Мазмұны кіріспе информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер



бет20/37
Дата29.10.2023
өлшемі0.58 Mb.
#481905
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
dip -informatikadan-dengeylik-tapsyrmalardy-zhasau-adisi

Мәтіндік тест
Тақырыбы: Алгоритм ұғымы
«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы IX ғ. атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850 жж.) есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған.
Алгоритм дегеніміз – қойылған мәселені шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін қолданылатын нұсқаулар жиынтығы. Алгоритмнің 4 қасиеті бар:

  1. анықтылығы

  2. дискреттілігі

  3. жалпылығы

  4. нәтижелілігі

1.Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты шыққан?
А) әл-Хорезми
Б) Ибн Сина
В) әл-Фараби
Г) М. Қашғари
2.Әл-Хорезмидің толық есімі:
А) әл-Мұса Хорезми
Б) әл-Мұса ибн Хорезми
В) Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми
Г) әл-Мұхаммед ибн Мұса Хорезми
3.Алгоритм атауы қай ғасырда пайда болған?
А) XII ғ.
Б) XV ғ.
В) IV-V ғғ.
Г) IX ғ.
4.Алгоритм ұғымының латынша дұрыс жазылу баламасы:
А) алгоритм
Б) algorithmy
В) algoritmy
Г) algorithmi
5.Қойылған мәселені шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін қолданылатын нұсқаулар жиынтығы не деп аталады?
А) анықтылық
Б) алгоритм
В) есептің қойылуы
Г) ақпарат
6.Алгоритмнің неше қасиеті бар?
А) 5
Б) 2
В) 3
Г) 4
7.Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми кім?
А) ақын
Б) философ
В) математик
Г) қоғам қайраткері
8.Әл-Хорезми қандай санау жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған?
А) екілік санау жүйесінде
Б) сегіздік санау жүйесінде
В) он алтылық санау жүйесінде
Г) ондық санау жүйесінде
9.Алгоритм қасиеттеріне жатпайтын жолды көрсет:
А) бірізділік
Б) анықтылық
В) нәтижелілік
Г) дискреттілік
Д) жалпылық
10. Алгоритм қасиеттерінің соңғы қасиеті:
А) жалпылық
Б) нәтижелілік
В) дискреттілік
Г) анықтылық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет