Мазмұны Кіріспе I. Ақшаның теориялық негіздері



бет9/9
Дата16.06.2016
өлшемі188 Kb.
#138671
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мемлекеттің қолма – қол ақша айналысы – бұл белгілі бір уақыт мерзімінде қолма – қол формада жүргізілген барлық төлемдердің сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Бұл айналым көбіне халық табыстарының түсуімен және олардың шығындалуымен байланысты болады.

Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент- қолма- қол ақшаны пайдалану. Қазіргі кезде біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма- қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептеуге чектерін енгізумен шектелуде.


Қазіргі жылғы Ұлттық банктағы айналыстағы қола-қол ақша






12.09

01.10

02.10

03.10

04.10

05.10

06.10

07.10

08.10

09.10

(Айналыстағы қолма-қол ақша)

913443

874577

882451

898241

957620

990568

1033962

1 072300


1 069 834

1 086 459

Айдағы өзгеріс, %

9,2

- 4,3

0,9

1,8

6,6

3,4

4,4

3,7

- 0,2

1,6

Жылдың басынан бергі кезеңдегі өзгеріс, %

6,5

- 4,3

- 3,4

- 1,7

4,8

8,4

13,2

17,4

17,1

18,9


Ақша-кредит саясатының 2006 - 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы
(мұнайға қалыпты бағалар сценарийі

2005

2006

2007

2008

Инфляция (орташа алғанда кезең ішінде), %

7,6

5,7-7,3

5,0-7,0

5,0-7,0

Қайта қаржыландыру ставкасы, %

8,0

8,0

7,5

7,5

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы алтынвалюта резервтері, млрд. АҚШ долл.

7,1

9,7

11,2

12,5

өзгеруі %-бен

-23,8

37,7

15,4

11,7

Ақша базасы, млрд. теңге

663

939

1184

1416

өзгеруі %-бен

14,7

41,7

26,1

19,6

Ақша массасы, млрд. теңге

2065

2789

3561

4413

өзгеруі %-бен

25,2

35,0

27,7

23,9

Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге

1654

2228

2830

3525

өзгеруі %-бен

30,1

34,7

27,0

24,6

Банктердің экономикаға кредиттері, млрд. теңге

2592

3676

4782

6028

өзгеруі %-бен

74,7

41,8

30,1

26,1


2.3. Қолма-қолсыз ақша айналысы және жүргізу тәсілдер

Қолма – қол емес ақша айналымы ( төлем айналымы ) – ол банктегі шот иесінің

жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретінде қызметтің атқарылуы. Ол бүкіл ақша айналымының басымбөлігін құрайды. Төлем айналымы төлеушілері мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазбаша түрде, сол сияқты олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.Қолма – қол емес ақша айналымы қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде басым қолданылады. Ол көбінесе чектер арқылы, несие карточкалары төлем тапсырыстары арқылы, төлемнің электронды құралдары арқылы және тағы басқа есеп айырысу құжаттары арқылы ( қазыналық вексельдер, сертификаттар) қызмет етеді.Қолма – қол емес ақшаның төлем айналымын екі тобқа бөлуге болады: тауарлы операциялар бойынша және

қаржылық міндеттемелері бойынша төлем айналымы. Бірінші топқа тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша есеп айырысулар жатады, ал екіншісіне бютжет төлемдері ( табысқа салық, қосымша құн салығы, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы және тағы осы сияқты төлемдер ) және бюджеттен тыс төлемдер, банк ссудаларын өтеу, несиенің пайызын төлеу, сақтандыру компанияларымен есеп айырысулар кіргізіледі.

Қазіргі кезде пластикалық картачкаларды қолдану қолма- қол ақшасыз есеп айырусуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивтік құрал екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Олардың көптеген түрлерінің ішінде, негізінен, магнитті жолағы бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесі бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.

Қолма – қол емес ақша айналысы – бұл белгілі бір уақыт аралығындағы клиенттердің шоттары бойынша несиелік ұйымдарға немесе келісімді есеп айырысуға, қолма – қол ақшаларды қолданбай, ақшалай қаражаттарды аудару. Бұл айналыс мемлекеттің ақша айналысының үлкен бөлігін құрайды.

Қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір – біріне тәуелді. Өйткені ақша үнемі бір айналыс аясынан кетпей, оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотқа қаржының айдарылуы қолма – қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан қолма – қол емес ақша төлем айналымы қолма – қол ақша айналымының ажырамас бөлігі болып табылыды және екуі бірге қосылып мемлекеттің ақша айналымын қалыптастырады..

Есеп айырысу операциялары банк операцияларының негізгілерінің біріне жатады. Есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін әр түрлі шоттар қолданылады. Олардың арасында кең тарағандары: ағымдағы, есеп айырысу және тағы басқа шоттары.

Банктердің есептесу операциялары: инкассо, аудару және аккредитив болып бөлінеді.

Инкассо- әр турлі құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсыры бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға чектер, векселдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.

Инкассолық операцияның екі түрі бар:

жай инкассо – клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған төлем талабы негізінде банктің үшінші жақтың ақша алуға міндеттенген операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуда қолданылыды;

құжатты инкассо – үшінші жаққа клиенттен алған құжатты көрсету және оны тек төлемді қолма – қол алғанда немесе акцептелгенде ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы.

Аудару операцияларында клиент банкідегі өз шотынан белгілі бір соманы көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Мұндай операцияны жүргізгені үшін банк коммерциялық ақы алады.

Аккредитив ( латын сөзі – « сенемін » ) – бір банктің екінші банкке аккретивте көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі бір соманы жеке немесе заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.

Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты.

Ақшалы аккредитив – атаулы ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім ішінде аккредитивте көрсетілген соманы түгел немесе бөліп – бөліп, оны иемденушіге төлеу жөнінде корреспондент - банкке берген тапсырма жазылған.

Құжатты аккредитив – келісім, ол бойнша эмитент - банк клиентінің нұсқауымен және оның өтініші бойынша үшінші жаққа төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша төлеуі, сондай – ақ ол берген аударым вексельді акцептеуі, құжаттарды есептеуі немесе сатып алуы керек. Эмитент - банк көрсетілген операциялардың кез келгенін жүргізу өкілдігін басқа банкке беруіне болады.

Электронды төлем жүйесі – ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал жіберу арқылы ақша сомасын аудару. Ол банктік шоттардың жағдайын бақылау, сондай – ақ несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін қолданылады.

Банк клиенттеріне қызмет көрсететін электрондық төлем жүйесіне:

автоматтандырылған есеп айырысу палатасы;

сауда ұйымдарындағы терминалдар;

үйде банктік қызмет көрсетулер жатады.

Электрондық төлем жүйесін қолдану ақша айналымын жеделдетуге, айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып келгенде айналыстағы қолма – қол ақшаны азайтуға кең жол ашады.

Сондай – ақ:өнімді өндіру және сатупроцесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылады.



III Ақша айналысының шетел тәжірибесі


3.1. Шетелдік алтын монеталы және девизді стандарт

Алтын монеталы стандарт оған негізгі төмендегі белгілер тән:


• Елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді не ол ақшаның барлық қызметтерін тақарады;

• Алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;

• Айналымдағы несие ақшалары ( банкнота, майда металл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталар айырбасталады;

• Алтынды, шетел валютасы елден еркін алып шығып және елге әкелуге, сондай ақ алтын нарығының екін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың өркендеуіне және капитализм шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде сыртқы саудада да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы қоры болуы шарт.Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығын арттырды. Оны жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы қорынан асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарт соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды.Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан шығару қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.

Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы бұнда алтын монета айналымы құймайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын массасының белгілі бір салмағына айырбасталды.

Алтын девизді стандарт - ол девиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Осы кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы алтын девизді ақша жүретін елдердең алтынмен айналысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта валютаның курсының төмендеуіне немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына байланысты болды.

1929 – 1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық мемлекеттерде әр кездегі алтын монометаллизмнің барлық формасы жойылды. 1944ж. Бреттон – Вудсте құрылған Халықаралық валюта несиесі еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын девизді стандартты, мәнінде алтын долларлы стандартты бекітті. Оның келешегі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтанмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана берілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 ж. Бастап алтын құймаларын долларға сатуды тапты, сондықтан алтын доллары стандарт та айналыстан шықты.

3.2 Экономикасы дамыған елдердің ақша айналысы



Экономикасы дамыған елдердің осы заманғы ақша айналысы алтын – қағаз және кредит ақшаларына бөлінбеген жүйеге негізделген. Олардың әрбіреуі ұзақ уақыт бойы дербес дамыса да әрі ұлттық ерекшеліктерге ие болса да, олар көп жағынан бір – біріне ұқсас.

Сонымен қатар, әрбір дамыған елдің осы заманғы ақша жүйесінің мәнін толық ашуға мүмкіндік беретін тек өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар.

АҚШ – тың ақша айналысы. АҚШ – тың ақша бірлігіне айналымға 1786 жылы енгізілген АҚШ доллары жатады. Доллардың атауы бірқатар еуропалық елдердің айналыста болған күміс толерден шыққан. Қысқартылған белгісі - $. Бір доллар 100 центке тең. Бүгінгі таңда айналымда 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 долларлық құны бар купюралар мен 1, 5, 10, 25, 50 центтік құны бар тиындар және 1 доллар қолданылады. Қолма – қол ақша эмитенттеріне Қаржы Министрлігі (қазына мекемесі) және федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) жатады. Қазына мекемесі айналымға 1 – ден 10 долларға дейін құны бар ұсақ купюрлі ақша белгілерін, сондай – ақ 100 долларды шығарады, монеталар күмістен, никельден және мыстан дайындалады. Қазына мекемесі ш ығарған купюрдың айрықша белгісіне ондағы «Құрама штаттар билеті» дейтін жазу, - «UNITED STATES NOTES» жатады. Қолма – қол ақша белгілерінің негізгі массасын айналымға ФРЖ шығарады. Онда «FEDERAL RESERBE NOTES» дейтін жазу болады, сондай – ақ оларды шығарған федералдық резервтік банктің нөмірі көрсетіледі. АҚШ – тағы қолма – қол ақшасыз ақша эмиссиясы басқа шетелдерге және коммерциялық банктерге жүзеге асырылады. Олармен айналымға чектер, вексельдер, пластикалық карточкалар, электрондық ақшалар шығарылады. Экономикалық айналымда қолма – қол ақшасыз ақшаның үлес салмағы көп әрі бұл үлес салмақ өсу тенденциясына ие. АҚШ – та ақша массасы классикалық ақша – кредит саясатының құралдарымен реттеліп,басқарылады: құнды қағаздардың ақша нарығындағы операциялар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өзгерісі, коммерциялық банктер мен кредит жинақтаушы мекемелердің міндетті резерв талаптарының өзгерісі.

«Еуро» еуропалық валюта зонасы. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақта (ЕО) ақша жүйесі бар. Европада бүкіл ақша айналысының қазіргі тандағы 32% үлесі ол қолма-қол ақша.Ол нені білдіреді? Ол Еуропалық елдердің әсіресе Англия мен Германияның ақша айналысының көп үлесін қолма-қолсыз ақша айналысы алтындығын білдіреді.Сондықтан да оларды экономикасы дамыған елдерге жатқыза аламызюОл Еуропаның 24 дамыған елі кіретін еуропалық ұжымдық «евро» ақша бірлігінде негізделген. ЕО – ның еуропалық ақша жүйесі 2001 жылы құрылды және евроның ақша бірлігі алдымен қолма – қол ақшасыз айналымының есеп айырысу бірлігі ретінде енгізілді, ал 2003 жылы қолма – қол ақша айналымына банкноттар мен монеталар түрінде қағаз ақшалар шығалылды.

Мысалға Германияның БундесБанкің алсақ ол Мемлекеттің қарамағында болғанмен әкімшілік акиматтарға қарамайды екен,оның кеңестер жиналысы да жабық түрде өткізіледі екен

Ресейдің ақша айналысы. 1995 жылдың 12 сәуірінде қабылданған «РФ орталық банк туралы» РФ заңына сәйкес жұмыс істейді. Ресесйдің ресми ақша бірлігіне рубль жатады. 1 рубль 100 копейкке тең. «Рубль» атауы Киев Русь тұсында пайда болған. Ол кезде ақша бірліктері гривна деп, ал, екіге тең бөлінгені рубль деп аталады. Алтын мен рубльдің ресми арақатынасы белгіленбеген. Басқа ақша белгілері мен суррогаттардың шығалылуына тыиым салынған. Заңды төлем күші бар ақша түрлеріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз етілген әрі Ресей Банкінің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын банкноттар мен ұсақ металл монеталар жатады. Қолма – қол ақшаны шығарудың, олардың айналымын ұйымдастырудың және РФ аумағынан оларды алып тастаудың айрықша құқығы Ресей Банкіне тиесілі.Ресейде Орталық банкпен әкімшілік жүйенің автономиясы болмайды Орталық банк өз жұмысын Мемлекеттің әкімшілігінен тәуелсіз жасайды екен,Ол тек Қаржы министрлігінің қарамағында болады.Ол дұрыс екені бәрден бәрге белгілі Қаржы министрлігі ақша айналысын реттей отырып Орталық банкке көмек те көрсете алады.Көбінесі проблемалар бюджеттің дефицитінде болғасын басталады екен,өйткені ақша айналысына ақша жеткіліксіз болғандықтан тапшылық пайда болады.Ресейде ең соңғы Золотая Корона атты ақша айналысының жүйесі қабылданды 1994 жылы Новосибирскте,ал қазіргі кезде олар интернет,фикнет,факснет арқылы да өз өзін реттейді.

Ақша айналымын ұйымдастырумен байланысты шығындарды кеміту мақсатында 1998 жылдың 1 қаңтарынан арақатынасында ақшаны ірілендіру (деноминация) жүргізді. РФ – да жүргізілген реформалардың нәтижесінде айналымға Ресей Банкінің 5, 10, 50, 100 және 500 рубльдік құны бар банкноттар, 1, 5, 10, 50 копейкалық құны бар тиындар, 1, 2 және 5 рубль енгізілді.

Қазіргі кезде барлық дамыған елдерде өзінің әрбір ақша айналысының жүйесін құрғанмен олар барлығы ұқсас болады.Ол келесі элменттерді қосады:ақша бірлігі,баға масштабы,ақша түрлері, төлемнің занды заты бола алатын, эммисиялық жүйені және мемлекеттік ақша айналысын реттейтін аппарат.



Қорытынды




Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердіңформасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды

Айналыста көбіне қолма – қол ақшалар жүретіндіктен, оларды ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері айналыста болады. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз ғана бөлігін құрағанмен, оның маңызы өте зор. Өйткені қолма – қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.

Қолма – қол емес ақша айналымы қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде басым қолданылады. Ол көбінесе чектер арқылы, несие карточкалары төлем тапсырыстары арқылы, төлемнің электронды құралдары арқылы және тағы басқа есеп айырысу құжаттары арқылы ( қазыналық вексельдер, сертификаттар) қызмет етеді.

1993 жылдың наурызында «Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық Банкі туралы» жаңа Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің басқару құрылымдары терең өзгерістерге ұшырады. Сонымен, Қазақстан Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезінен нақты жұмыс істей бастаған болатын.

Мемлекеттің егемендігін және республика банк жүйесінің дербестігін нығайту мақсатында 1993 жылдың екінші жартысында қазіргі техникамен жарақтандырылған мәнет сарайы іске қосылды, ол металл тиындарын (бағалы металдардан жасалғандарын қоса отырып).

Ұлттық валютаны жасау еліміздің Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтің жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда сақьалынды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен бірге, ол қысқа мерзіде – бір жыл, екі ай ішінде Англияда аяқталды.

Осылайша 1993 жылдың 15 қарашасы ұлттық валютаның туған күні деп саналады. Ұлттық валютаны тұрақтандыру жөнінде қадамдар есептелді, теңгенің бағамы сол кезде бір АҚШ доллары үшін 4,6 теңге деңгейінде белгіленді. АҚШ долларына қатысындағы теңге бағамы еліміздің алтын қорының тұрақтануы мен мүмкіндіктерін, экономикалық әлеуетті, ақша айналымын ескере отырып есептелінді. Бірақ ол ұзақ сақталмады, тағыда құлдырай берді. Ал теңгені біз ерекше шиеленістерсіз негіздік.

Бүгінгі күні, міне, Қазақстан өз егемендігінің 12 жылдық мүшелтойын атаған кезеңде, біз ұлттық валютамыз теңге енгізгелі он жыл ішінде бүткіл өркениетті әлем секілді өзіміздің дербес экономикалық саясатымызды жүргізудеміз. Мемлекеттер бір-бірімен санасып, өзара тиімді мүдделерде іс-қимыл жасасуы тиіс. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы дәйекті түрде көтерліп келеді.Бұл ішінара өнеркәсіп өндірісінің, жалпы өнімнің өсуімен дәлелденуде. Валюталық түсімдер негізінде республиканың келешегі үшін «Ұлттық Даму» қоры құрылды. Ойластырған бюджет тамақ, жеңіл өнеркәсіп, машина жасаудың өркендеуіне көмектеседі. Яғни, қазіргі таңда біз дербес саясатты жүргіземіз және біршама мезгіл өткеннен соң көртеген елдердің АҚШ долларына байланғаны секілді, біріңғай валютаға келуіміз ғажап емес...

Қолданылған әдебиеттер


  1. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы:ИздатМаркет 2004.



  1. Сейіткасымов Ғ. С. Ақша, несие, бакнтер. – Алматы: Экономика, 2001.



  1. Дробозино Л. А. Финансы. Денежное обращение.Кредит. – Москва: Финансы, ЮНИТИ, 1997.




  1. Жукова Е. Ф. Общая теория денег и кредита. – Москва: Банки и биржи, 1995.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет