Анаграмма «Сілтеуіш»
-
Меню қатары
Негізгі меню қатары
Тұрақты меню қатарының бірі.
Көмекші ақпараттарды алу.
Файлдар сақталатын орын.
Әрекеттерді орындау амалдарының бірі.
Бір бумадан келесі бумаға файлдарды ....
Тест тапсырмалары
Бірінің ішінде бірі қабаттаса орналасқан терезе типі
А. Қосымша; В. стандартты
С. Белсенді (активті); D. негізгі
Е. Қосымша және негізгі
2. Сілтеуіш программасының терезелер саны
А. 5; В. 4; С. 2; D. 3; Е.1
3. Файл- бұл...
А. дискіде сақталатын атаулар жиыны
В. Белгілі бір атпен дискіде не компьютер жадында сақталатын программа не құжат.
С. Компьютер жадында не дискіде сақталатын ақпараттар диыны
D. мәтін не құжаттар тізімі
Е. Ақпараттар жиынтығы
4. Терезенің құрлымдық элементтеріне:
А. Терезенің қатары, меню қатары, басқа дискіге немесе бумаға көшіру, терезенің негізгі жұмыс алаңы, тік және көлденең қозғалту жолақтары, саймандар тақтасы, қалып-күй қатары
В. Меню, саймандар тақтасы.
С. Саймандар тақтасы, меню, көлденең қозғалту жолақтары, тақырып қатары
D.тік және көлденең қозғалту жолақтары, саймандар тақтасы, енгізгу жұмыс алаңы
Е. Басқа дискіге не бумаға көшу, саймандар тақтасы, қалып-күй қатары.
5. Объекті іздеу үшін қанша әрекет орындалады?
А. 1; В. 3; С. 4; D. 2 не 3 не 4; Е. 5
6. «Анықтама» терезесінде қанша парақ бар және оларды ата?
А. 3: Содержание-предметный указатель-поиск
В. 2: Содержание-поиск
С. 1: Содержание
D. 3: Вывести- печать-отмена
Е. 4. Содержание- вывести-предметный указатель-поиск
7. «Анықтама» шақыру үшін қанша әрекет орындалады?
А. 3; В. 2; С. 1; D. 4; Е.5
8. «Анықтама» алу үшін қандай перне пайдаланылады?
А. Ғ5; В.Ғ4,Ғ5; С. Ғ1; D. Ғ2; Е.Ғ10.
9. Объектіні іздеу қандай терезе арқылы жүзеге асырылады?
А. Хабар алмасушы; В. сұхбат
С. Анықтама; D. негізгі
Е. қосымша
10. Қандай тұжырым дұрыс емес екенін анықта?
А. Анықтама- Сұхбат
В. Содержание-Предметный указатель-поиск
С. Анықтамалық жүйе контестке тәуілді
D. кез келген сұхбат терезеде «көмек» батырмасы орналасқан
Е. Вывести-печать-отмена
Сабақтың тақырыбы: Иілгіш және компакт-дискілер. Ақпаратта жазу және оқу. Ақпаратты тасымалдау.
Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей
1. Иілгіш, қатты және компакт-дискілерге салыстырмалы талдау жасап, кестені толтыр.
Атауы
|
Қасиеттері
|
Ерекшеліктері
|
Иілгіш
|
|
|
Қатты
|
|
|
Компакт-дискі
|
|
|
2млн. символды сақтауға қанша жады көлемі қажет екенін еспете?
1,44Мб көлемді дискіге қанша ақпарат жазуға болатынын анықта.
2-деңгей
1. Иілгіш дискілердің диаметрі дюймда беріледі. Иілгіш дискілердің өлшемін см.бойынша есепте (1дюйм=2,54 см)
2. Ақпаратты тасымалдаушылар тарихына сипаттама беріп, реті бойынша орналастырып жаз.
3. 3,5 дюймды иілгіш дискі жадының көлемі 1,44Мб тең. Ал лазерлік дискіге 640Мб ақпарат енеді. Олай болса, бір лазерлік дискідегі ақпаратты қанша иілгіш дискіге жазуға болатынын анықта.
3-деңгей
1. «Параметрлер» графасыны сәйкес графаларды толтырып, сипаттама бер.
Параметрлер
|
Сыртқы жад
|
Ішкі жад
|
Жад өлшемі (шектелген/ шектелмеген)
|
|
|
Компьютерді өшіру (жоғалады/жоғалмайды)
|
|
|
Мәліметтерді сақтау (уақытша/ұзақ уақытқа)
|
|
|
Жұмыс жылдамдығы тез (ең аз)
|
|
|
2. Бір символды жазу үшін жадының 1байты жеткілікті. 18 бетті торкөз дәптердің әрбір торкөзіне 1 символдан жазамыз. Олай болса, 1,44Мб көлемді иілгіш дискіге қанша дәптер ақпарат жазуға болатынын анықта?
3.Қатты дискінің көлемі -2,1Гб. 1 минутта мультимедиа құрылғысы 200 әріпті ақпарат қабылдайды. Қатты дискінің 90%-ін толтыру үшін қанша уақыт сөйлеуге болатынын анықтап, сипаттама бер.
1-деңгей__Төмендегі_берілген_суреттерді_салуда_«Эллипс»_және_«Бүріккіш»_құралдарын_пайдалан.__2-деңгей'>1-деңгей'>Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактор Paint
Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей
1 . Төмендегі берілген суреттер қандай құралдардың көмегімен салынғанын анықтап, орындау әрекеттерін жаз.
2 . Мына әрекеттер бойынша суретті салып, атын анықта.
А) көкжиектегі «сызық» құралын пайдаланып сал
ә) «шашыратқыш» құралын пайдаланып, орманның бейнесін кескінде
б) «өшіргіш» құралын қолданып, орманның қажет емес сызықтарын алып таста.
В) көкжиектің түр-түсі мен радиусын өзгерте отырып, ормандағы бұлтты күнді көрсет.
3. Төмендегі берілген жұмбақтарды шешіп, шешімін экранда бейнеле.
А) Тетігін бассаң алаңсыз.
Жазады қағаз-қаламсыз
Ә) Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың
Б) Мәліметті сұралған,
Экранға шығарған.
В) Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
Г) Жүзден артық түймемен,
Компьютерді билеген.
2-деңгей
А) 4 сызықты, 4 төртбұрышты, 2 шеңберді және 2 шашыратқышпен бояу құралдарын қолданып, салынатын суретті ойлап, экранда бейнеле.
Ә) Төмендегі берілген фигураларды құрастырып, салынатын суретті экранда бейнеле:
Б) Төмендегі берілген суретті толықтырып, экранға бейнеле:
2. Саймандар тақтасындағы құралдарды пайдаланып, «көктем» мезгілінің бейнесін сал.
3-деңгей
1. Атаулары бойынша суреттер салып, оларды Paint редакторының қандай құралдарын пайдаланып салу тиімді екенін анықтап, кестені толтыр.
А) Қыс көрінісі
ә) Ағаш ұстасының құралдары
б) Табиғат көрінісі
В) Қазақстан Елтаңбасының бейнесін сал.
Г) қалаған тақырыпта шығармашылық жұмыс жасау.
1-деңгей
А) 2 сызық, 3 төртбұрышты және 5 қарындашты пайдаланып, салуға болатын суретті ойлап тауып, бейнесін экранға шығар.
ә) 6 төртбұрышты пайдалану арқылы «үйдің» бейнесін сал.
2-деңгей
1. Төмендегі берілген суреттің бейнесін салып, орындау әрекеттерін кестеге толтырыңдар.
№
|
Тапсырма атауы
|
Пайдаланылған құралдар атауы
|
Орындалатын әрекеттер
|
1
|
Тұйықталған қисық сызықтардың ішіне тік төртбұрыш сал
|
Қарындаш, тік төртбұрыш, өшіргіш
|
|
2
|
2 тік төртбұрышты, 6 сызықты, қарындашты пайдаланып өрнектелген үй сал
|
Қарындаш, тік төртбұрыш, өшіргіш, сызық
|
|
3-деңгей
Кестедегі көрсетілген құралдардың әрекеттерін анықтайтын бейнелерді сал.
Тапсырманың реті
|
Құралдар атауы
|
Пайдалану реті
|
1
|
Қарындаш
Төртбұрыш
Сызық
|
5
8
3
|
2
|
Төртбұрыш
Сызық
Қарындаш
өшіргіш
|
6
7
10
3
|
1-деңгей
Төмендегі берілген суреттерді салуда «Эллипс» және «Бүріккіш» құралдарын пайдалан.
2-деңгей
Төмендегі берілген суретті «Эллипс» және «Бүріккіш» құралдарын пайдаланып толықтырып сал. Роботтың бейнесін сал.
3-деңгей
Атауларына байланысты суретті сал:
А) глобус; Ә) «Олимпиада қонжығы»
4-деңгей
Төмендегі жұмбақтардың шешуін тауып, бейнесін салаңдар
А) Асты тас, үсті тас, Ә) Шыр-шыр етеді, құлағыңнан өтеді.
Ортасында піскен ас. Ұстай қалсаң, сөйлеп кетеді.
1-деңгей
Жазылған тауларға сәйкес заттың бейнесін сұрақ (?) белгінің орнына сал
2-деңгей
Әр түрлі боялған жеңіл машинаның екі түрлі маркасынның суретін сал
3-деңгей
6-сынып оқушылар «Қазақстан» кинотеатрына барып, «Банданы қуған Хамит» киносына 2-ші қатардан 6-дан 30-шы орынға дейінгі билеттерді сатып алды. Аталған билеттердің бейнесін сал.
Достарыңызбен бөлісу: |