Мазмұны кіріспе 3 психология анықтамасы


Қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары және оқыту әдістері



бет5/7
Дата20.05.2022
өлшемі361.54 Kb.
#458046
1   2   3   4   5   6   7
Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы

2.2. Қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары және оқыту әдістері
Егер де балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады. 3. Балада әр түрлі көркем өнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарында бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді.
 Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Баланың таным қызығушылығын дамыту бір жағдайда, ол оқу процесінде жұмыс істесе, екінші жағдайда балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді. Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды. Соның ішінде псхологиялық үйірмелер мен тренингтерге қатысу сыныптан тыс оқытудың бір түрі болып табылады.Мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың әрқайсысының тұлғасын қалыптастыруда, ең алдымен психологиялық-педагогикалық, басшылықты дұрыс ұйымдастырған жағдайда және мұғалімдермен оқушылардың мызғымас ынтымақтастығына қол жеткізгенде мүмкін болмақ.Түсіндіру, меңгеру және бақылау міндеттерін шешуге оқу уақытын бөліп, реттеу. 
Диагностика (грек. «диа» - мөлдір, таза және «гносис» - ілім) – оқылатын нысан немесе үдеріс туралы алдын-ала ақпаратты алудың жалпы тәсілі.Соңғы жылдары жоғары мектеп тәжірибесінде диагностикаға педагогтардың оқыту, тәрбиелеу және білім беру нәтижелерін өлшейтін арнайы қызметінің жүйесі ретінде қарауға көп көңіл бөлуде.Оқыту нәтижелерінің диагностикасы – білім алушылардың жүйелі түрде меңгерген білім, іскерліктері мен дағдыларын анықтау, талдау және бағалау. Оқытудың нәтижелілік – бұл диагностикалау кезінде көздеген мақсаттың жүзеге асу деңгейін көрсету дегенді білдіреді.Бақылау – білім алушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижесін көрсететін білімін, іскерлігін бағалау, өлшеу, анықтау.Білім алушылардың білім, іскерліктерін бақылау, бағалау әрқашан оқыту үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Диагностика жеке бағытталған сипатқа ие болады, яғни, нақтылы білім алушының оқу жетістіктері басқа білім алушының емес, белгілі бір уақыт аралығындағы өзінің жетістіктерімен ғана салыстырылып, талдалуы болып отырады.
Әр адам өзіне тән тұлғалық-психологиялық ерекшеліктерімен, ойлаудың белгілі бір деңгейінде болатыны, өзіне тән ес, есте сақтау қабілеттерімен ерекшеленетіні аян. Диагностика мен бақылау оқытушылық, дамытушылық сипатта болу керектігін ұмытпау керек, сонымен қоса өзін-өзі бақылаумен қосылып, ең бірінші білім алушының өзіне қажетті, пайдалы болуы тиіс.Диагностика мен бақылау обьективтілік, жүйелілік, көрнекілік принциптеріне сүйенеді.Обьективтілік принципі оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерін қамтитын тапсырмалардың, сұрақтардың, тестердің ғылыми негізделген мазмұнына байланысты болады, білім алушылардың теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін тексеруді қамтамсыз етеді.Жүйелілік принципі оқыту үдерісінің барлық кезеңдеріне – білімді о баста қабылдаудан бастап оны практикада қолдана алуына дейін диагностикалық бақылауды жүргізу қажеттілігімен анықталады. Жүйелілік диагностикалауды жүргізуге кешенді түрде қарауды талап етеді, ондағы бақылау мен тексерудің, бағалаудың әдістері мен құралдары, формалары өзара тығыз байланыста, бірлікте болып, бір мақсатқа бағынады.Көрнекілік (жариялылық) принципі білім алушылардың білім, іскерлік пен дағдыларын бір талаптар аясында тексеруден тұрады.
Көрнекілік принципі тексерудің, оларды талдау мен талқылаудың нәтижелерін жариялап, талдауды қажет етеді.
Оқыту нәтижелерін диагностикалаудың негізгі қызметі:-талдамалық – оқушының оқу жағдайын және сипатын талдау;-бақылау-бағалаушылық – білім алушылардың білімділік жағдайын бағалау мен бақылауды жүзеге асыру;-түсіндірушілік – білім алушылардың білімділік деңгейіне түсініктеме беру, нормадан ауытқушылық болса оның себептерін түсіндіру;-дамытушылық – білім алушылардың оқыту нәтижелерін диагностикалау олардың өз бетімен білімдерін арттыруына, өз-өздерін жетілдіруге себеп болады;-ақпараттық –білім алушыларға олардың оқыту нәтижелерінің деңгейі туралы ақпарат беру;-прогностикалық – білім алушылардың білімділік деңгейін ары қарай арттырудың мүмкіндіктері мен болашағын болжау және шамалау;-ұйғарымшылдық – білім алушының білімділік деңгейін ары қарай арттырудың жолдарын анықтау;-кері байланысушылық – диагностика тиімділігін бағалау мен қателерді жоюдың білімділік диагностикасының нәтижелері туралы ақпаратты алу мен талдау.Осылайша, диагностика ұғымы бақылауға қарағанда неғұрлым кең. Диагностикалауға бақылау, тексеру, есепке алу, бағалау, мәліметтерді жинақтау, оларды талдау, рефлексия, оқыту барысын түзету, оқу үдерісін ары қарай жетілдіруді болжау жатады.Диагностиканың негізгі дидактикалық қызметі педагог пен білім алушылар арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу материалын меңгеруі жайлы ақпараттар алу, дер кезінде білім алушылар біліміндегі кемшіліктерді анықтап, күшті және әлсіз жақтарын тауып, түзету жұмыстарының жоспарын белгілеп беру болып табылады. Педагогиканы оқыту барысында маңызды және жауапты кезеңдердің бірі білім алушылардың оқыту нәтижелерін бақылау мен бағалау, оны түзету кезеңдері болып табылады. Оқытудың тиімділігі бақылаудың саны мен сапасына, толықтығына, дер кезінде ұйымдастырылуына, айқындылығы мен обьективтілігіне байланысты.Бақылауды жүзеге асыру үшін қолданылатын ұғымдар мәнін, тиімділігіне әсер етуші факторларды анықтау қажет. Қазіргі таңдағы педагогикалық теориядағы «бағалау», «бақылау», «тексеру», «белгілеу» ұғымдары қатаң түрде қалыптасқан жоқ. Олар өзара араласып, өзара алмасады, бір мағынасынан келесіде басқа мағынада қолданады. Осы түсініктердің әрқайсысына жеке тоқталайық.Олардың арасында ортақ қолданылатын «бақылау», ол білім алушылардың білім, іскерлік, дағдыларын өлшеуді, анықтауды білдіреді. Анықтау мен өлшеу «тексеру» деп аталады. Сондықтан тексеру бақылаудың құрамдас компоненті болып табылады. Тексерудің негізгі дидактикалық қызметі оқытушылар мен білім алушылар арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу материалын игеру жайлы объективті ақпарат алу, дер кезінде білім алушылар біліміндегі түзетуді қажет ететін кемшіліктерді анықтап отыру. Тексеруден басқа бақылаудың құрамына «бағалау» (үдеріс ретінде) мен «баға» (нәтиже ретінде) енеді. Бағалар белгілер түрінде (шартты белгілер, бағаның сандық түрлері) тіркеледі.Оқушылардың үлгерімін бағалау олардың білім, іскерлік, дағдыларын тиімді игерудің критерилеріне сай жүргізіледі. Ең маңызды критерилері деп көлем, жүйелілік, ұғу, беріктік пен пәрменділік (ұтымдылық) саналады. Бұлардың әрқайсысына жеке тоқталайық:-білім көлемі – оқушыныңжеке бөлім, модуль, тақырып немесе жеке сабағы бойынша меңгерілетін фактілер, түсініктер, ережелер, заңдар жиынтығы;-білімнің жүйелілігі – оқылатын пәннің қисынын, оның идеясы мен заңдылығын түсіну, оқылған материалды белгілі бір тәртіппен орналастыра білу іскерлігі, бір фактіні, ұғымды, ережені екінші бір фактімен, ұғыммен, ережемен дұрыс байланыстыра білу;-білімнің ұғынықтылығы – пікірдің айқындылығы мен дұрыстығы, әр қырлы сұрақтарға жауап бере білу іскерлігі, түсіндіру және практикалық міндеттерді шешу үшін теориялық білімді қолдану;-білімнің беріктігі – оқылған материалды есте мықтап ұстау және игерген білімін түрлі жағдайларда дұрыс қолдана алу;-білімнің пәрменділігі – алған білімді әр түрлі танымдық және практикалық іс-әрекетте қолдана алу, теория мен практиканы өзара байланастыра білу.Білім алушылардың үлгерімін бағалаудың негізі болып бақылау нәтижелері болып табылады. Бұл жағдайда олардың жұмыстарының сандық та, сапалық та көрсеткіштері есепке алынады. Сандық көрсеткіштер балл мен пайыздық мөлшерлеме түрінде, ал сапалық «жақсы», «қанағаттанарлық» т.б. бағалау пікірімен тіркеледі. Әрбір бағалау пікіріне алдын ала келісілген, тағайындалған балл, көрсеткіш сәйкес келеді (мысалы, «үздік» немесе «өте жақсы» деген бағалық пікірге 5 баллы сәйкес келеді).Факторлардың көптүрлілігі субьективтілікке әкеліп соғады, сонымен қатар оқытушыға білім алушының іс-әрекетіне сәйкес бағаны қою кезінде ерекше жауапкершілік жүктейді. Ортақ талаптар мен обьективті амалды қамтамасыз ету мақсатында педагогика ерекшелігін есепке ала отырып студенттердің жауабын бағалау критерийлері белгіленді. Осыған дейін қолданылып келген амалдарды жинақтай отырып, жауаптарға қойылатын бағалардың критерийлерін құрастыруға болады. «Өте жақсы» (балдар – 3,67-4,0; % тік мазмұны – 90-100%; әріптік жүйе бойынша – A-, A) деген баға үшін пәннің оқу бағдарламасына сай меңгерген білім көлемінің тереңдігі; негізгі әдебиеттерді білуі; берік білім мен дағдыларды айқын байқататын дұрыс әрі нық әрекеттер; оқу материалын толық, анық, сауатты әрі қисындық бірізділікпен құра білу; тәжірибелік сұрақтарды талдау барысында теориялық білімді еркін қолдана алу жатады. «Жақсы» (балдар – 2,67-3,33; % тік мазмұны – 75-89%; әріптік жүйе бойынша – B-, B, B+) – деген баға үшін осы талаптар, бірақ оқушының жауабында мұғалімгеескерту, түзету жасатуға негіз болатындай көрсетілген кейбір талаптар бойынша біраз қателіктер кездеседі.«Қанағаттанарлық» (балдар – 1,0-2,33; % тік мазмұны – 50-74%; әріптік жүйе бойынша – D, D+, C-, C, C+) деген бағада осы талаптар, бірақ оқушы жауабында мұғалімкөмек ретінде түзетіп, ары қарай жауабын айтуға жетекшілік жасау үшін ескертпелер, түзетулер қолданатын қателіктер кетеді. «Қанағаттанарлықсыз» (балдар – 0; % тік мазмұны – 0-49%; әріптік жүйе бойынша – F) деген бағада – бағдарламаның негізгі сұрақтарын баяндауда пәнді дұрыс түсінбегенін білдіретін қателердің кездесуі; практикалық міндеттерді шешу барысында оларды шешудің жолдарын білмеуі; материал жүйесіз әрі сенімсіз баяндалады.Бақылау психологиялық қызметтің қажетті компоненті болып табылады. Біріншіден, ол сыртқы кері байланысты қамтамасыз етеді (педагог бақылауы) және, екіншіден, ішкі байланыс (білім алушының өзін-өзі бақылауы). Бақылау ақпаратты алуға бағытталған, педагог оны талдай келе психологияны оқыту үдерісіне қажетті түзетулерін енгізеді. Өзгертулер мазмұнға, оқыту әдістері мен формаларына, білім алушылардың оқу іс-әрекетіне және т.б. енгізіледі. Өзін-өзі бақылау білім алушыға өзінің «артық», «кем» жақтарын көруге, білімінде кездескен әлсіз тұстарды байқауға көмектеседі және де олардың орнын толтыру жұмыстарын арттыра түседі.Сабақты ұйымдастырудың және оқытудың белсенді әдістерінің топтық формаларының ерекшеліктері.Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты-сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді.Сабақ сапасын арттыру барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақты өткізудің стандарты, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі сабақтарды айтуға болады. Күн сайын өтетін, тіпті тамаша көрнекіліктер арқылы болса да, жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын классикалық немесе дәстүрлі сабақ оқушылардыжалықтырады, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан, әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс – тәсілдерін іздестіруді, бұғаноқушыларды тарта білуді, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі міндет. Бірақ, бұдан жаңа әдіс – тәсілдер дәстүрлі сабақтарды толық алмастыруы керек деген ой тумауы керек. Олар дәстүрлі сабақтарды толықтырып, жандандыра түсуі, студенттің білімге қызығуын арттыруы тиіс, сонда ғана оқу үрдісі жетілдіріле түседі. Тәжірибелі, іскер мұғалімдердің авторлық сабақтарының дәстүрлі сабақтар сияқты қандай да бір шаблон, стереотиптік жүру жолы жоқ десек артық емес. Оның түпкі мақсаты – білім сапасын көтеру, оқыту үрдісін жандандыру, оны бірізділік пен формализмнен аулақтау. Әрбір педагогтің тілегі осыған саятын болғандықтан, әрқайсысының оқытудың белсенді әдістерін қолдануда өз деңгейін, оқушылардың деңгейін,материалдық базасын және өтілетін сабақ материалының тарау ішіндегі алатын орны мен маңызын ескере отырып, сәтті пайдалануға толық мүмкіндігі бар.Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы мен дамуы оқытудың алдына жаңа міндеттер қоюға ықпал етеді. Оқушыларға білім берумен ғана шектелмейді. Бірге олардың бойында танымдық қызығушылық пен қабілеттің шығармашылық ойлаудың дербес ақыл – ой еңбегімен айналысу шеберлігі мен дағдыларының қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Қазақстан Республикасының „Білім туралы“ заңында білім беру жүйесінің міндеттері баяндалған. Солардың бірі ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктер және де тұлғаның қалыптасуына дербес дамуына және кәсіпкерлікті меңгеруіне бағытталған. Шығармашылықты рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, білім алуға қажетті жағдайлар туғызу болып табылды. Бұл тапсырмаларды жүзеге асырудың қаншалықты тиімді болуы оқытудың сапасынаоқушылардың жоғары дайындығын қажет ететін түрлер мен әдістердің таңдалуына байланысты болады.Оқытудың белсенді әдістерін топтастыру. Оқытудың белсенді әдістері оқу процесінің әр түрлі кезеңдерінде пайдалануы мүмкін. Білімді тұңғыш игеру кезінде, білімді бекіту және жетілдіру кезінде, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде. Оқытудың меңгерілген әдістерін белсенді және белсенді емес деп бөлуге болмайды. Танымдық іс-әрекет белсенділігінің алуан түрлі тәсілдерін пайдалана отырып, мұғалім оқушылардың танымдық белсенділігін көтеруге қол жеткізеді.Оқытудың белсенді әдісі мен түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: іскерлік ойындар, проблемалық, оқушылардың баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, кері байланысты дәрістер, дәріс – диалог, тренинг, дөңгелек столдар, пікірталас, ұжымдық - танымдық, оқу және т.б. 3. Мектептегі оқытудың ерекшеліктері 1.Оқыту және білім беру ұғымы.2.Оқу іс-әрекетінің мақсаты.3.Оқу үрдісінің құрылымы.4.Оқытудың дәстүрлі формалары.5.Оқытудың инновациялық үлгілері.Тұтас педагогикалық үдеріс екі өзара байланысты оқыту және тәрбие үдерістерінен тұратыны бәрімізге белгілі. Оқыту – алдын ала жоспарланған мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет, оны орындау барысында білім алушылардың білім алуы, тәрбиеленуі және дамуы жүзеге асады, сонымен қатар адамзаттың, іс-әрекеттің және қарым-қатынастың жекелеген қырларының тәжірибесі меңгеріледі.Оқытудың негізгі сипаттары:-екіжақтылық, ол субъектілердің өзара байланысына негізделеді;-қызметтің мазмұндық және іс-әрекеттік жақтарының бірлігі;-танымның ерекше үдерісі;-тұлғаның жан-жақты дамуына бағыттылығы;-басқарушылық.Бұл сипаттамалар жалпылама қасиетке ие.Оқыту үдерісінің құрылымы екі басты субъектілердің, яғни мұғалім мен оқушылардыңөзара бірлескен іс-әрекетімен танылған. Біріншісінің іс-әрекеті – білім беру, оқыту, ал екіншісінің іс-әрекеті – оқу.Оқыту – білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаратын, ұйымдастыратын мұғалімнің мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған ісі. Оқытудың мақсаты – әрбір оқушының білім алуын тиімді етіп ұйымдастыру.Оқу – бұл мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған студенттердің танымдық іс-әрекеті, оның орындалу барысында білім, іскерлік, дағды жүйесі меңгеріледі және жеке тұлғалық қасиеттері дамиды. Оқудың мақсаты болып таным, қоршаған орта жайлы ақпараттарды жинақтап өңдеу табылады. Оқудың қорытындылары жалпы оқушының дамуынан, қарым-қатынас жүйесінен, білімінен, іскерлік, дағдысынан көрініс табады[8,10б ].
Оқыту үдерісі өзара байланысты мынандай компоненттермен танылады: мақсат, міндеттер, мазмұн, субъектілердің қызметі, әдістер, тәсілдер, құралдар және оқытудың нәтижесі. Жүйені қалыптастырушы компонент болып табылатын мақсат оқыту үдерісінің қалған барлық компоненттерін өз қарамағына жинастырады. Олардың барлығы біркелкілік пен бүтіндікті қалыптастырып, алдыға қойылған мақсатқа жетуге септігін тигізеді.Оқыту үдерісінің әдіснамалық негізі болып гносеология саналады. Гносеологияның негізгі қағидаларына сәйкес, таным үдерісі нақтылы пайымдау, абстрактілік ойлау мен практика бірлігінен тұрады.Оқыту үдерісінің қозғалтқыш күші қарама-қайшылық болып табылады. Ол қорытылып талданған түрінде былайша түсіндіріледі: оқытудың арнайы мақсатына жету қажеттілігі мен мақсатқа жетуге деген тәсілдері мен құралдардың жетіспеушілігі арасындағы келіспеушілік; нормативтік талаптар, педагогтың педагогикалық әсер етуі мен білім алушылардың оқу мазмұнын нақты белгіленген уақытта, белгілі деңгейде меңгеру мүмкіндіктері арасындағы келіспеушілік және т.б.Оқыту үдерісінің субъектілері (педагог пен білім алушы) мынаны түсінгені маңызды: олар оқу барысында жалғаса беретін қарама-қайшылықтарды бірігіп шешіп, келесі пайда болатын жаңа қарама-қайшылықтарды шешуге дайын болуы керек.Оқыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында оқушыларға білім беру міндеттерін шешу.
Практикалық бөлім
Психологиялық ойын жаттығулар жинағы
 «Дос достыққа» сергіту ойыны (5 минут)Нұсқау: Қазір сіздер өте бір қызық ойынды ойнайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»:Оң қол оң қолмен!Мұрын мұрынмен!«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін білеміз.
 «Біз, біздің және оқушылардың құқықтары» коллективтік ойыны (10 минут)Ең маңызды деген құқықтарыңды және өзіңді бейнелей отырып, бірлесіп сурет салу.Талдау:
 Бірлесіп жұмыс жасау жеңіл болды ма?
 Өзіңді қандай күйде бейнеледің?
 Қандай құқықтарыңды сен ең маңызды деп есептейсің?
Құқықтары қаралады: Өмір сүруге құқығы.Зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғануға құқығы.Оқуға құқығы.Баланың өзі сенім артатын ересек адамнан, дәрігерден, милиционерден, ұстаздан көмек сұрауына құқығы бар.Төңірегіндердің сый-құрметіне бөленуге құқықты.«Жоқ» деген сөзді айтуға құқықты.Басқа да балалардың және басқа адамдардың да дәл осындай құқықтары бар. 
 «Ақсақ маймыл» жаттығуы (5 минут)Қатысушылар өздерін емін-еркін сезініп, жайғасып отырады. Жүргізуші (психолог): «Қазір мен сіздерге тапсырма берем, бұл тапсырманы менің «бастаймыз» деген сөзімнен кейін орындаймыз, «тоқтаймыз» деген кезде тоқтаймыз. Егер берілген ережені белгілі себептермен бұзып алсаңыз, бір рет қолды шапалақтап белгі беріңіз.Басқа нәрсеге алаңдасаңызда осылай жасаймыз» Енді бәріміз көзімізді жұмамыз да «Ақсақ маймыл» туралы ойламаймыз. «Бастаймыз». Талқылау:
 Тапсырма орындау барысында қандай жағдайлар кедергі болды?
 Қандай әсер алдыңыз?
 Ойды игеру мүмкін ба екен?
 «Мен – үйде» және «Мен - жұмыста» жаттығуы (10 минут)Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс –тұрыстарыңызды жазыңыздар. Талқылау:
 Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
 Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?
 Не себепті айырмашылықтар болады?
 Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?
 «Үш жыл» жаттығуы (15 минут)
 Бәріміз емін - еркін отырып, терең дем аламыз. Ешқандай нәрсе ойламауға тырысайық.
 Елестетіп көріңіз, сіз өзіңіздің үш жыл өміріңіздің қалғанын білдіңіз. Бірақ осы үш жыл ішінде сіз ешқандай да ауырмай, деніңіз сау болып өмір сүресіз. Сіз бұл хабарды естігенде қандай күйде боласыз? Бірден болашағыңызға жоспар құрасыз ба әлде аз уақыт қалғанына өкінесіз бе? Қағаз бетіне түсіріңіз.
 Осы қалған өміріңізді кімдермен бірге сүрер едіңіз? Қай жерде сүрер едіңіз? Жұмысыңызды жалғастырасыз ба? Осы уақыт аралығында не істеп үлгеру керек? Осылардың барлығын қысқаша қағаз бетіне түсіріңіз.
 Осы осы үш жылдағы өміріңіз бен қазіргі өміріңізді салыстырыңыз.
 Қандай ұқсастықтар бар және қандай айырмашылықтар бар? Сол өмірден бүгінгі өміріңізге не қосар едіңіз?Қорытынды: Енді бұл «үш жыл өмір» - тек ойын үшін жасалған жаттығу деп қабылдап, ол ойдан арылыңыздар. Бұл ойыннан өздеріңізге не алар едіңіздер? Бұл жаттығуды жасай отырып сіз қандай тәжірибе жинақтадыңыз? Қағаз бетіне түсіріңіз. 
 «Рахмет» жаттығуыҚатысушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші (психолог) ойша осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл-күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп айқайлайды. Талқылау: Қандай сезімде болдыңыздар?
Сабақтың рефлексиясы:Мен бұл сабақтан алған тәлімім ... Маған ұнағаны...Маған ұнамағаны ...Менің естігім, білгім, жасағым келгені ...
«Менің есімімді ата» жаттығуыМақсаты: топқа деген жағымды сезімді дамыту.Нұсқау: қазір мына кішкентай доп сіздердің қолдарыңызға тиеді. Бұд допты ұстаған адам өз есімін айтуы тиіс. Доп барлығына тигеннен кейін, доп қайта бір айналады. Сол кезде әрбір қатысушы тренингте қолданатын есімін айтуы тиіс, қолдарына берілген парақшаға есімдерін жазады. ІІ. «Мен-күнмін» тренингіМақсаты: оқушының өзіне сенімділігін арттыру. Сыныптың ынтымағын, ұлдар мен қыздар арасындағы достық, ұлдардың қыздарды қорғауы, сыйлауын байқау.Нұсқау: күннің суретін салып, ортасына оқушы өз есімін жазады. Шашырап тұрған әр сәулеге бала өзінің жақсы деген қасиеттерін жазады. ІІІ. «Шатасқан жылан» жаттығуыМақсаты: топтың бірлесуіне ықпал етеді.Нұсқау: қатысушылар тұрады. Олардың біреуі біршама уақыт дәлізде тұруын ұсынады. барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, қатар тұрайық. бұл қатарды жылан дейік, ал шеткі екі адам –оның басы мен құйрығы. Көп жағдайда, жылан «шатасқан» әртүрлі шығыршық құрып, оралып жатады. Шатасудың барысында біріккен қолдарды аттап өтуге, астынан өтуге болады. Шатасудың соңында жылан жыланның басы мен құйрығы бос қолдарын жасыруы тиіс, бірақ екеуі қол ұстаспауы қажет.Жылан шатасқан кезде, сыртта тұрған оқушы келіп тарқатуы тиіс. 
 IV. «Жүретін орындықтар» жаттығуыМақсаты: кеңістікте бағдарлау икемділіктері мен дағдыларын дамыту.Нұсқау: ойынға3-4 оқушы қатысады. Балалар үлкен бөлмеде қатар қойылған орындықтардың екі жағынан ұстап музыка басталысымен алға қарай жылжиды, ойында бір-біріне бөгет жасамай, итермей, музыканың қарқынына қарай бірді баяу, бірді жылдам қозғала отырып белгіленген межеге жетуі тиіс.
 «Төрт өлең» сергіту сәті.Мақсаты: есту талдағыштарымен байланысты қозғалу талдағыштары дамиды.Барысы: оқушылар шеңбер бойымен отырады. «Жер» сөзі айтылса, барлығы қолдарын төмен түсіреді, «су» сөзін айтса, қолдарын алға көтереді, «ауа»сөзі айтылғанда қолдарын жоғары, «от» сөзін айтса, қолдарының саусақ буындарын айналдырады.VІ. Коллаж «Менің бойтұмарым»Барысы: берілген түрлі-түсті макарондарды жіпке тізбектей отырып, ішімізден жақсы тілек тілеп, өз бойтұмарымызды жасаймыз. VІІ. «Айна» жаттығуы.Мақсаты: өзара жақындасуына ықпал ету, сыныптастарының бағалауына әсер ету.Нұсқау: ортаға екі оқушы шығып, біреуі айнаның рөлін, келесі оқушыға сол айнаға қараған оқушы табушы болады.
«Суреттерді аяқтайық » жаттығуы Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту . Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді . «Түрлі –түсті доптар» жаттығуы Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал . «Менің көңіл-күйім » жаттығуы Мақсаты : көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар . «Мен басқаның көзімен» Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады . Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды . «Атомдар мен молекулалар» Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады . Афирмациялар « Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді » ,« Мен жетістіктің адамымын » ,« Менің жағдайым күннен –күнге жақсаруда » «Таңғажайып дорба » ойыны Дорбада бірнеше жеміс , көкөніс бөліктері бар .Бала көзі жабылып , дорбадағы заттың дәмін татып , оның қай жеміс екенін ,дәмі , исі , формасы , түсі жайында ажырата баяндайды . Мен қандай адаммын ? Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі . Менің қиыншылықтарым Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп , ортаға салады , өзгелермен ой бөліседі . Есте қалған қызықты оқиға Топ дөңгеленіп отырып , қатысушыларға доп беріледі Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есте қалған қызықты оқиғаларды айтады . Ұқсастық шегі Қатысушылар жұптасып отырады . Жұбына қарап , ұқсастықты тауып жазады .Ұқсастығын оқып , ой бөліседі Мен саған сенемін Әуен ойнап тұрады .Жұп құрып , бір- бірінің көздеріне қарап отырады . «Мен саған сенемін ...» өйткені сен жақсы адамсың . « Сиқырлы сөздер » ойыны Мұғалім кез-келген өтінішті айтады , ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы : Айнаш , дәптерді бер . «Айнаш , өтінемін дәптерді берші » Ізеттілік туралы ертегі тыңдау «Ең жақсы » ойыныҚатысушылар екі топқа бөлінеді . Әр топқа мынадай нұсқау беріледі .Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет . Ең ақшалы , ең жасыл , ең тәтті , ең күлкілі , ең ұсқынсыз, ең қарым-қатынасы күшті , ең жауапты , ең салмақты «Жағдайлы волейбол» ойыны Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады , сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады , бұрыс жауапқа қағып алмайды «Кездесу » ойыны Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады , әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап , баланың қасиетін айтады . Ассосация « Жанұя » Психолог допты лақтыру арқылы ата-анаға сұрақ қояды , олар жауап береді . « Сиқырлы жұмыртқа» ойыныӘр оқушы жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады . « Әрқашан күн сөнбесін ! » жаттығуыТақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . әр бұлтта тапсырмалар берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады . « Өкпені еріту » жаттығуыТып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін , көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын ренжітсін ,қазір өмірде бар болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме , оған мән бермеңіз .Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы , жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп біліңіз . Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз . Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз . Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз .Бақытты , күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз . Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз . «Тазару» жаттығуыТерең дем алып , демді барынша қайта шығарыңыз . Денеңізді босатыңыз . Өзіңізге былай деңіз : Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе , реніштен тазарғым келеді . Мен барлық қысымнан осылайша босаймын . Барлық ескі реніш , өкпелерден құтылғым келеді . Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін . Мен өз қалпымдамын . Өз өмірімнің ағынымен барамын Бірақ өкпені ұмыттым , кештім [9,99б ].
Кесте-2



«Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін және есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық жаттығулар1.«Жунглидағы жаңбыр»Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).Тағы да нөсер жауын жауды.Ұсақ жаңбыр сіркіреді.Дауыл соқты.Жел соқты.Жел басылып келеді.2. Жағымды сөздер.Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.3. «Сәлемдесу» ойыны:Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.4. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.5. «Сөзден сөзді ізде» ойыны.Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:«Трансформатор» «Талдықорған»форма қорғанматор тал т.б.6. «Сантики, Фантики, Лимпопо».Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады. 7. «Қолдағы хат».Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.8. «Көңіл-күй неге ұқсас».Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.9. «Тасбақалардың жүгірісі».Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды.
Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.10. «Көкөністер арқылы ұрысамыз»Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.11. «Тыныштықты жақсы көретін патша» Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады. ық сурет» атты суретті жаттығу өткізіліп, оң және сол жарты шарлар басымдылығын анықтауға арналған қысқаша тест, сонымен қатар оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды.Жаттығудан кейін қатысушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, дем алып, рухани толысты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет