Мазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларында көркемдік-эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың теориялық негіздері


ІІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері арқылы көркемдік-эстетикалық тәрбие берудің әдістемелік негіздері



бет2/2
Дата09.07.2016
өлшемі0.56 Mb.
#186751
1   2

ІІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері арқылы көркемдік-эстетикалық тәрбие берудің әдістемелік негіздері.
2.1. Бейнелеу өнері пәні – балаларға көркемдік эстетикалық тәрбие беру көздерінің бірі.
Эстетикалық тәрбие әдісінің негізіне оқушы мен педагогтың көркем құндылықты қабылдауға, өнімді іс-әрекетке деген творчествалық қабілеттерді, әлеуметтік, табиғи, затты ортаға деген саналы қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекеті жатады.

Өмір құыбылыстарын эстетикалық қабылдау әрқашан да дара әрі таңдамалы. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Оқушы әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзінде оқушының бастан кешірген қуанышының, талпынысының, толғануының маңызы зор.

Эстетикалық тәрбие әдістері тіпті алуан түрлі. Олар көп жағдайға: көркем информацияның көлемі мен сапасына, ұйымдастыру формалары мен іс-әрекет түрлеріне, баланың жас мөлшеріне бағынышты. Педагогтың даярлық деңгейі, шеберлігі мен қабылетінің атқаратын ролі аз емес.

Эстетикалық информацияны оқушы көптеген каналдар бойынша (әлеуметтіе орта, заттық дүние, табиғи құбылыстар, көркем шығармалар) алады. Сондықтан да картинаның, ертегінің, фортепианолық пьесаның музыкалық-бейнелік құрылу сюжетін тұтастай қабылдау өте маңызды.

Бұдан әрі педагог балаға дыбыстарды беріле тыңдауға, заттың бояуы мен формасын зер сала қарауға көмектесу үшін оның назарын детальдарды қабылдауға, мақсатты бақылауға аударады. Мәселен, телевизиялық хабарды көруде ересек адам балаға жеке кейіпкерлерге, олардың мінез-құлықтарына, әдеттеріне ерекше назар аударуды ұсынады.

Кіші мектеп жасындағы оқушылар эстетикалық информацияны қалай алатындығына қарай (өнер туындысымен музыкалық пьесаны, әнді, ертегіні тыңдай, картиналарды көре отырып тікелей немесе әңгімелеп, түсіндіріп, сұрақтар қойып отырған тәрбиеші арқылы танысады) эстетикалық тәрбие әдістері мен тәсілдерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады. Оларға белгілі бір талаптар қойылады.

Әдеби және музыкалық шығарманы орындау көркем мәнді, эмоциялы болуы тиіс, әйтпесе өнермен кезігу әсерсіз болады. Сөйлесу әдісінде де оқушылар картинаның , өлеңнің, әнннің мазмұнын немесе тапсыпманың мәнін ғана түсінбей, кейіпкерлердің көңіл күйлеріне сәйкес жайды өз бастарынан кешіру үшін де жарқын образдылыққа жетулері қажет.

Әдістер іс-әрекеттің ұйымдастырылу формасына байланысты өзгеріп отырады. Көркем сабақтарда педагог дәл нұсқаулар береді, балаларға орындау тәсілдерін өздері табуын ұсынады т.б. Мәселен, өлең мен әндерді жаттап үйрену оларды үлкендердің алдын ала орындауын, шығарманың мазмұны мен күйін білдіретін көркемдік қасиеттері туралы әңгімелесуді, көрнекі құралдарды пайдалануды, балалардың тексті бірнеше рет қайталауын т.б. талап етеді. Көркем жапсыру сабақтарында балалардың өздері жеке бөлшектерден зат құрастыруға немесе тұтас материалдан (балшықтан, пластилиннен) жеке детальдар жапсыруға мүмкіндік беретін тәсілдерге үйретіледі. Демек, үйрету жеткілікті түрде тікелей өтеді. Баланың дербес іс-әрекет етуінде үлкендердің жетекшілігі жанама ықпалмен шектеледі, ол тек іс-әрекетке итермелеп, еске түсіреді немесе қателерді түзетеді.

Эстетикалық тәрбие әдістерінің мәні балалардың жас мөлшеріне де тәуелді. Кіші мектеп жасындағы балаларды әсемдік әлеміне тарта отырып, мұғалім оның назарын жапырақтардың күзде қандай болатындығына, бөлмеде реттілік, тазалық болудың қандай тамаша екендігіне аударады.

Балалардың алдына басты міндет – ересек адамның жетекшілігімен қоршаған дүниені активті "жасампаздықпен", бірақ олардың шама-шарқы жететіндей етіп өзгерту міндеті қойылады.

Бейнелеу өнері пәні бойынша оқу материалдарын жүйелі, бірізді және толық меңгеру мұғалімнің дұрыс іріктелген, ғылыми негізделген сабақ материалына байланысты.

Бейнелеу өнері пәні бойынша мұғалімдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, әрбір сабақтың мазмұнына көңіл бөліп қана қоймай, сонымен қатар оқу жылына толық сабақ жоспары жасалғаны жөн.

Бастауыш сыныптардағы тақырыптық сурет салу алдын ала байқау жүргізілгеннен кейін, көз алдына елестету арқылы сурет салудан тұрады.

Тақырыптық сурет салу үрдісінде балалардың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, сәуле түсіру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы, оқушылардың сурет салуда алғашқы біліктілігі қалыптасады. Мұғалім балалардың тақырып бойынша сурет салуда, тақырыпты дұрыс таңдағанына көңіл қойып, олардың сурет арқылы өздерінің ойларының құрылымдық, эмоциялық, көркемдік жағынан дұрыс немесе бұрыс шешілгендігіне назар аудару қажет.

Баланы тақырыптық сурет салуда шығармашылық ой-өрісін, оның қиялдауын асыра бағалаудан да сақ болу қажет.

Ойлау үрдісінде сурет салушы заттар мен құбылыстардың жалпы заңдылық байланыстарын байқайды, ой абстрактілі үрдіс болғандықтан, тікелей сезім мен қабылдауға аталған байланыстар көрінбейді. Ойлаған затты көз алдына елестету сурет салуға дейінгі үрдіс.

Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау, абстракциялау, т.б. үрдістер қатар жүріп жатады. Сонымен, бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып қалыптастырады. Аталған қабілеттерді көз алдына елестете білу мен біріктіру көркем ойлаудың негізін құрайды.

В.В.Алексеева "Баланың бойында суретші қасиетінің жоғалуына тек қана өкіну керек. Егер адамда дер кезінде ойлау дамытылмаған, қалыптастырылмаған болса, онда дабыл қағу керек, Өйткені ол бала маңызды жалпы адамдық негізден құр қалады", - дейді.

Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары болады. Оның осындай болуына тек болмыс туралы әсерлер ғана емес, сонымен бірге эмоциялық ойлау әсер етеді. Эмоциялық бастауды дамытпай, адамға нағыз қажет талғампаздықты, қиялдауды, көз алдына елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қалыптастыру мүмкін емес.

Бұдан басқа "Көркемөнерсіз өскен баланың мүмкіншілігі шектеледі, ал мүмкіншілік шектелуі қиялдау үрдісінің тоқтауына әкеледі, "- дейді Б.Т.Лихачев. Оның тұжырымдауынша, көз алдына елестету сөйлем дамуына тәуелді, яғни баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасының негізі болып саналады.

Қоршаған ортаға денен байқағыштықты, зеректілікті қалыптастыру көркемөнерлік материалдарды жылдам қабылдауға үйретеді. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынатыны мәлім.

Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын адамдар арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен не болмаса сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мұғалім өз сабақтарын құрғанда, оқушыларды қоршаған ортаның әсемдігінің, пішіні мен түсінің қарапайымдылығын, заттардың әдемілігін бағалау қабілеттерін арттыруға бағыштайтын тәсілдерді қолданғаны жөн.

Туған жердің әсемдігін көру, түстердің ғажап әлемін ашу, суретші құралдарымен (графикалық, кескіндемелік) беру, әрбір қимылды мұғалімнің тыңдатқан музыкалық үзінділерінен есту – бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Тек қана қоршаған табиғатты қабылдау үрдісінде емес, сонымен қатар шығармашылық жұмыстарды талқылағанда да қатарласып жүріп жатуы керек.

Сондай-ақ, мұғалім әуездік-қолданбалы өнермен таныстырса әдемілік, әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін қолдануы қажет.

Эстетикалық танымпаздық саласындағы балалардың алғашқы қадамы олардың суретке түсіретін бұйымдарды эстетикалық қабылдауымен, есінде қалғанын елестете сурет салумен, графиканы эмоциялық түсінгіштігімен тығыз байланысты.

Оқушылардың көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттері әдеби әуездік шығармаларымен көркемделеді. Ол республика өмірінен көріністерді тақырыптық құрылым арқылы көрсеткен кезде анық көрінеді.

Олар туған жерінің халық өнері, тарихи ескерткіштері, сәулет өнері туралы алғашқы білім алады. Бейнелеу өнері пәнінің мазмұндық ерекшеліктері оның елестету, қиялдау, көру, кеңістікке, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытуға бағытталуында.

Әрбір мұғалімнің алдына қойған мақсаты болады. Ал менің басты мақсатым болашақ өскелең ұрпақ бойына эстетикалық тәрбие беру. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамуына әсер ету мұғалімнің негізгі мақсаты. Мектепте эстетикалық тәрбие оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу, бала сезіміне әсер ету, сабақты қызықты өткізу әрбір педагогтың мақсаты.

Педагог сабақ беру кезінде үнемі ізденіс үстінде болады. Ол белгілі бір міндетті көздейді. Болашақ педагогтың міндеті кіші мектеп жасындағы бала бойында эстетикалық тәрбиені қалыптастыру. Сонымен қатар оқушыларға сыныптан тыс оқу жұмыстарын ұйымдастырып оқушы қабілетін, сана-сезімін, эстетикалық сезіміне, ой-өрісіне, талғамына әсер етіп, оның сезімін ояту менің міндетім.

Бастауыш мектептегі эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдауға және одан ләззат алуға үйретеді. Ал оған болашақ ұрпақты жетелейтін біз болашақ мұғалімдер. Оқушы бойында эстетикалық көзқарас қалыптастыру сонымен қатар өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезінуге мұғалімдер жетелеуге міндетті. Өйткені, педагогтар кіші мектеп жасындағы бала сезіміне алғашқы қадам, бағыт-бағдар береді.

Мұғалімдер бала тәрбиелеуде көптеген педагогтардың пікіріне, әдісіне жүгіне отырып жұмыс жүргізеді. Баладарды тәрбиелеуде көптеген келеңсіздіктерге кездеседі, сондықтан мұғалім оқушы тәрбиесіне көп көңіл бөлген жөн. Әрбір өмір сүрген адамға әрқашан эстетика қажет.

Эстетикалық тәрбиесіз адам өмір сүре алмайды. Эстетикалық тәрбие балаға тек мектепте ғана емес, үйде, қоғамда, сабақтан тыс жұмыста, көшеде жүрсе де керек. Сол үшін біз мұғалімдер әрқашан көптеген педагогтармен пікір алмасып белгілі бір тиімді әдіске сүйене отырып жұмыс жүргізуіміз керек. Сонда ғана біз ойы кең, талғамы биік, ынтасы зор, қызығушылық қабілеті мол болашақ Қазақстан Республикасының эстетикалық тәрбиесі бар өскелең ұрпақ тәрбиелейміз.

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рол атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілік тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені үйренетін етіп дамытуымыз керек.

Адамның әсемдікті және сәулеттілік, ұждансыздықты, қуаныш пен оның сапалы тәртібімен айқындалады. Осыдан келіп адамының әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу – тәрбие оқушының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселелердің қоғам дамуына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық көзқарастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсерлі жақтары ықпал етеді.

Эстетикалық көзқарастар адамның арақатынасын айқындайды. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектің кезеңінен бастап әдемілікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында аса құмарлықтары бар қатар-құрбыларына, ересектерге және балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болғаны оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балада сонымен қатар әсемдігі ашылады.

Ерік әсемдігін үйретіп, қоғамдық іс-әрекеттер әсемдігіне сезімталдығына тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбекке белсенділігін кеңейтуге дем береді.

Эстетикалық көзқарасқа тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жаңаша мағынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдарын өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін нығайтудағы бағытталғандығынан туындайды. Әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап теді.

Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы сол арқылы санаға өте күшті әсер етуі жүзеге асады.

Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасы тәрбиелеу дамыған сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушының жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол –іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының эстетикалық көзқарысының дамуы, білім алуы, қалыптасу құралдарына айналды.

Кең ой-өрістік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнын және ақыл-ой еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, жан сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде оның нәтижелі, сұлулығы ерекше көрсетіледі.

Бейнелеу іс-әрекетінің барысында балаларға көп көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және эстетикалық тәрбие арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулықтары т.б. әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты дамытуы. Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дәлел беруінде болады.

Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбекті тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді.

Ерлік пен шын азаматтың әсемдігі адамдарды қоғамдық тәрбие және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді. Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болған нәрсе- оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы -өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салалармен тығыз байланысты қаралады.

Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдегін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу – адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.

Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесін көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.

Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбекті, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырлы өнерін білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қандай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну және оны түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән баласында бәрі бір, әрбір адамда білім болуы қажет.

Білім адамды тәрбиелік объективтік критерилерімен қаруландырады. Білім – адамды сұлулықты бағалай біледі, түсінеді.

Айналадағы дүние сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыласы, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады. Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру – эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті.

Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.

Көркемдікке және сұлулыққа баға бері үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным – бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы дәемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларында жоғары талап қою.

Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу жарысы өтікізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға – көркемдігін келістіре орындағаны үшін, екінші бағасы мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады.

Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.

Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдауымен, немесе шығармашылықпен байланысты іс-әрекетке мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда біздің қоғам өміріндегі қажетті мәселелердің бірі – баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.

Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек.

Қазіргі педагогикалық практикада кіші мектеп жасындағы оқушылардың творчествалық қабілеттерін дамытудағы неғұрлым тиімді әдіс блып табылатын творчестволық тапсырмалар беру кең қолданылады. Мысалы, өздерінше жұмбақ, ұйқас, синонимдер ойлап табу балалардың белсенділігін дамытады. Мұғалім балалардың өлең қиыстыруға, ойында ерекше қимыл табуға, биде жаңа композиция жасауға ықыласын тудырады.

Бейнелеу іс-әрекетінде ойлағандарын жақсылап жүзеге асырулары үшін мұғалім балаларға материалдарды, түс үйлесімдігін, формаларды т.б. таңдағанда өздігінен қызықты шешім табуды ұсынады. Осы шарттарды орындау үйретуді творчестволық процесті көтермелейтін мәнді факторға айландыруға мүмкіндік береді.

Кіші мектеп жасындағы балаларды көркем іс-әрекетінің маңызды шарты олардың өзіндік іс-әрекеті болып табылады, ол үлкендердің іс-әрекеттерімен өзара байланыста болады. Тапсырманы балының өзі жасай алатындай тәсілдер жүйесін қамтымасыз ету керек. Қабылдау, елестету, орындауды қалыптастыруға ықпал ету тәсілдерінің екі түрі бар.

Бірінші. Педагог балаларды шығармының мазмұны, сипаты, бейнелеу құралдары жөнінде өздігінен ой айтуға, өзінің және өз құрбыларының тапсырманы орындауларын бағалауға, балалардың өздері өткізетін түрлі теңестіруге, салыстаруларға жетелейді.

Екінші. Балалар неғұрлым күрделірек жағдайларда тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды, мысалы, фортепианоның сүйемелдеуінсіз ән айтады, алдын ала ескертпей ақ қимылдар жасайды, өз ойлары бойынша сурет салады. Өзіндік іс-әрекет неғұрлым жеңіл жағдайда да мұғалім не істеу керек екенін айтып, бала өзін-өзі бақылай отырып, өз орындауындағы кемшіліктерді өзі түзетуге тапсырма алады.

Бала сабақта өзіндік іс-әрекет жолдарын меңгеріп алып, оларды өзгенің көмегінсіз басқа жағдайларда қолданады.

Эстетикалық тәрбие творчестволық қабілеттерді дамыту үшін құрамына қабылдау мен елестету сапасы енетін арнайы тәсілдерді қарастырады: түстің, форманың, көлемнің үйлесімділігін, музыкалық дыбыстардың жоғары-төменділігі, созылыңқылығы, ырғағы, динамикасы бойынша арақатынасын, музыкалық, поэтикалық есту қабілетін, көркем талғамын тағы басқа ажырату.

Методикалық тәсілдер эмоциялық бастау, оқу мақсатын түсіну, машықтандыру сипатындағы және өзіндік іс-әрекет жаттығуларын қарастыру керек. Бұл жұмыс сәбилік шақтан басталады да жас сатыларына қарай бірте-бірте тереңдей түседі.

Әдістер мен тәсілдерді практикалық қолдану балалардың жас шағына және дара ерекшеліктеріне тура байланыста болады да бүкіл коллективтің және әр баланың жеке бет алысын есепке ала отырып, бөлек-бөлек құрылады.

Балалардың әнге, биге, өлең оқуға, сурет салуға, жапсыруға деген қабілеті ерте көзге түседі. Олардың бейімділігін зерттей отырып, қиындығы түрліше тапсырмаларды орындауды ескеретін методика жасап шығу қажет.

Мектепке дейінгі балалық шақта ойын методикалық тәсілдері кеңінен қолданылады. Егер мұғалім ойын жағдайларын туғызса, егер көркем материалдар тартымды формада берілсе, егер балалар арасында ойын жарыстары пайда болса, бала әр түрлі іс-әрекеттерді табысты игереді.

Кейбір әдістер қарама-қайшы сипатта болады. Бірақ оларды құрайтын тәсілдер бір-бірін толықтырып тұратындай болады. Міне, солардың кейбіреулері:



  • өнер шығармаларын, орындау тәсілдерін көрсету барысында айтатын мұғалім сөзі (түсіндіру, нұсқау) және көрнекілік әдістер;

  • саналы қатынасты талдай, салыстыра білуді дамытатын және эмоциялы толғануларды оятатын тәсілдер;

  • дәл атқарылуға тиісті іс-әрекеттерді көрсету және өзіндік іс-әрекет жолдарын қалыптастыру тәсілдері;

  • жаттығуға, дағдыларды жаттықтыруға бағытталған тәсілдер және өзіндік ерекшелікті, өзіндік орындалуды, тапқырлықты, құбылмалылықты қалайтын творчестволық тапсырмалар.

Тұтас алғанда мүмкіндігінше әртүрлі әдістер кешені ғана баланың толық құнды көркемдік дамуын қамтамасыз ете алады.

2.2. Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие берудің жолдары.
Педагогикалық ғылым мен практика балалардың эстетикалық сезімдердің, қарым-қатынастардың , ой қорытындылаудың, бағалаудың практикалық іс-әрекеттердің қалыптасуына көмектесетін неғұрлым тиімді әдістерді анықтайды:

  • эстетикалық қабылдауын, бағалауын, талғамының бастапқы көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдісі;

  • қоршаған ортаны жасампаздандыруға және мінез-құлық мәдениеті дағыларын қалыптастыруға арналған практикалық іс-әрекеттерге үйрету, жаттықтыру әдісі;

  • творчестволық және практикалық іс-әрекеттерге итермелейтін проблемалық ситуациялар әдісі;

  • әсемдікке бірге толғанып, эмоциялық жағымды ықылас тудыруға және қоршаған дүниедегі сұрықсыздыққа жеке көре қарауға ояту әдісі.

Эстетикалық тәрбиеде қолданылатын сендіру әдісінің ерекшелігі оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайдалану керек екендігі. Балада эмоциялық үн қосу өнер шығармаларымен тікелей ұшырасқанда, оның қоғамдық мерекелерге қатысқан т.б. кездерінде пайда болады.

Бұл әдісті көрнекілік, сондай-ақ сөйлесу әдісі деп санауға болады, өйткені балалардың бақылауларының кез-келгені баланың сезімі мен ойын оятарлық мұғалімнің сол сәттегі немесе кейініректегі түсініктемесімен қосарланып отырады. Неғұрлым жарқын да әсерлі көркем шығармаларды таңдап, тиісті ситуация мен жан толқынысын тудыра білу маңызды.

Педагог балаларға ұсынылатын материалды жақсы меңгеруі қажет. Оның сөзі нақты, мәнерлі болуы тиіс. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың назарын түрлі формадағы әсемдік көріністеріне аударып, тәрбиеші нақты мысалдар арқылы оны "ненің жақсы, ненің жаман" екенідігіне сендіреді.

Үйрету, жаттықтыру әдісінің мәні – баланы тыңдай, көре, бағалай білуге және соған сәйкес белсенді іс-әрекететуге үйрету. Жүйелі түрде көркем іс-әрекетке жаттығу, шамасы келгенше таяу маңды өзгертуге араласу балалардың белсенділігін тереңдетеді.

Үйрету, жаттықтыру әдісі көп қайталауды талап етеді. Ол түрлі жағдайларда қолданылады. Ситуацияны өзгерту балаға меңгергендағдыны пайдалануға, одан әрі жетіле түсуге көмектеседі.

Қазіргі кезедегі педагогика ғылымында сабақтарда "проблемалық" ізденіс ситуацияларын тудыру, әр балаға әр түрлі және жеке-жеке қатынас жасау жолымен қарау қажеттігін қарастыратын көркем білім беру шығармашылығына ерекше мән беріледі.

Белгілі дидактиктер М.Н.Скаткин және И.Я.Лернер бұл жайында: "… кез келген әдіс қойылған мақсатты, соған сәйкес іс-әрекетті, қажетті құралдарды, объектінің өзгерту процесін, қол жеткен мақсатты (әдісті қолдану нәтижесі) бағдар тұтады" – деп жазады.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты және оның міндеттері бағдарламада тұжырымдалған. Көркем іс-әрекет өнердің, әдебиеттің түрлі түрлеріне сәйкестендіріледі және балаларды сурет салуға, билеуге, театр ойындарына т.б. тартуға бағытталған.

Мұнда пайдаланылатын құралдарға әдеби, музыкалық шығармаларды, иллюстрацияларды, шағын мүсіндерді, қуыршақ, көлеңке театрларының заттарын, құраққа арналған көркем амтериалдарды және басқаларды жатқызуға болады. Олар іс-әрекеттің әр түрлі тәсілдерін игеруге көмектеседі.

Қазіргі жағдайда мектепте эстетикалық тәрбие беруде мына міндеттер алға қойылып отыр:



  1. Балалардың әсемдікті қабылдаудын, эстетикалық сезімін, елес-қиялын жүйелі дамыту. Өнердің барлық түрлері, табиғат пен тұрмыс бұған көмектеседі, тікелей эмоциялық ықыластылық, қуаныш, толқу, таңдану қызығу тудырады.

  2. Балалардың тұрмысқа, табиғатқа, қоғамдық қарым-қатынасқа әлі келгенше әсемдік элементтерін енгізу қажеттігі мен әдетін баули отырып, оларды өнер саласындағы іс-әрекетке тарту.

  3. Балалардың эстетикалық талғамының негізін және өнер туындылары мен өмір құбылыстарын өздігінен бағалай білу қабілетін қалыптастыру.

  4. Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олардың өнермен байланыстағы іс-әрекеттері әрқашанда ешқандай зорлықсыз, қуанышты талпыныспен, шығармашылық қиялмен, ынтамен суарылған болуы керек. Бала эстетикалық жағынан неғұрлым дамыған болса, оның көркемдік іскерлігі соғұрлым кеңірек болады.

Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие жөніндегі жұмыс тәрбие процесінің барлық жақтарымен тығыз байланысты, ұйымдастыру формалары тым сан алуан және оның нәтижелері іс-әрекеттің әр алуан түрінде көрініс табады. Бұл жұмыс мыналарды қарастырады:

  • тұрмыста, еңбек, ойын процесінде қоғамдық және табиғи құбылыстармен таныстыру арқылы қоршаған болмысқа деген эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу;

  • өнер құралдарымен эстетикалық тәрбие беру (көркем тәрбие, шығармашылық қабілеттерді дамыту).

Айналадағыларға деген эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу баланың жеке басының көптеген қасиеттері қалыптасуына көмектеседі. Бұл – жас кезеңдерңн айқын ажырату қиын соғатын күрделі де ұзақ процесс.

Бастауыш мектеп тәрбиенің ең маңызды міндеттерінің бірі – баланы мектепте өнерге даярлау. Сондықтан мектептеге жұмыс мазмұны, онда қазіргі мектеп талаптары және оның даму перспективалары ескерілетіндей болып құрылады.

Баланың мектепке даярлығы оның қажетті білім және дағдылары бойынша жинақтауымен ғана емес, жаңа жағдайда еркін бағдарлау және әркекет ете білунен де көрінеді. Егер педагог оқыту мен тәрбиелеудің әр кезеңінде балалардың бұрын игергендеріне сүйенсе және балаларды бұдан әлдеқайда жоғарырақ сатыларда күтіп тұрған жаңалықтарды бағдар тұтса, бұл жағдайда оның жақсы нәтижелерге қолы жетеді.

Эстетикалық тәрбие жөніндегі жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оның әр түрлі жас топтарындағы балалар тәрбиесінің жалпы міндеттеріне сәйкес үлгі тұтарлықтай мазмұнын белгілеу, нақтылы таланттарын анықтаған жөн.

Бұл эстетикалық тәрбие құралдары мен әдістерін іріктеуде кездейсоқтыққа, жүйесіздікке, біржақтылыққа, ұшырамауға мүмкіндік береді, практик-педагогтарға жұмыс жоспарлауға, материалды белгілі бір ізге қоюға, оның түп мақсатын көруге көмектеседі.

Эстетикалық тәрбие баланың өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін тигізетін қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтаның, сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына бағытталған. Бұл қасиеттердің көрініс беруін және олардың дамуын қадағалау білім және дағдыны үйретудің нақты нәтижелерінен қиындау.

Эстетикалық тәрбие жалпы педагогикалық процестен оқшауланып алынбайды. Бала өмірінің көп жақтарына бойлай енумен бірге ол балалардың адамгершілік, ақыл-ой, дене дамуымен тығыз байланысты және олардың іс-әрекетін ұымдастырудың негізгі формаларында: ойын, сабақ, тұрмыс, еңбек, мерекелер және көңіл көтерулер үстінде жүзеге асырылады.

Эстетикалық тәрбие адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады. Эстетикалық тәрбиесіз – адам болашағы жоқ. Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды. Күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасымен әсемдігінен тәрбиелейді. Оқушылардың эстетикалық тәрбие оқу және сыныптан тыс тәрбие іске асырылады.

Эстетикалық білімнің негізі оқу пәндері. Мектепте эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізінде пайдаланады. Эстетикалық тәрбиенің өмір елегінен өткен көптеген факторлары бар. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектің кезеңінен бастап әдемілікке ұмтылу тән нәрсе. Адамның әсемдікті – жексұрындықты саралай білуіне эстетикалық тәрбие әсер етеді.

Қазақстан Республикасында мектепте оқушыларға тәрбие беруге көп назар аударуда. Соның ішінде мектеп жасында балаларға эстетикалық тәрбие берудің алатын орны зор. Алғаш оқушы мектепке келісімен бала өмірінде, психикасында жаңа өзгерістер болады. Оған алғаш әсер ететін яғни сезімін оятатын, ой-өрісін кеңейтетін сонымен қатар эстетикалық тәрбие беретін біз болашақ мұғалімдер.

Эстетикалық тәрбиенің барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады. Көп түрлі эстетикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, оқушылардың эстетикалық дүниетанымының негізгі көзі болады. Эстетикалық тәрбиесіз өскен бала болашағын көз алдымызға елестету мүмкін емес. Эстетика оқушыға қоғамда, үйде, сыныпта яғни адам өмір сүрген ортада қажет.

Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізгі – оқу пәндері. Бастауыш сыныптан тыс оқушыларды әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулылығын және адам іс-әрекетімен әдемілігін бағалай білуді түсінеді.

Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемділігін танытып, қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді. Мектепте бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып мұғалім суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған уақиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.

Сыныптан тыс сабақтарда өте әсерлі сезініп, сезімдерді оятып, музыкада тәрбиелік ынта қалыптастырып, бала тәрбиесіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортақ әсер алып, оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтың тәрбиені күшейту үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген.

Бейнелеу өнері сабақтарында да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдары мен өнер, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі.

Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықты сурет салу сыныптан тыс меңгеру. Жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.

Мұғалім басқа сабақтарда өз тапсырмаларын бейнелу өнері сабағындағы тапсырмамен үйлестіреді. Бейнелеу өнері пәндері оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Олар қоғамдық өмірдің, адамдар қатынасының еңбектің эстетикасын тануға үміттенеді. Әсіресе бейнелеу өнері сабақтары оқушыларды әдемілікке баулиды, таным ынтасының, бейімділігінің, қабілетінің дамуына ықпал жасайды.

Кейбір оқушылар жас кезінен-ақ сурет салуға талпынады. Олардың мұндай әдебиеттердің дамуына бейнелеу өнері жасайды. Табиғаттың ұлылығы, көркемдігі, сыры бейнелеу өнері сабағында ашылады. Оқушылар табиғи құбылыатардың бай эстетикалық сымбатты жөнінде мәліметтер алады.

Бейнелеу өнері сабағында пейзаждың кесіндеме шығармалары, суреттік шығармалар оқушылардың эстетикалық дүниетанымын байытады.

Сонымен, бейнелну өнері пәндерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде ролі орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді. Мектепгегі эстетикалық тәрбие оқушылардың сабақтағы жұмыс жүйесінде кеңінен пайдаланылады. Эстетикалық өмір елегінен өткен көптеген формалары бар.

Шығармашылық үйірмелер – олар әдебиет, музыка, хореогарфия, бейнелеу өнері т.б. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі – көрмелер, сайыстар.

Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімлер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады.

Мектепте бейнелеу өнері пәні негізінде музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармаларымен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстар айтылады. Шығармашылық конференциялырда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы баяндамалар, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары туралы құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі.

Мектепте бейнелеу өнері сабағында алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес эстетикалық саяхат өтікізіледі Саяхаттын негізгі объектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер. Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль атқарады.

Көркемөнерпаздар үйірмесі сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Үйірмеге, ән салуға, билеуге машық, музыка аспаптарында ойнай білетін қабілетті оқушылар қабылданады.

Эстетикалық тәрбие жұмысында көмектесуде мектеп кітапханасының көп мүмкіншіліктері бар. Кітапхана бейнелеу өнері кескіндеме, музыка және өнердің басқа түрлеріне байланысты кітаптар көремсін ұйымдастырады, әдебиет тізімдерін дайындайды, әңгімелер өткізеді, оқырмандар конференциясын өткізеді, басшылық жасайды.

Эстетикалық тәрбиенің түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады. Мектепте оқушылардың эстетикалық мәдениетіне басқа факторлар әсер етеді. Мысалы, жарық сынып бөлмесі, әдемілік мектеп мебельдері, демалыс бөлмелері, қолайлы жұмыс орында оқушылардың эстетикалық танымын, белсенділігін көтереді. Көп түрлі эстетикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастырумен оқушылардың эстетикалық дүниетанымының негізгі көзі болады. Басты мәселе, күнделікті өмірдегі әсемдіктен адам мен табиғаттың бірлескен әрекетінің күресі, күшімен пайда болғанын ұғындыру. Осының негізінде ғана оқушы өз еңбегінің пайдалы екенін және оның сұлулығын көре білетін, осыдан өмір сұлулығын жасайтын адам екенін түсінеді. Мұны жүзеге асыруда көпшілікке хабар тарату құралдарын және баспасөз материалдарын кең пайдалануға болады.

Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарын жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, қазақ халқына көшпенділік өмір жағдайында табиғи өзгерістерге байланысты өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардың күйін анықтау, ауа райының өзгеруін алдын ала болжау, өсімдіктердің өте дәл тауып қою жатады.

Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік тұрмыстың, әдет-ғұрыптың, еңбектің, әндері мен өлеңдері ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралы ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері, жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытылады.

Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таң қаларлықтай. Олар бос уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісінде қызмет етті. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеу өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын, қажеттілігін білдіреді. Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.

Жеке адамның жалпы мәдениеті үйелменде, ұжымда, жұртшылық арасында байқалады. Сондықтан күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикалық тәрбиесіне ерекше көңіл аудару мұраттары мен ата-аналар алдындағы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып саналады.

Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің мақсаты, жақтары, ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жай эстетикасы, өзін ұстай білу үлгісі, дене қимылы. С. Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берген.

Үйелменде ата-аналармен, мектептен тыс оқушылар және мұғалімдермен, басқа адамдармен қатынас эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас баланың күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде қалыптасады, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді. С. Макаренконың айтуы бойынша адамдармен жылы, шынай қарым-қатынас, көршілерге қайырымды, сенімді дос және өнегелі болу – осының бәрі моральдық эстетиканың басты салалары. Әр үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Мысалы, бөлме қабырғаларына жапсырылатын түс қағаздарын, терезе перделеріне қалай таңдап алуын, бөлмелерде мебельді қалай әдемі етіп орналастыруға болады, бөлме өсімдіктерін өсіру, оларды күту, яғни осы сияқты жұмыстарды өз бетімен орындауға үйрету, дағдыландыру балалардың эстетикалық сезімін, танымын тәрбиелейді және эстетикалық ұғымын қалыптастырады.
2.3. Сабақ жоспарларының үлгілері
Эстетикалық тәрбиенің маңызды әдісі эстетикалық сипаттағы әркет іспетті ойын болып табылады. Фребель баланы эстетикалық тәрбиелеуде өнер түрлерінің барлығының да маңызды екендігін атап көрсетті. Оның көзқарасы өзі ашқан бала бақашаларда көрініс тапты.

Көркем эстетикалық жағынан дамыған оқушы бейнелеу шығармашылығында сабақтан сабаққа өткен сайын нақты, айқын, мәнерлі жұмыстар жасаса, керісінше, дамымаған балалар теледидардан көрген кейіпкерлерді: ұлдар "машина", қыздар ертегі мазмұна баяндалатын "ханшаларды" салып, салған суреттері кішкене сәбидің деңгейінде қалып отырады.

Балалар салған суреттерден сызықтар мен штрихтарды, жиектеме мен түсті дақтардың ерекше бай әлемін кезедестіруге болады. Сонымен қатар ондағы таңдаған мазмұнның тікелей қатысы мен болған оқиғаны қабылдаудың өзгешілігі және оны қағаз бетіне бейнелеу тәсілі де адамды қуантпай, таң қалдырмай қоймайды.

Бейнелеу әрекеті - жас суретшінің көңіл-күйі мен сезімін беру үшін үлкен қызмет теді. Бала қолына қарындаш немесе қылқалам мен бояу алған кезде ол өзін және өзгелерді толғандыратын оқиға мен көріністерді қағаз бетіне түсіруге ұмтылады. Бейнелеу әрекетінің нәтижелері баланың сурет салу шығармашылығының мәселелерімен айналысып зерттеушілердің қызығушылығын осы кезге дейін толғандырып келді және әлі де толғандыру үстінде.

Бейнелеу әрекетінде қабілеттілік психологтардың айтуынша туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Бейнелеу әрекетін жақсы меңгерген бала сурет салу үшін мазмұн таңдауда кең еркіндік алып, оның бастыпқы кезеңдегі ойы үлкен бір тұтастыққа ие болуына ықпал етеді.

Төменгі сынып оқушыларымен жұмыс жасауда теориялық талдау қортындылары мен өзіндік бақылауларды пайдалана отырып, оқушының білім, білік, дағдыларын арттыратын бейнелеу әрекетіндегі, яғни сурет салудағы әдіс-тәсілдерді ұсынуды жөн көрдік.

Бірінші сыныпқа келген оқушылардың бейнелеу әрекетіндегі біліктілік пен дағдылар деңгейінің арасында алшақтық өскені байқалады. Алғашқы жұмыстардың арасынан – ақ сурет салумен жүйелі түрде айналысатын оқушының биік деңгейі мен енді ғана сурет салуды бастаған оқушы арасындағы әлсіз дамыған деңгейді айқындау қиынға соқпайды.

Сол себепті, оқушылардың әртүрлі даму деңгейлерін бірдей ұстау, яғни сурет салу деңгейі төмен оқушының қарапайым көркемдік қабілеттерін дамыту мен көркемдік әрекет деңгейі биік оқушының қабілеттілігін әрі қарай жетілдіруге жағдай жасайтын сбақ ұйымдастырушы педагог үшін қиынға соғатын мәлім.

Бұл міндетті жүзеге асыру үшін, сынып оқушыларын бірнеше топтарға бөлу арқылы, яғни жақсы сурет салатын оқушы мен бейнелеу дағдысы нашар дамыған оқушылармен біріктіре отырыпөткізу тиімді болмақ. Себебі, жақсы сурет салатын оқушы дайындығы нашар оқушыға оның жанында немесе алдында отырып, сурет салудың қарапайым орындаушылық амалдарын еріксіз көрсетеді.

Бұл жерде сурет салмас бұрын салынатын суреттің ой-түйінін, құрылыстық шешімін айтып, талқылып алған жөн, сонда дайындығы нашар оқушы, жақсы сурет салатын оқушының суретіне қарап көшірсе де өзінің жеке ой-түйінін сақтап қала алады. Ал, суретті жақсы салатын оқушыға көркем бейнені айқындау, анығырақ етіп көрсетуге мүмкіндік беретін бір емес, бірнеше амалдарды қолданыумен байланысты күрделенген тапсырмалар беру қарастырылады. Мысалы, салынған суреттегі бұйымға сәндік өнердегі өрнек түзгіштерін ендіру арқылы безендіріп, суреттегі объектілерге қозғалыс беретіндей етіп, олардың бір-бірімен байланысын көрсетуді ұсынған жөн. Осылайша жұмыс жасағанда мұғалімнің де әрбір балаға жеке тәппіштеп, айтып жптпай-ақ уақытын үнемдеуге мүмкіндігі артады.

Осындай іс-жүзіндегі жұмыстар кезінде сыныпта сурет салу барысында төменгі сынып оқушыларының ойын дамытудың жолы болып табылатын бір-бірімен сөйлесіп, ой бөлісіп қарым-қатынас жасауы да пайдалы. Сол себепті өзімен парталас достарының дер кезінде айтқан кеңесі бейнелеудің кейбір өзіне тән бөлшектермен толықтырылып, байытылып отыруына септігін тиігізеді.

Ойын төменгі сынып оқушыларының назарын белсендіруге, бейнелерді дұрыс салуға деген қызығушылығын арттыруға, эмоциялық көңіл-күйін келтіріп көркемдік шығармашлығын дамытуға өз кезегінде жақсы нәтижелер береді. Кескіндеме түрін зерделеуде, оқушыны шеберлік орындау тәсілдерінің атауларымен таныстыруда ойын түрлерін пайдалануға болады.

Мысалы, суретші сурет салу барысында қандай көркемдік нәрсе-құралдарды пайдаланатындығын көрнекі түрде көрсету үшін, бір оқушыны суретші ролінде ойнатып, қалған оқушылар көрермен ретінде қатысады. Оның шеберханасында сурет салған әртүрлі жанрдағы шығармалар, мольберт, кенеп, түрлі-түсті, әртүрлі химиялық құрамдағы бояулар (акварель, майлы бояу, гуашь, сангина, тушь, пастель, көмір және т.б.) қылқаламның бірнеше түрі, қағаз, қатты қағаз. Көрермен суретшімен сұрақ-жауап арқылы қатынаста шығармамен және ол пайдаланған әр түрлі көрнекі нәрселермен таныс бола алады.

Бейнелеу өнері сабақтарында шығармашылық жұмыстардың әртүрлі тұрпаттары мен әдіс-тәсілдер түрін пайдалану, оқушының сурет салудағы шығармашылық үрдіске енуін белсендіріп, әртүрлі тұрпатта орындау әдіс-тәсілдерін игеруде жаңа шешім қабылдауына көмектеседі.



Қорытынды
Сонымен бастауыш мектеп оқушыларын эстетикалық тәрбие арқылы көркемдік өнерін қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Эстетикалық тәрбие арқылы оқушының адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы, дұрыс көзқарастарды тереңдету мен беіту оқушыны қоршаған орта, өз бетінше іс-әрекетке және жауапкершілікке итермелейтіндей жағдайға қоюды талап етеді.

Мұғалім дүниетану иесі және оны жүзеге асырушы. Жалпы оқушының рухани жан дүниесі бай идеялық психологиялық және әәдістемелік даярлығы бар, ой-өрісі кең және берік көзқарасты адам болу керек.

Жаңа адамды, болашақ қоғам адамын рухани, интеллектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу ісі бүгінгі күннің күн тәртібіне айрықша қойылған мәселе. Олардың барлық жағынан сұлу, жайдарлы әрі кішіпейіл,ақылды, батыл, ержүрек боп өсуын қалаймыз.

Қазақстан Республикасының азаматтарының жаңа әлеуметтік–экономикалық мінез-құлық қалыптастыру тұжырымдамасы (1995) эстетикалық мәдени білім беру тұжырымдамасы (1996) сияқты тарихи ұжаттарда және елбасы Н.Назарбаевтың "Ғасырлар тоғысында" атты ғылыми-теориялық еңбегінде жаңа қоғамды құрушылар қандай болу керек, қандай азаматты тәрбиелеу керек деген мәселеге зор көңіл бөлініп, оған ғылыми дәйекті жауап іздестірілген. Ол өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып кіретін азаматты дайындау.

Адам баласы дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеуді керек етеді. "Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді" дейді халқымыз. Жерге отырғызған көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып өскенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Дамуда сол тәрізді, олай болса, ұстамды, көрегенді, түп-түзу, жып-жинақы, әсем бейнелі оқушыға қараудың өзі тым жарасымды.

Жастарымыздың үлгі алатын ең таңдаулы ішкі, сыртқы адамгершілік-эстетикалық сапаларын үйренетін адамы міне осындай болуы анық.

Нұрсұлтан Назарбаев "Ғасырлар тоғысында" еңбегінде "Тәрбиенің түпкі мақсаты - қоғамдық нарықтың қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шығыа алатындай ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениеті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру" деген тұжырымдама жасаған. Осы орайда халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, өнерін сүю арқылы нағыз мәдениетті маман даярлау да бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі.

Оқушыларды жақсылыққа, әдемілікке, машықтандыру оны тұрақты әдетке айналдырудың өзін-өзі тамаша тартымды ұстай білудің, сонымен бірге өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі болмақ. Егер оқушы бойында қандай да бір жағымсыз мінез-құлық болса, одан арылып тазару, өзін-өзі тәрбиелеу ешқашан да кеш болмақ емес.

Бұл жерде үстелде отыру, тазалық сақтау, денені шынықтыру, өз ортаңмен жақсы қарым-қатынас жасау барлығыда әдемі, тартымды, маңызды және ең бастысы осы.

Қазіргі кезде барлығымыздың мүддеміз рухани-эстетикалық, рухани адамгершілік сана-сезім мен нормаларды қалыптастыру.

Табиғат адамға әдемілікті берсе де адамның өз қолымен қосатын бояулардың да мәні зор. Өйткені "оқушының мәдениеті мен тәрбие деңгейі оның сырт бейнесінен, киіне білуінен де көрінеді. Олай болатын себебі біздің эстетикалық, эстетикалық мұратымыз сырт көріністің әдемілігі мен рухани кемелдіктің табиғи біте қайнасуы".

"Сырт пішіннің адам өміріндегі мәні зор" деп жазды А.С.Макаренко. Ұқыпсыз, салақ адамды өз ісі мен қылығына есеп бере алады деп ойлау көбіне қиын.

Киіне білу әдемілігінің де жүріс-тұрыс әдемілігінен маңызды.

Қазіргі жаңа дәуірдің, егеменді еліміздің адамдары, жастары қай жағынан болмасын эстетикалық талғамға сай болу керек. Олар әр-жақты келісті оқушы болу мен қатар көркем мінез-құлқы тамаша, сымбатты, әдепті, мейірманды болуға міндетті.



Сабақтың жоспары
Пәні: Бейнелеу өнері.

Сабақтың тақырыбы: Досымның келбетін бейнелеймін.

Сабақтың мақсаты: Тақырыппен таныстырып, түсінік беру. Оқушылардың қол өнерін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық. Адамдар бейнесі. Хаттама.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын сұрау: Оқушылардан үйтапсырмасын сұрап, тексеремін, сабаққа даярлығын көріп жаңа сабақты бастаймын.

Жаңа сабақ.

Балалар бүгін біз "Досымның келбетін бейнелеймін" деген тақырыпты өтеміз.

  • Қане, барлығымыз тынышталып сабақты тыңдаймыз.

Бүгінгі біз сурет сабағында досымның бейнесін салуды үйренеміз. Яғни, адам бейнесін бейнелейміз.

Кітаппен жұмыс.

-Балалар, қараңдаршы кітапта адам бейнесін салу жолдарын және "Менің әкем", "Менің шешем" деген тақырыпта суреттер беріліпті. Бұл суреттерді өздерің сияқты балалар салу үшін берілген және Ә.Қастеев суреттегі аталарыңның көптеген суреттері бар. Соның ішінде "Жас Абай" суретіне қараймыз. Мұнда суретші Абай аталарыңның бейнесін бейнелеген.

  • Абай кім, белесіңдер ме?

  • Ия, Абай ақын, ұлы ақын атамыз.

  • Балалар, Абай аталарыңның қандай өлеңін білесіңдер?

  • Ия, дұрыс. (Қыс, Әсемпаз болма әрнеге).

Сергіту сәті.

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп.

-Ал, балалар, енді сурет салу жолдарымен танысып, сурет саламыз. Сурет салмас бұрын мен сендерге өлең оқып берейін. Тыңдап отырыңдар.



Сурет салдым.

Мен досыма қарап алдым

Қолға қағаз, қалам алдым.

Дөңгелетіп бетін салдым.

Екі сызып шашын салдым.

Ұқсатқан жөн түрін енді

Міне мұрын мынау енді.

Салынды езу, құлағы енді,

Күлімсіреп шыға келді.

Ең соңынан көзін салдым,

Айнымаған өзін салдым.

-Балалар, өлеңді тыңдадыңдар ма? Өлеңге қарап барлығымыз сурет саламыз. Адам бейнесін салу жолдары бірнеше кезеңнен тұрады. Қазір сол кезеңдерге қарап сурет саламыз.



Сабақты қорытындылау.

  • Балалар, бүгін қандай тақырыпта сабақ өттік.

  • Ия, өте дұрыс.

  • Адам бейнесін салу жолдарын түсіндіңдер ме?

Қосымша материалдарды айта отырып, балаларға сұрақ қоя отырып, сабақты қорытындылаймын.

Үйге тапсырма.

Досыңның келбетін бейнеле.



Бағалау.

Оқушылардың сабаққа қатысуын бағалаймын.




Сабақтың тақырыбы: Анамызға сыйлық жасаймыз.

Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру. Ана туралы әңгімелеу. Ашық хат жасау жолдарымен таныстыру. Ананың бала үшін ең асыл жан екенін ұғындыру. Аананы құрметтеуге, сыйлай білуге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер, дайын материалдар, ашық хаттар түрі, сөзжұмбақ, таблицалар.

Сабақ барысы.

I.Ұйымдастыру


Оқушыларды жинақтап, сабаққа назарын аудару.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

III.Жаңа сабақ.


-Балалар, алда қандай мейрам келе жатыр?

-Ия, өте дұрыс. Аналар мейрамы.

-Ендеше, бүгін біз "Анаға сыйлық жасаймыз" деген тақырыпта өтеміз.

Ауызша Ана туралы әңгімелеймін. Сұрақтар қоямын.

Ашық хат түрлерімен таныстырып, дайын ашық хатты көрсетіп істетіп, сыртына "Ана" сөзін жазу жолдары мен жұмыс жүргіземін.

Сөзжұмбақ.



  1. Қазақтың күйші қызы.

  2. Қазақтың ержүрек қызы.

  3. Қазақтың айтыскер қызы.

д

и

н

а







м

ә

н

ш

ү

к







с

а

р

а




Сергіту сәтін өткіземін.

Қорытынды: Оқушылардың өздері білетін өлең-тақпақтарын сұрап, мақал-мәтелдермен қорытындылаймын.

Ананы ардақтамағанды, ешкім мадақтамайды.

Ағайын – алтау. Баланың тілі – бал.

Ана – біреу. Ананың сүті – бал.



Үйге тапсырма: Балалар, үйде ашық хат жасап келеміз.

Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысуын бағалаймын.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет