ҚОРЫТЫНДЫ
Экономика – өте терең және күрделі құбылыс. Оның заңдарын, тетіктерін біліп, оларды жақсы игермей, бір жүйеден екінші жүйеге көшу өте қиын да қауіпті қадам. Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Егемендікке қол жеткізгеннен бері елімізде жаңа саяси-әлеуметтік, жаңа экономика, әлем өркениетінің өктем талабынан туған жаңа жүйелер дүниеге келді. Бүгінгі Қазақстанның бет-әлпеті демократия мен нарық экономикасының барынша дамуы.
Бүгін тәуелсіздігіміздің 26 жылдығын атай отырып, осындай тұжырым жасауға толық негіз бар. Дегенмен оған жету үшін талай қиындықтарды бастан кешіруге тура келді. Талай рет ой-парасатымызды қамшылап соны шешімдерге бел байлап, ауқымды реформалар жүргізіп, талай белестерден сүрінбей өту керек болды. Олар бүгін артта қалып, тарих еншісіне айналды.
Оның негізгі арқауы – экономика. Егемендіктің алғашқы жылдарында ең қиын жағдайлар осы салада болды, ең ауқымды реформалар да осы салада жүргізілді. Ешбір елге еліктемей, тек өзіңе, Қазақстанға тән экономикалық дамудың үлгісін жасау керектігінен, егемендіктің нағыз тың, соны жолдары осы саладан басталды. 26 жылда жаңа ел болдық деп мақтанышпен айтуымыздың астарында да осы экономика саласында бүгін қол жеткен қомақты табыстар жатыр.
Дипломдық жұмысымды қорытындылай келе, Қазақстанның нарықтық экономикасын дамыту барысындағы тақырып аясында төмендегідей тұжырымдар жасағым келеді:
Қазақстан Республикасы егемендіктен соң тарихи тамыры бір, тілі мен діні және ұлттық санасы мен тілі бір Орталық Азия елдерінің ішінде, тіпті ТМД құрамындағы елдер арасында нарық кезеңінде экономикалық өркендеудің жаңа үлгісін көрсете білді;
Бүгінгі таңда Қазақстан бүкіл дүние танитын және құрметпен қарайтын нарықтық экономикасы дамыған мемлекетке айналып, әлемнің анағұрлым бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кірді;
Қазақстан өзге ТМД елдері сияқты Кеңестік кезеңнің салқын саясатын басынан кешірді, ұлттық мүдде, ұлтық мәдениет пен тіл барынша шет қақпай көрді. Егемендіктің таңын қарсы алған соң экономикалық саясатын нарықтық ашық экономикаға негіздеп, әлемдік экономикалық интеграция мен ықпалдасыққа бұра білді;
Экономиканың негізгі секторы олып саналатын өнеркәсіпті қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебі, өнеркәсіп кез келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды;
Бұрыннан қалыптасқан тарихи экономикалық байланыстары бар Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен шекаралас жатуы, еуразиялық көлік жолы жолының ел аумағынан өтуі, егемендік алғаннан кейін 120-дан астам елдермен эконмикалық байланыстар орнатуы Қазақстанның нарықтық экономикасының даму жағдайын бұрынғыданда жақсарта түсті.
Қорыта айтқанда, Қазақстанның нарықтық экономикасының дамуы болашақта да баянды даму болады деген сенімдемін, оған еліміздің мол экономикалық географиялық және әлеуметтік сондай ақ саяси мүмкіндіктері де негіз болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |