Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы



бет34/92
Дата03.03.2023
өлшемі1.67 Mb.
#470298
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   92
Микроэконом каз

3. Капитал ұсынысы

Енді үй шаруашылықтарымен өндірістің екінші факторын – капитал ұсынысын қарайық. Капитал – ол тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіру үшін пайдаланатын қорлар, жанама түрде адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған инвестициялық тауарлар. Капитал нақты (шынайы) және ақшалай түрлерге бөлінеді. Нақты (шынайы) капиталдың (өндірістік) құрылымында негізгі (өз құнын дайын өнімге біртіндеп, бөліп көшіретін) және айналымдысын (бір өндірістік цикл, кезең ішінде өз құнын дайын өнімге көшіретін) түрлерін айырады. Үй шаруашылықтары ақшалай түрдегі (қаржы капиталы) капиталдың жеткізушілері болып келеді, ал кәсіпкерлер оны өндірістік түріне айналдырады.


Үй шаруашылықтарымен алынатын кез келген табыс құрылымы бойынша тұтынуға (тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерді сатып алуға кететін, жұмсалатын бөлігі) және жинақтарға (жинақталатын бөлігі) бөлінеді, ал өндірушілерге капитал ретінде үй шаруашылықтардың жинақтары жеткізіледі, капиталды ұсыну теориясы шын мәнінде жинақтау теориясы болып табылады. Үй шаруашылықтар капитал ұсынысының талдауы үшін өмірлік цикл (кезең) теориясы пайдаланады. Ф.Модильяни ұсынған бұл үрдістің алғы шарты ретіндегі ереже: табыс пен тұтыну барысында тура байланыс жоқ (бұл тұтынуды табыстың тура функциясы ретінде сол кездегі қалыптасқан кейсиандық теорияға қайшы келеді). Ф. Модильянидің пікірі бойынша, жинақтарға, тура табыстарды санамағанда, басқа да факторлар ықпал жасайды, бірінші кезекте – үй шаруашылықтар өткенде алған және келешекте алуға жоспарлаған табыстар. Тұтыну теориясының методологиясын қайта пайдалана отырып, мына мысалды қарайық.
Жеке адамның белгіленген уақыт ішінде алатын пайдалылық осы кезеңде тұтынған әр түрлі тауарлардың санына байланысты. өмірлік кезең моделі (үлгісі) пайдалылық мәселесін кеңейтілген тұрғыдан қарайды. Оған сәйкес, жеке адам барлық өмірінің ішінде алған пайдалылықтардың жалпы саны әр кезеңде алған пайдалылық шамасынан тәуелді. Бұнда 2 кезеңді айырады: қазіргі және болашақ. Егер жеке адам қазіргі уақытта жұмыс істеп, жалақы алса, бұл кезең қазіргі (ағымдағы) деп саналады. Болашақ кезеңзейнеткер болып, зейнетақы (белгіленген табыс түрінде) алатын өмірінің бөлігі. Қазіргі кезеңде алатын табысының жартысын ол тұтынуға шығарады (жібереді). Екінші бөлігі – жинақтар түрінде саналып, болашақ кезеңде тұтынылады. Дәл осы жинақталған бөлік капитал ұсынысы болып келеді, өйткені жеке адам оны үйде сақтамай, банктің депозит шотына салады, ол жақтан банк механизмі арқылы бұл ақша экономиканың нақты секторы – өндіріске түседі (халық жинақтарын нақты инвестицияларға айналдыратын банк-несие жүйесінен де басқа институттар бар). Қазіргі кезеңде ол көп тұтынса, келешектегі тұтынуының қысқаруы мүмкін. Сонымен, жеке адамның міндеті – қазіргі кезеңде жиынтық пайдалылығын (барлық өмірінің ішіндегі) жоғарылатуына мүмкіндік беретін тұтыну деңгейін таңдауда тұрады. Жеке адам осы мәселені шеше отыра, қандай соманы сақтау керек, қарызға ақша алуға қажеттілік бар ма (егер оның тұтынуы табыстан асып кетсе) деген мәселелерді қоса шешеді. Жеке адамның қолы жететін әр түрлі нұсқаларды көрсететін бюджеттік шектеулер сызығын салайық (сызайық). Өмірлік кезең моделіндегі (үлгісіндегі) бюджеттік шектеу әр кезеңдегі тұтыну деңгейлер арасындағы ымыраны бейнелейді, оны уақытаралық бюджеттік шектеу деп атайды (44 сурет).
с1
d
(1+i)S
S В
a (1+i)S
f с0


44 сурет. Уақытаралық бюджеттік шектеу

Абцисс өсі бойынша ағымдағы тұтыну көлемін (С0), ал координаттар өсі бойынша – келешек тұтынудың көлемін (С1) белгілейік. Салым нүктесі – табыс барлығы бірден тұтынатын нұсқасын көрсететін нүкте, мұнда ағымдағы тұтыну табыс сомасына тең. Екі қарама-қарсы ахуалды көрсетейік:


1. Егер ағымдағы кезеңде жеке адам S тең жинақтарды жасаса, оның ағымдағы тұтынуы І0 – S тең (І0 – ағымдағы кезеңнің табысы). Егер ол і тең пайыздық мөлшері бар депозит шотын ашса, ол өзінің болашақ тұтынуын (І+і)S көбейтеді. Графикте бұл ахуал а нүктесінен d нүктесіне ауысуымен, яғни S солға және а нүктесінен (І+і)S жоғарыға ауысумен көрсетіледі.
2. Жеке адамның ағымдағы кезеңдегі тұтынуы табысының шамасынан асып түседі және ағымдағы тұтынуын көбейту үшін В көлемінде несие алады дейік. Мерзімі өткен соң ол несие сомасына қоса пайыздарды төлеуге тиісті, яғни іВ (жеңілдеу болу үшін несие бойынша пайыздарды і тең дейік). Ағымдағы тұтынудың В-ға көбеюі келешек тұтынудың (1+і)В-ға азаюын білдіреді. Графикалық ол f нүктесіне ауысуды, яғни а нүктесінен В оңға және (1+і)В төменге ауысуды көрсетеді.
S мен В әр түрлі мағыналары үшін бұл үдерісті қайталай отыра, біз ағымдағы тұтынудың кез келген деңгейінде уақыт аралық бюджеттік шектеу сызығын осылай салып болашақ тұтыну көлемін анықтай аламыз. Бюджеттік сызығының теріс еңкіштігі әдетте басқа тауардың бірліктерінде көрсетілген бір тауардың баламалы құнына тең. Уақытаралық бюджеттік шектеудің бары жеке адамға осы уақыттағы өз тұтынуын ағымдағы табысқа бекітіп қоюға қажеттілігінің жоғын білдіреді. Егер ағымдағы кезеңде жеке адамның табысы өте жоғары, келесі жылы – төмен болса, оның осы жылғы тұтынуы келесі жылдан жоғары болуы міндетті емес. Жеке адам төмен табысты жылдарда қарыз алып, жоғары табысты жылдарда жинақтауға мүмкіндігі бар. Ф. Модильянидің пікірі бойынша, жастық шақ пен кәрілік теріс жинақтау кезеңдері, жинақтаудың өсуі орта жасқа келгенде байқалады. Уақытаралық бюджеттік сызығында жеке адам қай нүктені ұнататынын анықтау үшін уақытаралық парықсыздық картасы бар, яғни ағымдағы тұтынуына қатысты оның болашақ ұнатымдарын модельдеу (үлгілеу) әдеттегідей сызылады. С0 мен С1 екі құрамды тауарлар болғандығынан, біреудің екіншісімен ауысуының шекті нормасы (осы жағдайда ол уақытша ұнатымдардың шекті нормасы деп аталады) азаяды. Парықсыздық қисық сызығы мен уақытаралық бюджеттік сызықтың қиылысу нүктесінде жеке адамның тепе-теңдігі жетіледі. Мұнда 3 жағдайдың болуы мүмкін:
1. Табысының бір бөлігін жеке адам келешекте тұтыну үшін сақтайды (45-а суреті) – қазір С < І, ал болашақта С > І.
2. Жеке адам жинақтау жасамайды – келешекте емес, қазір тұтынуды ұнатады, несие алмайды (45-б суреті) – қазіргі табысы келешектегі табысына тең.
3. Жеке адам несие алады (45-в суреті) – қазіргі уақытта
С > І, ал келешекте С < І.




c1 c1 c1


C1 E C1=I1 E I1
E
I1 C1


c0 c0 c0
С0 I0 C0=I0 I0 C0


45 сурет. Өмірлік кезең теориясындағы жеке адамның тепе-теңдігі

Ары қарай, белгілі жоба бойынша, салыстырмалы статика методологиясын қолдана отырып, і пайыздық мөлшерінің төмендеуі тепе-теңдікке қандай әсер ететінін көруімізге болады (бұл і мөлшері берілетін де, алынатын да несиелер үшін пайдаланады). Ең алдымен жинақтау жасайтын жеке адаммен болатын жағдайды қарайық. Мұнда еңбек нарығына сәйкес пайыздық мөлшердің төмендеуі бір жағдайда жинақтардың өсуіне, екінші жағдайда – олардың азаюына әкеледі. Бұл табыс әсері мен ауысу әсерінің ара қатынасымен түсіндіріледі. Ауысу әсері болашақ тұтыну санын азайтқан салдарынан ағымдағы тұтынудың баламалы құнының азаюында тұрады. Бұл ағымдағы тұтынудың көбеюіне, демек, жинақтау көлемінің азаюына әкеледі.


Табыс әсері: егер жеке адам пайыздық мөлшер төмендегенде болашаққа жинақтау жасаса, ол кедейлеу болады, өйткені ол несие беріп тұрған адамдар оған ақшаны аздау төлейді. Ағымдағы тұтыну дұрыс тауар болғандықтан, табыстың бұндай төмендеуі ағымдағы тұтынудың азаюына әкеліп, жинақтар көбееді. Пайдасын білетін адам пайыздық мөлшер түссе де, өз жинақтарын көбейтуге тырысады. Мына ахуал да болуы мүмкін – «мақсатты жинақтаушы», яғни мақсатпен жинақтау жасайтын тұлға. Пайыздық мөлшердің төмендеуі оған ұнамаса да, өз мақсатынан тайып, ағымдағы тұтынуға толық көшпейді.
Кредит (несие) алатын жеке адамда пайыздық мөлшерінің төмендеуі тура қарама-қарсы әсер туғызады: мұнда ағымдағы тұтынуды көбейтетін табыстар әсері басым болады. Ал ауысу әсері бұл ахуалда мүлде көрінбеуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет