Мазмұны кіріспе информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер


Информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктері



бет4/37
Дата29.10.2023
өлшемі0.58 Mb.
#481905
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
dip -informatikadan-dengeylik-tapsyrmalardy-zhasau-adisi

1.3.Информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктері.
Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат – оқушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар:

  1. Жаңа сабақ ( тың хабарлар айту, тұсіндіру сабағы);

  2. Оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы (жаттығу сабағы);

  3. Оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы.

Көптеген жағдайларда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың біреуін ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешуіне немесе барлығына тұтастай сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді және оның бірқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Компьютердегі оқу процесі төмендегідей үш аспектіні қамтиды:

  • Оқушының оқу танымдық іс-әректін басқару;

  • Оқушының ақпаратлық процестерді басқаруы;

  • Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту.

Аталған аспектілерге сәйкес:

  • Оқу танымдық процесті ұйымдастырудың түрлері: класс – сабақ жүйесі және т.б.

  • Оқытуды ұйымдастыру түрі: дербес, фронтальды, коллектиатік, топтық.

  • Тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрі, - болып бөлінеді.

Педагогикалық оқу іс – әрекетінде сабақты ұйымдастыру мен өткізудің қандай түрі пайдаланылса да, ол оқушылардың дайындық деңгейіне өтілетін материалдың күрделілігі мен жаңалығына, сондай-ақ, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты. Ал, оқыту түрін таңдау аса маңызды мәселе болып табылады, дегенмен сабақтың мақсаты оқушының таңдаған әдісіне байланысты өз деңгейіне жетеді. Осындай әдістің бес түрін атап көрсетуге болады.

  • Түсіндірмелі – иллюстрациялы;

  • Программаланған;

  • Модельдік;

  • Эвристикалық;

  • Проблемалық.

Түсіндірмелі-иллюстрациялы әдіс дегеніміз – оқушыларға талқыланатын тақырып белгілі болған жағдайда, сабақты өтілген материалды бекіту сабағы ретінде жоспарлағанда пайдалануға болады. «Графикалық операторлар» тақырыбын бекітуге төмендегідей сабақ түрін ұсынуға болады: сабақтың алғашқы үштен бір бөлігінде тақырып бойынша барлық операторларды қайталау; қалған уақытта графикалық операторларды пайдаланып, компьютерде қарапайым программа жазу.
Оқушыларға аралық нәтиже белгісіз болған жағдайда программалап оқыту әдісін пайдалану ұсынылады. Мысалы, оқушылар графикалық операторлармен таныс, программаның орындалу нәтижесінде қандай сурет алынатынын біледі, бірақ суретті салу – әр оқушыға жеке тапсырма.
Егер аралық нәтиже белгілі болса, бірақ оны алу жолы белгісіз болса, ол оқытудың эвристикалық әдісі болып табылады.
Бастапқы шарттан бастап, соңғы нәтижеге дейін белгісіз болса, ол дидактиканың проблемалық әдісі болып табылады. Мысалы, үйретуші программа құру проблемалық оқыту болып табылады.
Модельдік оқыту бойынша алғашқы шарттар белгісіз, бірақ қалғандары белгілі. Бұл жағдайда оқытушы сабақты оқушылармен бірге отырып, шартты таңдап, модель құүруға болатынындай етіп ұйымдастырады. Одан кейін соңғы нәтижеге дейін қажетті шартпен салыстырылып отырады. Егер алынған нәтижедегі айырмашылық үлкен болатын болса, онда алғашқы шартқа өзгеріс енгізіліп, модель нақтыланып, алгоритм қайталанады.
Аталған оқыту әдістері әртүрлі формада қолданылуы мүмкін. Сабақты ұйымдастыру және өткізу түрін төмендегідей құрылымда беруге болады:

  • Ұйымдастыру;

  • Қайталау;

  • Жаңа материалды өту;

  • Бекіту;

  • Бақылау;

  • Оқушылардың алған біліміндегі олқылықтарын толтыру.

Информатика пәні – басқа пәндерден алған білімдерді пайдаланушы және оны дамытушы пән. Демек, оқушылардың ғылыми дүние танымының, көзқарастарының негізі олардың басқа пәндерден алған білімдерін жинақтау нәтижесінде қалыптасуы керек. Бұл пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады. Пәнаралық байланыс – күрделі педагогикалық проблемалардың бірі. Ол педагогика, психология, әдістеме тұрғысынан жан – жақты зерттелген, зерттелуде. Информатика сабағына интерактивтік әдісті қолданудан оқушылардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен кітап оқуға дағдыланады, өмірмен байланыстылығын, информатика пәнінің түрлі пәндермен байланысты екендігіне көздері жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет