Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы


Монополия бәсекелестігінің салдары



бет64/92
Дата03.03.2023
өлшемі1.67 Mb.
#470298
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   92
Микроэконом каз

Монополия бәсекелестігінің салдары

Монополия бәсекелес тепе-теңдіктің салдарын монополия бәсекелестіктің шығындары деп атайды. Оларға келесілер жатады:



  1. Ресурстардың толық пайдаланбауы, оны мына жайт көрсетеді: ұзақ мерзімді тепе-теңдік ең аз орташа ұзақ мерзімді шығындарда белгіленбейді. Чемберленнің пікірінше, осының салдарынан монополия бәсекелестік жағдайларда, нағыз бәсекелестік жағдайлармен салыстырғанда, фирманың нәтижелілігі аздау болады. Өндірістік қуаттардың жартылай жұмысының салдарынан қоғамдық әл-ауқат төмендейді.

  2. Ұзақ мерзімді кезеңде баға шекті шығындардан асады, яғни монополия бәсекелестік жағдайларда шығарылған өнімнің қосымша бірліктері сол ресурстардың баламалы пайдалану нұсқасында шығаруға болатын өнімнен жоғары бағаланады. Бұл тұтынушы артығы қысқарады деген сөз.

  3. Монополия бәсекелестік жағдайлардағы өндіріс көлемі нәтижеліден аз, ал баға нағыз бәсекелес нарықтағыдан жоғарылау.

Монополия бәсекелестігін нағыз бәсекелестікпен салыстыра келе, мынаны айтуға болады: монополия бәсекелестік жағдайында нарықта қажетті санынан көптеу фирмалар қатысады. Егер олардың саны нәтижелі болса, өнімнің көлемі төмендеу бағамен сатылушы еді. Бірақ, олай болу мүмкін емес, себебі нарықтағы фирмалар саны қысқарып, ол қалған фирмалардың нарық билігін күшейтуші еді. Сонымен, монополия бәсекелестікке тән монополия элементі тұйық шеңберді құрады. Жоғары баға өнімнің көп түрлеріне (кең ассортиментіне) тұтынушының төлемі ретінде қаралады.


Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар



  1. Монополия бәсекелестік нарығын сипаттаңыз.

  2. Монополистік бәсекелестік жағдайларда қысқа мерзімді тепе-теңдік қалай белгіленеді? Сондағы үдерістердің қайсысы нағыз бәсекелестікпен, қайсысы – монополиямен бірдей?

  3. Ұзақ мерзімді тепе-теңдік қалай белгіленеді?

  4. Монополия бәсекелестіктің шығындары қандай, олар немен себептеледі?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет