Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Үй шаруашылығы деген не және экономикадағы оның рөлі
2. «Табыс-демалыс» моделі (үлгісі) арқылы үй шаруашылықтары еңбек ұсынысын қалай іске асыратынын түсіндіріңіз
3. Еңбек ұсынысы қисық сызығын салыңыз. Ол қандай пішіндерге ие бола алады?
4. Үй шаруашылықтары капиталды қалай ұсынады?
5. Өмірлік кезең моделі (үлгісі) арқылы үй шаруашылықтарының капитал ұсынысын көрсетіңіз.
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Жалақы мөлшерінің көтерілуі үй шаруашылықтары еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі. Ең ықтимал болған себеп неде?
а) монополистік еңбек нарығы
б) еңбек нарығындағы бәсекелестік
в) табыс әсері ауысу әсерінен асып түседі
г) ауысу әсері табыс әсерінен асып түседі
2. Жеке адам пайыздық мөлшер өскенде:
а) ағымдағы тұтынуды көбейтеді
б) ағымдағы тұтынуды азайтады
в) құнды қағаздарға инвестиция жасайды (қаржы салады)
г) ештеме істемейді
3. Еңбек ұсынысы қисық сызығының парабола тәріздес пішіні пайда болады, егер:
а) ең алдымен табыс әсері, сонан соң ауысу әсері әрекеті жағдайында
б) ең алдымен ауысу әсері, сонан соң табыс әсері әрекет жасаған жағдайда
в) екі әсер бір мезгілде әрекет жасағанда
г) ол не табыс әсері, не ауысу әсерімен байланысты емес
4. АҚШ 1994 жылы салықтарды өсіргенде, қаржы жоспарлау бойынша бір маман өз клиенттеріне «аз еңбектену» деген кеңес берген екен: «Қазіргі жағдайда көп жұмыс істеудің мәні жоқ. Сондықтан отбасынызға көбірек уақыт бөліп, солармен бірге жиі болындар».
«Табыс – демалыс» үлгісін пайдаланып, табыс және ауысу әсерлерін ескере отырып, бұл кеңесті бағалаңыз.
5. Жеке адамның ақшалай табысы 50 мың доллар, келешекте оның табысы – 20000 долларға дейін түсуін күтеді, ол қаржы активтеріне бірдей пайыздық мөлшер 10% жинақтау жасап, ақша сала алады. Жеке адамның уақытаралық бюджеттік шектеуін салыңыз (сызыңыз).
6. АҚШ жылжымайтын мүлікке кепілдік беру (ауыспалы бағдармен) кең таралған. Олар үйді несиеге алуға мүмкіндік береді, бірақ ай сайынғы пайыздық мөлшер ағымдағы пайыздық мөлшерінен тәуелді. Егер ағымдағы пайыздық мөлшердің күрт жоғарылауы болса, қарыз алушылардың табыс әсері мен ауысу әсері тұрғыларынан мүмкін болатын мінез-құлқын талдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |