МИКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1. Микроэкономика теориясының пәні
Экономика теориясы кейнсиандықтан бұрын микроэкономика теориясы болған. Осы кезеңде макроэкономикалық ретінде жіктеуге болатын теориялар пайда болып, дамыған, барлық сол кездің зерттеулері жеке экономикалық субъктілердің қызметін зерделеуіне негізделген. Сонымен бірге, микроэкономика өзінің шын дамуына неоклассикалық экономикалық теориясының, ең алдымен, маржинализмнің үстемдігі кезеңінде жетті.
Неоклассиктердің экономикалық көзқарастар негізін тиімді (оңтайлы) ойлау мен экономикалық агенттердің (субъектілердің) мінез-құлқы, олардың әл-ауқатын жоғарылату, еркін бәсекелістік, өзін-өзі реттейтін нарық, мемлекеттің экономикаға кіріспеу қағидалары құрады. Әуелі ол баға теориясы, сонан соң – фирма теориясы, кейінірек – «микроэкономика» деп аталды. 1937 жылы шыққан Дж.М.Кейнстің «Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» деп аталатын кітабы макроэкономикалық мәселелерді зерттеуге шақырды. Макро- және микроэкономиканы бір-біріне қарсы қоюға болмайды, өйткені экономика теориясы бөлімдерінің пәні бірдей: игіліктерді өндіру, үлестіру, тұтыну бойынша заңдылықтар мен адамдардың қызметімен байланысты қатынастарды зерделеу, шексіз қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатымен шектелген қорларды тиімді пайдалану жолдарын іздеу. Бұл жағдайда бөлімдердің әр қайсысы осы мәселеге өз тұрғысынан келеді. «Экономикс» авторлары К.Р. Макконелл мен С.Л. Брю айтқандарын сәл өзгертсек; «Егер микроэкономика ағашты зерттесе, макроэкономика – орманды зерттейді», – деп айтуға болады.
Микроэкономиканың зерделеу пәні – жеке экономикалық субъектілердің қызметі болып табылады. Нарық экономикасы жағдайларында олар, бір жағынан, сатып алушылар (тауарлар мен қызмет етуге ие болатын тұтынушылар; өндіріс факторларын еңбек пен капиталды сатып алушы фирмалар), екінші жағынан – сатушылар (тауарлар мен қызметтерін сататын фирмалар, жалданатын қызметкерлер мен ресурстар (қорлар) иелері). Олар өндіріс факторлар нарығында қорларды сатады. Сонымен, сол субъектілер бірдей (бір мезгілде) сатушы да, сатып алушы да болады. Олардың өзара қатынастар барысында (үдерісінде) нарық пайда болады – айырбас, ауыстыруды іске асыратын сатушылар мен сатып алушылар жиынтығы. Әр айырбас қатысушы өз әл-ауқатын жақсартуға тырысады: сатушы – табысты көбейтуге, сатып алушы – пайдалылықты өсіруге.
Экономикалық агенттердің қызметі 2 алғышарттарға байланысты: қажеттіліктердің шексіздігі мен ресурстардың (қорлардың) шектеулігіне. Экономика теориясындағы талдаудың басқа да маңызды алғышарты ретінде ресурстарды (қорларды) пайдаланудың балама түрінің бары болып келеді, ол шешімдерді қабылдау барысында агеттердің оңтайлы тәртібінің (мінез-құлқының) қажеттілігін үйғарады.
Достарыңызбен бөлісу: |