Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясыСЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР – ЭКСТЕРНАЛИЯЛАР
КІРІСПЕ Сапалы экономикалық білім алу барысында «Микроэкономика» пәнін зерделеудің маңызы зор. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық білімдерді бекітуге, ресурстардың (қорлардың) шектелген жағдайларында тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді. Микроэкономика – динамикалы және қызықты ғылым, осымен қатар оны тәжірибелік бағыттылығы да айырады. Теория мен тәжірибе арасындағы байланысты көрсетіп, теориялық білімдерді практикалық есептер шығару барысында қолдануға мүмкіндік береді. Оқу-тәжірибелік құрал микроэкономика курсында дәстүрлі зерделеуге арналған негізгі мәселелерді қисынға сәйкес, дәйекті жүйелі түрде ашатын 17 бөлімдерден тұрады. Материалды баяндау барысында автор микроэкономика мәселелерін студенттер жеңілдікпен игеру үшін түсінерлік, тығыздық қағидаларды басшылыққа алды. Оқу құралының мазмұны «Микроэкономика» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келеді. Экономикалық мамандықтарда оқитын студеттерге осы оқу-тәжірибелік құрал пайдалы болатындығына сенімдеміз. жүктеу/скачать 1.67 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |