Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы



бет84/92
Дата03.03.2023
өлшемі1.67 Mb.
#470298
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   92
Микроэконом каз

Пигу салығы
MPB=MSB
Q1 Q* Q
100 сурет. Жағымсыз сыртқы әсер әрекетінің салдары

100 суреттегі графикте жағымсыз сыртқы әрекетінің салдары көрсетілген. Р* мен Q* – жағымсыз сыртқы әсерсіз игілік өндірісінің тепе-теңдік бағасы мен тепе-теңдік көлемі. Осындай игілікке сұраныстың қисық сызығы игіліктің шекті қоғамдық пайдалылығына сәйкес, өйткені сұраныс игілікті тұтынудан алынатын (пайдалылықпен) пайдамен анықталады. Сұраныс қисық сызығы оның жеке шекті шығындарының қисық сызығына сәйкес келеді (МРС). Егер игілік өндірісінде жағымсыз сыртқы әсер орын алса, онда өндірістің шекті шығындарына жеке шекті шығындармен бірге жеке сыртқы шығындар да кіреді, яғни олар МРС + МЕС = МSC.


Н әтижесінде шекті қоғамдық шығындар шекті қоғамдық пайдалардан асып кетеді, тепе-тең баға Р1 дейін өсіп, өндірістің тепе-теңдік көлемі Q дейін азаяды. Сыртқы шығындар өнімнің бағасында көрсетілмегендіктен, өнім бағасы соңында төмен болып шығады (тепе-тең бағадан төмен), ал өндіріс көлемі – өте жоғары. Сонымен, жағымсыз сыртқы әсердің салдары – игілікті артық шығару және оны төмен бағамен сату. Осында жағымсыз сыртқы әсердің нәтижесіздігі білінеді. Егер нарық агенттерінің қызметі үшінші тұлғалар үшін сыртқы пайдаларымен білінсе, онда жағымды сыртқы әсер орын алады. Жағымды сыртқы әсер – игіліктің бағасында көрсетілмеген қосымша пайда. Жағымды сыртқы әсерде жеке шекті пайдалылық қоғамдық шекті пайдалылықтан төмен. Жағымды сыртқы әсердің салдары жағымсыз әсерлеріне сәйкес анықталады.
Р MPC=MSC

Р1 МС+s


Р* Пигу жәрдемақысы
MSB
MPB

Q* Q1 Q


101 сурет. Жағымды сыртқы әсер әрекетінің салдары

Жағымды сыртқы әсер орын алғандықтан MSB>MPB, демек, оңтайлы шығару мен баға – Q мен Р1 нүктелерінде. Сонымен, жағымды сыртқы әсердің салдары – өндірістің аздығы мен игіліктің жоғары бағасы. Шынында, егер жағымды сыртқы әсер игіліктің бағасына еніп, оны тұтынушы төлесе, баға жоғары, өндіріс көлемі көптеу болушы еді, себебі: жағымды сыртқы әсер жағымсыз сияқты нәтижесіздікке әкеледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет