Мазмұны кіріспе информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер


-деңгей Төмендегі суреттердің ішіне көрсетілгендей жазбаларды түсіріп, оларға сипаттама бер. 5-деңгей



бет37/37
Дата07.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#500687
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Денгейлік тапсырмалар

4-деңгей
Төмендегі суреттердің ішіне көрсетілгендей жазбаларды түсіріп, оларға сипаттама бер.
5-деңгей
Атаулары бойынша суреттер салып, оларды Pаіnt графикалық редакторының қандай құралдарын пайдаланып салу тиімді екенін анықтап, кестені толтыр.
А) «Күз»көрінісі ; Ә) компьютер құрлымы; б) тау көрінісі.



Сурет атауы

Пайдаланылған құралдар

Орындалатын әрекеттер

Тиімді вариант нөмері












































































Анаграмма «Қарындаш»







Қ

























А


































Р































Ы




























Н






















Д































А
















Ш






















  1. Бөліп аланғанаймақты толығымен бояу құралы

  2. бояулар орналасқан тақта.

  3. Өшіру құралы

  4. Қисық сызықты салу құралы.

  5. Меню қатарлаының бірі.

  6. Графиктік...

  7. Масштабты үлкейту құралы.

  8. Кез келген бейнені бояулар арқылы өрнектейтін құрал.



Тест тапсырмалары

  1. Компьютерлік графика-бұл...

А. Графикалық ақпараттар көрінісі
В. Компьютерлік графикалық ақпарат
С. Графикалық ақпаратты компьютерде бейнелеу
D. графикалық редактор
Е. Компьютерде бейнеленетін графикалық ақпарат көрінісі
2. Графикалық редактор терезесінің меню құрамы:
А. Файл, Правка, Рисунок
В. Файл, Вид, Правка, Рисунок.
С. Рисунок, Парматры, Вид.
D. Параметры, Справка, Правка, Вид
Е. Файл, Правка, Вид, Рисунок, Параметры, Справка.
3. Суретті салу мен оны редакторлеу құралы қанша?
А.8; В. 16; С. 9; D. 12; Е. 10.
4. «Қарындаш»құралының қызметін ата?
А. әріптер мен цифрлар салу
В. Сызықтар салу
С. Қисық сызытарды салу.
D. жуандығы 1 пиксел болатын түрлуі сызықтарды салу.
Е. әр түрлі геометриялық фигураларды салу.
5. Графикалық редактор программасын іске қосу үшін қанша әрекет орындалады?
А. 5; В.8; С. 12; D. 4; Е. 2,
6. «Қылқалам» құралы не үшін керек?
А. Жуан сызықты салу үшін
В. әр түрлі геометриялық бейнелерді салу.
С. Жуан сызықты салу мен түрлі сурет салу.
D. түрлі суреттер әсемдеу.
Е. Қисық сызытармен түрлі бейнелерді салу.
7. Құралдар жиынтығы мен «Палитра» қандай менюде орналасқан?
А. Правка
В. Вид
С. Правка не Вид
D. Файл не Правка.
Е. Вид не Файл.
8. «Бүріккіш» құралы қандай қызмет атқарады?
А. Кез келген бейнені бояу
В. әр түрлі геометриялық бейнелерді салу.
С. Геометриялық бейнелерді салып, бояу.
D. эллипс пен төртбұрышты бояу
Е. Салынған барлық бейнелерді бояу.
9.Графикалық редактоp «Paint» терезесінің құрлымдық элементтрені ата?
А.жұмыс алаңы, саймандар тақтасы.
В. Түс палитрасы.
С. Жұмыс алаңы, саймандар жиыны, түс палитрасы, өлшемдерін өзгертетін маркерлер, қоғалту жолақтары.
D. жұмыс алаңы, меню қатары
Е. Тақырып қатары, меню қатары, саймандар тақтасы, жұмыс алаңы, түс палитрасы.


3.ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде жалпы дидактиканы оқытудың мақсаты оқушыны дамыту. Оқытудың потенциалды мүмкіндігінің шекарасын тағайындауға, сондай – ақ, нақты дидактикалық өзгерістің мақсаты мен міндетін анықтау шығады. Оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдіснамалық мәселесі болып табылады.
І – бөлімде информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер бойынша курсты оқытуға әртүрлі бағыттардың пайда болғанын атап өттік. Дидактиканың жалпы принциптері информатика курсын оқытуға нақтылана түседі. Принциптің бірнеше түрлері бар. Олар: ғылымилық принцип, бірізділік және қайталау принципі, іс-әрекетті меңгерудің ұғынықтылығы, мазмұнның тиімділігі, іс-әрекеттегі мазмұнның көрнекілігі, белсенділік және өз бетінділік принципі, білімнің беріктілігі мен жүйелілігі, оқытуды дербестендіру мен коллективтендіру, оқу іс әрекетінің тиімділігі, теория мен практиканың байланысы жайындағы мәселелер қарастырылады.
1.1 – бөлімде дидактикалық материалдарды оқушылардың пайдалана алуы және сабақта дидактикалық функцияларды пайдалануда, дидактикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Ойын элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып, мен өз іс – тәжірибемде бірнеше ойын түрлерін қолданамын.
1.2- информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктерінің түрлері көп. Оқыту түрін таңдау аса маңызды мәселе болып табылады, дегенмен сабақтың мақсаты оқушының таңдаған әдісіне байланысты өз деңгейіне жетеді. Осындай әдістің бес түрін атап көрсетуге болады. Олар: түсіндірмелі – иллюстрациялы, программаланған, модельдік, эвристикалық, проблемалық.
1.3 - дидактикалық материалдардың тиімділігі - Дидактикалық ойындардың түрлері өте көп. Соның ішінде қолданып жүрген ойындарды атап өтейін. «Көкпар» ойыны және «Арқан» тартысу ойыны. Сабақ үстінде крассвордтарды шешуге арналған қысқаша бақылау жұмыстарын да орындауға болады. Крассворд жасау – үй жұмысы. Балалар арнайы әдебиетпен танысып, терминдерді қайталайды, жаңа ұғымдарды біледі.
ІІ. Дидактикалық материалдарды жасау әдістемелеріне қысқаша тоқталып түсіндіріп және оның қолданылуын айтамыз.
2.1 - тестік тапсырмалар - мектептегі барлық пәндер бойынша оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып табылады. Мектептегі сабақ клас- сабақ жүйесінің негізін қалайды.
2.2. Бақылау жұмыстарының түрлері көп, тигізетін пайдасы мол.
2.3. Үлестірме қағаздар мен перфокарталар - оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ынтасын дамытудағы рөлі үлкен.

«Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз» Н.Ә . Назарбаев Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» жолдауында: «Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек», — деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар салауатты тәрбие беру. Математика сабағында инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың дарындылығын арттыру.


Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріліп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған әдіс-тәсілдер жасалуда. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге оқушының ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Профессор Ж.А.Қараевтың оқыту жүйесін пайдаланып ондағы көзделетін негізгі мақсат:
1. Оқушы сенімін арттыру
2. Пәнге қызығушылығын арттыру
3. Жаңа білімді өзі меңгеретін өз бетінше ізденетін пікір таластыру деңгейіне жететін ұрпақ тәрбиелеу.
II Деңгейлік тапсырмалар
Тапсырмалар 4 деңгейден тұрады. Бірінші деңгей – міндетті деңгей. Бірінші деңгейдің тапсырмалары негізгі ережелер мен формулаларды жаттап алуға негізделген, оқулықта көрсетілген үлгілерге ұқсас есептер.
Екінші деңгей тапсырмалары – алгоритмдік өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар, яғни бұрынғына ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы білімдерін түрлендіріп, пайдалану керек. Логикалық есептер, ребустар, сөз жұмбақтар беріледі.
Үшінші деңгей – эвристикалық деңгей. Үшінші деңгей тапсырмаларында жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп өзі үшін жаңалық ашады.
Төртінші деңгей – Олимпиадалық есептер; Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау. Оқушылардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.
III Қорытынды бөлім.
1. Өзіндік жұмыс
2. Қатемен жұмыс
3. Бақылау жұмысы. Сонымен, 3 деңгейдің тапсырмаларын қосып:
I деңгей — 1-6 ұпай;
II деңгей — 12 ұпай;
III деңгей — 10 ұпай аралығы болуы мүмкін.
Бағалануы: 3-7 ұпай — «3»;
7-18 ұпай — «4»;
19-28 ұпай — «5»;
Әрбір оқушы деңгейлік тапсырманы орындап болған соң,имұғалім дайындаған дұрыс жауаптармен өзі орындап үлгерген тапсырмаларын тексереді. Осылайша бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетінде жетілдіреді. Оқушылардың бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жарыс туады.
Ж.А.Қараевтың “Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын” тиімді пайдалануда оқушының білімге деген құштарлығы, ынтасы артқанын, еркін сауатты сөйлеуге, өз ойын жинақтап ашық айтуға немесе дәлелдеуге, ұсыныс, пікір білдруге, ой қорытуға дағдыланатынына көзім жетті. Сабақтарда тиімді технологияларды пайдаланып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді үздіксіз қолданған жөн.
Аталған өзгерістерді мен 5 сынып оқушыларының оқу үдерісіне енгізе отырып, сабақтар жүргіздім. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы дағдысын дамыту мақсатында 5 сыныбына математика пәнінен 7 модуль негізінде сабақты өткізуді жоспарладым. Жоспарлауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабылдау деңгейлерін, қызығушылығын ескердім. Осы сыныпта әрбір сабағымды жаңа әдіс-тәсілдерді, стратегияларды пайдалана отырып өткіздім. Бұрын сабаққа қатыспайтын оқушылар өзгергенін көрдім. Оқушылардан сабақ сайын кері байланыс алғанда оқушылар сабақта жұптық, топтық жұмыс істеген ұнайтындарын көрсеткен. Сабақтарда оқушыларға сұрақ қойғанда, оқушының ойына түрткі болатындай сұрақтар да болды. Берілген тапсырмаларды орындау барысында топтық жұмыстың тиімділігі айқындалды. Топтық жұмыстарда әр топ басшылары өз топ мүшелеріне міндеттерін белгілетіп, қабілеті төмен оқушының көшбасшы оқушыға ұмтылғандығы, ілескісі келетіндігін байқадым. Осындай тапсырмалар оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттыратыны сөзсіз. Оқушылардың сабақты талқылағаннан байқағаным, топ басшысы оқушыларға атқаратын міндеттерін бөліп, әр оқушының не нәрсеге жауапты екенін белгілеп отырды. Оқушылар өзара бір-бірімен келісіп әр топтың жұмысына түрлі бағалаулар беріп отырды. Постермен жұмыс жасағанда оқушылардың шығармашылығы артқанын аңғардым, алғашқыда бұл жұмысты білмейтін болатын, кейін бұл әдіс оқушыларға ұнағандарын айтты. Дәстүрлі сабақта, үндемей отырған оқушы, өзіне берілген жауапкершілікті сезінді. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы оянып, балалардың көп ізденетініне көзім жетті. Сонымен қатар, топтық жұмыстардың арқасында сыныптың ішінде ынтымақтастық атмосферасы болды. Оқушылар бірлестікте жұмыс жасауды және де бір-бірін тыңдауды, өз ойын білдіруді, жасаған жұмыстарына қорытынды шығара білуді үйренді. Қуанышпен айта кететін жайт, бұрын үндемей отыратын балалардың да сабаққа қызу араласуында. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсете қоймас еді. Сабақтарды ерекше, жаңа әдіс бағдарламасымен ұйымдастыруым оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқараспен ойлауға мүмкіншілік туғызғандай. Бұл әрине қазіргі қоғам мен мектептің басты талабы. Бұрын тәжірибемде көрініс таппаған топтық, жұптық жұмыс кезінде балалардың бір-бірімен қарым-қатынасында диалогтық әдістің тағы бір пайдалы тұсын анық көре білдім. Қорыта айтар болсам, топтық оқыту әдісін пайдаланып сабақтарды жүргізу үшін, алдымен, бұл әдісті пайдаланудың мақсатын анықтап алу керек. Сонымен қатар бұл әдіс болсын, жалпы басқа әдістер болсын, сабақтың тиімділігін арттыру керек деп ойлаймын.


4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиеттер:
1. К.З. Халықова ИЕТН пәні бойынша орта мектепке арналған типтік бағдарлама.
.- А.: АГУ им.Абая, 2003 ж
2.Информатиканы оқыту әдістемесі. К.З.Халықова.- А.: Білім, 2004ж
3. Н.В.Апатова Инновационные технологии в школьном образовании. - Москва : 2003
4. В.П.Беспалько Программированное обучение.Дидактические основы. –Москва.: 2001
5. М.П.Лапчик,И.Г.Семакин,Е.К.Хеннер. Методика преподования информатики.
–Москва.:Академия,2001.
6. К.Ж.Бұзаубақова Жаңа педагогикалық технология -Алматы: 2004
7. К.Ж.Бұзаубақова Физика сабақтарындағы оқытудың инновациялық
технологиялары - Алматы :Жазушы .,2005
Қосымша әдебиеттер:
1. Информатика негіздері №3 – 2005ж. 15-бет.
2. Алборова С.З., АТАЯН A.M. Компьютерные деловые игры как средство информационной культуры // XI Международная конференция - выставка «Информационные технологии в образовании». Сборник трудов участников конференции. Часть II. - М.: МИФИ, 2001, с. 12-13. 3.Смолянинова О. Г. Инновационные технологии обучения студентов на основе метода Case Study: M.- сборник "Инновации в российском образовании", ВПО, 2000г, с. 34 - 38.
4.Михайлова Е. И. Кейс и кейс-метод: общие понятия. // Маркетинг, 1999, №1, с. 38-84.
5.Башмаков М.И., Поздняков СП., Резник Н.А. Процесс обучения в информационной среде//Школьные технологии. - М., 2000, №6. - 158 с.
6. Қазақстан мектебі №1 – 2009ж. 25-бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет