1- деңгей: тапсырма компьютерде: N____
|
1- тоқсан сапа
|
2-тоқсан сапа
|
3-тоқсан сапа
|
Сабина
|
100%
|
100%
|
100%
|
Айгүл
|
85%
|
90%
|
95%
|
Бақытжан
|
13%
|
20%
|
23%
|
Арман
|
9%
|
16%
|
20%
|
2- деңгей. Мынадай сұрақтарға жауап жаз.
Сұрақтар
|
Жауап
|
Тексеру
|
Баға
|
EXCEL –де стандартты саймандар тақтасы қанша?
Ұяшық саны қанша?
Ж,К,Ч -әріптері нені білдіреді?
бағаналар, қатарлар қалай белгіленеді?
Диаграммалар мөлшерін қалай белгілеуге болады.
|
|
|
|
Оқушыларының бағалау парағының үлгісі
N
|
Аты–жөні
|
Қосымша деңгейге көмек
|
І-деңгей
«2» «3»
баға
|
ІІ-деңгей
«2» «3» «4» баға
|
ІІІ- деңгей «5» баға
|
Қорытынды баға
|
1.
|
|
|
|
|
|
|
Сабақты саралап, деңгейлеп оқытудың оқушыға да, мұғалімге де берер көмегі көп:
Оқушы еңбегі дәл, әділ бағаланады.
Оқушы «5» баға алу үшін бірнеше тапсырмалар алып, көп еңбектенеді, оқушының ой - өрісі кеңіп, дарынды тұлғаларды дайындауға мүмкіндік туады.
Оқушы өз деңгейін анықтайды.
Қорытынды шығармашылық сабақтарда барлық оқушылардың білімін тексеріп бағалауға болады.
ІІ. ИНФОРМАТИ КАДАН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Информатикадан дидактикалық материалдар түрлері
2.1.1. Тестік тапсырмалар.
Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып табылады. Мектептегі сабақ класс- сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізігі сипаттары бар:
оқу топтарының құрамы;
әр кластағы оқу мазмұнын қатаң анықтау;
оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі,
оқушылар жұмыстарының жеке және бірлескен түрлерін ұштастыру;
мұғалімнің жетекші ролі;
оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.
Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Каменскийден бастау алған класс-сабақ жүйесі бүгінге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып келеді.Информатика негіздерін оқыту да дидактиканың қалыптасқан бай тәжірибелерін пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшеліктерімен толықтыра түседі.
Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат – оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар:
1. жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түсіндіру сабағы);
2. оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы (жаттығу сабағы)
3. оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы.
Көптеген жағдайда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың біреуін ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешеуіне немесе барлығына сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен қолданылады.аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді және оның бірқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Информатикадан өтілетін сабақтардың өз ерекшеліктері де бар. Академик М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды ЭЕМ-ді қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды зертханалық жұмыс және практикум.
Тексеріс, тақырыптық және қорытынды бақылау формаларының өзектісі тестілеу болып табылады. Педагогикада тест деп стандартталған тапсырма, игерген білім нәтижесін алу болып саналады.
Педагогикалық тест тест формасының тапсырма бөліктерінен тұрады, келесі негізгілерге көңіл бөлеміз:
берілгендердің ішінен дұрысын табу тапсырмасы;
ашық жауап тапсырмасы;
ұқсастарға тоқтау тапсырмасы;
дұрыс жауапқа тоқтау тапсырмасы.
1-3 ең негізгі тапсырма типі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |