HTML-құжаттың үзінділерін экранда бейнелеу тәсілдерін өзгертіп, гиперсілтемелер мен суреттерді пайдалануды меңгеру және оның қаріптерін безендіру істері оларды форматтау деп аталады.
HTML-да қаріптерді форматтаудың екі жолы бар. Мәтіннің физикалық стилі – мәтіннің кейбір бөлігінде қаріптердің қарайтылып, курсив немесе асты сызылып жазылатындығын нақты көрсетуге болады. Логикалық стиль – мәтіннің экранда ерекше болып көрінетін кез келген бөлігін белгілеу керек, ал оны ерекшелеу түрін броузер өзі анықтайды.
2.4.1.1 Физикалық стиль
Физикалық стиль деп қаріптің түрленуі жайлы броузерге берілетін нақты нұсқауларды айтады. Тәгтердің бұл тобы қаріптердің сызылымын (начертание) өзгерту мүмкіндігін береді.
және белгілерінің арасындағы мәтін қарайтылған қаріппен жазылады. <І> және І> белгілерінің арасындағы мәтін курсив қаріппен, ал және белгілерінің арасындағы мәтін асты сызылған қаріппен жазылады. және белгілерінің қызметі ерекше. Бұл белгілердің арасындағы мәтін жазба машинкасымен жазылған тәрізді болып көрінеді де, оның символдарының ені тұрақты болады. Мысалы:
Қаріп типін,түрін, мөлшерін басқару
қарайтылған қаріп түрі
<І> қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі І>
асты сызылған қаріп түрі
белінен сызылған қаріп түрі
жазба машинкасындағы сияқты
Мәтін фрагменттерін қаріптермен белгілеу
Енді біз мәтін бөліктерін әр түрлі етіп белгілеуге болатындығын білеміз.
Сонымен қатар, бірнеше логикалық стильдер бар:
EM – ағылшынның emphasіs – акцент деген сөзінен, курсив тәрізді,
STRONG – ағылшынның strong emphasіs – ерекше акцент деген сөзінен,
CODE – бастапқы мәтін бөліктерін көрсету үшін
SAMP – ағылшынның sample – үлгі деген сөзінен,
KBD – ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура) деген сөзінен,
VAR – ағылшынның varіable – айнымалы деген сөзінен
|