1.3 Құрылғының конструкциясы, жұмыс істеу принципі.
Куттер типі - атмосфералық қысымда (ашық күйде) жұмыс жасайтын түрі.Куттердің тұғыры шойыннан жасалған екі бөлек қуыстан тұрады.Олар өзара болттармен бекітіледі. Тұғырдың төменгі жағында берік бекітілген плиталарда кескіш білік пен ыдыстың электрқозғалтқыштары , жоғарғы жағында кескіш жетегі, ал диафрагмасында ыдыс білігінің бұрамдық редукторы орналасыд. Кескіш білік тұғыр корпусындағы мойын тірекке (подшипник) орнатылған. Кескіш біліктің оң жағында оның қозғалуы үшін шкив, ал сол жағында , ыдыстың астында кескіш бастары бар пышақтар болады.
Ыдыс жетегінде вертикальды орналасқан бұрамалы редуктор болады.Ыдыс бұрамалы редуктордың қақпағындағы подшипникке сүйенеді.Түсіру механизмінің конструкциясы бір жағында - жетек электрқозғалтқышы бар, бір жағында - түсіргіш құбыры бар цилиндрлі редуктордан тұрады.
Корпус ішінде тәрелкенің төтенше жағдайында түсіру механизмін өшіріп отыратын электромагнитті муфта болады.Куттердің кесу аймағы арнайы қырғыштары бар қақпақпен жабылып тұрады.
Су дозаторы ыдысқа таза су беріп отыратын электрқозғалтқышы бар насостан, суөлшерден және электромагнитті клапаннан тұрады. Тиеу механизмінде куттерге шикізатты тасымалдауға арналған арбашасы және шойын тұғырғы орнатылған төңкеру механизмі болады. Ал төңкеру механизмінде тұтқалар(рычаг) желісі орнатылады. Басқару пультінде тұғырдың оң жағындағы арнайы кронштейнге орнатылған басқару панелі бар шкаф болады. Күш аппараттары, автоматика мен электрқондырғыларын қорғаушы элементтері тұғырдың қуысында орналасады. Тұғырдың диафрагмалары арнайы резеңкелі қақпақпен жабылады.
Жұмыс істеу принципі. Куттерді іске қосар алдында оның санитарлық жағдайы, пышақтарының өткірлігін және кескіш білікке берік орналасуын қадағалайды. Сонан соң қорғаныш қақпағын түсіріп, болттар көмегімен рамаға бекітіп, оны қосады.Куттердің қосылуы "Пуск" батырмасының көмегімен іске асады. Айналым электрқозғалтқыштан жүзді-белбеулі беріліс арқылы кескіш білік пен кесуші механизмге беріледі. Бір уақытта осы электрқозғалтқыштан бұрамалы беріліс пен муфта арқылы айналым куттердің қабылдаушы ыдысына беріледі. Кейін шикізат біркелкі жылдамдықта ыдысқа тиеледі. Куттердің ыдысы 25 айн/мин жиілікте айнала отырып , шикізатты кесуші механизмге жібереді және шикізат тез айналатын серповидті пышақтармен ұсақталады. Шикізат кесуші механизмнен қайта-қайта өту арқылы толығымен біртекті ұсақталады. Куттерлеу кезінде қорғаныш қақпағының ішкі жағында орналасқан қырғыш ыдыс шетіне шығып кеткен шикізатты ортасына қарай ысырып отырады.
Куттерлеу - жеңіл, ұзақтығы шикізат түріне байланысты 2-4 минут болады. Процесс кезінде фарштың толығымен иленуі үшін жүйелі түрде мына операциялар іске асырылады: алдымен етті тиейді, 1-3 минуттан соң су құйылып, мұқият араластырылады, сонан соң татымдықтар , ұн немесе крахмал, т.б. қосылады. Шұжықтың арна йы сорттарына куттерлеу бітуіне 1 минут қалғанда шпик қосылады.
Процесті аяқтау үшін "Стоп" батырмасын басады.Содан кейін дайын фаршты қолмен немесе арнайы құрылғылармен түсіріп алады. Куттерлеу біткен соң толығымен санитарлық өңдеу жүргізіліп, куттер жуылып кейін құрғақ матамен сүртіледі.
ІІ ГРАФИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Жалпы көрініс
5-сурет. Л5-ФКБ куттерінің жалпы көрінісі.
Техникалық сипаттамасы
1 Өнімділігі , кг/сағ 2250
2 Ыдыс сыйымдылығы,л 250
3 Жүктеу коэффиценті 0,6
4 Айналым жиілігі ,с
пышақтар 26,50
ыдыс 14,55
5 Электрқозғалтқыштың кескіш білігінің қуаты,кВт 4,15
6 Бекітілген қуаты, кВт 44
7 Габариттік өлшемдері, мм 3600х2150х2300
8 Машина массасы, кг 3180
2.2 Куттердің кинематикалық сұлбасы
6-сурет. Кинематикалық сұлба
Куттердің кескіш білігінің кинематикалық сұлбасы:
1.Электроқозғалтқыштар
2.Сына-белдікті беріліс
3.Редуктор
4.Ыдыс
5.Шығару тәрелкесі
6.Пышақ басы
7.Кескіш білік
Достарыңызбен бөлісу: |