Мазмұны Кіріспе i-бөлім. Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны


Маркетингтік мүмкіндіктердді талдау



бет2/2
Дата07.07.2016
өлшемі0.67 Mb.
#182876
1   2

Маркетингтік мүмкіндіктердді талдау

Маркетингтік мүмкіндіктер-пайда алу үшін кәсіпорынның нарықтағы күштерінің тартымды бағыттары.Оларды талдау үшін 4 әдіс қолданылады:



  • Жағдайлық талдау

  • STEP-талдау

  • SWOT-талдау

  • GAP-талдау

Жағдайлық талдау-маркетингтің сыртқы және ішкі ортасын талдап,олардың маркетингтік мүмкіндіктеріне ықпалын бағалау.



Сыртқы орта

Ішкі орта

микроорта

Жүйе

Кешен

Нарықтар

Тұтынушылар

Бәсекелестер

Делдалдар

Жеткізушілер


Ұйымдастыру

Ақпарат


Жоспарлау

Тексеру


Тауар

Баға


Сату

Жарнама


Талдаудың негізгі бағыттары:кәсіпорынның микроортасындағы жағ-дайы, нарықтың жағдайын білу,тұтынушылардың мінез-құлқын есепке алу,

Бәсекелестердің әрекеттеріне кәсіпорынның әсерлесуін бағалау.

-STEP-талдау-макроортаны талдау;

-SWOT-талдау-кәсіпорынның әлді (Strengths) және әлсіз (Weaknesses) жақтарын,мүмкіндіктерді (Opportunities) мен қауіп-қатерлері (Threats) бағаланады.

-GAP-талдау-стратегиялық алшақтықты талдау-тілеулі мен нақты жағдайдың алшақтығын талдау немесе мақсаттар мен оларға жету жолдарын үйлестіру әдісі.

Осы маркетингтік мүмкіндіктер негізінде,«Қант»ААҚ-на келетін болсақ:

Кәсіпорынның негізгі мақсаты-жоғары сапалы өнімдерді ұсына отырып,отандық нарықты жаулап алу,рухани және материалдық мінез-құлқын қанағаттандыру мақсатында адамдарға қуаныш әкелу болып табылады.Біздің бизнесіміздің дамуына бағытталған негізгі көзқарастарды анықтадық.Яғни,кәсіпорын өндірушілері әлемдік стандартқа сай құмшекер және қант өнімдерін өндіруде негізделеді.Ал енді кәсіпорынның SWOT-

талдауына келетін болсақ,ол келесі кестеде берілген:

7 Кесте.«Қант»ААҚ-ның қызметіне SWOT-талдауы



Әлді жақтары

-Экономикалық өсуге байланысты кәсіпорынның дамуы

-Капитал мөлшері

-Персоналдардың біліктілігі

-Ұйымдық құрылымы

-Сапа менеджмент жүйесінің дамуы

-Жұмыс тәжірибесінің молдылығы


Әлсіз жақтары

-Корпоративті мәдениеттің төмендігі

-Мәдени іс-шараларға көп көңіл бөлуі

-Жалақының аз болуы

-Маркетинг саясатының нашарлығы

-Ақпарат базасының әлсіздігі




Мүмкіндіктері

-Нарықтағы үлесін жоғарлата алу

-Филиалдар торабын ашу

-Бәсекеге қабілеттігін арттыру

-Жоғары және жаңа технологияларды енгізу


Қауіп-қатерлер

-Саяси тәуекелдер

-Бәсекелестер

-Табиғи қауіп-қатер


Ақпарат көзі: «Қант»ААҚ-ның деректері бойынша

III-Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу

3.1 Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері


Кәсіпорынның даму жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:

• Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) - негізгі бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде шығару жоспарланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспарланады.

• Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы - ғылыми - техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жоспарлау, таза өнімдерді шығаруды жоспарлау, прогрессивті технологияларды қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру.Бұл бөлімге стандарттандыру мен метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады. Ғылым мен техниканы дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған өнім, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың санын салыстырмалы түрде азайту, өндірістің техникалық жағдайын жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тауар өнімнің өзіндік құнын азайту, өнімнің сапасын арттыру,құрал - жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи өлшемдегі еңбек өнімділігін қолдану және т.б. жатады.

• Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұл жоспарда өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері - нақты еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны, материалдық ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің негізгі көрсеткіштері - жалпы және таза өнімді өндіру қарқыны, ортақ тұрақтылық, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылығы, айналым қорларының айналысы, капитал сыйымдылығы және материал сыйымдылығы.

• Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары. Ол жаңа кәсіпорындар салуды, кәсіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар мен объектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің технологиясын дамытуды, механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды. Негізгі көрсеткіштері- өндірістегі негізгі корлар мен өндірістік қуаттарды іске қосу, жеке объектілер мен өндірістік базаларды салу, өндіріс қуатының өсімі, күрделі қаржылардың көлемі, құрылыс - монтаж жұмыстарының көлемі, аяқталмаған өндірістің көлемі.

• Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық есептеулер жүйесі жатады. Өндірістік өнеркәсіпке қажетті материалдық ресурстарды нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия және т.б. үлестік шығындарын азайтудың жолдары қарастырылады.

• Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде өнімділігін жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады.Еңбек өнімділігінің көрсеткіші салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемін өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы саны мен қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгелінеді.

• Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске кететін шығындардың көлемін анықтап, осы арқыльі өндірістен алынатын пайданың көлемін табу және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалы түрде қолдану.

• Қаржылық жоспар (қаржы). Қаржы жоспарында мынадай көрсеткіштер көрсетіледі - айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету, кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым – қатынасы, негізгі өндіріс қорларын салу және қолдану, пайданы есептеу. Қаржы жоспарының маңызды бөлімі - несие жоспары.

• Кәсіпорын ұжымының элеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, еңбек жағдайын, демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары қарастырылады.

• Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары. Су ресурстарын, жер ресурстарын минералдық ресурстарын және әуе бассейін сақтау мен дұрыс қолдану жатады.

3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары


Стратегиялық жоспарлау бар өндірістерді бағалаумен қатар, фирма келешекте қандай өндірістерді иеленгені, қандай өрістерге өз күштерін жұмсау керектігін ашуы керек. Фирманың өсу жоспарын мына мысал арқылы көрсетелік: «Модерн паблишинг компани» баспасы ай сайын тиражы 300 мың дана денсаулық проблемасына арналған жетекші журнал шығарады. Фирманың маркетингілік орталығын тұтынушылар ұнатымы, жаңа бәсекелестердің пайда болуы және баспа шығыны көзқарасы бойынша алатын болсақ, өте өзгермелі. Фирма келешек он жылға өзінің өсу жоспарының кешенін дайындауға тырысуда.

Өсу стратегиясын үш деңгейде өткізілген талдау негізінде дайындауға болады. Бірінші деңгейде фирманың қазіргі жұмыс масштабында пайдалана алатын мүмкіншіліктерін анықтайды (интенсивті өсу мүмкіншіліктері). Екінші деңгейде маркетинг жүйесінің басқа салаларымен интеграциялану мүмкіншіліктерін анықгайды (интеграциялы өсу мумкіншіліктері). Үшінші кезеңде сала шегінен тыс мүмкіншіліктерді анықтайды (диверсификациялы өсу мүмкіншіліктері). 1 кесте осы үш бағыттың әрқайсысында өсудің нақтылы мүмкіншіліктері туралы түсінік береді.

8 кесте. Өсу мүмкіншіліктерінің негізгі бағыттары

Интенсивті өсу

Интеграциялы өсу

Диверсификациялы өсу

Нарыққа тереңдеп кіру

Регрессивті интеграция

Концентрациялы диверсификация

Нарықтың шекарасын кеңейту

Прогрессивті интеграция

Горизонтальды диверсификация

Тауарды жетілдіру

Горизонталды интеграция

Конгломератты диверсификация

Ақпарат көзі:1,430 бет

ИНТЕНСИВТІ ӨСУ. Интенсивті өсу фирма өзінің қазіргі тауарларына және нарықтарына тән мүмкіншіліктерді аяғына дейін пайдаланбаған жағдайда өзін өзі ақтайды. Интенсивті өсу мүмкіншіліктерін ашу үшін

И.Ансофф «Нарықтың және тауардың өркендеу торы» деп атақ алған ыңғайлы әдісті пайдалануды ұсынған. Мысал ретінде келтірілген мұндай тор интенсивті өсу мумкіншіліктерінің үш негізгі түрлерін көрсетеді.

1. Нарыққа терең түрде ену. Фирманың агрессивті маркетингті пайдаланып өзінің бар тауарларын қазіргі нарықтарда өткізуді өсіру мүмкіншіліктерін іздестіруі. Ол үшін «Модерн паблишинг компани» баспасы, мүмкін:

а) қазіргі басылымға жазылушыларды ынталандырып, олардың өз достарына

сыйлық ретінде басылымға жазылу даналарын көбейтуі;

ә)өз басылымын денсаулық проблемаларына арналған журналдардан

артықшылығын көрсетуі не оның төмен бағамен ұсыну арқылы бәсекелестер

басылымдарына жазылушыларды өзіне тартуы;

б)жаңа потенциальды жазьшушыларды, демек, қазіргі кезде денсаулық

туралы журналдарды оқымайтын, бірақ демографиялық пішіні қазіргі

жазылушыларға ұқсас жазылушыларды жасақтауға тырысуы;

2. Нарық шекарасын кеңейту. Фирманың қазіргі бар тауарларды жаңа нарықтарға енгізу аркылы өткізу қабілеттерін кебейту талабы. Ол үшін «Модерн паблишинг компани», мүмкін:

а) бұрын журналды таратылмаған жана географиялық-аймақтық, бүкілұлттық не халықаралық нарықтарда тарата бастау;

ә)журналға жаңа қажетті келбет беру арқылы нарықтың жаңа сегменттеріндегі жазылушыларға ұнамды ету;

в)журналды жаңа сегментке, кәсіпорындар, мекемелер нарқына, мысалға, ауруханаларға, дәрігерлердің қабылдау бөлімдеріне, денсаулық клубтарына сатуды жолға қою;

3.Тауарды жетілдіру. Фирманың қазіргі бар нарықтарда жаңа не жетілдірілген тауарларды ұсыну арқылы өткізуді өсіру талаптары болып саналады. Ол үшін «Модерн паблишинг компани», мүмкін:

а)бұрынғы журналдан айырмашылығы бар денсаулық проблемаларын қызықтайтын оқырмандарға ұнайтын жаңа журнал шығару;

ә)денсаулық проблемасына арналған журналдың әртүрлі аймақты түрлерін шығару;

б)оқығанды онша ұнатпай, тыңдауды ұнататын аудитория үшін ай сайын журналдың кассетті вариантын шығару.

ИНТЕГРАЦИЯЛЫ ӨСУ.Интеграциялы өсу жұмыс өрісінің позициясы мықты жағдайда не фирма сала шегінде алға, артқа не горизонтальды ауысу арқылы қосымша пайда келтіретін жағдайда өзін өзі ақтайды. Регрессивті интеграция фирма өз жабдықтаушыларын қол астына алғысы келетіні не оларды қатаң бақылауға алуға тырысуы болып саналады. Жабдықтау жүйесін бақылауды күшейту үшін «Модерн паблишинг компани» баспасы қағазбен жабдықтайтын фирманы не баспаны сатып алуы мүмкін. Прогрессивті интеграция фирма тарату жүйесін өз қол астына алуға не қатаңырақ бақылауға алатын жағдай болып саналады. «Модерн паблишинг компани» баспасы журналдарды көтерме тарату кәсіпорнын не жазылу бюроларын сатып алуды пайдалы деп табуы мүмкін. Горизонтальды интеграция фирманың бірқатар бәсекелес кәсіпорындарын сатып алғысы не қатаң бақылауға қойғысы келетін жағдай. «Модерн паблишинг компани» басқа денсаулық проблемаларына арналған журналдарды түбірімен сатып алуы мүмкін.

ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛЫ ӨСУ. Диверсификациялы өсу, сала фирманың одан әрі қарай өсуіне мүмкіншілік бермейтін жағдайда не өсу мүмкіншілігі сала шегінен тыс ұнамдырақ жағдайда өзін өзі ақтайды. Диверсификацияда фирма кез келген кездейсоқ мүмкіншіліктерге жабыспауы керек. Компания өзінің жиналған тәжірибесін пайдалануға болатын не өзінің бар кемістіктерін жоюға көмектесетін бағыттарды ашуы қажет. Диверсификацияның үш түрі болады:

1.Шоғырланған диверсификация, демек, өз номенклатурасын фирма тауар-ларына техникалық не маркетингілік көзқарасы жағынан ұқсас тауарлармен толықтыру. Дағдылы жағдайда, бұл тауарлар жаңа клиенттер класының назарын аударады. Мысалға, «Модерн паблишинг компани» баспасы жұқа мұқабалы кітап өндірісін сатып алып және оларды сатуға өз журналдарын сату үшін жолға қойылған дистрибьюторлар жүйесінің артықшылығын пайдалануына болады.

2.Горизонтальды диверсификация, демек, өз ассортиментін қазіргі шыға-рып отырған тауарлармен ешқандай қатысы жоқ, бірақ бар клиенттерді қызықтыруы мүмкін бұйымдармен толықтыру. Мысалға, «Модерн паблишинг компани» баспасы өзінің денсаулық проблемасына арналған журналына жазылушылар мүше болады деген мақсатта өзінің денсаулық клубын ашуы мүмкін.

3.Конгломератты диверсификация, демек, ассортиментті фирма техно-логиясына не оның қазіргі тауарларына және нарықтарына ешқандай қатысы жоқ бұйымдармен толықтыру. «Модерн паблишинг компани»баспасы жеке пайдалану компьютерлерін шығару, жылжымайтын тауарларды сатуға жеңілдік беру не тез қызмет атқару арқылы қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын ашу сияқты жаңа жұмыстар өрісімен айналысқысы келуі мүмкін.


Маркетингті жоспарлау

Фирманың стратегиялық жоспары ол қандай өндірістермен айналысатынын және бұл өндірістердің міндеттерін баяндайды. Енді олардың әрқайсысына жекеленіп нақтыланған жоспарды дайындау кажет. Егер өндіріс бірнеше ассортименттік топтарды, бірнеше тауарларды, маркаларды және нарықтарды қамтитын болса, онда олардың әр позициясына жеке жоспар дайындалуы керек. Сондықтан біздер өндіріс жоспарларымен, тауарды шығару жоспарларын, маркалы бұйымдарды шығару жоспарларымен, нарықтағы әрекеттер жоспарларымен кездесеміз. Бұл жоспарлардың бәрін бір терминмен – «маркетинг жоспары» деп атаймыз. Маркетингілік жоспар-дың негізгі тарауларына және маркетинг бюджетін дайындаудың бірізді кезеңдеріне тоқталық.



Бақылау көрсет-

кіштерінің мәлі-

меттері

Қазіргі марке-

тингілік жағ-

дайды баяндау

Қауіптілік жә-не мүмкінші-ліктер тізбегі

Міндеттер және проблемалар тізбегі




Маркетинг стратегиясы



Жұмыс бағдарламасы

Бюджеттер

Бақылау тәртібі


2 сурет. Маркетинг жоспарының құрылымы

Ақпарат көзі:1,432 бет

Маркетинг жоспарының тараулары

Жай не маркалы бұйымдарды шығару жоспары мынадай тараулардан құралады: бақылау көрсеткіштерінің мәліметтері, қазіргі маркетингілік жағдайды баяндау, міндеттер және проблемалар тізімі, маркетинг стратегиясы, қауіптілік және мүмкіншілік тізбектері, жұмыс бағдарламасы, бюджеттер және белгіленгендердің орындалуын бақылау тәртібі (3 сур.)

БАҚЫЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ МӘЛІМЕТТЕРІ. Жоспардың ең басында жоспарда қаралатын негізгі мақсаттар және ұсыныстар туралы қысқа мәліметтер болады. Мысал міне: 1983 ж. маркетингілік жоспары өткен жылмен салыстырғанда фирма табысын және сату көлемін бірқатар өсіруі керек, бакылауға алынған сату көрсеткіші 80 млн.долл, ол жоспарланған өсімінің 20%-і. Бұл өсімге жақсарып келе жатқан экономикалық және бәсекелестік жағдайларға және де тауарды тарату жағдайына да байланысты қол жеткізуге мүмкіншілік бар сияқты. Болжамдалған табыс мөлшері 8 млн. долл, демек, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 25 % артық. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін ынталандыруға бөлінген бюджет мөлшері 1,6 млн. долл, ол жоспарланған сату сомасының 2%-іне тең. Жарнамаға бөлінген бюджет мөлшері 2,4 млн. долл, ол жоспарланған сату көлемінің 3 %-і.

Бақылау көрсеткіштерінің мәліметтері жоғары сатыдағы басшыларға жоспардың негізгі бағытын тез аңғаруға мүмкіншілік береді. Мәліметтерден кейін жоспар мазмұндамасын қою керек.

ҚАЗІРГІ МАРКЕТИНГІЛІК ЖАҒДАЙ. Жоспардың бірінші негізгі тарауында мақсатты нарықтың сипаттамалары және фирманың осы нарықтары жағдайы келтіріледі. Жоспарды кұрастырушы нарықты оның мөлшері, негізгі сегменттері, тапсырыс берушілердің мұқтаждығы және орталықтың арнайы факторлары бойынша суреттейді, негізгі тауарларға шолу жасайды, бәсекелестердің тізімін келтіреді және тарату арнасын көрсетеді.

КАУІПТІЛІКТЕР ЖӘНЕ МҮМКІНШІЛІКТЕР. Бұл тарау басшыларды тауар алдында кездесіп қалуы мүмкін кауіптіліктер мен мүмкіншіліктер туралы келешекке көз тастауға итермелейді. Осының бәрінің мақсаты - фирмаға үлкен ықпалын тигізуі мүмкін маңызды окиғаларды алдын ала байқауға үйрету. Басқарушылар өздерінің байқауынша мүмкін болатын максимальды қауіптіліктермен мүмкіншіліктерді санақтауы керек. Темекі компания басқарушысы мынадай тізімді болжамдады делік:

1.АКШ-тың бас дәрігері конгресске мынадай заң қабылдау туралы ұсыныс жасады делік. Әр темекі қорабының ең бетінде бас сүйектің және айқастырылған қос жіліктің суреті және мынадай ескерту орналасқан: «Ғылыми дерек бойынша күнделікті темекі тарту орта есеппен өмірді жеті жылға қысқартады».

2.Темекі тартуға тыйым салынатын қоғамдық орындар саны ылғи өсуде не темекі тартушыларға және оны тартпаушыларға жеке бөлмелер қарастырылуда.

3. Темекі егістеріне құрт-құмырсқаның жаңа түрлері шабуыл жасап, егер

олармен күресу жолдары табылмаса, келешекте өсімдіктер шығымы төмендеп және бағаның қатты өсуі ықтимал.

4.Фирма лабораториясы салатты зиянсыз темекіге айналдыруды ашу жолында. Егер бұл табысты болса, денсаулыққа зиян келтірмейтін, сонымен қанататтануға мүмкіншілік беретін темекі пайда болады.

5.Темекілерді шет ел нарықтарында, әсіресе даму үстіндегі елдерде тұтыну тез өсуде.

6.Бірқатар топтар марихуананы легализациялауды талап етуде, демек, оны сату үшін өсіруте еркіндік талап етуде.

Осы айтылған жағдайлардың әрқайсысы темекі өндірушілерге бірқатар ықпалын тигізеді. Бірінші үшеуін қауіптіліктер деп санауға болады.

Қауіптілікке біздер былай дей анықтама береміз:

Қауіптілік - нақтылы оқиға не қолайсыз тенденцияларға байланысты пайда болған, егер мақсатты бағыттағы маркетингілік әрекеттерді қарсы қоймаса тауардың тіршілігіне зиян келтіретін не оның өшуіне әкеліп соқтыратын қиыншылықтар.

Соңғы үш жағдайды фирманың маркетингілік мүмкіншіліктері деуге болады. Маркетингілік мүмкіншілікікке былай деп анықтама береміз:

Маркетингілік мүмкіншілік - нақтылы фирмаға бәсекелестеріне қарағанда басылымдылық мүмкіншіліктерін беретін маркетингтің ұнамды бағыттары.

Баскарушы әрбір қауіптіліктің, әрбір мүмкшшіліктің болу ықтималдылығын және олардың фирмаға тигізетін ыкпалын бағалай білуі қажет.

МІНДЕТТЕР ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАР.Тауарға байланысты болатын кауіп-тіліктер мен мүмкіншіліктерді басқарушы зерттеп, одан туындайтын проблемалар шеңберін белгілеп, оларды шешу міндеттерін алға қояды. Бұл міндеттер жоспар жұмыс атқару кезеңінде фирманың қол жеткізуге тырысатын мақсаты ретінде түжырымдалуы керек. Мысалға, басқарушы нарыктың 15%-не, сатудың 20 % табыстылығына кіріс салығын төлегенше және жұмсалған қорға салық төлегенше, 25 % табыстылыққа қол жеткізгісі келеді. Қазіргі фирманың нарықтағы үлесі 10 % деп болжамдалық. Нарыктағы үлесті қайткен жағдайда өсіруге болады деген түйінді проблема туындайды. Басқарушы осындай өсіруге тырысу нәтижесінде пайда болатын негізгі проблемаларды қарағысы келетін болуы керек.

МАРКЕТИНГ СТРАТЕГИЯСЫ. Басқарушы маркетингтің бұл тарауында алға қойылған мәселелерді шешу үшін кеңейтілген маркетингілік әдісті баяндайды. Маркетинг стратегиясына былай деп анықтама береміз:

Маркетинг стратегиясы - мекеме басшылыққа ала отырып, өзінің маркетин-гілік мәселелер шешуге пайдаланатын мақсатты нарық стратегияларын, маркетинг кешенін және маркетинг шығын деңгейін көрсететін рациональды логикалы құрылым.

Мақсатты нарықтар. Маркетинг стратегиясы фирма өзінің негізгі күште-рін шоғырландыратын нарық сегменттерін тура атауы қажет. Бұл

сегменттер бір-бірінен ұнату, жауапты реакция және табыстылық

көрсеткіштері бойынша айрықшаланады. Фирма өз күштері және қуаттарын

бәсекелестік көзқарас бойынша алғанда жақсы қызмет атқара алатын сегментке шоғырландыруын орынды деп санауға болады. Әрбір таңдалынып алынған сегментке арнайы маркетингілік стратегияны дайындау қажет.

Маркетинг кешені. Басқарушы маркетинг кешенінің жаңа тауар, жергілікті жерлерде сатуды ұйымдастыру, жарнама, өткізуді ынталандыру, баға және тауарды тарату сияқты элементтеріне жалпылама түрде нақтылытарауларында баяндалған түйінді проблемаларды, мүмкіншіліктерді, кауіптіліктерді қалай есепке алатыны қөзкарасы бойынша негіздеуі қажет.

Маркетинг шығынының деңгейі. Сонымен қатар басқарушы бұрын баяндал-ған барлық стратегияларды іске асыруға кажетті маркетинт бюджетінің мөлшерін көрсетуі керек. Басқарушы жоғары бюджет жоғары өткізу ыктималдылығын қамтамасыз ететіндігін білгенімен, ол ең жоғары рента-бельділікке кол жеткізетін бюджетті дайындауы қажет.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ. Маркетинг стратегиясын мынадай сұрақтарға жауап беретін нақтылы бағдарламаға айналдыру кажет: 1) не істелінеді? 2) кашан істелінеді? 3) кім істейді? 4) ол қашан тұрады? Мысалға, басқарушы нарықтың тиесілі үлесін игеру үшін түйінді стратегия есебінде өткізуді ынталандыруды күшейтуді таңдауы мүмкін. Ол үшін арнайы көрмелерге қатысу, сату орындарында экспозиция т.б. сияқты жеңілдету ұсыныстар тізімі және олардың жұмыс атқару уақыты көрсетілген өткізуді ынталандыру шараларының дайындалуы қажет. Жыл бойына жаңа проблемалардың, жаңа мүмкіншшіктердің пайда болуына байланысты шаралар жоспарына түзетулер енгізіледі.

БЮДЖЕТТЕР. Шаралар жоспары басқарушыға шынында табыстар мен шығындардың болжамы бола алатын қажетті бюджетті дайындауға мүмкіншілік береді. «Кіріс» графасында келешекте сатылатын тауар даналарының саны және орташа баға - нетто жағынан болжам көрсетіледі. «Шығын» графасында өндірістің, тауар қозғалысының және маркетингтің шығындары көрсетіледі. Олардың айырмашылығы күтіліп отырған табыс сомасын көрсетеді. Жоғары сатылы басшылар ұсынылған бюджетті қарап, оны бекітеді не оған өзгерістер енгізеді. Бекітілген бюджет материалдар сатып алуға, өндіріс кестесін дайындауға, жұмыс күшіне қажеттілік жоспарын дайындауға және маркетингілік шараларды іске асыруға негіз болады.

БАҚЫЛАУ ТӘРТІБІ. Жоспардың соңғы тарауында барлық белгіленген мәселелерді бақылау тәртібі баяндалады. Әдетте, мақсаттар және бюджеттік ассигнованиялар ай сайын не тоқсан сайын белгіленеді. Мұндай жағдай жоғары басшыларға әрбір белгіленген уақыт аралығында қол жеткен нәтижелерді бағалау арқылы алдына қойылған мақсатты көрсеткіштерді орындамаған өндірістерді уақытында ашуға мүмкіншілік береді деген сөз. Бұл өндірістің басқарушылары кажетті түсініктемелер береді және жағдайды түзету үшін қандай шаралар керектігін көрсетеді.

Маркетинг бюджетін дайындау

Енді біздер өткізуді және табысты белгіленген деңгейге шығаруды камтамасыз етуге арналған маркетинг бюджетін дайындау процесін қарастырамыз. Әуелі мұндай бюджетті дайындау үлгісін қарапайым мысалы келтіріліп, одан кейін оны қалай жетілдірілетіндігі туралы айтамыз.

ЖОСПАРЛАУ

«Хайнц» фирмасының кетчуп өндірісінің басқарушысы Джон Смитке жылдық маркетинг жоспарын дайындау қажет деп саналық. Ол ең дұрысы 2 кестеде келтірілген мақсатты көрсеткіш негізінде жоспарлау деп аталған әдісті пайдалануы мүмкін. Бұл үлгі жоспарлауды бірінеше сатылы түрде орындауды болжамдайды:

1 кезең: Джон Смит кетчуп нарқының келесі жылға қажетті жалпы көлемін бағалауға кіріседі. Бағалау нарықтың жақын арадағы өсу темпін (6%) нарықтың биылғы көлемімен (23,6 млн. Жәшік) салыстырудан басталады. Осының нәтижесінде нарықтың есепті көлемі 25 млн. жәшік болуға тиіс.

2 кезең: Смит келесі жылғы кетчуп нарқындағы «Хайнц» фирмасының үлесін болжамдайды. Бұл жағдайда ол фирма осы нарықты 28 % үлесін ұстайды деп санайды.

3 кезең:Смит келесі жылға «Хайнц» фирмасының сату көлемін бол-жамдайды.Егер нарықтың жалпы көлемі 25 млн. жәшік болатын болса фирманың қазіргі нарықтағы үлесін сақтаған жағдайда сату көлемінің есепті саны 7 млн. жәшік болады.

4 кезең: Смит әр жәшікті дистрибьюторларға 4,45 долл. сатуды белгілейді.

5 кезең: Енді Смит келесі жылы қанша табыс түсетінін есептеуге мүмкін-шілік алды - 31,15 млн. долл. Бұл санды сату көлемінің есепті көрсет-кішін (7 млн. жәшік) жәшік бағасына (4,45 долл.) көбейту арқылы тапқан.

6 кезең: Смиттің есебі бойынша бір жәшік тауардың құбылмалы шығындары 2,75 долл. Бұл сан мынадай шығындардан құралады:томаттар және дәмде-уіштер - 0,5 долл, шишалар және оның қақпақтары - 1, жұмыс күші -1,1,тауар қозғалысын ұйымдастыру - 0,15 долл.

7 кезең: құбылмалы шығындарды (2,75 долл. әр жэшік) тауардың сату бағасынан (4,45 долл. жәшік) алып тастап, қалдығын сату көлемі көрсеткіші санына көбейтіп (7 млн. жәшік), Смит вал табысының болжамын анықтап, оның есебінен тұрақты шығындарды және маркетингті ұйымдастыру шығынын өтеп, қалғаны табыс көлемі болады. Біздің мысалымызда табыс көлемі 11,9 млн. долл.

8 кезең: Смит тұрақты шығындарды есептеу үшін жәшікке жұмсалатын 1 долл. 7 млн. жәшік санына көбейту арқылы 7 млн. долл. анықтайды.

9 кезең: Смиттің есебі бойынша вал табысы 11,9 млн. долл, осының есебінен тұрақты шығындар, маркетингті ұйымдастыру шығындары өтеледі және олардан қалғаны табысқа жатады. Бұл сомадан 7 млн. долл тұрақты шығындар сомасын алып Смит маркетингті ұйымдастыруды өтеуге және табыс есебіне - 4,9 млн долл. қалғанын есептейді.

10 кезең: кетчупты өткізуден түсуге тиісті бақылаудағы көрсеткіш 1,9 млн. долл.

11 кезең: мақсатты табыс сомасын (1,9 млн. долл) вал табысының маркетингті ұйымдастыруға және табысқа қалдырылатын бөлігінен (4,9 млн. долл) алатын болсақ оның айырмашылығы 3 млн долл. маркетингті өткізуге жұмсауға болады.

12 кезең: Смит маркетингке арналған 3 млн. долл. бюджетгі маркетинг кешенінің жарнама, өткізуді ынталандыру және маркетингілік зерттеулер сияқты құрылымдары үлесіне бөледі. Бөлу әдетті түрде өткен жылғы пропорция мөлшерінде, демек, ассигнацияланған қордың 2/3 жарнамаға, 1/3 шамалы төменірегі өткізуді ынталандыруға, ал қалғаны маркетингілік зерттеуді өткізуге жұмсалады.

ТАБЫСТЫ ОПТИМИЗАЦИЯЛАУ НЕГІЗінДЕ ЖОСПАРЛАУ. Мақсатты табыс көрсеткіші негізінде жоспарлау канағаттанарлықтай табыс келтіргенімен максимальды табыс келтіруді міндеттемейді. Енді табысты оптимизациялау жоспарын дайындау проблемасына тоқталамыз. Табысты оптамизациялау басқарушының сату көлемінің маркетинг кешенінің басқа құралымдарымен байланыста екенін тікелей түсінуді талап етеді. Өткізу көлемінің және маркетинг кешенінің бір немесе бірнеше құралымдарымен байланысын қамтамасыз ету үшін өткізу реакциясьның функциясы деген терминді пайдаланамыз.

Өткізу реакциясының функциясы - анықталған уақыт аралығында маркетинг кешенінің бір не бірнеше элементтеріне шығын деңгейінің әртүрлі жағдайында сату көлемін ықтималды түрде болжау.

9 кесте.Мақсатты табысты жоспарлау



Жоспарлау кезеңдері

Бағалау нәтижелері

1.Нарықтың жалпы көлемін болжамдау

25 млн. жәшік

2.Фирма нарқының үлесін болжау

28%

3.Сату көлемін болжамдау

7 млн. жәшік

4.Дистрибьюторларға сату бағасын белгілеу

4,45 долл. әр жәшікке

5.Сатудан түскен соманы санау

31,15 долл. әр жәшікке

6.Айналмалы шығындар сомасын санау

2,75 долл. әр жәшік

7.Құрамына тұрақты шығындар маркетингті өткізуге керекті шығындар өтелетін және табыс алынатын вал табыс сомасын есептеу

11,9 млн. долл

8.Тұрақты шығындар сомасын есептеу

7 млн. долл

9.Вал табысының маркетингті өткізуді өтеуге кететін шығынын және табысқа қалатын бөлігін есептеу

4,9 млн. долл

10.Мақсатты табыс сомасын есептеу

1,9 млн. долл

11.Маркетингке жұмсауға болатын соманы есептеу

3 млн. долл

12.Маркетинг бюджетін бөлу:




Жарнамаға

2 млн.долл

Өткізуді ынталандыруға

0,9 млн. долл

Маркетингілік зерттеулерге

0,1 млн. долл

Ақпарат көзі:1, 437бет

Өткізу реакциясының тағы бір функциясы 4 суретте келтірілген. Одан, фирма белгіленген уақыт аралығында маркетингке неғүрлым көбірек шығынданса, согұрлым өткізу көлемінің өсу ықтималдығы көрсетілген. Біздің суретімізде ирек 8 әрпі түрінде көрсетілген, бірақ ол басқа түрде де болуы мүмкін, 8-түрлі ирек маркетинг шығынының төменгі деңгейі (100 мың долл) өткізудің өсуінің екі талай екенін көрсетеді. Маркетинг шығынының жоғарырақ деңгейі (200 мың долл) өткізудің деңгейін камтамасыз етеді. Бірақ шығын-ның өте жоғары деңгейі өткізудің пропорционалъды турде өсуіне әкеліп соқтырмауы мүмкін, демек, «маркетингілік асып кету» деп аталатын эффектінің пайда болуы. Шығын деңгейінің өте жоғары кезінде сату көлемінің қысқаруын бірқатар себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, әрбір нақтылы тауарға деген жалпы сұранымның қайсы бір жоғарғы шегі болады. Ең көнімді потенциалды тұтынушылар тауарды бірден сатып алады, ал көнбейтіндердің ешқандай реакциясы болмайды. Жоғарғы шекке жақындаған сайын қалған потенциальды тұтынушыларды тарту бірте-бірте қымбаттай түседі. Екіншіден, фирма өз маркетингілік жұмыстарын интен-сивтендірген сайын, бәсекелестер де сонымен айналысатыны сөзсіз. Соның нәтижесінде әр компания өткізуге қарсыластықтың өсе түсуіне тап болады. Және үшіншіден, өткізу ылғи тұрақты өсу темпінде болса ол ақырында табиғи монополияны болдырар еді. Әрбір салада тек қана бірден-бір фирма билік жүргізер еді. Бірақ бұл жағдай бола қоймайды.

100 200 300

Белгіленген уақыт аралығындағы маркетинг шығыны,мың.долл

3 сурет. Өткізу реакциясы функциясының мүмкін түрі

Ақпарат көзі:1, 438 бет

Маркетинг кызметінің басқарушысы өткізу реакция функциясын алғашқы бағалауды өз фирмасы жұмысы туралы калай құрастыруы керек? Мұны үш тәсілмен орындауға болады. Біріншіден, статистикалық әдіс деп аталатын, демек, басқарушы өткенде сатылған көлем, маркетинг кешенінің айналмалы деңгейі туралы деректер жинайды және өткізу реакциясы функциясын статистикалық әдістер көмегімен бағалайды. Екіншіден, маркетингілік шығындар деңгейін және оларды бөлуді аналогиялы географиялық не басқа бірліктер бойынша түрлендіріп, кейіннен өткізу көлемінің нәтижелерін өлшеуге болатын тәжірибелі әдіс бар. Үшіншіден, қажетті шығындар деңгейін белгілерде эксперттердің негізделген болжамдарын басшылыққа алатын экспертті бағалау әдісі бар. Өткізу реакция функциясын бағалауға алынған деректерді коммерциялық мекемелер қалай пайдалануына болады?

4 суретте олардың көмектерімен маркетингілік шығындардың оптимальды деңгейі көрсеткішіне шығуға болатын бірнеше ирек сызықтар көрсетілген. Кілтті ирек өткізу реакция функциясы ирегінен басталық. Ол екі айырма-шылығына қарамастан 3 суретте келтірілген 5 - түрлі иректі еске салады. Біріншіден, бұл жағдайда өткізу реакциясы сатылған тауар бірліктер санымен көрсетілмей ол максимальды табыс деңгейіне сәйкес маркетингілік шығын деңгейін анықтауға мүмкіншілік беретін сатудан алынған ақша сомасын көрсетеді. Және, екіншіден, өткізу реакциясының нөл белгісінен жоғарыдан басталатыны көрсетілген, өйткені өткізудің біршама көлемі маркетингке шығынданбаған жағдайда байқалады.

Маркетингілік шығындардың оптимальды деңгейін анықтау үшін маркетинг басқарушысы өткізу реакциясы функциясынан барлық маркетингке жатпайтын шығындарды шығарып тастап, соның нәтижесінде вал табысы функциясын алады. Содан кейін маркетингілік шығындар функциясы нөл белгісінен басталып, маркетингілік шығынның бір доллары горизонталь бойынша вертикальдың әр он долларына қатынаста көлбей жоғары көтерілетін түзу сызық жүргізіледі. Содан кейін вал табыс функциясынан маркетингілік шығындар функциясын азайту арқылы табыс нетто функциясын шығарады Табыс-нетто функциясы маркетингілік шығын деңгейлерінің Мтөмен және Мжоғары пайдалы таза табысты көрсетеді, Міне осы маркетингілік шығынның рациональды диапозоны. Таза табыс функциясы өзінің максимумына М нүктесінде жетеді. Сондықтан максимальды таза табыс келтіретін маркетингілік шығын деңгейі М долл. тең болуы керек.

Графикалық шешімді сан бойынша не алгебралық шешіммен алмастыруға болады. Айтқандай-ақ, егер өткізу көлемі маркетинг кешенінін бірнеше айналмалысының туындысы болған жағдайда бұл есептеуді бәрі бір орындауға тура келеді.

4 сурет. Өткізу көлемі,маркетинг шығыны деңгейі және табыс араларындағы

байланыстылық.

Ақпарат көзі:1, 439 бет



Қорытынды
Халықаралық жүйелердің дамуының негізгі тенденцияларының бірі жоспарлау болып табылады.Бұл тенденция бір жағынан жоспарланып отырған мақсаттарды,міндеттерді жүзеге асырады,ал екінші жағынан халықаралық байланыстардың дамуы,мемлекетаралық тасымалдау, телеком-муникациялық,дисстрибутивтік және басқа да жүйелердің құрылуы мен дамуына жол көрсетеді.Жоспарланған шаралар өткен жылдармен салыстырғанда халықтың әл-ауқаты,тұрмысы жақсарғанын көрсетеді.

Фирмалардың бәрі бірдей ресми қабылданған жоспарлау жүйесін пайдалана бермейді, ал пайдаланатындары оны ылғи жақсы орындай қоймайды. Ал формальды жоспарлау бірталай табыстар келтіруі мүмкін ғой. Мұндай жағдайды жүйелі түрде ойластыру, фирманың әрекеттерін дәл үйлестіру, міндетті тура қою, қол жеткен нәтижелерді жетілдірілген әдістермен өлшеу, т.б болады. Осының бәрі өткізудің және табыстың өсуіне жеткізуі керек.

Қазіргі нарықты экономикаға байланысты әрбір кәсіпорынның жұмыстарын тиімді жоспарлауды өте қажет етеді.Сол себептен курстық жұмыстың тақырыбы кәсіпорындағы маркетингті жоспарлау деп алынды.Осыған байланысты курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жоспарлау туралы маңызымен қажеттілігін ашып берді,екінші бөлімінде «Қант»ААҚ-ң қызметі жөнінде толығымен талдауы жүргізілді.Ал үшінші бөлімінде стратегиялық жоспарын әзірлеуі қарастырылды.Зерттеліп отырған кәсіпорынның негізгі қызметі әртүрлі қант өнімдері түрлері шығару болып есептеледі.

Фирма шегіндегі кез келген жоспарлауға стратегиялық жоспарлау плацдарм болады. Стратегиялық жоспарлаудың құрамы:фирма бағдарла-масын дайындау, оның мақсаты мен міндетін тұжырымдамалау, шаруашьшық портфелін талдау және мекеменің келешекте өсуін жоспарлау.

Фирманың өсуін қамтамасыз ету үшін стратегиялық жоспарлау фирманың бәсекелестік тым басым өрістерінде нарықтың мүмкіншіліктерін ашуды талап етеді. Мұндай мүмкіншіліктерді қазіргі тауар - нарық жұмыс-тарының масштабындағы интенсивті өсу жолдарынан (нарыққа енуді тереңдете түсу, өз нарқының шекарасын кеңейту не тауарды жетілдіру), сала шегіндегі интеграциялы өсу жолдарынан (регрессивті, прогрессивті не горизонтальды интеграция) және диверсификациялық өсу жолдарынан (концентрациялы, горизонтальды не конгломератты диверсификация) ашуға болады.

Әрбір өндіріс стратегиялық жоспарды дайындағаннан кейін, тауарлар, маркалар, жеке нарықтар бойынша маркетингілік жоспарларды дайындауы қажет. Маркетинг жоспарының негізгі бөлімдері: бақылау көрсеткіштерінің жоспарының негізгі бөлімдері, бақылау керсеткіштерінің жиыны, күнделікті маркетингілік жағдайды дайындау, қауіптілік және мүмкіншіліктер тізімі, міндеттер және проблемалар тізімі, маркетинг стратегиясын баяндау, әрекеттер бағдарламасы, бюджеттер және бақылау тәртібі. Жоспардың маркетингі бюджеті тарауларында табысты оптимализациялау не мақсатты табыс көрсеткіштерін белгілеу әдісі не өткізу реакциясы функция әдісімен белгіленуі мүмкін.

Зерттеліп отырған кәсіпорынның негізгі қызметі қант өнімдерін шығару болып табылса,ал негізгі қызмет емес болып сол қант кәсіпорынның төңірегіндегі орналасқан жергілікті тұрғындарға әртүрлі коммуналдық оның ішінде жылу,ыстық сумен,энергиямен,сумен қамтамасыз ету.Бұл кәсіпорынның қазіргі жағдайы жақсы деп айтуға болады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Котлер Ф. Маркетинг негіздері:проф.М.Ізбасардың жалпы редакциялауы-мен ағылшын тілінен тәржімеленген-Алматы:Жазушы,2000.

2.Есімжанова С.Р. Маркетинг оқу құралы.-Алматы:«Эко»Баспа үйі,2005.

3. Есимжанова С.Р. Маркетинг в Казахстане:теория,методология,практика.-Алматы:Аян Әдет, 2001.

4. Сүндетов Ж. Планирование и прогнозирование в условиях рыночной экономики:Учебное пособие(2-е издание,дополненное и переработанное)-Алматы:Экономика, 2004.

5.Маркетинг:Учебное пособие/под.ред. Н.К.Мамырова.Алматы:Экономика, 1999.

6.Ілиясов Д.Қ. Маркетинг:теориясы мен практикасы:Оқу құралы:Алматы, Қазақ Университеті,2002.

7.Голубков Е.П.Основы маркетинга.-М.:Издательство«Финпресс»,1999

8.Дюсембекова Ж.М. Маркетинговые исследования:Учебное пособие-Алматы: «Экономика»,2005

9.Котлер Ф.,Армстронг Г. и др.Основы маркетинга.-2-е европейское издание-М.;СПб.;К.: Издат.Дом«Вильямс»,1999.



10.«Қант»ААҚ-ның мәліметтері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет