Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Нарықтық құрылым түрі (тұрпаты) ретінде монополияның мәнін ашыңыз.
Монополияның қандай түрлері сізге белгілі? Монополиялық билік көздері қандай?
2. Қысқа мерзімді кезеңде монополист пайдасының өсу шарты қандай?
3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополистің тепе-теңдігін сипаттаңыз.
4. Монополияның қоғамдық шығындары деген не?
5. Монополиялық билікті анықтау үшін қандай көрсеткіштер қолданады?
6. Монополия қызметін реттеу мақсатымен мемлекет қандай шараларды қолданады?
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Ұзақ мерзімде монополист нағыз бәсекелеске қарағанда:
а) өз кәсіпорын көлемін өзгерте алмайды
б) саланы тастап кете алмайды
в) өндіріс көлемін өзгертеді
г) кәсіпорын көлемін өзгертуге мүдделі емес
д) басқа фирмалардың бәсекелестігінен қорғалған
2. Сақтандыру компаниясы автокөлік фирмасын сатып алды. Бұл қосылудың (бірігудің) қай түрі?
а) конгломераттық
б) көлденең
в) тік
г) бұл қосылу емес
3. Көлденең және тік қосылудың (бірігудің) мысалдарын келтіріңіз
4. Монополиялық өндіріс жағдайларындағы нарық билігін іске асыру деген, ол ...
а) монополист ең жоғары бағаны белгілеуі мүмкін
б) монополистің бағасы шекті табыстан асып түседі
в) монополист кепілді түрде жоғары пайда алады
г) монополист тұтынушылардың сұранысын ескермеуі де мүмкін
д) барлық жауаптар дұрыс
5. Монополист орташа табысының өндіріс көлемінен тәуелділік функциясы:
AR = 12 – q орташа шығындардың формуласы:
АС = (16 + q2)/q. Қысқа мерзімді кезеңдегі фирма пайдасының немесе шығынының көлемі қандай?
«А» және «В» фирмалар әр салада қызмет істейді, әр қайсысы өз саласында монополист. Екі фирманың шекті шығындары 10 долларға тең. «А» фирма өнім бірлігінің бағасы – 20 доллар. «В» фирма өнімнің бағасы белгісіз, «В» фирма өніміне сұраныс икемділігі 1,25 тең. Осы фирмалардың қайсысы көптеу монополиялық билікке ие?
Монополист өніміне сұраныс мына функциядан білінеді: QD = 40 – 2P. Ұзақ мерзімді шекті шығындар қисық сызықтарының ұлғаймалы бөлігі: .Қай деңгейде баға мен өндіріс көлемі белгіленеді. Егер мемлекет бағасының шегін «14» деңгейінде белгілесе, не болады?
Достарыңызбен бөлісу: |