2.3.5 Мәтіндерді түрлендіру тәгі
FONT тәгі HTML-дағы мәтіннің сыртқа бейнесін түрлендіреді. Ол мәтін қаріптерінің стиліне әсер етіп, оның мөлшерін, түсін және типін таңдап алу үшін пайдаланылады. Бұл қосарланған тәг, оның ашылған және жабылған тәгтері арасында орналасқан барлық мәтіндерді түрлендіруге болады. Егер ашылатын тәгте ешқандай атрибуттар көрсетілмесе онда FONT элементі ешқандай әсер етпейді.
FONT элементінің кез келген мәтін үшін қолдануға болатын FACE (гарнитура, тип), SІZE (мәтін көлемі) және COLOR (қаріп түсі) атрибуттары арқылы құжаттағы мәтіннің сыртқы түрін өзгертуге болады.
FACE құжатта қолданылатын қаріп түрін таңдауға мүмкіндік береді, оның мәні – қаріп аты. Атрибутта көрсетілген қаріп аты қолданушы компьютеріндегі қаріп атымен сәйкес келуі керек. Бірақ Интернетте орнатылған құжатты қабылдайтын тұтынушының компьютерінде қандай қаріптердің орнатылғандығын алдын ала білу қиын, сол себепті ол көбінесе көрсетілмейді. Керекті қаріп болмаған жағдайда броузер бұл атрибутты қабылдамайды да, басқа өзінде бар негізгі қаріпті қолданады. Қаріп атындағы бас және кіші әріптер арасында еш айырмашылық жоқ, ал атрибут алдына бос орын міндетті түрде қойылуы керек. Төменде қаріпті таңдаудан 2-3 мысалы келтірілген.
2-3 мысал. Қаріп түрін таңдау
Бұл жерде басқа қаріп пайдаланылған
Бұл қаріп түрін таңдау.
COLOR=”#FF0000”> Бұл мәтіннің түсі қызыл
Бұл мәтіннің түсі жасыл FONT>
Алдарыңызда COLOR="red" FACE="ARІAL" SІZE="3">
үшінші мөлшермен arіal типімен жазылған қызыл түсті әріптер
Бұл мәтін стандарттан тыс әріп түрін пайдаланады.
SІZE=2 FACE=”KZ Tіmes New Roman” COLOR=”GREEN”>
Бұл мәтін әріптері ұсақтау және ол басқа қаріп түрі мен басқа
түсті қолданады.
Негізгі қаріп Kz Arіal типінде төртінші өлшеммен жазылған
SІZE=-2 FACE= ”KZ Tіmes New Roman” COLOR=”GREEN”>
Бұл мәтін алдыңғыдан екі өлшемге ұсақтау және ол басқа қаріп типі мен жасыл түсті қолданады.
тәгінің атрибуттарын және олардың мүмкін мәндерін айтып беріңіздер.
Мәтін түсін, фон түсін қалай беруге болады?
тәгінің SIZE атрибутының мәндері қалай жазылады?
Егер сіз көрсеткен қаріп типі тұтынушы компьютерінде болмаған жағдайда не істеуге болады?
Достарыңызбен бөлісу: |