Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы


Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы



бет37/92
Дата03.03.2023
өлшемі1.67 Mb.
#470298
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   92
Микроэконом каз

2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы

Өндірістің кез келген технологиясы өнімнің тапсырылған көлемін өндіру үшін екі фактордың ең аз жиынын сипаттайтын нүкте түрінде графикте көрсетілуі мүмкін. Осы нүктелерді қосып өндірістік функцияны бейнелейтін қисық сызығын (изоквантаны) – isoguanta аламыз.


Изокванта – бірдей (тұрақты) шығару көлемін беретін өндірістің екі факторының барлық мүмкін амалдарын көрсететін қисық сызық.


K

3
2


1
L


1 2 3
46 сурет. Изокванта

Еңбек пен капитал санының әр түрлі амалдарында изоквантада орналасқан кез келген нүктеде өндірістің бір ғана көлемі жетіледі. Изоквантаны салу тұтыну теориясындағы парықсыздық қисық сызығын салумен методологиялық жағынан бірдей. Олар анықтама жағынан да жақын: парықсыздық қисық сызығы тұтынушының бірдей (ең жоғары) пайдалылық деңгейімен тауар таңдауының балама нұсқаларын көрсетеді, ал изокванта бірдей (ең жоғары) шығару көлеміне жетудің өндіріс факторлар шығындарының балама нұсқаларын. Факторлардың кез келген жинағында өнімнің ең жоғары шығаруын көрсететін изокванталар жиынтығы (47 сурет).






K
Q3
Q2
Q1
L
47 сурет. Изокванталар картасы

Изокванта картасының мәні парықсыздық сызығының мәніне сәйкес. Координата басынан изокванта неғұрлым алшақтау, шығарудың соғұрлым көп көлемін көрсетеді. Изокванталардың еңкіштігі теріс, түрі ойыс және де олар қиылыспайды.


Технологиялық ауысу нормасы (MRTSLK) – басқа факторлардың өзгерістеріне байланысты бір фактордың қажет сандық өзгерістерін көрсететін шама (тұрақты шығару көлемінде) (marginal rate of technical substitution):
MRTSLK = ­­– ΔК/ ΔL Q = const шартында.
Технологиялық ауысудың шекті нормасы факторлардың шекті өнімдерімен тікелей байланысты – норма олардың кері өзара қатынасына тең.
MRTSLK = (­­– ΔК/ ΔL) (МРL/МРK), мұнда
МРL – еңбектің шекті өнімі (marginal product), еңбекті пайдаланудың бірлікке өзгеруінің нәтижесінде жиынтық өнімнің өзгеруі:
МРK капиталдың шекті өнімі – капиталды пайдаланудың бірлікке өзгеру нәтижесінде фирма жиынтық өнімінің өзгеруі. Бұл капиталдың еңбекпен ауысу барысында шекті өнімінің өсіп, ал еңбектің шекті өнімі түсетінін, яғни капитал бірлігінің қайтарымы өсіп, еңбек бірлігінің қайтарымы түсетінін білдіреді. Демек, MRTSLK шамасы төмендейді де, изокванта түзеледі. Сәйкес ахуал капиталды еңбекпен ауыстырғанда пайда болады. Бұл құбылысты классикалық мысалдың көмегімен көрсетуге болады: өнімнің белгіленген көлемін өндіру үшін еңбек бірліктерінің біршама саны және капитал бірліктерінің біршама саны қолданады. Капиталды еңбекпен ауыстырғанда (станоктар санын көбейтіп, жұмыскерлер санын қысқартқанда), капитал бірліктерінің өнімділігі (қайтарымы) азаяды, ал еңбек бірліктерінің (жұмыскерлердің) өнімділігі өседі және керісінше. MRTSLK = (­­– ΔК/ ΔL) (МРL/МРK) теңдігінен шығатын екінші маңызды түйін: изоквантаның кез келген нүктесінде бір фактордың екіншісімен ауысуының шекті нормасы осы нүктедегі изоквантаға жанаманың еңкіштігіне тең. MRTSLK маңызына байланысты өндірістік функциялардың әр түрлерін айырады:
1. Егер өндіріс факторлары мүлде өзара ауыстырылатын, яғни бірі екіншісін толық ауыстырса (мысалы, балмұздақты сатушы немесе автомат арқылы сату), MRTSLK маңызы = 1 және де изоквантаның барлық нүктелерінде тұрақты түрде изокванта тура сызық түрде болады (48-а суреті).
2. Егер өнідіріс факторлары мүлде өзара ауыстырылмайтын болса, MRTSLK маңызы = 0, изокванта 2 перпендикуляр кесіндіден тұрады.
K K


а) L б) L
48 суретИзокванталар типтері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет