг — бұл топтағы адамдардың қарым-қатынастары мен өзара түсіністік пен өзін-өзі тану дағдылары мен ептілігін қалыптастыратын топтық əдістер жиынтығы.
Сабақты топтық тренинг əдісімен өткізу оқытушыдан зор дайындық жұмысты талап етеді.
Тренингтің сценарий жоспарын құруға байланысты жұмыс.
Тренингте талқыланатын проблеманы шешуге қатысуға студенттердің көңілін белсенді етуге байланысты жұмыс.
Оқытушының өзіндік дайындығы (өзінің жүріс-тұрысын ойластыру; сұрақтарды қалай қоятынын қарастыру; сұрақтарға қалай жауап қайтаруды; даулы мəселеге қалай жауап беруді т.б. ойластыру).
Демек, оқытудың белсенді əдістері — бұл оқу үрдісінде субъектінің жоғары белсенділігін қамтамасыз ететін əдістер болуы тиіс, себебі осы курста алған білім студенттердің маман оқытушы ретінде оның теориялық, ғылыми жəне практикалық дайындығының жоғарғы деңгейін қамтамасыз етіп, осыдан психикалық дамудың басты қозғаушы күші ретінде қазіргі білім беру үрдісіндегі ұйымдастыруды тиімді жолына алуы қажет.
Заманауи білім беру барысында жаңа ақпараттық технологияны қолдану талап етіледі. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз — оқу жəне оқу-əдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуші техниканың техникалық құралдары, оқытушылар мен оқушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен əдістері деген анықтама беруге болады. Яғни ақпараттық технология — білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы əдістер мен формалар жəне балаларға білім беруші құрал.
Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр. Заман талабына сай барлық мектептер компьютермен жабдықталып, ол оқушының іс-əрекетінің интеллектуалды құрылысымен сəйкес келеді.
Компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мəдениетінің деңгейі мен ықыласын көтереді.
Компьютерді психология сабағында қолданудың артықшылығы:
психологияның бірнеше тақырыптарының қамтылуы;
оқу материалының жеткізілу көрнектілігі, түсі, дауысы, қозғалысы;
оқу орны тəжірибесінде көрсетілмейтін тəжірибелерді көруге болады;
оқушылардың пəнге қызығушылығы артады.
Қоғам инновацияның арқасында білім беруде қандай жетістіктерге жететінін жəне оны студенттерді оқытуда шұғыл қолдануға мүмкіндік болатыны жайлы айтпай кетуге болмайды.
Жақында ғана пайда болып білім беруге белсенді, демек, оқыту процесіне енгізіліп отырған, бүгінде қазіргі кездегі телекоммуникацияның мүмкіндіктеріндегі жетістіктер жүйесінде онсыз уақытқа сай аяқ басу мүмкін емес жаңа ақпараттық технологияларды атау қажет. Олардың ішінде қашықтықтан оқыту (ҚО) — Интернет жүйесі арқылы білім негіздеріне ұлттық халықаралық білім беру мекемелердің мəліметтер негіздеріне қол жеткізу бірінші орында.
Қашықтықтан оқыту формасын тəжірибеге ендірудің бірнеше артықшылықтары бар, себебі қашықтықтан оқытудың негізгі сипаты мыналар болып табылады:
Икемділік. Оқушылар дəріс жəне семинар сабақтарына жүйелі қатыспайды, олар өздеріне ыңғайлы уақытта, орында жəне қарқында жұмыс істейді. Қашықтықтан оқыту қандайда бір себептермен дəстүрлі білім алу мүмкіндігінен айырылған адамдарға білім алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар даралап оқыту мүмкіндігін күшейтеді.
Модульдылық. Əрбір жеке курс белгілі бір сала жөнінде тұтас түсініктің қалыптастырады, ол бір-біріне тəуелді емес курстар жинағынан — модульдерден жеке жəне топтық қажеттілікке жауап беретін оқу бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
Экономикалық тиімділік. Əлемдік білім беру жүйесінің орташа бағасы қашықтықтан оқытудың дəстүрлі білім беру жүйесінен екі есе не одан да арзанға түсетінін көрсетіп отыр.
Оқытушының жаңа рөлі. Оған танымдық процестерді бағыттау, оқытылатын курсты түзету, кеңес беру, оқу бағдарламасын басшылыққа алу жəне т.б сол сияқты жаңа қызметтер жүктеледі.
Білім берудің арнайы бақылауы — қашықтықтан ұйымдастырылған емтихандар, əңгімелесу, практикалық, курстық жəне дипломдық жұмыстар жəне т.б.
Едəуір көп тараған электрондық басылымдардың бірі электрондық оқулық (ЭО) болып табылады, оған мəтіндерден басқа студенттерге оқу материалын қабылдаудың əр түрлі формаларымен меңгеруге мүмкіндік беретін құрылымдық-логикалық сызбалар жəне көрнекі материалдар кіреді. Оларға сонымен қатар негізгі құқықтық құжаттар, терминдердің сөздігі, ақпаратты іздеу модульдері, тест кіруі мүмкін .
Электронды оқулықтың артықшылығына мыналарды жатқызуға болады: тəжірибені шұғыл кері байланыспен қамтамасыз ету; ақпарат іздеуге көмек; гипермəтіндік түсіндірулерге бірнеше қайтара жүгінуде уақытты едəуір үнемдеу. Студенттің дара ерекшеліктерінің қарқынына орай белгілі бір тарау бойынша білімді тексеруге мүмкіндік береді.
Егер жоо-дағы психология оқытушысы студенттердің шығармашылық ойлауын дамытуға қам жесе жəне оған арнайы оқыту əдістері арқылы ықпал етіп отырса, онда ол тек теориялық психологияны оқытумен ғана емес, сондай-ақ практикалық психологиямен, психотехникамен де айналысады деген сөз, себебі ол теориялық психология материалдарына сүйене отырып, ойлау дағдысын шынайы қалыптастыруға, ақыл-ой міндеттерін шешуге қабілеттілікті шынайы дамытуға күш жұмсайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет