Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы



бет57/92
Дата03.03.2023
өлшемі1.67 Mb.
#470298
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92
Микроэконом каз

PM M'
E
PE
М
MR D
QM QE
72 сурет. Монополистің қысқа мерзімді тепе-теңдігі

Монополиялық нарық билігі кейде дұрыс түсіндірілмейді: монополистің әрекеттеріне қатысты көптеген қисық пікірлер бар:



  1. Монополист әрдайым жоғары бағаны белгілейді. Бұл олай емес: монополистің бағасы жоғары емес, ең нәтижелі, яғни ең жоғары пайданы қамтамасыз ететін.

  2. Монополиялық билікке ие болу – пайда алудың кепілдігі. Бұл дұрыс емес, өйткені кейбір жағдайларда (сұраныс азайғанда) монополист шығындарға ұшырайды.

  3. Монополист орташа пайданы өсіруге (көбейтуге) ұмтылады (өнім бірлігінен пайда алу). Бұл пікір де дұрыс емес. Шын мәнінде, монополист валдық (жалпы, жиынтық) пайданы көбейтуге (өсіруге) ұмтылады. Бағасы 32 доллар тұратын өнімнің 4 бірлігін сатып, 128 доллар пайда алғанша, ол бағасы 28 доллар тұратын өнімнің 5 бірлігін сатуын қалайды.




  1. Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі

Келесі ахуалды қарайық: фирма – монополист ұзақ мерзімді кезеңде өндірісі кеңейту жөнінде шешім қабылдайды. Ол бар өндіріс шеңберінде жаңа өндірістік қуаттарды енгізуге дайын, яғни өздеріндегі бар зауытпен шектеледі. Бірақ ол екінші, үшінші, төртінші зауыттарды салып, ары қарай дами алады. Өндірісті кеңейту жөніндегі монополистің шешімі ұзақ мерзімді шығындар мен нарық сұранысы ара қатынастарынан тәуелді. MR = LRMC жағдайында ұзақ мерзімді тепе-тендікке жеткен монополист пайданы өсіруге мүмкіндік беретін өндірістің кез келген көлемін таңдай алады.


Егер монополист ең аз орташа ұзақ мерзімді LRACmin шығындардан жоғары шығындармен өндірсе, бұл өндіріс факторларын пайдалану нәтижесіздігінің көрсеткіші болып табылады. Ауқым әсерінің жартылай пайдалану немесе кері ауқым әсерінің әрекеті себеп болуы мүмкін. Монополия жағдайында ауқым әсерінен фирма ұтады, егер нарық сұранысы МС = MR жағдайын қамтамасыз етсе. Енді монополист өндірісті кеңейту жөнінде шешім қалай қабылдайтынын қарайық 73 суретте монополист ұсынысының q-дан Q-ға дейін өсуі көрсетілген. Q тең өндіріс көлемінде ең аз қысқа мерзімді орташа шығындар АС2 қисық сызығымен белгіленген. Сонда ұзақ мерзімді орташа LRAC2 шығындар q тең өндіріс көлеміне LRACmin айтарлықтай асады, q ауқымды 2 зауыт салып, монополист жиынтық ұсынысты 2q дейін көбейтеді. Бұл өндірістің ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындарда іске асырылуын білдіреді: MR = LRMC = LRACmin. Нарық бағасы нәтижесінде азаяды (РQ – Р2q дейін), бірақ монополистің жиынтық пайдасы ұсыныстың өсуі мен өндірістің орташа шығындарының төмендеуі есебінен өседі.
P LRMC
LRAC
PQ
P2q
AC2
D
LRAC2 AC1

LRACmin


MR
q Q 2q
73 сурет. Ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемін оңтайландыру

Жоғарыда айтылғанның негізінде бір маңызды түйін жасауға болады: монополиялық өндіріс жағдайларында баға мен ұсыныс араларындағы тәуелділікті білдіретін ұсыныстың қисық сызығы жоқ. Бұл қисық сызықты салу мүмкін емес, өйткені монополия жағдайларында баға мен ұсыныс арасында бірдей тәуелділігі болмайды. Шынында да, ұсыныс шамасы мұнда бағамен емес, сұраныстың икемділік деңгейімен анықталады. Өндірістің сол бір көлемінде монополиялық фирма сұранысқа байланысты әртүрлі баға белгілей алады, бір баға бойынша өнімнің көлемін өндіреді.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет