3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
Егер дайын өнім нарығы монополия болса, одан туындаған факторлар нарығы монопсониялық билігі бар нарық болып табылады. Бұл бірегей факторларға, яғни тек қана осы өнімнің өндірісінде пайдаланатын факторларға таралады. Мысалы, IBM компаниясы монополист бола тұра, монопсониялық билікке ие. Монопсонист – фирма үшін факторларды алуға шекті және орташа шығындардың қисық сызықтары сәйкес келмейді. Өндіріс факторының ұсыныс қисық сызығы сала ұсынысының қисық факторы болып табылады (себебі, салада ол жалғыз ғана сатып алушы). Бұл ұсыныс қисық сызығы монопсонист орташа шығындарының қисық сызығы, өйткені ол фактордың әр бірлігіне бірдей баға төлейді. Орташа шығындар қисық сызығының жағымды еңкіштігі бар. Пайдасын өсіретін фирма, өндіріс факторына өз сұранысының көлемін анықтай отыра, шекті шығындарға бағдарланады. Шекті шығындары фактордың шекті табыстылығымен теңелгенше дейін фирма сатып алатын фактордың санын көбейте береді. Бұл нүктеде (87 сурет) монопсонист еңбектің бірлігін жалдайды, олардың жалақы мөлшері = – ол еңбектің бірлігіне сәйкес орташа шығындар қисық сызығындағы нүктемен көрсетіледі. Мына жәйтке назар аудару қажет: монопсонист жалдайтын еңбек саны ( ) факторлардың нағыз бәсекелес нарығында пайдаланатын еңбек санынан аздау, жалақы мөлшері ( ) бәсекелестіден (We) төмен.
ө ндіріс факторының MRC
бағасы
ARC
wc
w' D=MRPL
факторлар саны
L' Lc
87 сурет. Монопсония нарығындағы шекті және орташа шығындар
4. Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
Монополиялық билігі бар факторлар нарығы әдетте кәсіподақ қызметімен ойда байланыстырылады. Еңбек нарығында өзінше монополист ретінде бола тұра, кәсіподақ өз мүшелерінің де, жалданған жұмысшылардың да бағасына (жалақысына) айтарлықтай ықпал жасайды. Бұны тыңғылықты қарастырайық. 88 суретте бәсекелес еңбек нарығындағы тепе-теңдік көрсетілген, А нүктесі – нарықта кәсіподақтың қатысуынсыз орнатылған нарық тепе-теңдігінің нүктесі. Монополиялық билікке ие кәсіподақтың кірісуінде ахуал мүлде өзгереді. Енді бұл нарық монополиялық болып барады, ал кәсіпорын еңбектің кез келген бағасын және жалданатын жұмыскерлер санын белгілей алады. Жұмысшылар санын көбейту мақсатымен ол өз мүшелігін L1 дейін шектеп, жалақыны W1 деңгейде белгілейді.
ж алақы
w1
w2
SL
w' А
MR DL
L1 L2 L3 жұмыскерлер саны
88 сурет. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік пен кәсіподақ қызметі
Сонымен, кәсіподақ мүшелері оның қызметінен ұтады да, мүшелігі жоқтар – жоғалтады. Өз мүшелерінің баламалы табысын жоғарылату мақсатымен кәсіподақтың мүшелікті шектеу процесі (үдерісі)монополиялық фирманың пайданы жоғарылату мақсатымен өндіріс көлемін шектеуіне сәйкес. Графикте – шекті табыстың қисық сызығы еңбектің нарықтық ұсынысының қисық сызығын кесіп өтеді (ұсыныс қисық сызығы – бұл жалданған жұмысшылардың баламалы шығындары), яғни L1. Бұл тәсіл қоғамдық пайда тұрғысынан ең нәтижелі емес. Ең нәтижелі нұсқа: жұмысшылар саны L1 деңгейден шекті табыс = 0 деңгейге дейін өскенде болады. Басқа сөзбен айтқанда: барлық жалданған жұмысшылардың жиынтық жалақысы W2 нүктесінде өседі. Кәсіподақ қызметінің қаралған үлгісі бірсекторлы деп аталады, өйткені онда кәсіпорынмен қамтылған тек қана экономика секторында (бөлімінде) болып жатқан процестер (үдерістер) талданады. Осыдан және де кәсіпорынмен қамтылмаған экономика секторында болып жатқан процестерді (үдерістерді) талдағанда, жұмыскерлерді жалдаудың 2 секторлы үлгісі пайда болады. Екінші секторға кәсіподаққа мүше болмаған жұмысшылар ауысып жүрген экономикалық қызметтің аялары кіреді. Жай айтқанда, кәсіподақ мүшелерін одақ қызметкерлері, ал оған кірмегендерді – одаққа кірмегендер деп атайық. Одақ қызметкерлері мен одаққа кірмегендердің жалпы саны тұрақты дейік, сондықтан еңбектің нарықтық ұсынысы тік.
Бұл үлгіде еңбекке деген сұраныс одақтық сектордағы (DU) еңбекке деген сұранысқа одақтық емес сектордағы еңбекке деген сұранысты (DNU) қосу жолымен пайда болады (құрылады).
ж алақы
DU SL
DL
wU
w'
wNU
DNU
∆LU ∆LNU жұмыскерлер саны
89 сурет. Жұмысшыларды жалдаудың 2 секторлы үлгісі
Егер кәсіподақ өз жұмысшылары үшін жалақыны бәсекелесінен жоғары WU деңгейге дейін көтерсе, одақтық жұмысшылар саны ΔLU азаяды (қысқарады). Бұл жұмысшылар жұмысты одақтық емес секторда (бөлімде) тапқанда, ондағы жалақы мөлшері төмендей береді, нарық тепе-теңдік күйге келгенше. Монопсонист пен монополист кездесетін нарық 2 жақты монополияны білдіреді. Бұндай ахуал еңбек нарығында болады. Оның нақты мысалы: кәсіподақ пен компания басшылары араларындағы жалақы туралы келісімдер, олар батыс тәжірибесінде кең таралған. Екі жақ та нарық билікке ие болғандықтан, осындай келісімдердің нәтижесінде белгіленген жалақы бәсекелеске жақын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |