alіnk=fuschіa background="kbtu.jpg">
2.3.4 Құжаттардағы түстерді анықтау
HTML тілінде түрлі түстер он алтылық сандар түріндегі RGB тәсілімен берілуі де (COLOR="#C0FFC0") мүмкін, оның мүмкіндігі өте мол. Мұндағы алғашқы екі он алтылық цифр (С0) қызыл түс бөлігін, келесі екі цифр (FF) – жасыл түс бөлігін, соңғы екі цифр көк түс (C0) бөлігін анықтайды. Бұл жүйенің негізгі үш компоненті – қызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue) түстер болғандықтан, оның жалпы аты RGB – осы түстердің бірінші әріптерінен құралған. Әр компонентке он алтылық санау жүйесінің 00-ден ҒҒ-ке (ондық санау жүйесінің 0-ден 255-ке дейінгі сандар) дейінгі саны сәйкес келеді. Содан кейін, бұл үш мән алдында # белгісі бар бір мәнге біріктіріледі, мысалы #800080 мәні күлгін түсті береді. Барлық түстерді он алтылық санау жүйесі бойынша бір-бірінен ажырату қиын болғандықтан, HTML тіліндегі түстердің ағылшын тіліндегі атаулары жиі қолданылады. Төмендегі кестеде негізгі түстердің ағылшын тіліндегі аттары және он алтылық санау жүйесіндегі мәндері келтірілген.
3 - кесте Негізгі түстердің RGB форматында жазылу кодтары
Түс атауы |
RGB коды
|
Түс атауы
|
RGB коды
|
Black (қара)
|
"#000000"
|
Green (жасыл)
|
"#008000"
|
Sіlver (күміс түсті)
|
"#C0C0C0"
|
Lіme (лимон түсті)
|
"#00FF00"
|
Gray (сұр)
|
"#808080"
|
Olіve (олиф түсті)
|
"#808000"
|
Whіte (ақ)
|
"#FFFFFF"
|
Yellow (сары)
|
"#FFFF00"
|
Maroon (қызыл күрең)
|
"#800000"
|
Navy (қара көк)
|
"#000080"
|
Red (қызыл)
|
"#FF0000"
|
Blue (көк)
|
"#0000FF"
|
Purple (күлгін)
|
"#800080"
|
Teal (жасыл көк)
|
"#008080"
|
Fuchsіa (қызғыш, фуксия)
|
"#FF00FF"
|
Aqua (ақшыл көк)
|
"#00FFFF"
|
Мысалы:
alіnk = fuschіa background = "face.jpg">.
HTML-құжат үшін түстерді анықтаған кезде сіз оның атын немесе он алтылық жүйедегі кодын пайдалансаңыз болады. Мысалы, төмендегі жолдардың қызметі бірдей:
Достарыңызбен бөлісу: |