1.2 Куттерлер классификациясы
Куттерлердің өнімділігіне, көлеміне, функционалдығына байланысты әр түрлі маркалары болады.Оларды таңдау өндіріс түріне және куттердің қанша орын алатынына тәуелді.Сонымен қатар куттерді орналастыру барысында оның электр желісіне жақын болуын және оның кернеуі 380В-тан кем болмауын қадағалау керек.
Л5-ФКМ куттері шикізатты өте жұқа ұсақтауға арналған.Мұнда температурасы -1 ден +5-ке дейін тоңазытылған, массасы 0,5кг-нан аспайтын ет бөліктерін, сонымен бірге өлшемі 190x190x75 мм болатын, -8°С -ден төмен емес температурада мұздатылған ет жиынтықтарын ұсақтауға болады.Куттер тұғырдан, ыдыстан, бұрамдық редуктордан, кескіш білік пен жетектен, түсіруші мен тиеу механизмінен, қақпақтан және электроқұрылғысынан тұрады.
2-сурет. Л5-ФКМ куттері.
ВК-125 вакуумды куттері алдын ала ұсақталған немесе кесектелген қайнатылған, мұздатылған, қатырылған еттен және майдан жасалған жоғары сапалы фаршты дайындауға арналған.Ол кескіш білік пен ыдыстың электрқозғалтқышы бар тұғырдан, кескіш біліктен, қақпақтан, түсіру механизмі мен су дозаторынан, вакуум және басқару жүйелерінен тұрады.Ыдыстың айналуы екі тіркеу жылдамдығы бар айнымалы ток электржетегінен іске асады.Кескіш білік үшін кері бағытты айнымалы ток электржетегі қолданылады.
3-сурет. ВК-125 куттері.
Л5-ФКБ куттері өте жоғары өнімділік пен қуаттылыққа ие, электр энергиясын көп қажет етпейтін куттер түрі.Оның ауданы онша улкен емес, сондықтан өндіріс желісінде көп орынды алмайды.Бұл куттерді піскен шұжықтардың барлық түрі үшін, сосискалар мен сарделькаларға, жартылай немесе шикі ысталған шұжықтарға арналған шикізатты ұсақтау үшін қооланады.Куттер шойын тұғырдан, сыйымдылығы 250л ыдыстан, кескіш білікті жетектен, ыдыс жетегінен, қақпақтан, пышақтан, тиеуші мен түсірушіден, электрлік схемадан және басқару пультінен тұрады.
4-сурет. Л5-ФКБ куттері.
1.3 Құрылғының конструкциясы, жұмыс істеу принципі.
Куттер типі - атмосфералық қысымда (ашық күйде) жұмыс жасайтын түрі.Куттердің тұғыры шойыннан жасалған екі бөлек қуыстан тұрады.Олар өзара болттармен бекітіледі. Тұғырдың төменгі жағында берік бекітілген плиталарда кескіш білік пен ыдыстың электрқозғалтқыштары , жоғарғы жағында кескіш жетегі, ал диафрагмасында ыдыс білігінің бұрамдық редукторы орналасыд. Кескіш білік тұғыр корпусындағы мойын тірекке (подшипник) орнатылған. Кескіш біліктің оң жағында оның қозғалуы үшін шкив, ал сол жағында , ыдыстың астында кескіш бастары бар пышақтар болады.
Ыдыс жетегінде вертикальды орналасқан бұрамалы редуктор болады.Ыдыс бұрамалы редуктордың қақпағындағы подшипникке сүйенеді.Түсіру механизмінің конструкциясы бір жағында - жетек электрқозғалтқышы бар, бір жағында - түсіргіш құбыры бар цилиндрлі редуктордан тұрады.
Корпус ішінде тәрелкенің төтенше жағдайында түсіру механизмін өшіріп отыратын электромагнитті муфта болады.Куттердің кесу аймағы арнайы қырғыштары бар қақпақпен жабылып тұрады.
Су дозаторы ыдысқа таза су беріп отыратын электрқозғалтқышы бар насостан, суөлшерден және электромагнитті клапаннан тұрады. Тиеу механизмінде куттерге шикізатты тасымалдауға арналған арбашасы және шойын тұғырғы орнатылған төңкеру механизмі болады. Ал төңкеру механизмінде тұтқалар(рычаг) желісі орнатылады. Басқару пультінде тұғырдың оң жағындағы арнайы кронштейнге орнатылған басқару панелі бар шкаф болады. Күш аппараттары, автоматика мен электрқондырғыларын қорғаушы элементтері тұғырдың қуысында орналасады. Тұғырдың диафрагмалары арнайы резеңкелі қақпақпен жабылады.
Жұмыс істеу принципі. Куттерді іске қосар алдында оның санитарлық жағдайы, пышақтарының өткірлігін және кескіш білікке берік орналасуын қадағалайды. Сонан соң қорғаныш қақпағын түсіріп, болттар көмегімен рамаға бекітіп, оны қосады.Куттердің қосылуы "Пуск" батырмасының көмегімен іске асады. Айналым электрқозғалтқыштан жүзді-белбеулі беріліс арқылы кескіш білік пен кесуші механизмге беріледі. Бір уақытта осы электрқозғалтқыштан бұрамалы беріліс пен муфта арқылы айналым куттердің қабылдаушы ыдысына беріледі. Кейін шикізат біркелкі жылдамдықта ыдысқа тиеледі. Куттердің ыдысы 25 айн/мин жиілікте айнала отырып , шикізатты кесуші механизмге жібереді және шикізат тез айналатын серповидті пышақтармен ұсақталады. Шикізат кесуші механизмнен қайта-қайта өту арқылы толығымен біртекті ұсақталады. Куттерлеу кезінде қорғаныш қақпағының ішкі жағында орналасқан қырғыш ыдыс шетіне шығып кеткен шикізатты ортасына қарай ысырып отырады.
Куттерлеу - жеңіл, ұзақтығы шикізат түріне байланысты 2-4 минут болады. Процесс кезінде фарштың толығымен иленуі үшін жүйелі түрде мына операциялар іске асырылады: алдымен етті тиейді, 1-3 минуттан соң су құйылып, мұқият араластырылады, сонан соң татымдықтар , ұн немесе крахмал, т.б. қосылады. Шұжықтың арна йы сорттарына куттерлеу бітуіне 1 минут қалғанда шпик қосылады.
Процесті аяқтау үшін "Стоп" батырмасын басады.Содан кейін дайын фаршты қолмен немесе арнайы құрылғылармен түсіріп алады. Куттерлеу біткен соң толығымен санитарлық өңдеу жүргізіліп, куттер жуылып кейін құрғақ матамен сүртіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |