Мазмұны кіріспе информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер


Тақырыбы: Есептеуіш машиналардың тарихы



бет21/37
Дата29.10.2023
өлшемі0.58 Mb.
#481905
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
dip -informatikadan-dengeylik-tapsyrmalardy-zhasau-adisi

Тақырыбы: Есептеуіш машиналардың тарихы
ХХ ғ. І жартысында радиотехника қарқындап дамыды. Радиоқабылдағыштар мен радио арқылы хабар беретін құралдардың негізгі элементі – электронды–ваккумды лампалар болды. Электронды лампалардың алғашқы электроды – есептеуіш машиналардың техникалық негізгі элементі болып табылады. Бірінші электронды есептеуіш машина 1946 ж. АҚШ–тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады. ENIAC–тың конструкторлары – Дж.Моучи мен Дж. Эккерт. ENIAC- тың салмағы 30 т. және оның 18000 электрондық лампасы бар, ол бір секундта 5000 қосу, суайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алады.
1.Радиотехника қай ғасырда дамыды?
а) ХІХ ғ.
в) ХХ ғ. І жартысында
с) ХХ ғ. ІІ жартысында
д) ХХ ғ.
е) ХХІ ғ.
2. Радио арқылы хабар беретін құралдардың негізгі элементі:
а) электронды ваккумды лампалар
в) есептеуіш машиналар
с) есептеуіш конструкторлар
д) электронды конструкторлар
3. Бірінші электронды есептеуіш машина қай жылы жарық көрді?
а) 1956 ж.
в) 1966 ж.
с) 1946 ж.
д) 1976 ж.
е) 1936 ж.
4. Бірінші электронды есептеуіш машинаның атауы:
а) ENIAC
в) EDSAC
с) МЭСМ
д) БЭСМ
5. ENIAC–тың конструкторлары:
а) Дж. Моучли, Дж. Эккерт
в) Джон Фон Неймен, Дж. Эккерт
с) Ч. Бэббидж, Дж. Моучли
д) А. Гарворд
е) С.В. Лебедев
6. ENIAC–тың салмағы:
а) 40 т.
в) 30 т.
с) 25 т.
д) 35 т.
е) 20 т.
Тақырыбы: Компьютер архитектурасы
«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық–бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.
Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-І» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін интегралды сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты. Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен сандық есептеулер жүргізіліп қана қоймайды, баспаға кітаптар әзірленеді, музыка, суреттер, кинофильмдер жасалады, заводтар мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы компьютер – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы. Бүгінде компьютерлердің бесінші буыны ЭЕМ-нің суперкомпьютерлер, мейнфреймдер, серверлер және дербес компьютерлер сияқты негізгі түрлерін ұсынады.
Алғашқы дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді 1981 жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды .
1.«Компьютер» сөзін ағылшын тілінен аударғандағы мағынасы
А) есептеуіш
Б) санау жүйесі
В) желі
С) жүйе
2.Компьютер есептерді қандай бағдарлама бойынша жүргізеді
А) адамның қатысуымен
Б) нұсқалық–бағдарлама
В) есептеуіш жүйе
С) калькулятор
3.Есептеуіш техниканың қазіргі тарихы басталады
А) 1943 ж.
Б) 1988 ж.
В) 1962 ж.
С) 1897 ж.
4.Компьютер буындары
А) 2
Б) 3
В) 5
С) 4
5.Қазіргі кездегі компьютер мүкіншіліктері
А) сақтауға ,өңдеуге,бейнелеуге
Б) сөйлеуге
В) ойлауға
6. Бүгінгі таңда компьютердің қай версиясы жұмыс істеуде
А) Pentium 1
Б) Pentium2
B) Pentium3
C) Pentium4
7. Алғашқы дербес компьютер қай жылы, қай фирманың ұсынуымен пайдаланды
А) 1981жылы IBM
Б) 1988жылы Microsoft
В) 1943жылы Borland
8. Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтарының арқасында қандай стандарт пайдаланылды
А) IBM PC
Б) Pentium
В) Microsoft
С) Borland
«Ақпарат» және «Басқару» түсініктерінің бірігуі ХХ-шы ғасырдың 40-шы жылдары Н. Винердің кибернетиканы ашуға мүмкіндік тудырды. Кибернетика тұңғыш рет техникадағы, қоғамдағы және тірі организмдердегі ақпараттық процестердің ортақтығын көрсетті. «Ақпарат» ұғымын қолдану қазіргі биологияның, әсірісе оның нейрофизиология және генетика сияқты бөлімдерінің дамуына маңызды ықпал жасады.
1.«Ақпарат» және «Басқару» түсініктері қашан бірікті?

  1. Ақпарат ұғымы қай саланың дамуына маңызды ықпал жасады?

  2. Кибернетиканы ашуға қандай сөздер мүмкіндік берді?

  3. Н. Винер кибернетиканы қай жылы ашты?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет